Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оралхан Бөкей 34 страница



Жаз шыға бес адам ауданда звеноводтың оқуына бардық. Он күн бойы егін суғарудың жай-жапсарын үйреніп, қайтып оралдық та, қиядан арық қазып, құдық шығару жұмысына кірісіп кеттік. менің бойымда қайран қалдырар бір қасиет бар еді: қандай істі болса да жан-тәніммен беріліп істейтінмін. Өзімізге бекітіп берген жерді бес әйел балаша баптап, ай


жарығымен суарып, арамшөбін жұлдық, әбден жайқалып өсіп, дәні толып сарғайып піскен соң барып бастырдық, маржандай бидайды өкіметке өткіздік. Жанталасып қол орақпен масақ орып, баулап жүргенімде білегімді оңдырмай кесіп алдым (алма шешей білегін түріп, сара тілінген тыртықты Күміске көрсетті). міне, соғыстан қалған белгі... Қан саулап тоқтамаған соң, жаулығыммен орап, шандып байладым да, амал жоқ, ауылға қайттым. Ол шақта дәрігер жоқ. Әйтеуір, қазақтың ем-домын жасап, қанын тыйдық. Қанжапырақ тарттық. ауырсынып үш күн жұмысқа шыға алмадым. «Дем алу үшін әдейі істедің, албасты, – деді Нартай. – мұғалімдерге қосылып шөп шабуға барасың».

Қайтесің, жылайсың, жылайсың шыдайсың. Баяғыда біреу: «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын», – деген екен. Сол айтқандайын мен де көзге шық- қан сүйелдей болып, көрінгеннен сөз естігенше, көз көріп, құлақ естімейтін барсакелмес, белгісіз жаққа қаңғып кеткім келетін. Қ-ай-й-дан... балапанын ерткен қаздай, аспаннан қырғи көрінгенде қанатымды сабалап, қаңқылдағаным болмаса, қолдан келер қайран бар ма. адамның басы алланың добы демекші, колхоз басқармасы қайда айдаса – сонда елпең қағып жүгіре бергеннен басқа шара не. Дегенмен осы мазасы жоқ, сынаптай толқып, сағымдай сусыған өміріме ризамын. Несін жасырайын, дәл сол кезде, күндіз-түні талмай, шаршап- шалдыққаныма қарамай белсенділіктен гөрі қолына қарап, қарлығаштың балапанындай тамақ сұрап, аузын ашып отырған бала-шағамды асырау тілегі бірінші тұратыны санамда. мен бейбіт те жомарт, жылқының жусағанындай тыныш тіршілік үшін күрестім, отбасымның амандығы үшін қу жанымды аяғаным жоқ. Әрбір қиналған сәтімде ел мен жерді осындай күйге душар қылған дұшпанды қанша рет қарғап-сіледім, қаншама рет шашымды жайып, батысқа жүз беріп лағынет айттым. мұғалімдерге қосылып пішен шауып жүрген шақта өз нормамды ылғи да артығымен орындап тастап, шөпшілердің бәрінен бұрын үйге безектеп жүгіремін. Үйге келе салып, қара жер қойнына алғанша таусылмайтын шаруаға кірісемін. Кей күндері мұғалімдер қайтып кеткен соң тартпамды шыңдап жападан-жалғыз қалып қоямын. ай туа тоғайдың арасына кіріп аламын да, жалғыз сиыр мен бес-алты қой-ешкіге шөп шабамын.


мұғалімдердің ішінде Зәбила атты сүп-сүйкімді қыз бар еді. Оны сен де білесің, Күмісжан, бұл күнде ақарлы-шақарлы семья, тіпті немере сүйіп отыр. Сол қыз мені жан тартып, аузындағысын жырып беріп, үйірсектеп жүретін. Құрбы- ларымен бірге ауылға қайтуға ыңғайлана берді де, менің төс темірге салып балғамен шалғы шыңдап отырып қалғанымды көріп, кері оралды.

– апай, сіз неге қайтпайсыз? – деді жаныма шоқайып отыра беріп.

– Өз малымызға арнап шөп шабамын.

– Түнде ме? – таңдана сұрады. – Қараңғы ғой.

– Енді бір сағаттан соң ай тумай ма.

– апырай, апай-ай, қалай ғана шаршамайсыз. Сізден әлдеқайда жас менің белім үзіліп, екі қарым талып әрең отырмын.

– Үйренбегендікі шығар, – дедім мен. – Басқа түссе бас- пақшыл деген емес пе. Жұмыс мені емес, мен жұмысты шаршатар шама бар.

– Жұмыс шаршаушы ма еді, – деді Зәбила күрсініп. – мен от жағайын, шалғының жүзі көрінбей барады, қолыңызды кесіп аларсыз.

– Жаға ғой. Шәугімге шай қоя сал.

ай туғанша сырласып отырдық. Шегіртке шырылдап, елік әупілдеді. Ол кезде аң-құс бықып жүруші еді ғой. Сымпылдап үйрек ұшады. Өзеннің беті қарабарқынданып, анда-санда бір нәрсе шолп ете қалады, тегі шабақ аулаған балық болар. Екі тізеңді құшақтап, үн-түнсіз отыра берсең, бойыңды қуанышты да мұңлы үрей билейді екен. Бірақ сен шошынбайсың, ләззат- ты әсермен терең күрсінесің де әлденені іздеп елеңдейсің. Іздеген затың не, білмейсің. Білмегендіктен де елегізіп іздейсің. Осындай жым-жырт ертектегідей отырғанымызды Зәбиланың майда үні бұзды.

– апай, бақыт деген не, білесіз бе? – мен бірден жауап бере алмадым.

Осы сұрақтың төңірегінде, тіпті, ойланбаппын-ау.

– Бәлкім, бақыт дегеніміз – ер-азаматқа еркелеу шығар.

– рас айтасыз, әйелге одан артық бақыт жоқ.

– Сен әлі жассың ғой. – Сөзімді аяқтатпады:

– Жас болсам да білемін. Бізді соғыс есейтті. Өзіміз қызығын көріп, қуанышын бөліспесек те, сіздерді көргенде


сай-сүйегіміз сырқырайды.Жауды жеңген күні алматыға оқуға аттанбақпын.

– Оқы, айналайын, мен үшін де оқы.

Ол мені құшақтап аялады, аяғаны шығар.

Осы кезде шығыстан дөп-дөңгелек айдың шеті қылтиды да, «мені зарыға тосып отырсыңдар-ау» дегендей шапшаң көтеріле бастады. мен орнымнан тұрып, алақаныма түкірдім де, тартпаны ептеп шықтана бастаған шалғынға салдым.

– Көмектесейін, апай, – деп Зәбила да өз қол шалғысына ұмтылды.

– Әуре болмай-ақ қой.

– Ештеңе етпес, сізден жаным артық па, – деп менің соңым- нан ересілтей жөнелді. ай жарығына шағылысқан шалғының жүздері жалтылдап, ұйысқан шөпті жайпап барады. артымызда түп-түзу десте қалды жол болып.

Күз туа мен және екі-үш адам солдаттарға арнап пима басу жұмысына кірістік. Біз әуелі Пилат деген орыс шалына барып бір апта үйрендік. Пима басуды тағы да мен бірінші болып игеріп әкеттім. Қалып біреу ғана болғандықтан алғашында бір сыңардан басып, кезек күтіп жүрдік. Күзді күні қозылардан қырқып алған тері жүнді ең әуелі жақсылап тұту үшін судың арғы жағындағы Еремей деген орыс шалына қапқа салып апарамыз. Оның жүн түтетін машинасы бар. Бұл жұмысты Сақыш екеумізге тапсырған. Қыс түсіп, Бұқтырмаға мұз қатқанда да қанатсыз жайдақ шанаға бір центнер жүнді тиеп, ымырт жабыла жолға шығамыз. машинаның құлағын кезек- кезек бұрап тұрып түні бойы бұрқыратып түтеміз де, ертелетіп қайта ораламыз. Екі-үш сағаттай мызғып алған соң, соғушылар әзірлеген түйлектеген жүнді қазанға салып қайнатамыз. Әбден піскеннен кейін сорғытып, қол ағашпен тарсылдатып соққылаймыз. Бөлменің іші көзге түртсе көргісіз буға айналып, үсті-басымыз малмандай су болады. Дымқыл ауа тынысқа тар, тұншықтырып шыдатпайды. атып далаға шығамыз. Сонда әбден буланған құлағымыз тарс бітіп, естімей қалушы едік. Оған қарап жатқан біз жоқ, таза ауадан қарпып-қарпып жұтып аламыз да,қалың будың арасына қайтадан сүңгиміз. Бір күні мұздың бетін қызыл су қаптап кетті. Өзеннің дәл ортасына барғанда жамандатқыр тырақы ат бір центнер жүн мен Сақыш екеумізді тарта алмай арындап тұрып алғаны, әрі қамшыладық,


бері қамшыладық, тіпті сабаған сайын көткеншектеп, баспай қойды. Сақыштың аяғында көн етігі бар еді, шанадан қарғып түсіп барып, дізгіннен жетелеп көрді, қозғалмады. Енді шана үстіндегі мені ауырсынып тұрғандай. ал менің кигенім

– табынына тақтай жапсырған ескі пима. Сақыш ер еді-ау, тырақыны басқа бір салды да, долданып қайтып маған келді.

– мін арқама, – деді.

– Денем ауыр, көтере алмайсың ғой...

Жас балаша мойнынан құшақтап арқасына жабыстым. Ол менің екі қалтамнан қыса ұстап алды да, қызыл суды шалпылдата кешіп, арғы жағаға тартты. Жағалауға енді жете берген кезде:

– Әй, қатын, қалтаңнан қарманың иісі шығады ғой, – деді.

– Бағана Енем пісіріп беріп еді.

– аузыма сал, әйтпесе суға тастай саламын,– деп үстіндегі мені сілкіп-сілкіп қалды. амал жоқ, бір үзіп тістеттім. Ол қарманы ұртын қомпаңдатып шайнаған қалпы мені арғы бетке алып шықты. Содан соң суды қайта кешіп барып, көлікті жетелеп еді, қырсық неме «сендерден құтылмадым-ау» дегендей тапырақтай тартты шананы. Сақыштың көн етігінен, әрине, су өтіп кетіпті. Еремейдің үйіне жеткен соң шылғауын отқа қақтап кептіріп әрең жылынды. Осы оқиғадан кейін Сақыш, суық тисе керек, қалтырап-дірілдеп қатты ауырды. Екі аяғының қақсағаны асқына келе жүрегіне шапты. Ертең жеңіс деген күні бұл дүниеден қайтты жарықтық.

Еремейдің үйінде жүн түтіп жүргенде қарнымыз ашып қоймаған соң бір килодай жүн сатып, картошка қайнатып жеп едік. Енді орнын толтырудың амалын іздегенбіз. Әдетте түтілген жүнді бір бөлек, түскен қоқымды бір бөлек өлшеп, жалпы салмағын шығаратын. амалсыз қоқымның арасына тас салуға тура келді. Бұл жалғанда Нартайдан иісшіл кім бар екен... Біліп қойды. Қулығымыздың беті ашылды. аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып ұрысты. Соттатпақ болды. айналайын, Сақыштың сұлулығы бұл пәледен де құтқарды.

Иә, біз не көрмедік. Сонымен ұзын-ырғасы – пима бастым, нан салдым, өмір бойы шөп шаптым. Егін ордым, бау байлап, масақ тердім. мұнымен де біткен жоқ. Келесі, 1944 жылдың қысында тері илеуге жіберді.


– Екеуінен де мәңгілікке айырылғанымды жүрегім сезіп еді,– деп ақан шал далаға шығып, бой жазып келген соң, әңгімесін одан ары соза тартты.

Жағдай жақсарып, тамақ түзелгенмен, сырқатым асқына түсті. Екі бетім суалып, көзім шүңірейіп, мойным ырғайдай болып, адам танымастай жүдедім. Әсіресе 1945 жылдың қысында жұмысқа бір күн шықсам, екінші күні төсек тартып жатып қалатын жарымжан күй кештім. Ішкен асым батпайды, қара су ұрттасам да, лақ еткізіп қайта құсамын. Көктем туа ептеп сергігендей едім, «бүгін жеңіс» деген күні ішімді жалын жалап, қатты қысылып ауырдым. Ұлыстың ұлы күні қуанышында нардың үстінде аш иттей бұралып, ыңырсып жатқан менімен елдің ісі бар ма, көздеріне жас алып, жүректері жарыла жаздап бақытқа кенелуде. Иә, көптен күткен таң да атты!

Жеңіс!

«Соғыс!»деген сөздің су құйып, тамырына балта шапқан айналайын, ЖЕҢІС– сені де құлақпен еститін, көзбен көретін, төбеміз көкке жеткенше қуанатын күн бар екен-ау! – деп күбірледім басымды зорға дегенде көтеріп. Күлге аунаған қотыр түйедей жата бергенше далаға шығуға талпындым. Барақтың қабырғасына сүйеніп, бір басып, екі басып тысқа шыққанда, май айының жарқыраған күні нұрын аямай-ақ төгіп тұр екен, көзімді жасауратып, жанарымды жеді. Жұмысшылардың тайлы-таяғы қалмай жеңіс құрметіне арналған салтанатты жиналысқа кетіпті. маңайда тірі жан көрінбейді, тек мен ғана асқазанымды алақаныммен басып, жалғыздан-жалғыз бүкшиіп тұрған. Табиғат бейне бір ұзатылатын қыздай-ақ қылымси жымиып, наздана тамылжиды. Енді-енді ғана бүршік ашып, жапырақ жая бастаған орман осы тұстан қарағанда жасыл ала

– бірі ерте, бірі кеш бүрлегендіктен бояу теңестіре алмай тұр. Бағана басына орнатылған қара табақтан левитанның жігерлі де қуанышты үні саңқылдап естіледі. менің, жадымда әсіресе қалғаны: «Капитуляция» деген сөз болды. «Енді елге қайтатын шығармыз», – деп ойладым.

Жеңіс!

Бұл сөзге менің қаншалықты үлес қосқанымды күні бүгінге дейін білмеймін. менің білетінім: өзіме жүктелген жұмысты барлық күш-қуат, ынта-ықыласыммен орындағаным ғана. Тіпті кімнің қанша үлесі барын таразылап, талапайға салу артық еке-


нін сол кезде-ақ ұққан едім. Ендеше ел басына күн туған шақта Отан алдында – ар-ожданның тазалығынан асқан үлес бар ма?.. мүмкін, барлығымыздан – аяқ-қолдан айырылса да, әйтеуір, татар дәмі, атар таңы таусылмай тірі қалған барлығымыздан әлдеқайда батыр, әлдекім ешкімге белгісіз күйде шейіт болған шығар. Соғыста қаза болғандардың барлығы батыр дейтінім содан. Кейін ойладым: – бәлкім, менің еңбегім белгісіз, аты- жөні жазылмаған жауынгердің рухына айналып кеткен шығар. Иә, батыр болу дегеніміз – кеудеге алтын жұлдыз тағып, алты алашқа әйгілі болу ғана емес; есімің, еңбегің аталмай-ақ ерлік жасау мүмкін екендігін кейін білдік қой. Демек, әдемі тізімге соғысқа қатысқандардың барлығын тізіп шығу міндет емес, олардың адал еңбегі, асқар ерлігін ЖЕҢІС деген сөз бен БЕлГІСІЗ БаТыр рухынан іздейміз.

– мен алпыс жылдық өмірімде, – деді ақан шал қолындағы қымыз құйылған кесені шайқап, – ешкімнің ала жібін аттамаған екенмін. міне, түн жамылып отырмын ғой, асырып айтсам, құдай төбемнен ұрсын. Бірде-бір ескерту, сөгіс те алмаған екенмін. Егер тазалық, адалдық үшін берілер сый-құрмет болса, омырауым толып кетер еді... мен тек қана өз қолымнан келгенін істедім, қадери-қалімше еңбек еттім, тағдырдың талайыма жазған ырзығын ғана көрдім, одан артық дүниеге иек қышытқан емеспін, өйткені алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын. мен бұл өмірге алу үшін емес, беру үшін жаратылғанымды баяғыда «трудармияда» жүрген кезде-ақ ұққанмын. Сондықтан шамасына қарай шанасы деген қағиданы берік ұстадым да, ешкімнің де бақытына қызықпадым, ішімді өрт жалап қызғанбадым да. мынау қара жердің бетінде мЕН секілді озбай да қалмай қарапайым ғұмыр кешетіндер саны БЕлГІлІлЕр тізімінен әлдеқайда көп екенін білемін, соған шүкіршілік жасаймын да. алайда өзім сияқты ұшпақты әсте аңсамайтындардың саны азайып бара ма деп шошынамын... аспанға ұшпай тұрып, жұмыр жердің бетімен дұрыс жүруді үйренбегендерді көргенде налимын-ау... «Кірмей тұрып, қалай шығатыныңды біліп ал» деп халық біліп айтқан ғой. Осындай, ойдың дені кейін, заман тынышталып, бейбіт өмірге еркелегенде ғана сана сарабына түсті, әйтпесе қа-а-й-д-ан... Көктемгі көкке аузы зорға ілінген көтерем сиырдай тарамысына ілініп тұрған менің көкейімде жалғыз-ақ арман бар еді, ол – өлмей ауылға жетіп, өзім жоқта дүниеге келген Баламерді көру. Содан соң


ажал ала жөнелсе де қарсы емеспін. Бұған дейін сүйретіліп тірі жүргенім суішкілігімнің әлі де таусылмағаны шығар-ау.

Жатақтың босағасына сүйеніп тұрғанымда, анадай жерден ақ көйлегі желбіреп маған қарай жүгіріп келе жатқан қызды көзім шалды. Ол анадайдан қос қолын жая ұмтылып, менің мойнымнан құшақтады да, екі бетімнен кезек шөпілдетіп сүйді-ай. Жүзінде күлкі, жанарында жас.

– ағатай-ай, бауырым-ай, біз жеңдік қой. Жеңдік!

– рас, жеңдік, айналайын, қарындасым! – дедім мен ақ сары шашынан сипап.

– Бірақ бұл жеңіс бомбаның астында қалған әке-шеше, туған-туыстарымды тауып бере ала ма? – деп өксіп жіберді.

– Жалғыз сен ғана емессің ғой, қалқам...

– Бірақ әркімнің өз қайғысы өзіне ауыр емес пе. Енді мен батысқа бармаймын. Шығысқа аттанамын.

– Қиыр Шығыстан жапон деген пәле шыққан жоқ па?

– Сіз мені түсінбедіңіз, жаудан қорқады деп ойлайсыз ба? Жо-жоқ. Көз алдымда аяқ-қолы бөлек-бөлек қалған мамам, қалай ғана сол хуторға бара аламын. Әр күн сайын есіме түсіп, жүрегімді жараламай ма. Одан да Сібір тайгасын аралап кетейін де. Бастықтар рұқсат етсе ертең жолға шығамын. Сіз сондай... жақсы адамсыз. Я Вас... хокаю! Бұл сөзді кейін түсінерсіз. Хош болыңыз. – мойнымнан құшақтады да, жалт бұрылып асыға басып кете барды. Сезімім қаншалықты сірне болса да, көңілім толқып, басым айналған, масайғандай дел-сал тұрып қалдым. ақ көйлегін жел желпіген қыз, әне, Орал ормандарына қарай беттеп барады. Өзімен бірге бір нәзік сәулені ала кеткен украин қызы менің де жүрегімнен орын алған. Ол маған ЖЕҢІС деген ұлы ұғымның адамға айналып, дөңгелене билеп, күні бүгінге дейін жер шарын аралап жүргендей: ол мәңгілікке солмас бәйшешектей, қайта жасарып, қайта гүлдеп, мынау монданақтай жерді алақанына салып әлдилеп жүргендей...

– Әңгімем аяқталып келеді, таң жақындап қалған секілді, жүр далаға шығып, бой сергітіп қайтайық,– деп ақан шал орнынан тұрды.

Олар тысқа шыққанда, шынында да, шығыстан таң саз берген екен. аспан ашық, Шолпан жұлдыз ғана түнгі ару- лардың, отырыңқырап қалған ең соңғы қонағындай, сөнбей жарқырайды. Батыс жақ алқаракөк те, шығыс көкжиек жұқалаңдап ағараң тарта бастаған. Қозының, жылқы


даусы естіледі. Көбен тауының оймақтай ғана көлі бетінде мойындарын қайырып,тұмсықтарын қанаттарының астына жасырған қос сары ала қаз бейбіт қалғиды. арғы жақ шетінде судан әлдене алып жеп, таңсәріден ашқарақтанған бір топ қоңыр үйрек жүзеді. Көл жағасындағы жалғыз үйлі қойшының аң-құсқа деген адалдығын жарықтық үйрек-қаз да сезгендей, өзгеше кәперсіз, секем алар сескенісі жоқ алаңсыз... Табиғат пен адам арасындағы береке, ырыс дарыған шалқар достықтың жарасып табысқан жаршысындай. ақан шал осына көріністі көптен бері көрген жоқ-ты, қызықтағандай екі қолын артына ұстап, сәл үнсіз тұрып қалған. «Үйге бой жазып, анау төбенің басына шығып қайтайық», – деп, алға түсіп аяңдай берді. Шопан жігіт мақұл көргендей қатарласа жөнелген.

– 1945 жылы да елге қайта алмадым, – деді ақан шал. – Соғыстан қайтқан солдаттар емеспіз, еңбек әскері болғандық- тан, тағы да бірер жыл жұмыс істеуді талап еткен соң, амалсыз қалдық. Жаз шыға қыстай асқынып келген аурудың беті бері қарап, өзімді тәуір сезінгенмін. Әйелдердің көбі дерлік тарап, бұрынғыдан гөрі бір жайма-шуақ тыныштық орнағандай еді. Тіпті ептеп көңілсіздік басып, ел деп елеңдеумен жүр едік. Өйтпеске шарамыз қайсы, түпкілікті қалып, жұмысшы болып кетудің реті жоқ, көпшілігіміздің ауылда екі көзі төрт болып тосып отырған бала-шағамыз бар, шаруа баққан адамбыз, егін екпей, шөп шаппай өмір сүре аламыз ба. ал кен қазып жүрген бәріміз көгенін ағытқан қозыдай жамырап, қайла-күректі лақтырып тастап боса жөнелсек, жүрегі дүрсілдеп соғып тұрған мұқым завод, фабрика өлікке айналмай ма. Негізгі жұмысшылар майданнан толық оралған жоқ, тірі қалғандарының өзі аяқ- қолдан айырылған мүгедек, жаудан енді-енді ғана  арылған ел ес-ақылын жиғанша бұл жерден аттап басуға  қақымыз жоқ еді. ағайын-туған «бұл қайда жүр» деп елеңдемес үшін барлық жағдайымызды айтып хат жазып жібердім. Сөйтіп, Орал тауының дәмін әлі де бір жыл татуға тура келген. Әрине, бұрынғыдай емес, жағдай жақсарған, жұмысшылар да көңілді. Саршатамызда ауылдан менімен бірге келген Қожақ пен Қаймақ үйлеріне қайтатын болды. Партия қатарына жаңадан

өткен мені босатпады.

Жігіттерді шығарып салып тұрғанда көңілім алабұртып, көзіме жас алдым. Бірге өсіп, біте қайнасқан ауылдастарымды қимай қиналдым да. Оралда өткен үш-төрт жылдың ішінде бір-


бірімізге бұрынғыдан ары жақындасып, бір шаңырақтан өрген тумалардай айнымас достық, ажырамас туыстықпен үйренісіп кетіп едік. Олар кетіп, жалғыздан-жалғыз мен қалғанда үйірінен айырылған жылқыдай кісінеп, көбінесе, саяқ жүретін болдым. Қаймақ пен Қожақ мен үшін мұқым Қаратай елі екен, тұра аттанып кеткенде, ел көшкендей құлазып, жұртта қалған күшіктей қыңсылағаным, бұзауы өлген сиырдай азан-қазан мөңірегенім де содан-ау...

Қаймақшал тарамыс-тарамыс қолын ұсынып: – ал, аза- матым, аман бол. Көріскенге жазсын, – дегенде ұмтылып барып құшақтай алдым.

– ағатай-ай, жалғыздықтан жаным күйзелетін болды-ау.

– Көп ұзамай сені де босатар. Денсаулығыңды күт. Шыда, көбі кетіп, азы қалды ғой,– деп төсіме төсін тигізіп жұбату сөзін айтты.

– алмаға не сәлем айтасың, – деді аусар Қожақ арқамнан қағып.

– Не айтайын, аман-есен де... ауыратыным жайында жұмған аузыңды аша көрме, жүрегін жаралап қайтесің. мен үшін балаларымның бетінен сүй.

Олар аудан орталығына қарай жаяу беттеді. арқаларында түйіншек дорбасы бар. Сырты қомпайғанмен, ішінде түгі жоқ бос дорбаны тек ырым үшін ғана таңып алған – жолаушылық әдет қой. Жүдеп-жадаған ауылдастарымның артынан қарап тұрып, қатты аядым. Бұлар да соғыста болдық деп барады-ау.

Жолдастарыммен қоштасып, жатын орынға қайтып оралған соң да, екеуінің бос дорбасын арқалап аяңдап бара жатқан жүдеу бейнесі көз алдымнан кетпей-ақ қойғаны. Тіпті, ұйқым келмеген соң, сыртқа шықтым. Тыныштық ұйып тұр екен. Жұмысшылардың барлығы да алаңсыз ұйқыда, бейбіт күннің алғашқы алаңсыздығына еркелеп жатыр. ауадан ептеп салқын сыз сезіле бастаған. Қар биыл да ерте түсетін сыңайлы. ағаш жапырақтары да асығыс сарғайған. Үркер көтеріліп келеді екен. Сол үркер туған жақта менің туған ауылым бар. Белгісіз бір үміт солай қарай жүр-жүрлеп жетелейді. Неге екенін білмеймін, күншығысты бетке алып еріксізден еріксіз адымдадым. Қанша жер ұзағаным есімде де жоқ, тек Шолпан жұлдызы ауа ғана кері бараққа оралдым. Одан ары ұзай берсем, сөз жоқ, қашқын атанамын. ал мен өмір бақида ештеңеден қашып, ештеңеден қорыққан емеспін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.