Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойыны



«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- Д. Габе «Менің отбасым», «Інім»;

- С. Мендербеков «Киіз үйде»;

- А. Дүйсенбиев «Бір күні өзенде», «Жаз»;

- Л. Квитко «Әжемнің шебер қолдары»;

- А. Яковлев «Ана», Л. Воронков «Анам не дер еді».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- Бас киімді өрнектеу, «тақия»;

- «Жайлауда» панноны безендіру.

Балалармен әңгімелесу

- Менің Отаным - Қазақстан, жазғы жайлауда;

- «Өз отбасыңның салт дәстүрі туралы әңгімеле», «Отбасы мүшелерің қалай және не киеді?», «Қуыршаққа қалай үй тұрғызамыз», «Қонақта не істейміз», «Өзімізді қонақта қалай ұстаймыз», «Біз қонаққа не үшін барамыз», «Мақалдардың сырын ашамыз» - отбасы, ана туралы мақалдардың мағынасын біргелесіп талқылау.

Дидактикалық ойындар

- «Әжемде қонақта»;

- «Тақия».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- тіл дамыту «Отбасы суреттері суреттеу жөнінде әңгіме құрау»;

- сурет «Асты өрнектеу», (дөңгелекшеде қазақтың ою өрнектерін салу);

-  «Кесе» мүсіндеу.

Ата-аналармен жұмыс

- альбомды безендіру отбасымның қызықты тарихы;

- бауырсақ пісіріп, қазақ отбасы туралы әңгімелеу, кесемен шай беру.

 

«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты:Ойында әлеуметтік ортадағы шынайы оқиғаларды көрсете білуді, отбасы - бірге тұратын адамдар туралы ұғымды қалыптастыру, жақын адамдарына қамқорлық көрсету талабын дамыту, өзінің отбасын мақтаныш тұту сезімін дамыту, өзінің отбасы туралы білімін тереңдету негізінде балалардың сөздік қорын белсендіру. Сөйлеу қабілеті арқылы ойын барысында бірлесуге, өтініш білдіруге, сұрақ қоюға, өз әрекеттерін түсіндіруге үйрету.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қазақ отбасына үлкендер мен балалар қонаққа келеді. Үй иелері қазақтың салт-дәстүрі бойынша қонақтарды күтіп алады. Қазақстан туралы альбомдарды қарайды, домбыра әуенін тыңдайды. Қонақтарға сыйлық. Қазақтың ұлттық аспаптарындаойнау. «Қамажай» биі. Қуыршаққа қонаққа барамыз.   Көрпе, дастархан, сандык, ыдыс, торсык, тұлпар, бауырсақта, қазан, тарақтар, қамшы, қазақтың ұлттық аспаптары (домбыра, қобыз, сырнай), қазақтың ұлттық костюмдері мен орамалдары. Қуыршақтар – Карлығаш, Катя, Дима. Ыдыс-кесе, шәйнек. Қант, кәмпиттер. Жиһаз – дастархан. Сыйлық – бауырсақтар   Әже рөлінде киіз үйді тұрғызуға көмектеседі, қонақ күту ережесімен таныстырып қазақтың салт-дәстүрі бойынша қонақ күтуді қонақжайлылықты үйретеді.   Карлыгаш киіз үйдің ішін реттеп, көрпе төсеп, дастархан жасап, кеселерді қояды. Хабаршы қонақтарды шақыру үшін тұлпарға мініп басқа ауылға бет алады. Апам қазанда етті бұқтырып, бауырсақ пісіріп, көже дайындап торсыққа құйяды. Қонақ дәмнен татып, қонақжайлылықтарына алғысын білдіріп, туылған күн иесіне сыйлық береді. Балалар музыкалық аспаптарда ойнап, ал қыздар қазақтың ұлттық киімінде «Қамажай» биін билейді, үлкендер оларға сыйлықтар тартады. Балаларға– қамшы, қыз балаларға –айна және тарақ. Қонақтар ас-шайына алғыс білдіріп, үйлеріне қайтады. Үй иелері қонақтарды шығарып салып, бөлмелерін жинап реттейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.