Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оралхан Бөкей 35 страница




Орал өңіріне тағы да қыс түсті. Күн суық. Сырқатымнан айығып кете алған жоқпын. Бұрынғыдай күбір-күбір өз тілімде сөйлейтін жігіттен айырылған соң бір түрлі бұйығы тартып, жетімсіреп жүрдім. ауыл-аймақты өлердей сағындым. Бала- шағам күндіз есімнен, түнде түсімнен шықпайды. Тарамысына ілініп әрең жүрсем де жұмыстан бір рет те қалған емеспін. Кен директорының атынан мақтау естідім, озат жұмысшы, нағыз коммунист атандым. амал не, жүректе сағыныш салғаң мұң бар. Қанша көңілденейін, сергиін десем де, көңілімді әлде не зіл болып басады да тұрады. «Топырақ Оралда бұйырмаса игі еді»,– деген ұры ой ұялай бастады.

Иә, соғыс аяқталды.Бірақ күрес аяқталды ма?..

Кімнің қайда, не істегенін есепке алып, түгендейтін уақыт келді.

Жолым түсіп аудан орталығына барып қайтып едім. Онда ұлан-асыр той: пилоткаларын бір шекелеп киіп, омыраулары сылдырлаған орден-медальдар толы солдаттар қос-қостан қыз-келіншектерді құшақтап гармоньдатып, көшеде билеп жүр. Оларға сонадайдан қызыға қарағаным болмаса, тіпті жақындауға сескендім әрі «бұл қайдан шыққан ақ қарға»деп сөгетіндей жерге кіре ұялдым да. «Бәрі де майдан, мұндағы біз де қарап жүргеміз жоқ» деп кімге дәлелдерсің, кімге түсіндірерсің... амал не, салым суға кете бараққа оралдым. маған ондай сұрақ қоймауы да мүмкін ғой, бірақ үстінде әскери киім, кеудеңде соғыс куәгері медалің жоқ болған соң ба, өз-өзіңнен қуыстанады екенсің. Кен басшылары тарапынан алған сан алғысымды қағазға жазып алып әркімге тарататын емес... Шынымды айтсам, елге қайтуға да қорындым. Әттең, шиеттей жас бала-шағам бар, әйтпесе осы жақта түпкілікті қалып қойғым-ақ келді. алма кезекті хатында: «Соғыстан аман қалған азаматтардың біртіндеп келіп жатқанын, оның ішінде бір аяғынан айырылған Құмырайдың да бар екенін жазыпты. Денеме сызат түспей ауылға барудан азапты не бар? ал ішкі жараны кім көріп тұр. Бейне бір бес жыл Орал орманында тығылып жатып, жау жеңілген соң уралап шыға келгендей көзге күйік боларым тағы рас еді...

«Тыл да, трудаармия да – барлығы да майдан, жолдастар,– деген сөзді дәл сол кезде дәлелдеу мүмкін емес-ті. Жұрттың назары тек қана қолына мылтық ұстаған жауынгерлерге ауған. Қазірдің өзінде қарт солдаттар соғыс ардагерлері атанып,


«немісті тырқыратып қуып барамыз, жолдасыма оқ тиді, мен аман қалдым»,– деп естелік айтып, есінеп отырғанда күн демей, түн демей кен қазып, топырақ тиеп жатырмыз»,– деп әңгімеге араласудың өзін әбес санаймыз. Бірақ менің, жарылыстың астында қалған Бураның, ауылға келген соң көп ұзамай дімкәстік пен жіңішке аурудан қайтыс болған Қожақ пен Қаймақтың жазығы не? Жазығы сый-құрмет дәметпей жанталаса еңбектенгені ме, жазығы жауынгерге қару дайындап бергені ме? Отыз жыл бойы осы оймен соғысып келемін. Жеңістің отыз жылдық тойына шақырылмадық. Оны былай қойғанда, «ата, сенің наградаларың неге жоқ. Әлде соғысқа қатыспадың ба?» – деген немеремнің сұрағына жауап бере алмадым-ау. Ол сұраққа әсте де мен емес, басқа біреулер жауап беруі керек еді...

1946 жылдың жазында асқазан ауруым асқына берген соң, еңбек әскері қатарынан біржола босатты.

– мінеки, Орынбай, ағаңның қысқаша өмір-тарихы осындай,– деп ақан шал әңгімесін тамамдады.

Таң атты. Күн шықты.

 

* * *

Көбен тауының ирек-ирек жолымен жалғыз салт атты ауылға қарай құлдырап келе жатыр. Түндегі ішкен қымызы батпады ма, аттың жалын құша лоқсып, қолқасы үзілердей болып ұзақ құсты... алғашында түндегі жеген еті мен қымызды лақылдатып еді. аттан әрең дегенде сусып түсті де, жерге найзадай кіріп жатқан тасқа сүйене отырды. Тынысы тарылып, ауа жетпей өз-өзінен тұншыға берген соң  омырауын ағытып,

«Уһ, аллай-ай, жаным-ай» – деп ауыр күрсіне шалқалады да, анау тегенедей төңкеріліп тұрған шайдай ашық аспанға қарады. Ол тіршілігінің ең соңғы сапары дәл осы ендігі сәтте сонау етекте құмалақтай шашылып жатқан ауылға аударған. Сол көк түтіндері көкке өрлеген көп үйлердің ішінен өзінің қара шаңырағын іздеп әрең дегенде тапты да, аса бір қимас тілекпен ұзақ қарады. «Тәңірім-ау, түтіні шығып жатыр»,– деп қуанды. амал қайсы, қолқасы үзілердей болып тағы лоқсыды. Өңешін кермек татыған қан жауып, тамыр соғысы баяулай бастаған- ды. Жүрек шіркін шаршаған, әбден тозығы жеткен, «бұдан ары шамам жоқ» дегендей, әлсіреген қанатын анда-санда болар- болмас қаққаны болмаса, өмір үнін шырқата алмады. Кірпігі


қатып, қарашығы бір орында тұрып қалған көзінен саулап жас ақты, бірақ сүртуге дәрмені жетпеді. Жанары жайнап жатқанымен, айдай аппақ әлем біртіндеп сөніп, дүниенің бар- барлығы қап-қара қапасқа айналды. Сол қараңғы түнектің ар жағынан мойнында иін ағашы бар алма шықты да, су толы шелекті шайқалақтатып, әне, асықпай аяңдап барады. «Тоқта,

– деп жан ұшыра айғайлады ақан. – мені ерте кет. Суды қайда апарасың?».

Қарашығы қатып жатқан ақан шалдың кеудесі қарс айырылды да, шыбын жаны пыр етіп ұша жөнелді...

...мұнымен де біткен жоқ. Келесі, 1944 жылдың қысында тері илеуге жіберді, – деп алма кемпір әңгімесін ары қарай жалғастырды. – Бұған дейінгім ойыншық екен, дүниедегі ең ауыр жұмыс – осы тері илеу болып шықты. маған дейін істеген талай әйел шыдай алмай, ақыры ауруға ұшырап, үйлерінде төсек тартып жатқан. Сол күні де әдеттегідей ерте тұрып, сиыр сауып, шайды шала-пұла ішіп үйден шыға бергенімде Енем:

– Сенің де сорың ашылмай-ақ қойды-ау, байғұс. Тірі қалсаң жарар еді, – деді.

– Олай айтпаңызшы, тәңірдің басқа салғанына көнеміз де...

– Барлық істі бір күнде бітіріп тастайтындай жұлқына кірісетін мінезің бар еді, аспай-саспай байқап, байырқалап қимылдасаңшы, келінжан.

– Ілбіп жүре алмаймын, апа, сүйекке сіңді әдет қой.

– ақан мен Бағдаттан хабар болмай кетті-ау, – деп күр- сінді.

Тері илейтін завод (солай атар еді) ағаштан қиып салған дара үйде орналасқан. аты завод болғанымен, мұнда осы Жұлдыз аулындағы жалғыз орыстың шалы Гриша істейді. Одан басқа маман жоқ, деректірі де, жұмысшысы да бір өзі. ал көмекшілікке келген менің міндетім – жерге қазып орнатқан әрқайсысы 300 литрлік ағаш бодияларға су тасып құю. Өзенге дейін қозы-көш жер. Иінағаштың екі басына ілінген қос шелекті салақтатып безектеймін-ай. ағаш күбінің түбі тесіліп қалғандай, тіпті толып болмайды. маған дейін істеген әйел екі-үш күнде әрең толтырады екен. Ертеден қас қарайғанға дейін тыным таппай жүгіріп жүріп ел орынға отыра бітіріп тастағанымда, Гриша шал өз көзіне өзі сенбеді. Суы мөлтілдеген дәу үш күбіге қарап тұрды да, таңдайын қағып, басын шайқады.


– мықты екенсің. Бірақ ертең жатып қаласың ғой. Жұмыс осымен бітті деп ойлайсың ба, келіге қабық түйіп, теріні иге салу керек.

расында да, Гриша шалдың айтқаны келді. Екі иығым, жон арқам, қара саным удай ашып, таңертең орнымнан қозғалуға дәрменім жетпеді. Күн арқан бойы көтерілгенше сұлық жаттым.

– Келінжан, Гриша шал шақырады сені. Шамаң жете ме?– деді Енем. Бойым жансызданып, сал болып қалғандаймын. амал жоқ, тұру керек.

– Етпетіңнен жат, денеңді уқалап берейін. – менің ұял- ғаныма қараған жоқ, жүн көйлегімді түріп тастады да, тарамыс қолымен жауырынымнан ысқылай бастады. Қартайған адам- ның саусақтарында қайбір қару бар дейсің, кісінің қытығын келтіргені болмаса, қанын таратуға қауқары жетпеді. Енеме ересек екі қызым қосылды. Олар да өз шамаларынша, киіз басқандай түйгіштеген болады. Дегенмен, бұл әлсіз әрекеттің өзі сеп болғандай, бірер сағаттан соң қалқайып басымды көтердім. Гриша шал ақылды адам еді ғой, осы ауылдағы көп қазаққа бергісіз, кешігіп барсам да, әлдекімдердей шу көтеріп, басқармаға үстімнен арыз айтқан жоқ. аяғыма тас байлағандай сүйретіле басып келгенімде, ол қарағайдың қабығын ұсақтап отыр екен, мені көріп күлді.

– Хал қалай, қызым? – деді.

– мұқым колхоз жабылып сабап тастағандай.

– Әрине, үш кісілік жұмысты жалғыз өзің істесең... Жоңқалаған қабықты келіге салып, ұшында үш айрық темір- жүзі бар келсаппен түйгіштей бастадым. алғашында қолым көтертпеді, екі-үш рет түйсем болды, жауырынымның екі ара- сы ашып, қарым талады. Әрі-беріден соң оған да көндіге бас- тадым. Өлсем өліп-ақ кетейін деген оймен жанталаса түйдім. Қатты қимылдаған соң, денеде ұйып тұрған кешегі шаршау мен ауырсыну біртіндеп тарқап, маңдайымнан сұп-суық тер бұрқ ете түсті. Құрыс-тырысым жазылып, тас моншаға түскендей ақ сорпам шықты. Тері илеп менің қапшағай қимылыма көз салып тұрған «деректірім» тағы да басын шайқады. мен сонда алғаш рет еңбектен ешкімнің де өлмейтінін санама сақтап едім. адам ересен жұмыстан емес, жанын аялағаннан ауру боларын көкірегіме түйдім. Түске дейін қабықты талқандай түйіп, түстен кейін иде бөгіп жатқан ауыр-ауыр үлкенді-кішілі терілерді таза


суға қайта салып иінен тазартып алған соң,келесі күбідегі қабықтың ніліне тоғытамын. Оның бер жағында отын жарып, от жағып тайқазандағы қарағайдың қабығын сақылдатып қайнату жұмысы тағы бар. Екі күннен соң, үш бірдей күбіні үш жүз литр сумен толтыру керек. Егер әр шелекке он литр су сыяды десек, өзеннен екі ортаға 45 рет қатынап, шелек су әкелу керек екен. Күбірлеп, ішімнен санаймын да жүремін.

– Сіз, апа, күніне 900 килограмм жүк көтерген екенсіз, – деді Күміс кемпірдің мойнынан құшақтап.

– алғашқы шаршау бәсеңсігенімен, он екі мүшем де әбден титықтап, амалсыз болдыру бар еді. Бұл қырсауы кете, қиюы қаша бастаған болдырыс қанша көнтерімін деген адамның қай-қайсысының да басында болар хал ғой: ой мен қырға, ұра- жыраға сала берсең машина да тозып, қажалып бітпей ме, тау мен тасқа күндіз-түні шапқылай берсе жануар екеш ат та аяғына қан түсіп, зорықпай ма?.. Жау қаша соғысып, батысқа шегінген сайын менің де жүйке-жүрегім әлсіреп, көңілімнің көк мұзы еріп, шаттанғанмен, денем майланбаған арбадай салдырап қажи бастаған-ды. Әсіресе тері илеу жұмысында жүрген жалғыз қыстың өзі-ақ жүз жылға жетерлік азабын арқалатқандай еді. Талықсып барып төсекке құлаймын. Кісі қатты шаршағанда екі көзі удай ашып, жанарың жұмылмай бақырайып жатып алады екен. Шеке тамырың білеулене ісініп соқпай тұрып алады да, басың тастай қатып, сана-сезімсіз тірі өлік күй кешесің. Осы кезде «тәтелеп» аяғын апыл-тапыл басқан жалғыз ұлым келеді жаныма. мекіреніп бауырыма тартамын. ал ол болса мұрнын тыржитып қаша жөнеледі. Әбден терінің иі, қайнатқан қабықтың иісі сіңіп қалған өне бойымнан, өзім үйреніп кеткенмен, өзгені жиіркендіре жағымсыз қоңыс шығады білем.

«апыр-ау, ақан келгенде де осылайша сасып-борсып қарсы аламын ба», – деген күлкілі ой ұялайды.

Осылайша алты ай қысты артқа тастап, 1945 жылдың көктемін қарсы алдым.

ЖЕҢІС!

Осы сөзден алтайдың алып шоқылары жаңғырықты. Бір- бірінен сүйінші сұрап, алаөкпе болып жүгірген ауыл адамдары қолда бар малын сойып, ұлан-асыр той тойлады. Бұл сөздің құдіреттілігі сондай, тіпті күйеуі шейіт болған жесірлер де бастарына ал қызыл орамал тартып бар күнәдан арылғандай

«бисмилла» деп Ұлы қуаныштың қойнына кіріп еді. Енді бұдан


былай ЖЕСІрлЕрДІҢ өмірлік жолдасы ЖЕҢІС деген сөз боларын, соғыс кезіндегіден де қиын ұйқысыз түндер сұп-суық құшағына аларын, тірі қалғандардың ермек қыла бастайтынын, осылайша жасына жетпей қартайып, қырықтан аспай шаштары ағарарын  қайдан  білсін  бишаралар...  көйлектері  желбіреп:

«Біз жеңдік!» – деп далақтап жүр. Осы күннен былай әкесіз балалар туа бастарын да ойлаған кім бар. Бірақ осылардын, барлығы «жасасын өмір» деп,ертеңіңе ұмтылған адамдардың игілікті қадамдары-тын. «Дүниеде үш арсыз бар: күлкі, тамақ, ұйқы» деп бұрынғылар бекер айтпаған ғой. Ендеше, отызға да толмай қара жамылып жесір қалған келіншектер төртінші

«арсыздықты» (егер оны арсыздыққа жатқызсақ) бастан кешері сөзсіз еді. Ол – нәпсі. алдыңғы үшеуін кешіре білген жұрт төртіншісіне келгенде төменшіктей беруші еді, бетін шымшылап ұятсыздыққа балаушы еді... Неге? Оның сырына күні бүгінге дейін түсіне алмай-ақ қойдым. Бірақ тірі адам тіршілігін істейді екен. Соғысқан төрт жылдың ішінде қайғы мен жұмыстан қабырғалары қайысып жүрген әйелдер ЖЕҢІС деген сөзден соң барлығын ұмытты; әлде де сенбей, өлді деуге қимай жүрген ерлерінен мүлдем күдерін үзді де, «айналайын, жарық дүние» деп бейбіт күннің нұрына алақанын жайып, сең болып жатқан сезімдері еріп, бөгеуі ашылған бұлақтай сарқырады-ай.

Соғыстан қайтқан солдаттардың ішінде біздің көршіміз Құмырай да бар. Құтты болсын айтайын деп үйлеріне бардым. Бір аяғынан айырылғаны болмаса, дені сау, айлап ауруханада жатқандікі ме, аппақ сазандай семіз. Омырауындағы жалғыз медалі жарқырап, қақ төрде бір шынтақтай жатыр екен. Қол алысып амандастық. алғашқы сөзі: – Сенің байың, хахолдан қатын алып, Оралда қалды, – деген бопсадан басталды.

– апыр-ай, төрт жылдан соң, көрдік пе, көрмедік пе деп, жылап-еңіреп табысқанда, аузыңа жөні түзу сөз де түспеді-ау, Құмеке, – дедім шыдай алмай ширығып.

– ашуланшақ болып кетіпсің, алма.

– Бұл елден ашуланшақ емесін табу қиын-ау бүгінде.

– мен шындықты айтамын. ал сену-сенбеу – өзіңнің еркіңде.

– Екі айда бір хат алып тұрамын. амандық болса ол да келер маңдайы жарқырап.


– Көреміз, – деді ол күліп. – ақан қайтып оралса, қалған аяғымды кесіп берейін.

– Қойсаңшы, – деп қалды қойдан жуас әйелі.

– Өлейін десек қол тимей жүргенде, жаумай жасын түскендей қылдың-ау...

Есіктерін теуіп жауып, шыға жөнелдім. Жылайын-ақ дедім, жылай алмадым. Көзімнің жасы сарқылып, жанарым қаңсып қалғандай. міне осы күннен бастап қорамызға қорамыз тиіп тұрған көршімізбен араласудан қалдық. Бір-біріміздің есігімізді ашыспайтындай жаулықтың себепкері Құмырайдың оғаш мінезінен, ішегіне қыл айналмайтын қызғаншақ, ұрынарға қара таба алмай пәле іздеп жүрер қызылкөздігінен ғана көруге болар ма еді... меніңше, оның сыры тым тереңде жатқан секілді. Бәлкім, сүтпен кірді, сүйекке сіңді азбайтын да тозбайтын көнсірне «ауруымыз» шығар. Есіріп келген дұшпанды төрт жылда тас-талқанын шығарып жеңдік қой, ал, ағайын, ауыл- үй арасындағы мәңгілікке қатқан тонды балталап шабу, ыстық су құйып жібіту ешкімнің де қолынан келмесі рас еді. Саған өтірік, маған шын, сол Құмыраймен күні бүгінге дейін дәм- тұзымыз жарасып, бір-біріміздің төрімізге шығысқан емеспіз. міне, осылай да қатар өмір сүруге болады екен. Беттен алып, жағаға жармасып ашық айқасқа түспегенімізбен, барлық ашу-ызамызды қораға түскен малдан, бақшаға кірген ешкі мен тауықтан алатын едік. Талай ешкі мүйізінен, талай тауық сирағынан айырылды. Иесі естісін дегендей «атаңа нәлеттің малына дейін оңбаған»деген балағат сөзді дауыстап айтып, жазықсыз сабап, айыр алып жүгіреміз. Құдай-ау, сиыр екеш сиыр да бір-біріне қарап мөңіреп, ит жынымызға тиетін еді. Бірақ ат құйрығын кесісіп ешқайда көшіп кетпедік, ағаш үйді бұзып жіберіп ауылдың арғы басына салып алуға болушы еді, оны да істемедік, ошағымыздан түтінді қатар ұшырып, іштей егес, бітіспес бітеу жарамен өмір сүрдік.

Жаз шығып, шөп шабатын мезгіл туса да, ақан орала қойған жоқ. Соңғы бірер айда хабар-ошар болмай кетті. Күн өткен сайын Құмырай сөзінің шындығы дәлелденгендей кісіні жындандырып жіберер үнсіздік үстемдік ала түсті. Соғыста жүрген Бағдат қайнымнан «Берлинге жеттік» деген хат келді де, көп ұзамай,«1945 жылдың 8 майында қаза тапты» деген қаралы хабар алдық. Бүкіл ел-жұрттың қуанышы қойнына сыймай жүргенде біздің шаңырақты тағы бір қайғы соғып


өтті. Осы хабардан соң атам шөке түсіп, мүлдем жатып қалды. Есіктен кірген адамнан «ақаннан хабар бар ма?» – деп сұрайды да, теріс қараған күйі ләм деместен жата береді.

Көршіміз Құмырай жаз бригадир сайланып, атқа мінген. Есік көзіне ат ойнатып, таң атпай жұмысқа шығарып, айғайлайды да тұрады. Сол кезде небәрі он төртке толған қайын сіңлім Қарлығашты ертіп шөп жинауға шығамын. Қолымызда сырты күйелеш-күйелеш қара шайнек. Түскі үзілісте шай қойып шөлімізді басамыз. Ол шақта ыдыс-аяқтың тапшы кезі ғой, ыстық шайды қақпағына құйып, аузымызды күйгізе кезек- кезек ұрттаймыз. Енді-енді ғана бойымыз жазылып, талдың көлеңкесіне демімізді ала бергенде Құмырайдың «тұрыңдар» деген айғайы естіледі.

– Күйеуің хахолдан қатын алғанына сенбеген едің, қане қайтып оралғаны,– деп мысқылдайды.– Екі үйге бір еркек жетеді, көршілік қақымды орындауға әзірмін.

айыр ала жүгіріп едім, ана бір жылы бастықты сабағанымды естіген болуы керек, зыта жөнелді.

ақанның анық хабарын «трудабойдан» келген Қожақ пен Қаймақтан естідім.

Тағы да күз туды, тағы да бір қыс түсті, тағы да көктем шығып, жадыраған жазға жеттік. Біздің ауылдан аттанған азаматтардың ажал алмағандары түгелдей оралды. Тек қана... ақан жоқ.

1946 жылдың жазында шәйнегімді арқалап дәл былтырғы- дай пішен шабуға шықтым. Құмырай да бригадир сайланды. Бұл дүние өзгере ме, жоқ па деп ызадан жарылардай боламын. Шыдамның да шегі бар, бұрынғыдай емес, жүйкем жұқарып, ашуланшақ болып барамын. «аяғыңды етігің қысса, дүниенің кеңдігі неге керек» дегендей,бір жылдан бері белі көтеріле бастаған елдің күйі, бейбіт күн барған сайын қам көңіл тартқан жанымды жарылқай алған жоқ. Бес жылдан бері ауыр жұмыс, азалы өлімнен арылған кезім бар ма, темірден жаратылсам да тозып, қуатым майланбаған арбадай шиқылдай бастаған еді... Жаз шыға оқудан босаған ересек балаларды Шабанбай жайлауына алып кеткен. Одардың ішінде қабырғасы қатпаған Қарлығаш та бар. Өзгелерден әлдеқайда сүйкімді, ашық жарқын қайын сіңлім:«мен ақан ағама тартқанмын» – деп, тұлымы желбіреп менен бір елі қалмай әр ісіме қолғабыс жасап жүретін. Қас-қабағымды аңдып, әсіресе жаны ашитыны да осы


Қарлығаш еді. Әпкесі Сандуғаш суға кетіп өлген соң, ой түсті ме, әйтеуір, тез есейді. Өзі де үріп ауызға салғандай қыз біткеннің әдемісі. Ол жайлауға кеткен күннен бастап бар ермегімнен, сырлас құрбымнан айырылғандай жалғызсырадым-ай.

Көбен тауында шөп маялап жүргенбіз. Күн екіндіге таяп, тау ішіне көлеңке ұялай бастаған мезгіл. Колхозшылардың алды арба-саймандарын жинастырып, қайтуға қам жасай бастаған. Тамам қыз-келіншектер көлдің суына беті-қолымызды жуып, етпетімізден жата қалып, мұздай суық кәусардан шөлімізді қандыра іштік. Шілденің ыстығы кеш түсе қайтып, бой сергітер қоңыр салқын самал ескен. ғайша екеуміз басымызға жабыс- қан шөп-шаламды тазалап, шашымызды тарап, өріп отырған- быз. Түйетастан бері қарай салт атты құйындата шапқылап келеді. алғашында еріккен көп баланың біріне жорыдық. Кәперімізде ештеңе жоқ. Әлгі жолаушы шапқылаған күйі маған қарай ентеледі. Жүрегім су ете қалды. Не жақсылыққа, не жамандыққа жорыдым – әйтеуір тегін жүріс емес. ат үстіндегі бала: – алма тәте, Қарлығашқа қарағай түсіп өліпті! – дегені.

– Не дейт? – деп шөге түсіп отыра кеттім. Бетіме су бүркіп есімді әрең жиғызды. ғайша қолтығымнан демеп тұрғызған соң, орамалымды байлауға да мұршам келмей, қолыма ұстаған күйі Көбен тауынан төмен қарай жүгіре жөнелдім. аяғымды тас қағып, етпетімнен құладым, тіземді жаралап, алақанымды тас тіліп қан ақты, қарағаным жоқ, өкпем күйіп, жүрегім тарсылдап, қолқам үзілердей болды, тыңдағаным жоқ. Етекке қарай еңірей ұшып келемін. «Қарағым-ай, Қарлығашым-ай, қыршын кеткен ботақаным-ай». аузымда осы сөз, бетім айғыз- айғыз жас... бәрінен де осы өлім ауыр тиді маған.

Қарлығаштың сүйегі жатқан жерге жібермей алдымды кес- кестеген кісілерді жалғыз-ақ итеріп жапырып тастадым да, өліктің үстіндегі кебінді жұлып алдым. Бет-аузы шелпек болып жаншылған бір кесек ет жатты қанға бөгіп. Өкіре құшақтаған күйі сылқ құлап түстім... мені тағы да ақ бүркіп ұшықтап тірілтіпті... Жүрек ауруым сол күннен басталып еді...

Шабанбай жайлауында шөп дайындап жүрген қыздар қас қарая қарағайдың түбінде от жағып, сауық кеш ұйымдастырған екен. Ән салып, әңгіме айтып дуылдап отырған жастар ағаштың тамырын кеулеп жанған отқа мән бермеген. Тек қана қарағай күтірлеп, қопарыла құлағанда ғана шыңғыра шулап, тым-тырақай қашады. Қарлығаш та орнынан ұша түрегеліп,


енді жүгіре берген кезінде аяғын бұтақ шалып етпетінен құлайды. Жығылған жерінен қайта тұра берем деген мезетте ұшар басы аспан тіреген алып қарағай үстінен басып қалады... Тұяқ серпуге шамасы да келмей, тіл тартпай кеткен он бес жасар қызды ағаштың астынан арамен үш жерден кесіп жүріп әрең суырып алады. Сонда мыжылған денеге бірде-бір адам қарауға дәті жетпеген. Балаларға бас-көз болуға жіберген тартпа шыңдайтын шал ғана жанына жақындап, өліктің үстіне шапанын шешіп жауыпты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.