|
||||||||||
Телевизия» сюжетті-рөлдік ойыны«Телевизия» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - «Телефон», К. Чуковский - «Шам сым бойымен қалай жүреді?» Б. Житков - «Неткен ғажайып ел » М. Әлімбаев Өнімді іс-әрекет түрлері - сүйікті теле хабардан бағдарламалар құрастыру; - «Шартылдақтар», түрлі хабарлардың белгілерін дайындау; - анимациялық суреттер дайындау; - өлең, тақпақтар жаттау. Балалармен әңгімелесу - бұқаралық ақпарат құралдары туралы, адамдар тіршілігіндегі телевизияның рөлі туралы; - «Телевизия не үшін керек», «Сүйікті телехабарлар», «Теледидарды немен алмастыруға болады»; Дидактикалық ойындар - «Тілші» - «Мультфильм құрастыр» - «Диктор» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - «Тұрмыстық техника» қоршаған ортамен таныстыру; - электр техникалары тұрған бөлмеге саяхат жасау. Ата-аналармен жұмыс - атрибуттар таңдауға қатысу; - балалармен бірге телехабарларды қарау және олардың пайдасы, маңыздылығы, алуан түрлілігі туралы әңгімелесу.
«Телевизия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты:теледидар қызметкерлерінің рөлдік әрекеттерін бекіту, олардың еңбектері ұжымдық, жұмыстың сапасы барлық ұжымға байланысты екенін көрсету. Балаларға бұқаралық ақпарат құралдары туралы, адам өміріндегі теледидардың рөлі туралы ұғымдарын бекіту.
|
||||||||||
|