Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оралхан Бөкей 42 страница



Совхоз жіберген машинаға жүгін тиеп жатқанда, өз орнына шопан болған қағылез жігіт «Урал» мотоциклін дырылдатып жетіп келді. Иненің көзінен өткендей жылпылдап тұрған пысық екенін Бархан амандық айтысқанда-ақ танып үлгерген.

– Жасың нешеде, шырағым? – деді білекті сыбанып жіберіп, ешкім айтпай-ақ іске кірісіп кеткен бұйра бас жігітке.

– Жиырма бестемін, аға, – деп тақ ете қалды. «менен жиырма, Сейітқұлдан он жас кіші екен» деп ойлады.

– Қойға алғаш шығуың ба?

– Бұрын оныншы класты тәмәмдаған соң, екі жыл көмекші болдым, сонсоң ауылшаруашылық техникумын бітіріп, өзіңіздің жұртыңызға жолдамамен келдік дегендей...

– Оның жөн екен, бірақ қызмет істемедің бе? Дипломың бар ғой.

– Ой, аға, веттехник болып жалтақтап, жек көрінішті болғанша, өз қотырымды өзім қасымаймын ба? аға, сіздің біліміңіз қанша еді?

– Білімің қанша еді дегенше, қулығың қанша еді деп сұрамайсың ба? Шынымды айтсам, сегіз-ақ класс.

– ал, анау көршіңіздікі?

– Сейітқұлды айтасың ба? Ол онжылдықты бітірген.

Бұдан әрі екеуі де үнсіз жүк тиеп, сөйлеспеді. аттанар алдында Бархан:

– ал, шырағым, жүр қорадағы қойды санап ал,– деді. Бірақ осы сөзді әлденендей бір терең өксікке толы, өкінішке толы көңілмен айтқандай болды. аса бір қимасымен мәңгілікке қоштасардай қиналып айтты.

– Сізге сенем ғой, аға.

– Жоқ, ол болмайды, шырағым. Әкең болса да жауапты нәрсені түгендеп алу керек. – Қой – тауық емес.

– аға, – деді жас шопан салмақпен. – Сіз аға, алданбасаңыз, алдамайды деп бас зоотехник айтқан маған. Екі кештің


арасында санап, әуре болып қайтеміз. Қараңғы түспей ауылға жетіп үлгеріңіздер.

– Ендеше не айтайын, шырағым. Ұстаған таяғың құтты болсын. анау қоңсыласың тым жаман жігіт емес, тату-тәтті сыйласып тұрыңдар.

– Сізді қандай дәрежеде құрметтесе, сол үдеден мен де шығармын, аға. Болашақ көрсетер, бақ шаба ма, бап шаба ма...

Бархан көзі от шашып, атылатын арыстандай ырғып-ойнап тұрған бұйра бас, ат жақты жігітке үрке қарады.

машинаға отыра беріп, Сейітқұлдың үйі жағына елеңдеп болжап еді, ешкімнің төбесі көрінбеді.

– Енеңді ұрайын, қош деуге жарамадың-ау, – деп өкінгендей болды. Өкпеге қиса да, өлімге қиған жоқ. Сейітқұлдың ертеңін ойлап, қатты аяды...

Барханның жүгін тиеген машина құмға сіңіп, көзден таса- ланғанша, төбенің басына шығып, қасқайып қарап қалған жас шопан Сейітқұлдың үйін меңзеп: «Көрерміз! – деді даусын шығарып. – Көрерміз... кімнен кімнің озарын...»

 

аспаннан тағы бір самолет ұшты...

 

Руза, 1976 ж.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.