Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 10 страница



– Сауысқан баласына «сақ бол, балапаным, екі шоқып, бір қара» дегенде балапан айтқан екен: «жоқ, әке мен бір шоқып, екі қараймын» деп. Ендеше, мені уайым қыла бермеңіз. Ал, Оспанның көп білетіні рас, туасы қулық сауып, жан сақтау маңдайына жазылған тесік өкпе адам, ондай жансыздар құрлықтың қай жеріне ексең де өсе беретін арам шөп секілді, әр қоғамда да өмір сүре алады. Орыстар оны «талантливый сыщик» дейді, иттің де иісшілі, ізшілі болмай ма, сіздердің де операцияларыңызға кесірін тигізбеу үшін ертең қалаға ала кетермін. Семейде шойын жолшылардың бір-екі айлық оқуы ашылған, жүрсін Түркісіптің түлегі болып. – Ол бұл сөзді кекесінмен айтты.

– Оның табылған ақыл, – деді Омар балаша қуанып,– көз көріп, құлақ естімейтін жаққа әкетші өзін.

Әке мен бала киіз үйге беттеді. Бағанағыдай емес, үйді- үйіне сіңіп жоқ болған алтыбақаншылардың үні өшкен. Қазан


асқан жерошақтағы сөнбей қалған жалғыз шоқ жел үрлеген сайын қызарып, жанайын деп жана алмай қызарақтап жатыр. Сол көрініске бір сәт қызықтағандай қарап қалған Еркін «Әке, жаққан отыңды сөндірме дейді, менің мынау шоқ секілді қызуым қайтып, көмірге айналып бара жатқанымды білмейді- ау, – деді ішінен... – Несі бар, қуа алма-дық, қашып көрейік».

 

* * *

...Алтыбақан басы кешегіден гөрі бүгін думанды бодды. Дікеңдеп бастарына әңгір таяқ ойнатар Оспанның төбесі көрінбеген соң әркім де өз өнерін ортаға салып, еркіндіктің ерке құсындай мұңсыз, қамсыз, айыздары қана ойнап, күліп еді. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, әсіресе соңғы бір- екі жылда, жайлауға Құланды жұртының бәрі-бәрі шыға бермейтін. Рахатын көріп үлгермесе де, өлдім дегенде қолдары жеткен бостандыққа масаттанғаны ма, Ақжайлауға айдап барып, семіртетін ақтылы қой, қыл құйрық жылқымыз жоқ, айналдырған екі-үш қараға ойдағы өріс те жетер деп қыстақтан көшпей, жаңа заманның тиіп-қашты қарекетіне мойынсұна бастаған. Малдың қыстайғы тебінінен айырып, Құландыны сарыжұрттап отырып алған мешел жұртқа істер айла- сы жоқ Омар үнсіз көндімге көшкен-ді. Заман осы қалпымен тыныш тұрса, қыстақты басқа – Қасқа асу жақтан салып, есірген елден іргесін аулақтау ниетінде жүрген. Қазіргі, мынау Ақжайлауды жайлап отырғандар – сол төрт түлігі ойдың шыбынына, өздері қапырығына шыдай алмай шөлдеп, шыбындай беретін байлар мен оның туыстары, орташа малы бар жандайшаптар, қымыз ішіп, бой жазуға келген бірен- саран жігіт-желең, жаңа өкіметтің өкілдері ғана-тын. Бүгінгі алтыбақан басында Омардың малын баққан жігіттермен отын жаққан қыздардың біразы бар теңдік осыдан он жыл бұрын тисе де, мынау Құландыда жан сақтап кетер, басқадай кәсіп табылмаған соң амалсыз жүргендер. Қалаға жұмыс іздеп кеткен Дархан секілді жастардың өзі айналып келіп, қазығын табуда. Осылайша, байлардан ат құйрығын кесісе алмай, әрі- сәрі болып жүргендерінде тағы бір хабар тиген құлақтарына.

«Түркісіб» деген шойын жол салынатын болыпты. Соған көп жұмысшылар  керек  екен.  ойда  қалған  елдің  бірсыпырасы

«шойын жол ауылы іргесіне қашан келеді деп тосып отырамыз


ба, одан да өзіміз барып алып келейік» десіп, Шар жақтағы жер қазу, көпір салу, тас тасу жұмысына кетіп жатқан көрінеді. Осы дүрліктірген хабардың шын-өтірігін бүгін Дарханнан пысықтап сұрап біліскен. «Күзеуге түсе шойын жол салуға аттанайық», деп ұран тастап, айқұлақтанғандары да болды. Ал осы сахараның кеудесін басып, таптап келе жатқан темір жол өздерінің ғасырлар бойғы тағдырын түбірімен жойып жіберерін саналай алмаған. Бұл мәселе жөнінде бүкіл қазақтың оқығандары екіұдай айтыста. Екі қолға бір жұмыс деп алақандарына түкіріп отырған ел азаматтары үшін бәрі бір, қара жерді тесіп, ар жағына өтіп шығыңдар десе де сақадай сай, берік байламда еді.

Досының пысықтығы арқасында Дархан өңі түгіл, түсінде көрмеген бақытқа қолы жететін болды. Бүгін алтыбақан басына көп аялдаған жоқ, жастардың тұс-тұстан аңдыздаған сауалына жауап берді де, асығыс өзекке беттеді. Қамбардың айтуына қарағанда Омар байдың егіз қызы оларды бұлақ басында күтіп тұрмақ. Әлгінде досы: «Сен жүре бер, мен жастарды алдаусыратып біраздан соң артыңнан барамын», – деп кұлағына сыбырлаған соң, етекке қарай дедек қағып келеді. Сүріне- қабына уәделі жеріне жетсе, жым-жырт. Үрке сусылдаған түн құсы мен жортып жүрген сасық күзен ғана... Ес-ақылын жиып, күйіп-жанған бетін бұлақ суына жуды. Бүлкілдеп аққан мөлдір бұлақ, сонау жазыққа түсіп, бауыры жазылғанда Аякөз деп аталар үлкен өзенге ұласар. Қазір бастау алар тұсы – арналы болмаса да тентек, ағысы қатты, мың бұралып Ақжайлауға еркелегендей былдырлап ағатын. Екі жағалауы қалың қайың аралас, тал-тоғай көмкеріп бүлінбеген, азбаған табиғи қалпын сақтап ұйысып-ақ тұр. Осы көріністің өзі қара тайға жарасқан қара терліктей көзге соншалықты көркем көрінетін. Енжайлаудың жайылым-шалғыны болмаса, адамдардың қолы ағашқа тие қоймаған дүлей калпында. Үйездеген жылқы бойлап өскен шөбін қанша жапырса, ертеңінде қалпына қайтадан келер жайсаң, күз жақындаса да дымқылы кеппеген сыздау, уағына жетпей сарғайган бірен-саран жапырақтары болмаса, жасаң өңін бермеген күйінде тұрған ағаштардың арасы қараңғы, үрей туғызар қорқынышы бар. Өліара жақындап, ай қорғалай бастаған мезгілде тау арасындағы қайбір зат та анық ажарын таныта алмай қарауытып, бұлаңдатып зәре ұшырар


дөңайбаттан еріксіз елегізесің. Кешегідей аспан ашық емес, қыркүйектің хабаршы бұлттары төңіректен әр-әр тұста баяу қалқып, барлау жасап жүзеді. Тоғай арасында ұлпа жеңіл бу бар еді. Түйе сойып жатсаң да далдалап, жасырып қалар осыншалық бейқам да бейбіт мекеннің жат көздің сұғынан сақтар сақшылығына қуанды Дархан. Дүрсілдеген жүрегі байыздап, қыздардың келу-келмеуіне күмәнданып тұғанда, тоғай сылдырлағандай болды; әне, іле-шала әлдекімдер күбірлегендей ме... «Солар... – деді Дархан, – а, Құдай, сәтін бере гөр», – тарбайған ағаш арасынан бұл тұрған алаңқайға екі адам шықты. Бастарына шәлі бүркеніп жапқан, ұзын етекті қыздар – Дүрия мен Гүлия екеніне күмәні қалмаған Дархан- ның жүрегі кеудесін тағы да балғалай жөнелген. Бейнебір мұның да жан-дүниесінде Түркісібтің темір жолын салып жатқандай. Әйтсе де, қалтыраңқырап, қарсы жүріп барды да:

«Есенсіздер ме?» деп өзі-өз болып алғаш рет ерлік жасады.

– Есенбіз, – деді жұлымыр Дүрия. – Жалғызсыз ғой.

Астында аты жоқ, қамшысы бар досыңыз қайда?

– Ол қазір келеді. Алтыбақанның әуресімен кешігіп жүрген болар.

– Ол келгенше біз не істеуіміз керек? Екі қызға сіздің әліңіз жете қояр ма екен, – деп сыңғырлай күлген Дүрия басындағы бүркеншікті қайырып, иығына жаба салды. Бұл әзілге қапелінде жауап бере алмаған Дархан өзінің жуастығына ызасы келді. Осының бәрін Омар есігінде жүрген кедейшілдігінен, бай қызғанып бетіне келмей, төмен қарап қорланып өскен өгей өмірінен көріп, қатты қорланды. Семейде олай емес еді ғой. Көпір салуға келген еркек шора қыздарға қырғидай тиетін қалжыңбас пысықтығы қайда? Ішіндегі алай-түлей екі ұдайлы сөзін қамшылағандай болып, батылдана тіл қатты.

– Ер жігіттің қара күші екі асауды бірдей бұғалықтауға жеткенімен, қос аруды бірдей құшып, көңілін таба алмауы әбден мүмкін, Дүрияш, – деді шешенсініп. – Жалған сыпайыгершілік, жоқ болмаса өтірік имену емес, күні кеше ғана көз алдымда көлбеңдеп өскен бала едіңдер, енді міне солқылдап бойжеткен сіздерді көргенде аузыма жөні түзу сөз түспей, сасқалақтайтын болыппын.

– Е, бәсе, – деді Дүрия күле сөйлеп. – Бар өнеріңізді ішіңізге сақтап жүріпсіз-ау.


– Өнер деген қызыл тіл бола берсе, Оспанның алдына түсер жан жоқ бұл елде. Ендігі жастың өнері қызыл тіл безеу емес, көп біліп, көп оқуында болып барады.

– Ендеше біздің ағай, Ерекеңнен асар адам жоқ па?

– Ол кісінің жөні бөлек. Білім бар да, оны іске жарату бар ғой.

– Сіздіңше... менің ағайым іске жарата алмай жүр ме? – деп Дүрия аздап шам шақырды. Осы кезде Гүлия «қойсаңшы» дегендей апасының жеңінен тартты.

– Ерекеңе төрелік айтар мен емес, – деп әңгімені ушықтырмай қайырды Дархан. Тоғай арасынан көкектің даусы естіліп еді, Дархан да қолын аузына апарып, сол құсша жауап қайтарды.

– Қарай гөр өздерін, – деді сүйсінген Дүрия, – бір-біріне берген белгілері әжептәуір. Бірақ, Дархан аға, күзді күні ол құс сайрамасқа керек еді ғой.

– Алжыған көкек қыста да шақыра береді. – Бағанадан жамылғысын алмай үнсіз тұрған Гүлия мырс етіп күліп жіберді.

– Олай болса сіздер, – деді Дүрия сайраңдап, – сол мезгілсіз шақырар алжыған құс болғандарыңыз.

– Қалай десеңіз де, басымды изегеннен басқа амалым жоқ.

Өйткені, сіздер Омекеңнің қыздарысыздар...

– Әкемді бұл жерге араластырмаңыз, – деді Дүрия қабағын шытып.

– Мұным білместік болды, айналайын, айып етпе. Тоғайсытырлап,Қамбаршықты.Қолындағыжатса-тұрсатас-

тамайтын қамшысын сарт еткізіп етігінің қонышына сала қалды да:

– Түу, әрең құтылдым-ау топалаң тигірлерден. Қайда барасың, деп қадалып болмайды. Тіпті, қамалап жібермей әуре қылды.

– Осы жын-ойнақты ойлап тапқан өзің едің, – деді Дүрия еркелей күліп. Үнінде өзімсіну бар.

– Осы жын-ойнақты ойлап таппасам, сендермен жолыға алар ма едік?

– Оның рас. Біз сен келгенше, біраз тәжікеге бардық. Дархан аға үндемегенге аузын буған моты ма десем, бабы келсе бас бермей кететін көкперінің өзі екен.


– Ә, оның ондайы бар, бір бұлқынса, мол бұлқынатын батыр- дың дәл өзі. Осыдан тұп-тура елу жыл бұрын туса, әкесі секілді барымташының өзі болар еді.

– Әкесі... – деп қалған Дүрия өз тілін өзі тістеп, ары қарай сөзін жалғастырмай жұтып қойды. Оның есіне баққан шешесінің «үйге келген кісілердің кім екендігі жайлы тістеріңнен шығармаңдар» деген қатты ескертуі түскен-тін.

– Немене айтқың келіп еді, Дүрия? – деді Дархан.

– Әкеңізді біздің үйден талай рет көріп едім, – деп жалтара жауап берді.

– Ой, ол кісі сендердікінен шықпайтын, – деді Қамбар.

– Ал не тұрыс, іске кіріспейміз бе?

– Қандай іске?– Қыздардың екеуі де елеңдесіп қалды.

– Менің Дүрияда аздаған шаруам, айтар сөзім бар еді, – деп қолтығынан демеді. – Соныдықтан екеуіңізді аз уақытқа қалдыра тұралық. Біз келгенше үндемес ойнап мелшиіп тұра бермеңдер тегінде.

– Олай болса, кеттік, – деді Дүрия. – Дархан ағаға қандай адамды да сеніп тастап кетуге болады. Зиянсыз кісі...

Екеуі жер сыза аяңдап көзден таса болды. Өзен бойын қуалай шүйкедей созылған мамық тұман бірсін-бірсін қоюланып, қыз бен жігіттің оңаша кездесуін құпиялағандай қалыңдап, қымтаған. Сәл үнсіздіктен соң екеуі де тым-тырыс тұрыстарынан ұялғандай қимылдады. Дарханды көбінесе таңдайы тақылдаған Дүрияның мысы басушы еді, енді екеуден- екеу қалғанда бойына өзі де танданыс білдірер батылдық пайда болған.

Гүлияның жөні бір басқа. Күні кешеге дейін, еркек затын ұнату, әлдекімге көз сүзу, көрер таңды көзімен атқызып, дірілдеп, қалшылдап ғашық болу сезімінен жұрдай, тіпті осы ауылдың жыртаңқой бозбалаларының ешқайсысына да мойын бұрып көз қиығын салмаған, туысынан салмақты, сабырлы қыздың үнемі тұйыққа тірелгендей жұмбақты жүріс-тұрысы, өзгені қойып бірге туған Дүрияның өзін қайран қалдыратын. Сыңарын мәңгірген халден оятқысы келгендей, сан рет ғашықтық хиссаларын айтып, сезімін қыттықтамақ ниетте өзі жігіт болып аймалайтын. Тіпті, түні бойы маза бермеуші еді. Не қылық көрсетсе де селт етпей, тұп-тұнық қара көздері мөлдіреп, терең, мәңгіге жібіместей ызасын келтіретін. Әбден


ызаға булыққан Дүрия себепсізден себепсіз жылайтын. Ал кеше кештен бергі көңіл-күйі басқаша. Ол өзінің он екіде бір гүлі ашылмаған қыз екенін алғаш рет Дарханмен алтыбақан тепкенде сезінді. Осынау алпамсадай сымбатты әрі өте ұяң жігіт жүрегіне жарылқаушы сәуле болып кіріп, былайғы ғұмырының дұғасына айналарын көкірегіне мықтап түйген. Айғайлап жар салып, жапан түзді жаңғыртып келер сүйдім-күйдім емес, басқаша... үнсіз ұғысып, тілсіз тілдесетін баянды махаббаттың сарқылмас жыры басталған еді. Алғашында оңай жасырын жолығулармен ғана шектелетіндей, бір-бірін көрсе құмардан шығатындай көрінген дүниенің азапты сапары алда, асуы да алда екенін бұлар да зерделемеген, жан сезімінде қоздаған ыштықтық ентіктірер, шаршатар, тек шыдам керек, шыдам! Құйын болып тиген дерттен сауығу үшін кете кездесулерден гөрі ұзақ сонар жүріс керегін білді ме? Бәрібір менмұндалап, бүкіл болмыс-ажарынан атқылап тұрған сүйіспеншіліктерін әуре болып, бекерден-бекер жасқана жасырады.

– Гүлия, қалқам, – деді Дархан қыздың нәзік саусақтарын ұстап. Қайсысының қолдары дірілдеп тұрғаны белгісіз еді. Саусақтары жанаса бере, екеуінің де өне бойынан тітір жүгіріп, жасын ұрғандай естанды күй кешті. Бірақ қыз ұяла төмен қарағаны болмаса қарсылық білдірген жоқ. – Мен сенімен мың жылдан бері осылай қол ұстасып қатар тұрған секілдімін.

– Тағы да мың жыл тұрасыз ба, аға? – деді Гүлия.

– Менің бұйрығымда болса шыдар едім. Тіпті, дәл осылай қатып қалуға да көнер едім.

– Жер басып жүрген соң, тұрғаннан гөрі ертеңгі атар таң, шығар күнге ұмтылган мақсұт-ау, аға.

– «Жоқ-жоқ, – деп ойлады Дархан қуанып, – бұл мен ойла- ғандай ынжық қыз емес, есіктегі басымды төрге сүйрер батыр, бар қуатын бойына үнсіз жинап жүрген тасқайнат секілді. Мұндай адамдармен қол ұстассаң ештеңе де қорқынышты емес, ештеңе де...

– Мен сізді, – «сеннен» сізге көшкенін өзі де байқамай қалды, – мен сізді...

– Мен де сізді, аға... – деп жігіттің кең кеудесіне маңдайын тіреп жылап жіберді. Жер бетіндегі адамның бәр-бәрі қайғыдан жылап, қуаныштан күле бермейді екен. Ару қыздың қазіргі көз жасын түсіндіру қиын еді.. Басына бүркеген шәлі-жапқышы


сусып желкесіне қайырылып қалды. Қыздың аздап дым шалған қолаң шашынан сипап, үнсіз бауырына баса елжіреп тұрған Дархан, мынау ию-қию жалғанда өзімнен бақытты адам жоқ деп ойлады. Бұдан әрі сөзбұйдаға салудың да, аш ішектей шұбатылтан әңгіме, әзілмен түсінісудің де, алақанына қонған құтты құсын орынсыз аймалап еркелету де – бәрінің түкке қажеті жоғын білді, осы қалпында өмір бойы тұрып қалуды армандады. Қозғалса, епетейсіз қылық көрсетсе – әзірде ғана тоңазыған, қабыршықтана бастаған ұлы достық, маздаған махаббаттары күл-талқан болары рас-ты, быт-шыт болуы мүмкін еді.

– Менде сенен басқа тірі жан, жанашыр ағайын жоғын білемісің, қалқам, – деді Дархан көзіне жас алып. – Тірі жетім болып, жұртта қалған күшіктей жүдеп-жадап жүргенде сені таптым. Тез табылған нәрсе, тез жоғалады деуші еді, ондай жамағаттың бетін ары қылсын. Тәңірім, ұзағынан сүйіндіргей, ұзағынан.

«Ұзағынан сүйіндіргей, тәңірием», – деп Гүлия да күбірледі. Сырт көзге жалғыз адамдай жабысып тұрған қыз бен жігіт желікті сезімнің желкенін түсіріп, жүз жыл бірге тұрып, жүз көрісіп үйренген қариялардай ақыл мен сабырға жеңдірген. Біссіміләсында тұла бойларын өрттей шарпыған ыстық ынтықтық, тұңғыш қосылған екі жастың басынан өтер майда діріл, жалынды құштарлық – мынау мезгілдің өзіндей жуас, әрі мұңлылау... Ол екеуі осы түнде бір бүтінге айналып, ересек тартқандарын сезді ме, көре алмаса құлындай тұра алмайтын жігіт пен қыздың ынтызарлығы қайда? Қайда, күні кешегі жанын жегідей жеген, ерттеулі атқа мінгендей ереуілдеген сағыныш, әлден сырыжұрт болып қалғаны ма? Кеуделеріндегі жұдырықтай ғана жүрек – ол да дәл кешегі, алтыбақан басындағы тайбурыл болып шаппай, баяу жүріс, байырқалаған салмақпен әлсіз һәм аздап қорқыныш шақыра соғады. Тосыннан келген осыншалық дертті халіне қайран қалғандай екеуі де бір-біріне білдірмей аздап алыстап кетті. Неге өйтті? Ұзақ жолды бастамай жатып, аяқтағаны ма? Суық сезімге салынып әлден-ақ суысқаны ма? Мүбәдә осының бар- барлығы шын ұғысқан жастың күлді-көмеш күлкі, сыбыр- сыбдырсыз-ақ өмір атты ұлы мұхитқа белді бекем буып, өздері


асықпай жасаған қайыққа бірге мініп тас-түйін қатар жүзіп шығуы еді.

Мүжіле-мүжіле таусылуға айналған ай балдыр тұманның арасынан тұтыла бозамықтанып бірде көрінсе, бірде көрінбей жасырынбақ ойнайды. Қазан түбіндегі өри бастаған тоңмайдай мүсінсізденген әлгі қылықты ай мамық мұнардың арасынан себездеп, ертек сынды ғажап көрініспен көңілге мәңгі тыныштық орнатқандай болады. Осы тұс әлемі секілді ақ мұнар арасында адасып келіп табысқан, айрылмастай болып қауышқан қыз бен жігіт тіпті де бұл дүниелік емес, арғы дүниеде, тек өздері ғана еститін әуенсіз ән тындап, намазға – махаббат намазына ұйығандай ұйқылы-ояу... Бар мен жоқ, өлі мен тірі, қуаныш пен қайғыға кезек жүгіріп шаршап, жалқы сәт көз шырымын алғандай, әлде алмағандай...

Тұманытқан ақмұнар дүниенің бір шетінде Қамбар мен Дүрия да адасып жүр еді. Еркіндік өздеріне тиген екеуі ал дегеннен-ақ құшақтарын айқастыра ұзақ сүйіскен; құмарлық дендеп, тоятсыз сезіммен аймаласқан. Жердің сыздығы мен күннің салқындығына өлердей өкініп, әттең... бір-бірін соқыр адамдай аласұра си-палаған еді. Бұдан бұрын да талай рет кездесіп, беттері ашылған Дүрия мен Қамбар тым-тырыс дүниені даңғараға бөлеп шулатқысы, етегін сүйреткен тұманды түннің ақ толқын көйлегін дал-дұлын шығарып жыртқысы келген.

– Екеуміздің бұл қылығымызды сезсе әке-шешең не айтар еді? – деді Қамбар қыздың дым шалған шашын сипап.

– Әкемді білмеймін, – деді Дүрия жуас үнмен. Әншейінде, ойнақтап тұрар ерке қыз салмақты да сабырлы мінезге көшіпті. Осы тасуы қайтып, асауы басылған өзендей момақан тазалық өзіне тіпті жарасады екен. – Ал, анам естісе, шашын жұлып, жер сабалап ашуланар еді.

– Иә, шешеңнің мінезі шатақ, бірақекеуміздіңқосылуымызға көлденең болар тосқауыл жоқ қазір. Өкіметтің заңы біздерді қолдайды. Сын сағаты басыңа түсіп, соңғы сөзді өзің айтар болған сәтте антыңнан айныма, жаным.

– Тек, асықпайық, – деді Дүрия – Сен мені асықтырма, айт- қаным айтқан – мен сендікпін. Сендік болмайтындай нем қалып еді...

– Ырғалып-жырғалуды уақыт көтермейді ғой, Дүрия.


– Дегенмен дәл қазір емес, ауылға көшіп түскен соң, шешімімді айтармын. Ол күнге де көп қалған жоқ.

– Қайтеміз, жылаймыз да шыдаймыз. Бірақ, кешеуілдете бергенің алаңдатады... Қайдам, сәулем, түйе тұсағанның екі ойы бардың кері болып жүрмесе...

– Сабыр түбі сары алтын деген, асығыстық сайтанның ісі. Сенің етегіңнен ұстап өтуге жазған шығар, сезіктенбей-ақ қой.

– Сен ақылды тентексің, жаным. Үлде мен бүлдеге оранып

өскен басыңа қиын іс туса өкінбейсің бе? Бірде бар, бірде жоқ өмірдің талқысына түскенде көзіңе қамшы тиген ботадай боздап, мені кінәлап жүрмесең, маған одан артық бақыттың керегі не.

– Маңдайымнан көрем де. Не бақ, не сор, сені жазықтағанда әуеден шұға жаумас, жер басып тірі жүрген соң, тойып тамақ ішіп, бүтін киім кигеннің несі айып. Қандай қазақ босағаға байланған байлық пен атақты бастан тепкен екен. Мал екеш, мал да қуарған тақырдан отты шалғынға қашпай ма. Семіздікті көтеріп, жоқшылыққа төзе білгенде ғана адам аңсаған мұратына жетеді білем. Бірақ, сол мұрат деген не өзі, бар ма, бар болса қандай? Менің ұға бермесім – осы ғана, басқасы. таңның атуы

мен күннің батуы арасындағы күнделікті тіршіліктің көп-көп күйбеңі ғой; біреу ерте, біреу жай тұрар, біреу ерте, біреу жай ұйықтар... айырмасы қане?..

Күні кеше ғана төбесіндегі үкісі бұлғаңдап, наздана күліп, масаттана шалқып жүрген тәкаппар қыздан дәл осындай көнелі сөз, терең пайым, ой мен мұңға толы толғаныс күтпеген Қамбар не дерін білмей қайран қызылшыл, жылтырағанға құмар нәсіпшіл сезіммен ғана жақсы көріп, кембағал бағалап келген екен. Ол өзін дәл қазір осы тұрысында соншалықты қор, алысты болжай алмайтын көрбала сезінді. Мынау құшағында әзірге ғана ырқына көніп, өзімен бірге күйіп-жанған, былқ- сылқ қылық көрсеткен қыз барған сайын биіктеп, мұны төмен қалдырып, жалғыздан-жалғыз самғап ұшып бара жатты. Қуып жете алмайтындай, мәңгіге айрылып қалатындай аса қорқынышты көрінді оған. Өнебойын біртіндеп қауіп жеңіп, сабақ білмейтін шәкірттей мүсәпір күйге түскен-ді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.