|
||||||||||
Экологтар. Бағбан» сюжетті-рөлдік ойыны«Экологтар. Бағбан» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастырылған жұмыс: Көркем шығарамалар оқу - Б. Житков «Мен не көрдім» (шығарамдан алынған тараулар); - М. Жаманбалинов «Шебер»; - С. Баруздин «Бұл үйді кім тұрғызды?» - Г. Юдин «Экскаваторшылар». Өнімді іс-әрекет түрлері «Құрылысшылар»- альбомын жасау; - Ұсақ құрылыс материалдарынан автомобиль жолдарын, көпір салу; - табиғи және құнсыз заттарды пайдаланып құмнан құрылыс жасап ойнау. Балалармен жұмыс - құрылыс мамандықтары: тас қалаушы, сылақшы, краншы, өзі аудырғыш өлігін жүргізушісі. Немен айналысады және жұмыста қандай көлік көмектеседі. - үйді кім құрады, қандай құрылыс мамандықтары бар. Дидактикалық ойындар - «Гараж тұрғызамыз»; - «Ферма»; - «Жас әрлендіруші». Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті - айналамен таныстыру «Транспорт және құрылыс көлігі»; - тіл дамыту «Құрылысшылардың еңбегі туралы әңгіме құру»; - сурет «Әр түрлі үйлер». Ата-аналармен жұмыс - құрылыс фирмаларындағы жұмысшылардың еңбектері туралы иллюстрацияларды жинақтау; - құрылысқа саяхат. «Құрылысшылар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты: Ойын жоспарларына сәйкес іс әрекетпен айтыс-тартысты әділдікпен шешу, сюжетке сәйкес конструктор, құрылыс материалдарын қолданып келісіммен берілген ролдерді бөлуге ойнауға үйрету. Балалардың тілдік мәнерлігін, шығармашылығын, айналаны қоршаған ортамен ойын арқылы жүзеге асыру.
|
||||||||||
|