Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс



Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс

1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау тиіс, бірақ ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет.

2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне — ересек адамға және құрдасына — түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке өзіндік ойынды, ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.

Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері

Д.Б. Эльконин белгілеген балалалық шақ аралығындағы сюжетті-рөлді ойынның төрт деңгейі тәрбиеші үшін ойынды дамытудың бағдары бола алады.

Бірінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып табылады. Іс жүзінде ойында рөлдер бар, бірақ олар әрекеттерді анықтамайды, олар баланың орындаған әрекеттердің түрлерінен өздері туындайтын болады. Әдетте ойынның алдын ала жоспары құрылмайды: балалар рөлдерді атамайды, оларды ойын әрекетін орындап болғаннан кейін белгілейді. Әрекеттері біркелкі және бірнеше рет қайталану тенденциясы бар және олардың логикасы оңай бұзылады. Бала ойын барысында рөлдік жүріс-тұрысты құрайтын әрекеттердің күрделі реттілігін орындамайды.

Екінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып қала береді. Ойында күрделі әрекеттердің тізбегі орындалады. Бұл ретте алдыңғы қатарға ойын әрекеттің шынайы өмірдегі әрекетке сәйкестігі шығады. Әрекеттер логикасын олардың шынайы өмірдегі реттілігі анықтайды. Ойын әрекеттер түрлерінің диапазоны кеңейе түседі. Орын ауыстыру мүмкіндігі шектеулі. Ойындағы заттардың атауларын ауыстыру тұрақсыз, орынбасар-заттардың жаңа мағынасы тез жоғалады. Балалар рөлдерін атайды, алайда, ойын әрекеттің өзі және ойындық заттың таңдауы баланың белгілі бір рөлді қабылдауын анықтайды.

Үшінші деңгей. Баланың рөлді ойнауы және ойынға байланысты әрекеттерді орындау - ойынның негізгі мазмұны болып табылады. Ойын іс-әрекетті алдын ала жоспарлай бастайды, рөлдердің орындалуын қадағалап, түзетеді. Рөлдер айқын, анық, балалар оларды ойын басталмай тұрып анықтайды, рөлдер әрекеттердің логикасын және түрін анықтайды. Модельденген әлеуметтік қарым-қатынастардың сипатын жеткізетін ойын әрекеттері пайда болады. Бұл әрекеттер әркелкі, жалпыланған бола бастайды, жиі сөйлеу арқылы орындалады (аталады). Кейіпкерлердің арсындағы қарым-қатынасты сипаттайдын өзіндік рөлдік сөз сөйлеу пайда болады. Орын ауыстырудың мүмкіндіктері кеңейе түседі: орынбасар заттың нақты белгіленген қызметі жоқ болса ғана заттық ойындық жаңа мағынасы тұрақты болады. Ережелер ашық анық түрде көрсетілмеген, бірақ іс жүзінде рөлдердің орындалуын реттейді және ойын әрекеттердің логикасы бұзылған жағдайда өзекті болады.

Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға аралық қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау іске асырылады: ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде ойын ережелері бөлінеді. Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, өрістетілген және рөлдік сипаты бар. Әрекеттердің логикасы бар және әр түрлі, нақты жүйе дамыған. Сөз сөйлеу әрекеттерінің үлесі арта түседі. Бала шынайы өмірдің ережелерін алып, оларға ойын барысында бағынатынын көрсетеді. Орын алмастыру кеңінен қолданады. Егер нақты белгіленген қызметі бар зат орынбасар ретінде қолданса да, балалар ойынның жаңа мағынасын, сақтау қабілеттерін танытады.

Мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойынның бірінші деңгейінен (мектепке дейінгі кіші жастағы) төртінші деңгейіне дейін даму динамикасы байқалады (мектепке дейінгі ересек жастағы).

Алайда, көпшілік тәжірибелік мәліметтер көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық шақтың аяқталу кезінде ойын дамуының төртінші деңгейіне дейін жететін балалардың саны көп емес. Әрине, осындай жағдай мектепке дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуында және жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.

Шығармашылық ойынның ерекшеліктерін талдау кезінде негізгі талданатын ерекшелік - ойынның мазмұны. Ойынның мазмұны ересектер орындайтын әрекеттерді бейнелейтін ойындардан, одан әрі адамдардың қарым-қатынастарын бейнелейтін ойындарға қарай дамып, соңында — қоғамдық жүріс-тұрыстың және қатынастардың ережелеріне бағыну негізгі мазмұны болатын ойындарға дейін мазмұны өрістейді.

Ойынның мазмұны - «жақсы» ойынның дамуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.

Осындай ойынның келесі критерийлерін атауға болады:

- ақыл-ойды және адамгершілікті дамытатын мазмұнының болуы;

- қиялды және шығармашылықты дамытатын;

- қарым-қатынаста ықыластықты дамыту;

- өз күшін сезінуден қуаныш алу.

Алайда, зерттеулердің мәліметтері бойынша (Артемова Л.В., Гаспарова Е.М., Зворыгина Е.В., Новоселова С.Л. және т.б.) балабақшаның тәрбиеленушілерінде шығармашылық ойыны стереотипті сипатында болады. Ол жиі қатаң тәртіпті іс-әрекет түрінде болады, біркелкі, тәрбиеші алдын ала барлығын ұйымдастырып, балалардың шығармашылық еркіндіктеріне орын болмайтын фронтальды сабақтар тәрізді.

Ойынның осындай жағдайдың келесі себептерін атауға болады:

- ересектердің — ата-аналардың және тәрбиешілердің - саналарында бала ойынының құндылығын түсінбеушілігі;

-тәрбиешінің пассивті бақылаушы немесе баланың жүріс-тұрысын және әрекеттерін айтып істеткізуші позициясы;

- балабақшаның барлық топтарында бірдей тәптіштенген және балаларды олармен әрекеттесудің бірдей тәсілге итермелейтін ойыншықтардың болуы:

- бала қиялының дамуына себеп болатын жабдықтылмаған ойын материалының жеткіліксіз саны.

Тәрбиешіге тәрбие процесін модельдеуі ғана емес, ойынды өткізудегі шығармашылық позициясы байланысты болады, себебі, тек тәрбиеші ғана балаға әсер ету тәсілдерін анықтайды. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетте ересек пен бала арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгеру басты болып табылады. Ересек пассивті бақылаушы позициясын ұстанбай, ойынның белсенді серіктесі ретінде болу тиіс.

Біздің ойымызша, осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін:

- бала ойынына үн қатып, әрбір қатысушының эмоционалды күйін сезіне алу;

- ойын сюжетінің дамуына сәйкес балалармен қарым-қатынастың сипатын және мінезін өзгертуге қабілетті болу қажет. Ол үшін затты-ойындық ортаны өзгерту арқылы және ересектің баламен ынталандырушы қарым-қатынастары арқылы құрылатын мәселелі ойын жағдайлар қолданылады;

-бала ойынының мазмұнының көзі ретінде болатын ақиқаттағы оқиғаларды тәрбиешінің білуі, оның балалар түсінетіндей мәліметтерді белгілі бір тәсілмен, әдіспен жеткізе білуі, балалардың шығармашылық қабілеттерін танытуларын және балалардың іс-әрекетін ынталандыру;

- балада ересектің бейнесін және оған еліктеуді тырысуын (ойын сюжетінің даму деңгейіне байланысты) қалыптастыратын лайықты педагогикалық ықпал құралдарын іріктей алу;

-ойынның мүмкін болатын нәтижелерін модельдеу.

Ойынға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсаты «білімді ұжымдық өңдеу» емес, балалардың өзіндік ойынды қамтамасыз ететін, шағын ойын бірлестіктерде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу өз еркіндерімен әр түрлі мазмұнды іске асыратын ойнау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиеші мектеп жасындағы баланы ойынға тартып, оған жетіспейтін аға мен әпкелердің, құрдастардың орнын басу тиіс. Осындай стратегия балалардың жеке дербес ойынын, олардың шағын топтардағы келісімді ойынын, ерте жастан бастап қарапайым жұптағы қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етеді.

Ойын баланың өз шығармашылығын жүзеге асырудың шынайы құралы болып, дамытушы қызметін толық атқаруы үшін, ол ересектермен «жоғарыдан» түсірген тақырыптардан және әрекеттерді тәртіптеуден тәуелсіз болу керек. Балада ойынның күрделі «тілін» меңгеру мүмкіндігі болу тиіс — өзінің ойластыруы бойынша шығармашылық еркіндігін арттыратын жүзеге асырудың жалпы тәсілдерін меңгеру (шартты әрекеттермен, рөлдік қарым-қатынаспен, сюжетті шығармашылықпен құру).

Тәрбиеші, балалардың еркін іс-әрекетіне қосылып, ойнайтын серіктестің позициясын қабылдап, балалардың дербес ойынын дамыту жақынарадағы даму аймағын құрады.

Бала осындай жағдайда өзін ойынға кіру және одан шығу мүмкіндігінде еркін және теңдес сезінеді, өзін бағалаудан тыс сезінеді: жақсы-жаман, дұрыс-дұрыс емес, себебі, сюжетті ойында бағалау қолданылмайды.

Ересек пен баланың бірлескен ойыны бала үшін (сабақ немесе нұсқау бойынша әрекет емес) болып осы іс-әрекетте тәрбиешінің, барлық жағдайларда бағынатынын ересек адамның қысымын сезінбей, тек «қызық ойнай алатын» серіктестің ілгерлігін сезінгенде ғана шынайы ойын ретінде болады. Осындай позициялардың алмасуы және ойнай алатын серіктес ретіндегі тәрбиешінің шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы — баланың бойында жалпы сюжетті ойынға деген ықыластың туындайтынның кепілі, сондай-ақ, ересек адам ойынға қосатын тақырыптарға деген қызығушылығы пайда болады.

Балабақшада ойынды ұйымдастыру қажет:

Біріншіден, тәрбиеші мен балалардың бірлескенойыны ретінде, ересек ойнайтын серік ретінде болып, сонымен қатар, ойынның ерекше «тілін» білетін адам ретінде болады. Балалардың әрбір ойластыруын қабылдайтын тәрбиеші және оның шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы баланың өзін емін-еркін сезінуін, ойыннан ляззат алуын, ойын тәсілдерімен өзі меңгеруіне деген ынтасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, әрбір жас кезеңдерде ойын балалардың еркін дербес іс-әрекеті ретінде болуы тиіс, ойында балалар барлық өздеріне қол жетерлік ойын әдістерін қолданатындай, бір бірімен еркін бірлесіп, қарым-қатынас орната алатындай, ересектерден тәуелсіз балалық шақ әлемі қамтамасыз етіледі.

Балалардың дербес ойыны көбіне заттық-ойындық ортаны ұйымдастырылуына және сәйкес ойын материалдарды іріктелуіне байланысты. Балалардың сюжетті ойынының заттармен жабдықталуы бұрынғыдан икемді болу керек, тәрбиеші және балалармен бірге (бұдан әрі балалардың өздерімен) ойын басталмай тұрып ұйымдастырылуы керек.

Сюжетті-рөлді ойынды дер кезінде қалыптастыру үшін кешенді басқару әдісін қолдану ең тиімді болып табылады.

І. Ойынды басқару кешенді әдісібір-бірімен байланысты компоненттерді қамтиды: балалардың белсенді іс-әрекетте айналамен танысуы; үйретуші ойындар; заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ойын процесіндегі ересек пен баланың қарым-қатынасы.

ІІ. Балаларды білімдермен, әсер алумен байыту.Түсініктерді қалыптастыру: бақылау; экскурсиялар (алғашқы, екінші, қорытынды); шығармашыл мамандық өкілдерімен кездесу; көркем әдебиет оқу; тәрбиешінің әңгімесі; сұхбат-әңгіме; белгіленген тақырыптар бойынша балалардың әңгіме құруы; балалармен жеке әңгімелесу; әдеби туындылар бойынша сахналау (әдеби сюжеті бойынша, туындының басын немесе соңын өзгертіп); қиял-ойын; эстетикалық әңгімелесу.

IIІ. Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын әдістер:ұсыныс; еске түсіру; кеңес; ойын материалын іріктеу; ойынды ойластыру бойынша сұхбат-әңгіме; тапсырыстар; сұрақтар; түсіндіру; сурет материалдарды қолдану; костюм элементтерін әзірлеу; балалармен бірге орындау; тәрбиешінің ойынға қатысуы (бір баламен ойнау, бастаушы немесе жетекші рөлді орындау).

IV. Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға үйрету:үлгіні қарау; құрастыру тәсілдерін көрсету; сызбаларды, суреттерді, фотосуреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану; құрастырған заттармен ойнау үшін материалдарды іріктеу; қағаздан, қатты қағаздан, табиғи және қосалқы материалдардан ойыншық жасауға үйрету.

Балабақшадағы тәрбиеші уақыт мүмкіншілігі тапшылығына байланысты балаларға нақты ойын тәжірибесін біртіндеп жинау және жалпылау барысында белгілі бір ойын дағдаларын меңгеруге себеп болатын бірлескен ойынның осындай көлемін қамтамасыз ете алмайды.

Ойын дағдыларын қалыптастыру үшін ойынды тиісті жас кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, күрделі әдісін қолдануға қажеттілігі туындайтын түрде ұйымдастыруға болады.

Бұл жағдайда балалар бастапқы кезде әдісті жаңадан «ашып», оны ересек адаммен бірге «таза» түрінде қолданып, кейін әр түрлі мазмұны нақты өзіндік ойынға апарады.

Шартты ойын әрекеттер қалыптасу кезеңінде ересек адам көбіне ойынның «бір тақырыбын, бір сюжетін» әрекеттердің мағыналы тізбегі ретінде өрістетіп, балаларға сюжеттің дәл осы аспектін атап көрсету тиіс.

Рөлдік жүріс-тұрыстың қалыптасу кезеңінде тәрбиеші үшін кейіпкерлердің (рөлдердің) іліктес жүйесі ретіндегі бір кейіпкердің басқаларымен қарым-қатынасы, жаңа кейіпкерлерді енгізу арқылы және «көп кейіпкерлі» сюжет негіз болу тиіс.

Жаңа сюжеттерді құру біліктерінің қалыптасу кезеңінде тәрбиеші мен балалардың бірлескен ойында әр түрлі оқиғаларды құрамдастыруды болжайтын, жаңа оқиғалардың қатарын қарастыратын «көптақырыпты» сюжеттерді өрістеру керек.

Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.

Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін) енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты.

Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс.

Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды.

Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.