|
|||
уровень 502 теста 12 страницаЛазолван// +Кларитромицин// Сальбутамол// Парацетамол// Амброксол *** 40 жастағы әйел емханаға шағымдармен келді: жүрегінің қатты соғуы, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, басының айналуы. Объективті: дене бітімі-астеник, терісі және көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарған, құрғақ. Тырнақтары сынғыш, қатпарланған. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі 92 минутына. ҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Тілі ақ жабынмен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырмайды. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Кіші және үлкен дәреті қалыпты. Қандай лабораториялық зерттеуді жүргізу тиімді:// Зәрдегі лейкоцитті анықтау// Қан құрамындағы холестеринді анықтау// +Қандағы ферритин деңгейін анықтау// Зәрді бактериологиялық зерттеу// Нәжістің микроскопиясын жасау *** Науқас 53 жаста. Емханаға мынадай шағымдармен келді: ұйқышылдық, жалпы әлсіздік. Қарағанда: сұрақтарға баяу жауап береді, қимылдары баяу, бет-әлпеті ісінген, дауысы қарлыққан, терісі бозарған, құрғақ, қабыршақтанған, суық және қалыңдаған. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі 58 минутына, ҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қанда гиперхолестеринемия, тироксин мөлшері азайған. Бұл жағдайда қандай дәрігердің кеңесі қажет?// Кардиолог// Гематолог// Невропатолог// +Эндокринолог// Оториноларинголог *** Науқас С., ер адам жасы 57-де, басының қатты ауруына байланысты емханаға келген. Анамнезінен: 30 жылдан бері темекі шегеді. АҚҚ 160/100 мм.сын.бағ. ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясы байқалады. Қауіптілікті стратификациялау бойынша қай топқа жатады:// +Қауіптілігі жоғары// Қауіптілігі төмен// Қауіптілігі орташа// Қауіптілігі өте жоғары// Қауіп факторы жоқ *** 58 жастағы науқас жүрек тұсының ауырсынуымен қаралды. Ауырсыну сол қолға, иыққа, жауырынға беріледі. Ауырсынуы 30 минутқа созылады. ЭКГ-дағы өзгерістер: I, AVL, V5-6 тіркемелерінде ST сегментінің биіктеуі және патологиялық Q тісшесінің болуы анықталды. ЭКГ өзгерістер сол қарыншаның қай бүйірінің инфарктіне тән:// +Бүйірлік// Алдыңғы қалқалық// Төменгі// Артқы// Диафрагмальді *** Науқас 32 жаста. Шағымдары: физикалық күш түскенде ентікпенің болуы, жалпы әлсіздік, жөтел. Анамнезінен: жиі баспамен ауырады. Қарағанда беті цианозды қызыл түсті, жүрек ұшының соққысы солға ығысқан, аускультацияда жүрек ұшында әлсіреген І тоннан кейін систолалық шу естіледі, ол сол жақ қолтық астына беріледі және патологиялық ІІІ тон естіледі. ЭКГ-да сол қарынша мен сол жүрекшенің гипертрофия белгілері анықталады. Болжам диагнозының қайсысы дәлірек?// Митральді стеноз// +Митральді жетіспеушілік// Қолқа стенозы// Қолқа жетіспеушілігі// Үш жармалы қақпақшаның стенозы *** Әйел 20 жаста емханаға 2 апта бойы мазалайтын қызбаға, кеуде қуысының ауырсынуына, білезік, алақан және проксимальды фаланг аралық буындардың құрысуы мен домбығуына, бет эритемасына, балтырларының ісінуіне шағымданады. Алдын ала қойылатын диагноздың қайсысы дәлірек?// Ревматоидты артрит// Полимиозит// +Жүйелі қызыл жегі// Шегрен синдромы// Рейтер синдромы *** Науқас 28 жаста емханаға оң жақ қабырға астының қысқа уақытты қатты ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну оң жақ жауырынға беріледі. Ашуланғанда, диетаны бұзғанда пайда болады. Пальпацияда өт қапшығы тұсында ауырсыну анықталады. Спазмолитиктерді қолданғанда ауырсыну басылады. Алдын ала қойылатын диагноздың қайсысы дәлірек?// +Өт жолының дискинезиясы гипертоникалық түрі// Өт жолының дискинезиясы гипотониялық түрі// Созылмалы панкреатит// Созылмалы энтерит// Созылмалы колит *** Емханаға 32 жастағы науқас ішінің ауырсынуына шағымданады. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі және көзге көрінетін кілегй қабығы бозарған. Ішін пальпациялағанда сол жақ мықын аймағы ауырсынады. Капрограммасында шырыш пен қан анықталған. Бұл асқазан-ішек жолының қай бөлігінің зақымдалғанын көрсетеді?// Жіңішке ішек// +Тоқ ішек// Ұйқы безі// Асқазан// Өңеш *** Науқас 40 жаста. Профилактикалық қаруау кезінде оң өкпенің төменгі бөлігінде ошақты көлеңке анықталды. Анамнезінен: соңғы екі аптада кілегейлі қақырықпен жөтел, жалпы әлсіздік, кеудесінің шаншуы мазалаған. Қанның жалпы анализінде: Нв- 128 г/л, Л- 9,8*109/л, ЭТЖ- 21 мм/сағ. Пневмония мен өкпенің қатерлі ісігін ажырату мақсатында тиімді ақпарат беретін зерттеу әдісі:// Қақырықтың жалпы анализі// Атипиялық клеткаға қақырық анализі// +Компьютерлік томография// Бронхография// Қанның иммунологиялық анализі *** Емханаға 37 жастағы ер кісі кеудесінің сол бөлігіндегі ауру сезіміне және ауа жетіспеушілігіне шағымданып келді. Осының алдында ішмдіктен мас болған. Шағымдары көңіл-күйінің тежелуіне байланысты. Жүрек пен өкпеде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.Қай препаратты тағайындаған тиімді?// Сульфаниламидтер// Антибиотиктер// +Седативті// Кортикостероидтар// Жүрек гликозидтері *** Науқас К., 40 жаста, жанұялық дәрiгер: ұлтабар буылтығының алғаш анықталған жара ауруы диагнозын қойды. Қандай тексеру әдiсi нақты болып табылады:// Жалпы қан анализi// +Нәжiстi жасырын қанға тексеру// Асқазан сөлiнiң анализi// Дуоденальдi зондтау// ФГДС-пен биопсия *** 51 жастағы науқас оң қабырға астының сыздап ауырсынуына, лоқсуына шағымданады Ауырсыну оң жақ жауырынға беріледі. Обьективті: терісі қалыпты түсті, пальпацияда өт қабының орналасқан аймағында аздап ауырсыну байқалады. Ультрадыбыстық зерттеуде өт қапшығының пішіні кеңейіп ұлғайған. Болжам диагноздың қайсысы дәлірек:// Өт жолдарының гиперкинетикалық дискинезиясы// +Өт жолдарының гипокинетикалық дискинезиясы// Созылмалы холециститтің өршу кезеңі// Өт тасы ауыруының өршу кезеңі// Созылмалы панкреатиттің өршуі *** 57 жастағы науқаста кеуде қуысының ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы мазалаған. Анамнезінен: үш апта бұрын миокард инфарктін алған. Жүрек аускультациясында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қанның жалпы анализінде ЭТЖ жоғарылаған. Болжам диагноздың қайсысы дәлірек?// Жүрек хордаларының үзілуі// Миокардтың жыртылуы// Идиопатиялық перикардит// Некроз ошағының жайылуы// +Дресслер синдромы *** 40 жастағы науқаста физикалық күштен кейін ентігу, тұншығу ұстамасы, көпіршікті алқызыл түсті қақырықпен жөтел мазалайды. Объективті: өкпесінің екі жағынан әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі, жүрегінде жыбыр аритмиясы, бауырдың ұлғаюы, аяқтарында ісіктер анықталады. Болжам диагноздың қайсысы дәлірек?// Бронх демікпесінің ұстамасы// +Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік// Өкпе артериясының тромбоэмболиясы// Спонтанды пневмоторакс// Өкпенің қатерлі ісігі *** 50 жастағы науқас, соңғы жылдары түнгі кезде төстің жоғары бөлігінде ауырсынуына, 15 минутқа дейін созылып, кейде өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағанда басылуына шағымданды. ҚҚ 120/80 мм сын. бағ., пульсі 62 минутына, ЭКГ тыныштық кезінде өзгеріссіз. Ұстама кезінде ЭКГ-де кеуде тіркемесінде - ST сегменті жоғары. Болжам диагноздың қайсысы дәлірек?// Аортальді жетіспеушілік// Нейроциркуляторлық дистония// Күштемелі стенокардия// +Вариантты стенокардия// Обструктивті кардиопатия *** Күйген еттің иісімен сипатталатын, шоколад түсті қақырық бөлінуімен жүретін жөтел, тез арада деструкция дамытып, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы және нейтрофильді лейкоцитозбен көрінетін пневмония:// Легионеллезды// Стафилококтық// Пневмококтық// Микоплазмалық// +Фриндлер *** Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады. Болжам диагноздың қайсысы дәлірек?// Созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу// Созылмалы калькулезді холецистит, өршу// +Созылмалы панкреатит, өршу// Созылмалы белсенді гепатит, өршу// Созылмалы аутоиммуннды гепатит, өршу ***
|
|||
|