|
||||||||||
шқыштар» сюжетті-рөлдік ойыны«Ұшқыштар» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығарма оқу -И. Винокуров «Аэродромда», «Ұшақты кім жүргізеді», «Биік ұшып, тереңді көреді», «Далада ұшақ қалай жұмыс», «Боран арасында». Өнімді іс-әрекет түрлері - ұшқыштар еңбегі туралы альбом әзірлеу; - ұшқыштар ойынын ойнау үшін ұсақ-түйек атрибуттар әзірлеу; - аэродром макетін ағаштан, ермексаздан, қағаздан және картоннан әзірлеу. Балалармен әңгімелесу - ұшқыштардың еңбегі туралы иллюстрациялар мен фотосуреттерді қарау; - ұшқыштардың еңбегі туралы үйде естіген әңгімелер туралы шағын топтардағы балалармен әңгімелесу; - «Ұшқыш болып қалай ойнауға болады»; - «Ойын үшін өздері не әзірлеп шығаруға болады». Дидактикалық ойындар - «Аэродром» пазлдары. Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті - «Қайратты мамандықтар» қоршаған әлеммен таныстыру; - «Ұшқыштар» тақырыбына сурет салу; - «Аэродромда» мүсіндеу. Ата-аналармен жұмыс - аэродромға бару; - ұшқыштар туралы иллюстрациялар, кітаптар, аудиожазбалар жинау; - ұшқыштардың еңбегі туралы танымды телехабарлар қарау. «Ұшқыштар» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты:Ойында қоршаған ақиқат өмірдің оқиғаларын көрсету біліктерін қалыптастыру. Балалар арасында бірлесіп ойнау дағдыларын, рөлдерді бөлу туралы келісу біліктерін тәрбиелеу. Сюжетті-рөлдік ойынды жаңа мазмұнмен, жаңа эпизодтармен байыту арқылы жалғастыруға үйрету. Сөздік қорын дамыту, сөз сөйлеу қабілетін байыту.
|
||||||||||
|