Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оралхан Бөкей 39 страница



Барханның ойын тағы да көз алдынан өткен елес бөлді. алғашқыда селк етіп шошынып қалғанымен, еті үйрене, шынында да түн ішінде елбеңдеп жүрген не нәрсе дегендей алыстан өлеусірей түскен шам жарығы сәулеленіп тұрған маңайына көз талдыра қарады. Үдере соққан жел ызыңынан өзге дүние қараң. аспаннан айрылған жер ғана қара жамылып қорқынышпен қарауытады. анда-санда осы етпетінен құлап,


талықсып жатар жарықтық деміге ұзақ жөтелгендей, күрк-күрк үн желге мініп, жетіп келеді. Табиғатта әзірше неге соқтырары беймәлім беймазалық бар. Түн түкпірінен тағы да әлдене ағараң еткендей болды да, ақырын ғана мекіренген қара құйрықтың сүлдесі көрінді. Төбе басында серейіп тұрған Барханнан үрікпей, еркелей ойнақтап жетіп келді де, етегін иіскелеп, жып-жылы, жұм-жұмсақ тұмсығымен Барханның қолын түрткілеп, жалай бастады.

– «Ү-й-й...- байғұсым-ай, сен екенсің ғой. Хайуан болсаң да қолдан жем берген иеңнің жақсылығын ұмытпаған екенсің». Қарақұйрықтың арқасын сипап, құшағына қысты. Өткен күзде әлдекім атып жаралап, қалың түлейдің ішінде жасырынып, қансырап жатқанын тауып алып еді. ай бойы аяғын емдеп, жем беріп, Сейітқұлдың төрткөз сарыаяқ итінен торып, асыраған. Сонсоң қыстақтан тым алыс, Паң далаға ұзатып салған. Содан бергі уақытта бір жыл өтсе де, қара үзіп кетпей, шырғалап келіп тұрғаны мынау.

«Хайуан екеш, хайуан да істеген жақсылықты ұмытпайды. Бара ғой, қозым, бара ғой. Сен анау шамдары түн түндігін жыртып, ежірейіп тұрған сәулетті қыстаққа жолама. ақылың болса менен басқа адамға жуыма. Неғұрлым қашық жүрсең, неғұрлым қорқып, сасып жүрсең – ғұмыр жасың ұзақ болады, жарқыным. Бара ғой қозым, бара ғой. мен бейбақты іздеп қайтесің... мен бір өзің секілді оқ ерте тиген мұңлықпын... Бара ғой...»

Осы сәтте қатты құйын көтерілгендей болды да, жылдар бойы сіресіп жатқан Қызылқұм айдаһардай ысқырды. Әлгінде ғана желге арқасын сипатып, жым-жырт қалғыған, әлгінде ғана тәңіріне табынып, дүниенің бар үзірін баз кешіп, жалыққандай есінеп-құсынап мантыраған даланың талағы тарс айрылды. Шабына кім түртті өз-өзінен буырқанып, өз- өзінен шамырқанып, екі езуі көпіріп бураша бұлқынып шыға келді. Әлдене құйын боп аспанға шапши тік көтеріліп еді, енді сол ұйтқыған құйын өзі секілді мың-миллион құтырық қарабас сарбаздарын мұқым қызыл құмның бойына анталатып, қаптатып жібергендей болды. Сол, сол-ақ екен, беріштене қатқан төбе-бұйраттар бүлкілдеп, тісі-тісіне тимей, бақсы боп сақылдағандай, дірілдеп-қалшылдап безгегі ұстағандай жынын шақырды. Сонан соң бүған дейін ешқашан естімеген: өкірген, әлде өксіген үнмен жоқтау айтты, сыңсыды, булығып


барып, зар еңіреп жылады – аса бір алапат екпінмен батысқа бақанын алып лап қойды. Жер мен көк, ой мен қыр - бәрі- бәрі тұтаса қып-қызыл әлде қап-қара құмның тұтқынында, бейне бір африкадағы ағайын құмдардай алып қуатпен алға көше жөнелді. Дәл алдындағы сексеуілден қапелімде шап беріп ұстауға шамасы әрең келіп көзін жұма етпетінен құлаған Бархан бұдан әрі не болғанын білген жоқ әйтеуір, қалың шуыл, зор майданның басталып, үстінен жүздеген жүйрік ат тапалдап өткендей дәрменсіз халде. Едәуір мәуріттен соң құмның көшуі аяқталғандай, маңайды тағы да баяғыша жым-жырт құлақ кесті тыныштық билегендей болған. Құмға тірідей көміліп қалған денесін зорға ашып, тәлтіректей тұрған Бархан ал дегенде қыстағына қарап еді, орнында сияқты. Тек Сейітқұлдың қотанында сайқалдана жымыңдайтын шамдар ғана сөніп, қою қараңғылыққа тұншығады. Ес біліп, етек жапқалы мұн- шалық ұрланып келер ұрымтал құйынды көрмеген, қатты қайран қалды. Иә, бүгін Қызылқұм бөтен мінез көрсетті! Неге ашуланды, ненің ырымы бұл? Үйіне қарай сүріне-қабына балаша зыр жүгірген Бархан ашық қотанда бағана ғана бейбіт жусап жатқан отардың бірде-біреуі жоқ, тақыр таза орны ғана қалғанын көрді. Есі шыға айғай салды да жын ұрғандай құм көшкен ізбен дедек қағып, қос өкпесі қабына жүгіріп барады әне... Әне, Бархан көшкен құмның артынан қуып барады

– Әне, Бархан жеті жүз бас қойын ала қашқан құтырық құмды өкшелей қуа жөнелді...

Ең болмағанда өзі секілді отыз жылда бір рет мінез көрсете алмаған ұлының ынжықтығына сақ-сақ күліп, мазақ еткен Қызылқұм ақ жүрек әрі қара қылды қақ жарған адал шопанның отарын ала қашқаны рас еді! Бірақ, бәрібір Бархан қуып жетеді! Өйткені, оның тақымында азап деген арғымақ бар, жылдар бойы тамшылап жиналып, тас тесер ашу-ызасы, айта алмаған арманды сөзі бар... Бәрібір Бархан қуып жетеді: арқа еті – арша, борбай еті – борша, мойны ырғайдай – биті торғайдай болып ашаруаққа айналар – бәрібір отарын табар... мұрнының астынан құдықшы Серік үйреткен әнді ыңылдап, қойын алдына салып айдап, оралар... Жұмагүл «жаным-ау, тірімісің» деп жымия күліп қарсы алар; жүкке арқасын тіреп, Нұргүлін тізесіне отырғызып, жұбайы майысып ұсынған құла шайды сораптап ұзақ ішер; сонан соң үйдің оң жақ іргесі жер сілкінгендей солқылдар – Бархан Әліқұлдың шақырғанына,


құдай біледі, осы жолы бармай, жау түсіріп келгендей-ақ, аяғының басын қайқайтып, кергіп жатып алар-ау... Не деген бақытқа, шаттыққа толы өмір?! Тәңірім-ай, қайғысыз қара суға семіріп, тірлік деген түлкіні жаяу қуғанға не жетсін... Әкесі құсап ақ бас атанға мініп, көкжиекке сіңіп, жоқ болса, мәңгіге жоқ болса қайтер еді.

Әне, Бархан, отардың соңынан 42-ші размерлі керзі етігін сыпырып тастап, жас балаша жалаң аяқ безектеп барады. Бұдан отыз жыл бұрын он бес жасында дәл осылай кұм кешіп жүгіріп еді... отыз жыл бұрын...

 

алқара аспанда самолет ұшып өтті...

 

* * *

Өзгерген ештеңе де жоқ. Бархан құм құйынмен бірге ықтап кеткен отарын тауып, аман-есен қыстағына айдап келді. мал түгел. Жұмагүл қарсы алды. Жүкке арқасын тіреп, маңдайы жіпсіп, бой-бойы балқып, шай іше бергені сол еді, үйдің оң жақ бұрышы солқылдап қоя берді. Бархан жаңа ғана ұрттай берген, шай құйылған кесені асығыс қоя салды да, күпәйкесінің сыңар жеңін ғана киіп, есіктен ата жөнелді. Әйелінің: «И-и, бейшара- ай, өстіп жүріп өлесің-ау» – деп күрсінгенін, көзіне жас алғанын естіген де, көрген де жоқ. Упр баяғы орнында жатыр екен. Жүзі сынық. Барханның сәлемін ернінің ұшымен алды да, күреңіткен қалпы бір нүктеге қадала, көп ойланып барып:

– Да-а... – деді даусын соза – Понимаешь, беда деген аяқ астынан. Бұлай боларын кім білген, үш ұйықтаса ойымызда бар ма тәйірі. Да-а... жиырма бес қой, тфу, безобразие, ішпей- жемей...

Әліқұлдың осыншалық жүйке тоздырар таусыла айтқан жұмбақ сөзі ішін кептірді білем, Бархан шыдай алмай:

– Не болды ағасы? – деді. – Өңіңіз сынық қой, Сейітқұл қайда?

– Ол ит, қой сойып жатыр, – деді саусағымен алдындағы столдың шетін шертіп.

– Тағы да қонақасы ма?

– Осы жолғы қонақасыға сойылған қой бүкіл совхозға жетеді. Түнгі құтырған құйын жиырма бес қойды жайратып кетті. Осы итке қаншама рет қақсадым, понимаешь, артық пысықтық маңдайға сыймайды деп... Түрмеге қамағандай,


қотанның сыртын темір сыммен қоршап... енді міне, дауылға шыдай алмай, өре түрегеліп ыққан отар сым шарбаққа қыстырылып, бірінің үстіне бірі шығып, бастырылыққан да қалған. Жиырма бес саулық тіл тартпай кетті он шақтысының кірпігі ғана қимылдап жатыр.

– Да...а.. жаман болған екен, – деді Бархан басқарманың мақамымен. Әдейі айтқан жоқ, шын жаны ашып, толқығанда байқамай қайталап алған.

– Нендей ақыл бересің?

– Білмей отырмын, аға... Ел емеспіз бе, бір амалын ойлас- тырайық.

– Ендеше қазір сен Сейітқұлға барып өлген қойды сойыса бер. Терісіне пышақ тигізіп, бүлдіріп алмаңдар,– деді де ауыр денесін ып-ықшам сезініп, орнынан ырғып тұрып кетті.

– Жүріңіз, Бәке, әлгі балаға көмектесіп жіберейік, мұрны пышылдап, шамасы жетпей жатқан шығар.

Екеуі қыста қой қамайтын жабық қораға беттеді.

Сейітқұл ақ тер, қара тер боп, бастырылып, арам өлген қойдың ішін жарып, терісін сыпырып жатыр екен. Барханды көріп ұрлығы ашылып қалғандай алғашында сасып-ақ қалды. Қолындағы жезмойын мүйізсап қан-қан пышақ қапелімде сусып түсіп кетіп еді, ақтарыла бүлкілдеп, буы бұрқыраған қойдың қарнына кірш етіп кіргенде жыны бырқырап, мүңкіп қоя берді.

– Көзіңе қара, о, несі-ей, сасқалақтап... Бұдан үлкен қылмыс жасасаң, ажалыңнан бұрын өлерсің, понимаешь. ауылды үйдің ұрлығы жата ма, тәйірі. Бархан бөтенің емес, өз ағайың. Кеше ғана емес пе еді, түтініңді бөлек шығарған. Тумаса да туғандай болған ағаңның меселдесін қайтарып, екі жастың біріне келмей кердеңдейсің... понимаешь...

Сейітқұлдың әншейінде кірпідей тікірейіп тұрар түгі судан шыққан тышқандай жығылып, сүмірейіп-ақ қалған екен. Кірпігін жыпылықтатып, жасқаншақтана қарайды. Үсті- басының бәрі қан мен жынға былғанып, кеспірі кеткен. Ел аман, жұрт тынышта жиырма бес қойды жайратып тастау жанына батпайды дейсің бе? Қой өлсе, орнына қой қосар, не болмаса он жыл жинап-терген «көк кнежкесін» берер – бірақ жігіттің артынан «шаруаға қыры жоқ» деп сөз ергені қинайды. Қазір ел құлағы елу емес, жүз болып тұрғанда ертең-ақ «Сейіткұл қойын қырып алыпты» деп ереуілдеп шығар.


Бархан кісесінен бәкісін алып, қайрақ тасқа жанып-жанып жіберді де теңкиіп, іші кебе бастаған қойдың бірін жәукемдей жөнелді. Қимылы шапшаң. мықынын таянып, өрт сөндіргендей сызданып тұрған Әліқұлдың екі көзі Барханда. Таңқала басын шайқады.

– Әй, Бәке-ай, мына қарқыныңмен Сейітқұлдың бір қора қойын бір сағатта сойып шығатын түрің бар-ау. Понимаешь, ха-ха...– деді өзі-өзі болып тауып айтқан сөзіне масаттанғандай. Бархан қаракетінен қол үзбей жауап берді:

– Үйренген кәсіп қой... Өлмеліге – өткір пышақ...

– Әліқұл сөз төркінін түсінген жоқ. «Тауып айттың» деп қарқылдап күлді. Іле іске кірісіп:

– ал, не ақыл айтасың, Бәке. Ініңізді төтенше келген зауалдан қалай құтқарамыз,– деді қарнын салбырата жүрелей отырып. Бархан осы кезде келесі қойдың ішек-қарнын ақтара беріп еді, бөлімше басқарушының төңкерілген ішіне көзі түсіп кетті де, баяғыша мырс етіп күлді. Бірақ осы жолы Әліқұл

«Неге күлесің?» деп жер тепкілеп сұраған жоқ. Желдеген иттей шоқиып отыра берді.

– ақыл мен сана – ата-бабадан да үлкен деген осы, – деді Бархан ұйып қалған белін жазып. – Не кеңес берейін... Туғалы бері ақыл-кеңес сұрап келген алғашқы адам өзіңіз. Оның ішінде де бақа-шаян, құрт-құмырсқа емес, арыстай азамат

- бөлімшенің басқарушысы... Қиналып тұрмын, бір түрлі ұят сияқты...

– Енді сен бүгіннен бастап ұялмайтын бол, понимаешь.

– рас, өз ұятымды өзім бауыздап тұрғандаймын...

Баяғыдан бері құнжыңдап, танауы шуылдай, қой сойып жатқан Сейітқұлға үн бітті. Даусы қарлығып, бала әтештің шақырғанындай жарықшақтана шықты.

– Отағасы десе, «ешкінікі күнде ашылса шам емес, қойдікі бір күн ашылса шам» деген емес пе, қазекем. Қиналып тұрмын. Білген ақылыңызды аямаңыз. Жақсылық жерде қалмас...

– Сіңірген еңбек табалдырықта қалады да, күдік пен күмән төрге шығады деген екен баяғыда біреу...

– Әкесінің аузын... күдік, күмәнді қайтеміз, басымызды ауыртып. Не істеу керек? Соны айт бізге, – деді Әліқұл кеше ғана үйретілген аюдай алдында билеп тұрған Барханға ала көзімен ата қарап. Одан артық суырдың айғырындай шақылдауға, сең


бұзар екпінімен баяғыша омыраулауға арты белгілі – сайтанның жаны құйрығында дегендей...

– Отағасы десе, сіз не бұйырасыз, сол – заң, – деді Сейітқұл әлі де даусы дірілдеп. «Бөрі арығын білдірмес, түгін сыртқа қампайтар». мына бала әккі қу ма десем, басына күн туса беліне қамшы тиген жыландай қайқаң қағатын борпылдақ осал екен-ау» – деп ойлады Бархан. Сыр берген жоқ, сыр берсе үндемегеннен үйдей пәле шығарға жорыр.

– Өзің жегенді итке де тастай отыр, тіпті ол сені қапқан ит болса да, – деген екен баяғыда біреу.

Әліқұл күйіп кетті білем.

– Ей, сен бізге мораль оқығанды қой, понимаешь. ақыл айт, понимаешь, «баяғыда біреу, баяғыда біреу»... баяғыда ол біреу болып осыншама ақыл айтса, біз үшеуміз...

– рас, отағасы десе...

– Жарайды, – деді Бархан белін жазып дем алып.– Жамандық жасау жағдайы күніне жүз рет туса, ал жақсылық жасау реті жылына бір-ақ рет келеді деген екен баяғыда біреу.

– Опять «баяғыда біреу», жарқыным-ау өзің мына сен... с-с-с-ен не айтасың!– Әліқұл орнынан секіріп тұрып кетті. Сонсоң өз елгезектігіне өзі таң қалғандай ары-бері қаздаңдай қораның қиын бұрқыратып шапшаң жүре бастады.– апыр-ай, осыншалық ұшан-теңіз пәлсапаны бұрын неге айтпаған.

– Сіз сұраған жоқ едіңіз! – деді Бархан бәкісін саспай жанып тұрып. – аузымды ашсам– алқымға жармастыңыз. Тіпті «неге күлесің?» деп қамшы үйірдіңіз. «Неге малың өлмейді, неге жүзіне 115 қозы аласың» – деп ат ойнаттыңыз... Бәрібір орденге ұсынбаймын» деп қорыққаннан бұрын жұдырықтап байбалам салдыңыз... маған сол сіз алып берген жалған атақтың бес тиынға керегі жоғын білмедіңіз.

– Құдай-ай, үндемегеннің бәрі ақылды деген осы. – Әліқұл ерсілі-қарсылы жосықсыз жортуылын доғарды да, Барханның жанына келді, көзіне тура қарап:

– ал сен жеңдің, мен жеңілдім, ризасың ба? Егер саған керегі сол болса.

– маған керегі ол емес.

– Енді не, ойбай?!..

Сейітқұл да пышағын тастай беріп, ұмтылды:

– Отағасы десе, қалағаныңыздың құлы болайын.


– маған керегі екі-үш мая шөп. анау жеті жүз тұяқ шуылдаққа шашымды жұлып бермеймін. Биылғы қыстың қатты боларын түндегі құмның көшуі сездіріп кетті.

– Уай, батыр-екем-ай, соны да бұйымтай деп. Соны да жұмбақтап, бәлдеп. мал сенің меншігің емес, өкіметтікі ғой, қырар дейсің бе, ертең-ақ қораңды шөпке толтырайын.

– Отағасы десе, менің маямды алыңыз,– деді Сейітқұл құрақ ұшып.

– Жоқ, сенікін алмаймын, сенікін алсам герой бола алмай қаласың. маған жұрттікі жұқ болмайды, керек емес, өзіме тиесілі заңды дүнием керек.– Ол осы сөзді айтты да, қанданған қолын кесіліп-кесіліп көзі ақшия домалап жатқан қойдың басына сипай сүртті. «мен қазір келем» деп сыртқа шықты. Есік көзіндегі діңгекке тартылған сым-темірді қолына құрық алып ұрып-ұрып қалып еді, үйінен атып шыққан әйелі Жұмагүл бұған қарай құстай ұшты. Екі өкпесін қолына алып, жүгіріп жеткен әйелі ыржия күліп тұрған өз күйеуі Бархан екенін жаңа байқап:

– Түу байғұс-ай, не көрінді, Упр ағай екен деп қалсам.

– Шай қоя бер, бәйбіше, – деді арқасынан қағып. – Упр ағаң шөлдеді білем.

Қорада қалған екеудің:

– мына малғұн шпион болып жүрмесін, әкесі, қалай- қалай орағытады. «Жуастан-жуан шығады» деген осы,– деп сыбырласқан әңгімесі Бархан келе сап тиылды.

– Шаршап, қаталаған шығарсыздар, біздің үйге жүріп, шай ішіңіздер, – деді.

– Отағасы десе, келініңіз түннен тоңазып тұрған етті жылытып жатыр.

–Жо-жоқ, сенің етіңнен тіс сарғайды, Бәкеңнің үйіне барайық, – деген Әліқұлдың өзі бастап қасқая жөнелді.

Жұпыны ғана қос бөлмелі үйдің табалдырығынан едірең қағып аттай берген бойшаң Әліқұл төбесін маңдайшаға оңдырмай соғып алды. Қарақұстан тиген ауыр соққыдан тілін тістеп, есі тана ауырсынса да, сыр берген жоқ.

– Есігің аласа екен, Бархан, – деді де төр алдына көлденеңдей сұлап жатты. Жұмагүл әперген екі-үш жастық шынтағына жұқ болған жоқ, бір уыс болып шипасы шырылдады да қалды. Жан-жағына соңырқай қарады да, жұпыны ғана шопан үйінің байлығы көңілін тоғайтпағандай әдетінше: – Да-а... – деді.


Үйіне Упрдан үлкен қонақ келмеген, жайшылықта аяғына бас ұрып кіргізе алмайтын ел ағасының құдай айдап өзі келіп қалғаны Жұмагүлдің есін алды. Қанша тырысса да шаруасының қиюы қашып, қолы дірілдей берді. Әйтеуір өлдім дегенде түтіні басылмай, бықсып тұрған ақ самауырды жеткізді.

Құдай қосқан қосағының әзірейіл көргендей осыншалық дірілдеп-қалшылдауы Барханның жынына тиді. «Не болды, байғұс», – деп құлағына сыбыр етіп, мықынынан түртіп қалса да толқуы басылмаған. «Жап-жас боп Сейітқұлдың әйелі қандай пысық», – деді ішінен. Сосын Әліқұлдың кесесін әпере беріп: – Бұл үйден ішкілік тапқаннан, Қызылқұмнан құдық қазу әлдеқайда оңай, – деді жадырай сөйлеп.– Өзіміз ұрттамайтын, ешкім келмейтін болған соң, әуре болып сатып алғанды қойғанбыз. Әйтеуір Сейітқұл інім іргеде тұрғанда ешкім келіп, мазамызды алмайды. Жә, уәде құдай сөзі, іске көшейік. Сонымен, менен ақыл сұрайсыңдар, ә... Қызық. мен осы күнді көптен тосқанмын. Сонымен былай жолдастар, жеп-ішсеңіздерші, барымен базар деген, дастарқанның берекесі болмай отыр-ау, бәлкім. Қайтеміз көлдей көңіл болса, аяқтай қарын қайда барар дейсің ағасы. Сый-құрметке бұл шаңырақсыз-ақ бөленіп жүрсіз ғой. Баяғыда біреу «үнемі рақаттану – мүлдем рақаттанбаумен бірдей» деген екен...

Әліқұлдың шыдамы шарт сынды. Онсыз да әйнекте отырғандай еді:

– Шырағым, «баяғыда біреуді» қойып іске көш демедік пе, понимаешь. Ол не деген ащы ішектей таусылмайтын – «Баяғыда біреу».

– ағасы-ау, ақыл сұраған өзіңіз емес пе, ендеше былай, жолдастар: арам өлген жиырма бес қойдың жарасы жеңіл. Дұрыстап тұрып бақшалап соялық, сосын автоклубқа тиеп, сонау Шу шаһарына аттану керек. Құмырсқаша быжынап, біреуді-біреу танымайтын қан базарында бұл қойдың, иә, һарам, иә һалал өлгенін ешкім білмейді. Килосын үш сомнан, тіпті бес сомнан пышақ үстінен үлесіп аларына кепілдік беремін.

Сейітқұл мен Әліқұл аузынан суы ағып, еміне түсті.

– Иә, сонсоң?..

– Сонсоң қыруар ақша табасыздар. Оны қалтаға мықтап басасыздар.

– Ибай-ау, жиырма бес саулықтың орнын қалай жабамыз деймін. – Упр жастықтан басын қақшаң еткізіп жұлып алды.


– асықпаңыз ағасы, Сейітқұл Талдыға барсын да, әлгі ақшаның азын-аулағына ғана тілеу тілесін. Бөтен ешкімге дабырламай, ауыл толған осының ағайыны «ер басына күн туды» деп жұқалап шақырып, помощь сұрасын, яғни жылу- сатал дейміз. Екі жүз грамм ішкен соң, шекесі қызған туыстар бір-бір қойын сүйреп, өздері келеді. Кейбіреуі тоқты да әкелуі мүмкін. Әрине, сіздерге керегі тоқты немесе тұсақ емес, туатын саулық қой. Ендеше, ағайыннан зекеттеп жинаған тоқтының мойнына қоңырау қылып, бір-бір «экстра» байлайсыздар да осы совхоздың көңілдес әр шопанын сауғалап, бас-басына базына айтып шығасыздар. Әрине, онша тереңдетпей, шулатпай

– әзіл-қалжыңға шаптыра жіңішкелеп бастайсыздар сапарды. Сонда деймін-ау, өлген жиырма бес қойдың бесеуінің-ақ құнын шығын етіп, отардың олқылығын толтырасыздар. арам өлген жиырма қойдың құны өз қалталарыңызда қалады.

– мынау бір керемет ақыл екен! – деді Сейітқұл көзі жайнап.

– Ұят емес пе, – деді шай құйып отырған Жұмагүл. Тар- сылдап қолқасына тығылған жүрегі байыз таппағандай. – арам өлген қойды алдап сату – имансыздық.

– Ол жағын өздері шешсін. менің иманым – қысылғанда ақыл беру ғана, – деп, Бархан кесесін төңкеріп, дастарқан басынан кері ысырыла берді.

Әліқұлда үн жоқ. Тегі әлгі ақылды ойша қорытып, алды- артын тұжырымдап, пысықтап алмақ-ау.

– Ой, – деді бір уақытта. – Әбден табылған ақыл, молодец,

– Бәке, ризамын. Дәл сен айтқандай жасаймыз. Дегенмен, есіңде болсын, пісміллә дегенде өзіңнен көмек сұраймыз. Сен берер көмек сол болады – осы операцияны тістеріңнен шығармайсыңдар.

– мақұл – деді Бархан. – Өз қолымды өзім кесемін бе? Тек қысқа жететін жем-шөппен қамтамасыз етсеңіз болғаны.

– Әкел қолыңды!

– мінеки!

Бөлімше бастығы мен шопан сарт-сұрт қол алысты. айдаладағы Қызылқұмның қойнауындағы отырған қыстақтың үстінен тағы бір самолет құйрығы жылтылдап, ұшып өтті...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.