Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 5 страница



– Сіз, апа, анаңызға тартпаған екенсіз...

«Бір биеден ала да, құла да туады» демей ме қазақ, туыста- рым әжесіне тартқан десетін. Қандауырмен қосылғанымызға бір жыл толып, аузы-мұрнымнан шығып екіқабат болып отыр- ған шағымда, шешемнен сәлемдеме келді. «Нюра кешірсін мені, өзім үйінің есігін ашпауға бекіндім, мойныма қарыз болар, жасауын алсын» деп, төсек-орын, көрпе-жастығымды беріп жіберген екен. «айналайын, анашым!» деп есім шыға қатты қуандым. Өзің білесің, келін, жасаусыз қыздың қазақтар үшін қадірі болмайтынын, әсіресе, абысындарым бетін шымшып сайқымазақ қылып жүрген. Құс жастығымды жастанып, құс көрпемді жамылып, өсек-аяңнан құтылған күні бір түшіркеніп ұйықтадым-ау. Ертеңінде... ертеңінде бүкіл бетім, тамағым, омырауым – барлығы көнектей боп ісіп шыға келді. артынша іріңдеп, тесіле бастады. міне, осылайша өмір мен өлімнің екі ортасында жатып, шешеме ат шаптырып, кісі жіберіп «ішім сезеді, жадылағанын қайтарсын» деп, зар еңіреп, зар жұтып Қандауырды да жібердім. «мен емес жадыгөйлеген, қайын атасы қажыға барған молла ғой, үшкіріп жазсын діні мықты болса»,− деп міз бақпаған. атамның ондай құдіреті жоқ, аллаға жалбарынғанға жазыла ма... Сиқыршылық та және одан науқастанған адамды емдеу де ешбір құдайдың ісі емес, дәрі-дәрмектің ғана күші келерін Сарқыт кемпір дәлелдеді. Халық емімен-ақ асқынған аурудың бетін қайтарды. мынау тамағымдағы дақ содан қалған, қарағым, әйтпесе екі аяқтының аруы едім. Енесі өз сөзіне өзі күлді.


– Сіз қазір де сұлусыз, апа. – айна енесінің бетінен сүйді.

– Сұлулық бізден қалғалы қа-ша-а-ан. – Кемпір үйдің босағасына қарап әлдебір ойға берілгендей, әлдене ойына оралғандай үнсіз жатты. – Әйел адамның әдемі болғаны жақсы ғой, – деді бұдан соң, – бірақ ақыл мен көрік анда-санда тоқайласып, жұптасып өмір сүре алады. менің шешем де келбетті кісі еді, амал не, мінез-құлқы қатты болатын. Байлар тәркіге ұшырап, жер аударыла бастағанда, барлық бұғыларды сатыдан шығарып, өз үйін өзі өртеп, арғы бетке қашты. Пахомов дегеннің партизан отрядымен болған арадағы атыста ағайым александр оққа ұшады, қызылдардың қолына түспеуге бекінген анам улы шөп қайнатып ішіп өлген екен. Сөйтіп, бергі бетте бір әулеттен жалғыз қалдым, ал ауылдың аты Фадиха атанып кетті.

Жарықтық күйеуім балажанды кісі еді ғой... амал не! Еріктің ер жеткенін көре алмады... Көзі тірі кезіндегі сәбидің бірде-біреуі тоқтамады. айтып-айтпай не керек, не көрмедік, неге көнбедік!.. Ерігім біртоға, тұйық, сенер кісісі болмаған соң, шаруақой болып өсті. мектеп бітірген соң да, мені жалғыз тастап кетуге қимай, оқуға кешеуілдеп барды ғой. алматыда жүргенде, көп қиыншылық көрген секілді. Өйткені, колхоз совхозға ауысып, апалас-төпелеске ұшыраған кезеңде, мен пенсиясыз қалдым, кейін ғой кемпір бас сайын 28 сом «айлық» тағайындағаны, әйтеуір, елдебардыңерніқимылдапжұтамадық, халықтан айналайын, қарнымызды ашырмады. Жалғыз бала қатты болады деуші еді, содан ба, Ерігім өсе келе жұртқа жұғымы жоқ, даланың тағысы секілді тәкаппарлау болып кетті. Саған да обал, келін шырақ, ішім сезеді, құсалық бар, қайтейін, алтайдың аңғарына қамап ұстайтын аң емессің...

– Қойыңызшы, апа, мен тіпті де жалғызсырап жүргенім жоқ. Тағдырымды Ерікке тапсырғанмын, мұзтауды асамын десе де, қалармын ба соңынан.

– рақмет, айнам, Еріктен артық көрмесем, кем көрмейтінім бір құдайға хақ. Екеуіңнің жамандықтарыңды көрмей, бір күрек топырақ бұйырып, алдарыңда кеткеннен озық мұрат бар ма мен үшін.

– Сіз... апа, сіз орыс та, қазақ та емессіз... сіз басқа бір... ұлтсыз... жер бетінде жоқ ұлттың өкілісіз. Ол ұлттың аты – аяулы ана. Әттең, сіздей адам жалғыз-ақ па деп қорқамын...


айнаның шамның сәулесімен боталаған жанары жасаурай, енесін қатты қысып құшақтады. Неге екенін өзі де білмеді, екі иығы селкілдеп, ағыл-тегіл жылаған. Байтақ ел, бақытты күндерін аңсады ма, өз анасының жұпар иісін сағынып, кең кеудесіне басын қойғысы келген шығар, бәлкім, бұған дейін көкірегінде бұғып жатып, әбден қысылып, әбден сыздаған мұңның ененің еміренісінен кейін иіп, бұлақ боп, көздің жасы боп, сарқырап аққаны ма екен... Кім білсін, кімнің ішіне кім кіріп шыққан... бәрімізде де ашылмаған сыр, айтылмаған сөз бар-ау...

 

Қазақтар Бек-алқа, орыстар Фадиха деп атап кеткен ауылдан шыққан қос жолаушының жүрістері мандымады: астында елпек аты бар Еріктің бір өзі ғана болса ба-я-ғы-да-а- ақ сау желіп, соза тартып ұзап кетер еді.

Әттең... не керек, соңында ілбіген «сапарласы» бар, жүруінен отыруы көп, әрең-ақ еріп келеді байғұс. Қазақтар «мың жолды- ны бір сорлы байлайды» деп бекер айтпаған. Тастап-ақ кетейін десе, даяр тұрған «құлдан» аяқ астынан айырылып қалғысы жоқ, ал атының артына мінгестіріп алайын десе – көкбестіні аяйды. Сондықтан да асықпай, асқан шыдамдылыққа басып, өгіз аяңмен келе жатқан. Әлгі бір әзірде бір шөлмек арақтың ақырын сарқып тұрып ішіп алған Таған жүруге шамасы әбден келмеген соң, таудың құлын жоғалып кетер шалғынына етпетінен түсіп, тырп етпей жатып алған. Тәлтіректеп келе жатқан шығар деген оймен омарташы көпке дейін артына бұрылмап еді, жалт қарағанында – жоқ болып шықты. алғашында, қашып кетті ме деп, сасып-ақ қалғаны. Көкбестіге қамшы басып, келген жолымен кері құйын-перен шапқылай жөнелді: зым-зия, жер жұтқандай... «Сайтан ба, сағым ба? атаңа нәлет, пияншік, басыма бәле болып тимесін... Әй, бірақ осы қуыс қурайды іздеуші, сұраушысы жоқ та шығар-ау» деген оймен ойқастап ары да шапқылады, бері де шапқылады. Таудың бұта-қараған, қалың ағаш, жайқалған шалғынына адам түгіл түйе жоғалса табуың екіталай. Үзеңгісін шөптің басы қағып, бойлап өскен шалғынды қақ жара көп іздеді, амалы таусылған соң: «Таған, әй, Қарабура, қайдасың?» – деп дауыстады. Тура алдына алып самолеттей ауыр көтеріліп, дүрілдеп ұшқан ұлардан астындағы


көкбесті қорс етіп үрке жөнелгенде, Ерік ердің қасынан ұстап әрең қалды. «Қап, әкеңді...» деп, тақымына қысқан мылтықты алып оқтағанша, таудың алып құсы көзден таса ұзап кеткен. ашу қысқан омарташы сонда да ентігін баса алмай, ұлар ұшқан жақты көздеп, шүріппені басып қалған. мылтық үнінен әбден үйренген ат мыңқ еткен жоқ, тек қамшылар жақ қапталдағы шөптің арасынан «ой-бай» деп, бажылдай атып тұрған маскүнемнің үнінен ғана көкбесті және жалт ете түскен

– Ерік бұл жолы да ердің қасынан ұстап құламай қалды. «алла, әкең-ай...» деп барып, ербиген Тағанның жонарқасынан ала қамшысымен осып өтті... Шынжырдай болып өрілген қамшы күн жеп, кір жеп онсыз да әбден тозған помази көйлекті қақ айырды, бірақ Таған өзіне емес тулаққа тигендей, ауырсынған да жоқ, тіпті кірпігін де қақпады. Әлі де болса әлінжоғалта қоймаған ұзын кірпіктерін көтере, сүзіле қарап тұра берген. Ол Ерікті мүлдем көріп тұрмағандай, меңіреу күйде еді. Омарташы таң қалды, алайда таң қалғанын білдірмеді. «Жүр, кетейік» деп, атын тебініп алға түсе берді. Таған жақ ашпаған қалпы соңынан ерген.

Екі жігіт алдарында бір шынтақтай сұлап жатқан белден асып, жалғыз аяқ жолмен қабырғалай құлдағанда, сонау етек- тен ымырт-айдаһардың жалғыз көзіндей от жылтырады. Жүрістерін жеделдетіп, тезірек жетпесе сол үміт жұлдызындай болып елестеген жарық тұра қашатындай-ақ, шаршағандарын ұмытып асыға түсті. Еріктің астындағы көкбесті де құлағын қайшылай елпек аяңдады. Ең әуелі сай табанындағы үйдің иті үрді де, көп ұзамай арсылдап алдарынан шықты. ат үстіндегі Ерікке ештеңе емес-ау, соңында ербеңдеп жаяу келе жатқан Тағанның дал-дұлын шығаруы мүмкін еді. Қосамжарлана үрген қос ит алдымен атты кісінің алды-артын орап байқастап көрді де, одан еш нәрсе шықпасын сезгендей Тағанға ұмтылған. Қайқы құйрық екі иттің екпіні асап қоятындай-ақ қорқынышты еді, бойында жаны бар адам шыдап тұра алмас аянышты оқиға басталуы мүмкін еді, қанша қатыгез десек те Еріктің өзі сескене, көкбестіні кері бұрған. Тағанға көмекке ұмтылған. Жағаласа жарысқан иттер ойқастаған күйі Тағанға жетті де, алба-жұлба албастыдан ала түсуге жасқанғандай, жалтарып тайсақтады. маскүнем сасар емес. Тіпті бұрылып қарамады да.

«мені қауып жарымассыңдар» дегендей. Екі ит үруін пышақ


кескендей тыйып, шоқиып екеуі екі жерде отырып қалған. Бұл ғажап көрініс Ерікті және бір қайран қалдырған. «мынаның сиқыры бар шығар» деп ойлады да, атын қайта бұрып, борт- борт желе жөнелді.

Сайға жасырына орналасқан жалғыз үйге Таған жеткенде, Ерік атын байлап кіріп кеткен екен. Неге екені белгісіз, Таған үйге бірден кіріп бармай; қашаға сүйеніп тұрып қалды. Күндізгі қарбалас тіршілік тырапай асып, іңірмен бірге іріп, таусылғандай тыныштық. аспан ашық еді. Самсап жұлдыздар туа бастаған. алғашқы болып қарсы алған иттер де желе- жортып келді де, қашаға сүйеніп құр сүлдері тұрған бейбақты аяғандай иіскелеп, біраз айналсоқтады: жігіт міз баққан жоқ, біреу өлтіріп сүйеп кеткендей, қыбырсыз. Сығырайыңқы терезеден түскен болымсыз жарық қана тау ішіндегі өмірдің жалқы шырақшысындай-тын. мең-зең, дел-сал бейуақтың күнә, пәле-жала, айқай-шудан таза мұнтаздай мұңы бар еді. Таудың түнгі салқыны да ептеп сыз татып, «и-щ-ай» дегізіп жауратады. Күні бойғы сүргіннен аяқ-қолы сал болып шаршаған Таған ес- ақылын енді ғана жинағандай, өз-өзіне келе бастады, өз-өзінен есеп ала бастады. Қаншаға ұзарын кім білсін, әйтеуір, қайдан келіп, қайда тұрғанын ажыратар халдің қалтқысы дір еткендей болған.

Сайдың іші салқын, өзекті қуалай сылдырап бұлақ ағады. Жас баланың тіліндей былдырлаған үні қазіргі қаймақшыған тыныштықты бұзбай, қайта әдемі бір жарасыммен жуастау қыздың шашбауындай сылдырлайды. арақтан аузы құрға- маған соңғы он жылында басы зеңгіп, ауырмаған, не болмаса жүрегі айнып лоқсып көрмеген Тағанның алғаш рет асқазаны астаң-кестеңі шықты. Бәлкім, бұл ауру бұрыннан-ақ бар шығар; сол қыжылды сезуге мұршасы жетпей, ақыл-естен айырылып қалатын шығар; мүмкін, таңғы тәбетін өңкей бір

«барматухамен» ашып, сол «жарықтыққа» үйреніп кеткен ағзасы күні бойы үздіксіз ішкен ақ арақты жатырқап, ауырсы- нып тұр ма екен? Қалай десек те Тағанның бұған дейінгі өлексе өміріне зәуде «зауалдың» сыналап кіргені – сынай кіргені рас еді. Ол оған таңғалған жоқ. Оның қайран қалып тұрғаны: ішімдік шіркіннің жақпағанын, немесе жақпайтынын өзгенің үгітімен емес, тұңғыш рет өзінің – өзекті жанының сезінуі әрі

«осының түбі немен аяқталар екен» деп сескене сезіктенуі-


тін. «Ішпесе қайтер еді?» – Он жылдан соң ойына оралған осы сөз арақпен арадағы айқастың тұңғыш жеңісін әпергендей...

«Ішсеңші, бірақ ақылыңды ішпе» дейтіндерді иттің етінен ары жек көретін Таған: «лажы, мүлдем ішпеу керек екен-ау» деген түйсігін түйіндей бергенде және осы тұжырымына айды аспанға шығара қуана берген кезінде, ағаш үйдің есігі арс етіп  ашылған.  ашылғанда:  «Ей,  қайдасың,  кірсеңші  үйге!»

– деген Еріктің өгіздей өкірген даусы күл-паршасын шығарды, шығарды да мүлдемге ұмыттырды.

Ол сыңсып ашылатын тақтай есіктің тұтқасын ұстап түрмеге кіретіндей сұмдық қорқынышпен состиып тұрып қалған. Өздері әзірде ғана асып түскен жотаның ар жағынан жартыкеш айдың беті қылтиды. «ай әлі бар екен-ау». Он жылдан бері айдың жоғалып кетпей әлі күнге аспанда жүзіп жүргеніне таңырқағандай бағжырая қараған.

Үй ұядай жылы екен. Табада қуырылып жатқан балықтың иісі мұрынды жарып барады. Таған жұтынып, қарны ашқанын сезді. Үйдің иесі өзін Захар, әйелін марфа деп таныстырды. Ерік етігін шешіп тастап, пеш түбіндегі орындықта арқасын қыздырып маужырап отыр. Көзі тас жұмулы, рақатқа батқан сыңайы байқалады. Жасқаншақтана кіріп, босағада ебедейсіз тұрып қалған Тағанға әйел: «Проходите, садитесь», – деді. Бір аттап барып тақтай орындыққа жайғасты. Дастарқан жасады. Захар темекісін бұрқыратып шұлық тоқып отыр. Көрден жаңа ғана шыққандай, мыж-мыж боп тұрған бөтен жігітке көзінің астымен қарап қояды. Еріктің екі беті, бал-бұл жанып, жып- жылы үйдің шуағына масайғандай қалғи бастады.

– Дастарқанға келіңдер, – деген әйелдің оқыс даусынан селк етіп, салбырап, енді болмаса иығынан домалап түсіп кетердей болған басын жұлқа көтеріп алды. Дастарқанға мөп-мөлдір бал, қолдан пісірген нан, таудың сарымсағы қойылған. Осы тағамдардың дәл ортасындағы табада әлі де шыжғырылғаны басылмаған балық былқып жатыр. Көзі ақиған ақ шабақтың бірін енді ала берген Тағанға алая қараған Ерік:

– Қолыңды жусаңшы, бес баттам қылмай, – деп күңк етті. Таған сасып қалды. Әкесі зекіген жас балаша жаутаңдап кейін шегінді де, ләм деместен шыға жөнелді:

– Ұят болды-ау,− деді марфа. – Дардай жігітке даусыңды көтергенің не?


– Бал сырадан бір стақан берсең, атасының құнын кешеді, – деді Ерік балықтың ең үлкенін өзіне қарай мысықша сүйреген күйі.

– мұны қайдан қазып тауып алдың? – деді Захар. – Өзінің есі дұрыс па?

– Есі дұрыс болса, осынау ит арқасы қиянға аттыға еріп таңы айырылар ма еді? маскүнем деген рудың елшісі. Қолбала ретінде ұстауға ертіп келемін. Қыстай бағып-қағып, егер жақпай жатса, келесі жылы жазда тауып алған жеріме апарып тастармын.

– азып-тозып кеткені болмаса, түбі жаман кісіге ұқсамайды. Кірпіктері қандай ұзын, еркектердің көзі осыншалық әдемі боларын бірінші көруім, – деді марфа. Әйелінің сезімталдығы Захарға ұнамады білем, қызбалықсыз қызғанышпен:

– Біздің қатынның қолына түссе, жуып-шайып, қарағайдай азамат қылып алар еді. мені де түрмеде отырғанымда ғашық болып, кісі жасаған...

– Әй, сені қайдам (есік жақты нұсқап), анау алпыс әйел бақса да, адам болмас. Қаны араққа айналып кеткен, винокровьемен ауырады.

– рас, иісі жаман екен, – деді марфа. Онысы екі омарташы- ның қытымыр сезімінен құтылғысы келгені сияқтанды. Осы кезде Таған қайта кірді. Бағанағы өзі ұстаған балық сол қалпында жатыр екен, құйрығынан тартып алдындағы тарел- каға түсіріп алды. марфаның екі көзі Тағанның тоттанып кеткен кір-кір дірілдеген қолына түсті, жүрегі сазып аяды да, жеңіл күрсінді. Орнынан тұрған Захар пештің үстіндегі ашуы жетіп, тығынын атқылаған сырадан құманға құйып әкелді. Иісі мұрынды жарады. Төрт стақан қойып, толтыра құйды. Таған аузына енді апара берген балықтың бір кесегін тастай салып, сыраға ұмтылған. Көз ілеспейтін шапшаңдықпен қылғып салды да, бос стақанды Захарға қайта ұсынды. Келесісін де жалғыз-ақ деммен жұтып жіберіп:

– Уһ, жанымды бойыма әрең шақырдым-ау, күні бойы сасық арақ ішіп, ішім күйіп қалып еді, – деді бітеу жарасының аузы ашылғандай, қырыстары жазыла жайраңдап.

– ал енді бұл тегін концертін бастайды, – деді Ерік жақ- тырмай. – Көбірек беріп сілейтіп тастағаннан басқа лаж жоқ.


– Ендеше, енді бірді құй, – деді Таған ыдысын тосып. Захар пеш үстіндегі ағаш күбіде ақырып тұрған отыз литр сырасын аясын ба, ықыластана құйды. Таған да тартынған жоқ, тағы ішті.

– Тамақ жесеңізші, – деді марфа жалынғандай. – аш қарынға қалай іше бересіз.

– мастығым тарқап кетеді, – деді ырсия күліп, – Сыра да тамақ. Әйтпесе баяғыда аштан өліп қалмас па едім. Сыраңыз зәмзәм екен.

– Сен... енді доғар, Қарабура. Ертең ере алмай қаласың,

– деді Ерік.

– маған осы үй де жетеді. Кімнің жұмысын істесем де бәрібір, құтырған бурадай бұрқыраған бал сырасы ашып тұрса болды емес пе.

– Біз жалшы ұстамаймыз,− деді марфа. – Жалғыз сиыр, жалғыз атты өзіміз-ақ бағып-қағып аламыз.

– Еркектердің сөзіне араласып нең бар, ыдыс-аяғынды жина, − деді Захар езуінен тек ұйықтарда ғана түсетін темекісін қайта тұтатып. Ерік пеш түбіндегі орындыққа қайта жайғасты. Стол басында жалғыз қалған Таған өз қолымен сырадан құйып алды.

– мен осы бір нәрсеге таң қаламын, – деді сұқ саусағын шошайта. – Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы – өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз? Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей, орыс, сен де, ей,қазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая ма? Қайта ұлы мәртебелі табиғат-ананың организмі тазарар еді, көк жөтелден сауығар еді... Білем-білем, «сен неге тірі жүрсің?» деп сұрағалы отырсыңдар. мен... мен... осы қарапайым ғана қағиданы сендерге түсіндіру үшін жүрмін... Осы күйкі тірлікке душар қылған мына мені атарға оқтары жоқ сеңдер, мен... сендерге ерегесіп, ыза болған соң амалсыз ішем...

– мына философқа жатар орын тауып беріңдер, – деген Ерік орнынан шапшаң тұрып далаға шығып кетті. Таған сырадан тағы бір стақан сылқитып алды. Темекісін бықсытқан Захар Тағанның арқасына қағып:

– Дегенмен, сөзіңнің жаны бар. Жүр, братан, ұйықтар орныңды көрсетейін,– деді.


– маған төсек салып әуре болмай-ақ қойыңдар. Қай тұсқа құлаймын – сол төсек... анаңда – қара жер, атаңда – қара жер... ла-лау...

Тұра беріп тәлтіректеген жігіттің қолтығынан демеген Захар тысқа беттеді.

«НЕГЕ БІЗ ОСы ҚаТыГЕЗ ДЕ ҚаСИЕТСІЗ БОлыП КЕТТІК... НЕГЕ БІЗ ОСы...»

Тағанның әлдекімге ашулы, әлдекімге наразы да азалы үні бәсеңдемеген қалпы, есік жабылғанша марфаның құлағын жаңғырта сарсытып еді.

– адамды осыншама аздыратыны бар, неге ғана шығарады екен арақты, – деді өз-өзінен сөйлеген әйел нәумез үнмен.

– Бәлкім, қалай ішуді білмейтін шығармыз... Әйтпесе, шет елдегілер мен кавказдықтар баяғыда маскүнем болып кетпес пе еді...

Есік алдына шыққан соң, Таған жаңа танысқан орыс досының мойнынан тас қылып құшақтап алды:

– мен орыс халқын шексіз сүйем, Захар. Өйткені, олар қазақ мінездес, әрі тағдырлас – ашуының алды бар, арты жоқ, аңқау да адал. Әрі еңбекқор. Әйтсе де, россияда – орыстар, Қазақстанда – қазақтар нашар тұрады. Саудаласуды да, жауласуды да, дауласуды да білмейді. Құшақтары кең, кімді болсын аймалай береді... бірақ сол құшағында тұрғанның пышағын байқамайды... Бірақ, Захарчик, сен мені тым жақсы көрмейсің-ау... біле-білсең екеуміз бір ұлтпыз, өйткені, екеуіміз де ішеміз. ал анау Ерік басқа. Басқа ол... оның ұлты жоқ. Сонда деймін-ау, қайсымыз қауіптіміз... мәселе осында... Баяғы өткен заманда біреу айтқан екен: «Заман-заман, заман-ай, жылдан- жылға заманы жұмбақ болған заман-ай; сарқыраған өзені бұлақ болған за-ман-ай... ақылы азып сенері пышақ болған заман- ай...». Захаржан, салқын сыраңнан тағы бір стақан жұтқызып жіберші, сынық сүйем жетпей тұр.

– Бүгінге жетер... жоқ-жоқ, сен ойлап қалма, сырасын аяды деп, шомылам десең де құйып берер едім. Әй, қазағым- ай, неге осыншама жаныңды жаралап ішеді екенсің. Несін жасырайын, ішу жағынан саған күлер түрім жоқ, әйткенмен

«аюдың жанында шошқа жылмақтай» деген емес пе... Жүр, жатқызайын...

– Екеуіміз бірге құшақтасып тұрып ұйықтайық.


– Кешір, досым, әйелімнің білегі кеудемде жатпаса, көз іле алмаймын. Сен батқан батпаққа мен де батқанмын, жуып- шайып адам қатарына қосқан – марфа.

– ал менің әйелім,− деді Таған Захардың мойнынан қыса түсіп, – құй, батпаққа итеріп жіберген. Содан бері әлі шыға алмай тырбанып жүрмін.

Тұрғын үйдің аяқ жағындағы сарайға қолтықтап апарды. мұнда қыстыгүні бал арасының ұясын қоятын да, жаз шыға қаңырап бос тұратын. Әлі де ауылға алып кете қоймаған төрт- бес флягі балдың аузы тас бекітулі. Сарайға кірген соң, Захар сіріңке тұтатып, шынысы жоқ жайдақ шамды жақты. мұрынды балдың иісі жарады. Кіреберіс ірге жақта ағаш нар бар екен, үстінде жүні шыққан ескілеу көрпе мен жағасы жоқ көнетоз тон жатыр.

– Сен, братан, ренжіме, өзің де көрдің, үй жалғыз, бөлме тар, бізбен бірге пысынағанша, ауасы таза кең сарайда жалғыз демалғаның дұрыс болар. Кейде өзім де әйелімнен қашып осында ұйықтаймын. рақат.

− мұнда сыра жоқ па? – деді нарға сұлай кеткен Таған.

− Бүгіндікке жетер. Ертең де күн бар ғой.

– Салынып ішетіндердің ептеп қана тататындардан жалғыз- ақ айырмашылығы бар, ағайын. Олар ешқашан да ертең де күн бар-ау деп ойламайды. ақырзаман орнайтындай барлығын бүгін сарқа ішіп тауысып тастағысы келеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.