Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлдік ойыны



«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

-«Фосфорлық аулау» Н.Рыжих кітабынан үзінді;

- Н. Сахарнов «Екі радист»;

- Б. Житков «Теңіздегі өрт»;

- С. Сахарнов «Ең жақсы пароход»;

- З. Петров «Капитандар»;

- М. Садовский «Бәріміз - теңізшілерміз».

Өнімді іс-әрекеттер түрлері

- теңізшілер туралы альбом әзірлеу;

- әр түрлі балықтардың суреттерін салу;

- кеме құрылысы.

Балалармен әңгімелесу

- теңізшілердің қызметі туралы әңгімелейтін иллюстрациялар бойынша;

- теңізшілер болып қалай ойнау керек, қай заттарды өздері әзірлей алатынын, қандай рөлдер ұнайды.

Дидактикалық ойындар

- «Жұмыс істеу үшін не қажет екенін?»;

- «Лабиринт».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- Тіл дамыту «Сурет бойынша әңгіме құру»;

- Құрастыру «Біздің кеме»;

- Сурет салу «Теңіздегі кеме».

Ата-аналармен жұмыс

- балалармен бірге теңізшілер туралы иллюстрациялар жинау;

- теңізшілердің қызметі туралы әңгімелеп беру;

- телехабар көру.

«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты:Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету біліктерін қалыптастыру. Балалардың позитивті және топта игілік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Кеме, теңіз астындағы қайықтың құрылысы. Жүзуге дайындық, маршрутты таңдау, жүзу, рөлдік әрекеттерді орындау, кемені жөндеу, сүңгіуірлердің жұмысы. Байрақты көтеру. Портқа қайту. Майшабақ табу, аулау, керме ау бұзылды, балық кетіп бара жатыр, кеме тесілді. Жаңа зәкір түсіп, суға батады, теңіздегі өрт, көмек келе жатыр. Торды жасау үшін құрылыс және құнсыз материал, штурвал, матростардың бескозыркалары, жалаулары бар кеменің мачталар, бинокльдер, боцман үшін рупор мен ысқырық, шлюпкалар, құлаққаптар, рация, сүңгуірлердің шлемдері, от сөндіру машиналар, шлангтер, от сөндірушілердің каскалары,         дәрігерлердің құралдары, касса, билеттер, ақша, ыдыс, аспаз үшін қалпақ, халат, саяхатқа баратын қаланың суреті бейнеленген ашық хаттар. Капитан рөлінде кемені жүргізеді, команда мүшелеріне нұсқау береді, маршрут парағын береді, басқа кемелермен, диспетчерлық қызметпен байланысқа шығады. Бинокльдан балық топтарын табады, зәкір тастайды, балықшыларға команда береді. Кеме жасаушылар кеме құрады, матростар мачтаның үстінде, қараңғыға үңіліп қарайды, алдыға қарайтын матрос көпірдің үстінде тұр, руль басқаратын адам сейнерді жүргізеді, қайықшы керме ауды дұрыс лақтырғандығын қадағалайды. Боцман матростарға команда береді, олардың жұмыс атқарғанын қадағалайды. Сүңгуірлер теңіз түбін қарайды, зәкірді іздейді, краншылар кемеге жүк тиеді. Механик көмірдің өртенгенін хабарлайды. Дәрігер жүзу кезінде ауырып қалған жолаушыларды емдейді. Балықшылар: торды айналдырады, теңізге тастайды, балық ұстайды, түрі мен сорты бойынша жәшіктерге салады. Механик машиналардың жұмысын тексереді, Жолаушылар билеттерді сатып алып, кемеге отырады, қоғамдық көліктегі жүріс-тұрыстың ережелерін сақтайды; Аспазшы жолаушыларға ас дайындайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.