|
||||||||||
Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы» сюжетті-рөлді ойыны«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы» сюжетті-рөлді ойыны Ұйымдастырылған жұмыс: Көркем шығарма оқу - Я. Тайц «Мереке»; - Т. Мұратова «Наурыз мерекесі»; - З. Александрова «Мамыр мерекесі»; - Н. Жанаева Туған ауыл». Өнімді іс-әрекет түрлері - «ауыл» макетін әзірлеу; - мереке туралы суреттерді іріктеу. Балалармен әңгімелесу - «Наурыз қандай мереке?», «Неге оны тойлайды?», «Мерекеге кім келеді?»; - «Той», мереке туралы айту. «Неге тойлайды?», «Калай тойлайды?», «Қандай сыяпат көрсетеді?», «Не киеді?»; - «Той бастар» бейнеролик бойынша әңгіме. - А. Ғалымбаеваның «Тәтті шәй», «Дастархан», Ә. Кастеевтің «Киіз үйді өрнектеу» суреттерін қарау. Дидактикалық ойындар -«Кім не істейді?», «Отбасы», «Үй», «Ателье»; - «Тобыл» өзеніне саяхат; - «Қостанайға саяхат». Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті - тіл дамыту - «Наурыз» мерекесі туралы әңгіме құрау; - сурет «Мерекеге безендірілген үй»; - тұзды қамырдан мүсіндеу «Казақтың ұлттық зергерлері»; - айналамен таныстыру «Қазақстан картасына саяхат». Ата-аналармен жұмыс - «Наурыз мерекесін дәстүр бойынша тойлау» ата-аналарға кеңес ; - отбасылық газет дайындау «Наурыз мерекесі біздің отбасымызда».
«Наурыз мерекесі. Асхат пен Сауленің тойы» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық қартасы
Мақсаты:Ойында ұлттық мерекелермен салт-дәстүрлерді айқындап көрсету. Өз бетінше рөлдерді сәйкес бөлу олармен бірге іс әрекетті, диалогты рөлдік моделдеуге қоғамдық өмірде ойын түрін айқындап үйретуді жалғастыру. Өзі тұратын еліне құрмет, мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.
|
||||||||||
|