Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.



19.Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.

Зейнолла Қабдоловтың “Жалын” романында санадағы тартыстың дамуы арқылы қаһарманның рухани шыңдалуы, азаматтық сезімінің тереңдеуі жақсы көрсетілген. Романның басты қаһарманы – жоғары білімді жас маман Қабен Оразов Ембі мұнай өнеркəәсібі жөнінде кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Зерттеу тақырыбына байланысты жинаған көп сала ғылыми дерегі, мол мағлұматы бар.

Еңбегі жазылып біткен.

Қабен оңай даңқ іздеген атаққұмар жігіт емес, диссертация қорғауды жалаң мақсат тұтпаған, ісін есепке құрмаған. Тындырған жұмысым қоғамның кəәдесіне асса екен деп қана тілеген жақсы арманы бар. Міне енді сол арманы жүзеге асқалы қалды. Қабеннің диссертациясы оқыған оппоненттері, оның еңбегін мадақтай бастады. Ғылым жолына адал берілген жігіттің жастығына, тəәжірибесіздігіне байланысты, əәуелгі беттегі жүрексінуі, қобалжуы бəәсеңдеп, көңіліне бір сенім ұялай бастаған еді. Өзіне өзінің сенімі арта түскендей болған. Кенет бір күдік кеп килікті де, көңілді нілдей бұзды, ойнап қорғасындай ауырлатып жіберді. Бейтаныс біреу мұның пəәтеріне телефон соғып, - өзің Ембіде болып па ең? Мұндай кəәсіпшілігінде жұмыс істеп пе ең? – деп оқыс сауал берді де, Қабеннің диссертациясының өзгелер мақтап жатқан жақсылығына шүбəәланғандай болды. Бірақ кім екенін, аты-жөнін айтқан жоқ.

Бұл – біреудің қоқан лоқысы ма? ƏӘлде жасаған бопсасы ма? Сырт көзге солай көрінуі мүмкін ғой. Ал, Қабеннің басына мұндай ой жоламады. Телефон соққан адам есер кісі болмауы керек, Қабенді шошытайын деген ниеті де жоқ шығар; қойған сауалы орынды; кім де болса, іске жаны ашыған азамат болар. Қабен, міне, тек осылай ойлады.

Өндіріс саласына байланысты ғылыми еңбек жасау үшін өндірістің өзіне барып, ондағы жұмыстарға тікелей араласып, бүге-шігесін қалдырмай мұқият зерттеу керек. Ғылыми еңбек сонда ғана, шын мəәнісінде, сыннан өтіп, суарылып шығады. Бұл – белгілі ақиқат. Қабен мұны біледі. Ол Ембінің мұндай өндірісіне келіп жұмыс істеген жоқ, бірақ, диссертация тақырыбына байланысты Ембіге бір-екі рет командировкаға барып қайтқан. ƏӘрине, мұның аздық ететіні рас. Қабен бұны да біледі. Жəәне оның жинап əәкелген материалдарының негізінде диссертациясын жазып бітіргенше біраз уақыт өтті. Ал қазіргі техникалық өрлеу заманында жаңалықтар күнбе-күн туып жатады. Бүгін ғана ұсынған жаңа үлгіңіз ертеңіне-ақ ескіріп қала береді. Қабен өз диссертациясында тың ұсыныстар айтады. Бірақ сол ұсыныстары уақытына кешігіп қалмас па екен? Қабен мұны да ойлап қоятын. Енді мына бейтаныс адамның телефон соғып, тұтқиылдан қойған сұрауы Қабеннің сол ойын көсеп жіберіп, қоздатып кетті.

Қабен дүдəәмалданады. Жан дүние əәлемінде сезімдер тартысы басталады. Сол тартыс Қабенді біресе оң жағына қарай, біресе сол жағына қарай аудара жаздап, шайқалтады, бірақ, Қабен ілгері қозғала береді. Көңіліне күдік кіргенмен, бұрынғы сенімі мұны қолынан ұстап, алға қарай жетелейді.

Диссертация қорғалатын күні, ғылыми кеңес мəәжілісінде Қабенді сол сенім мінбеге жетелеп шығады. Қабен тиісті өзін мүдірмей айтып шықты. Одан соң ғылыми жетекшісі, оппоненттері мұның диссертациясын мақтап сөйлеп жатты.

Бірақ Қабеннің ойына кірген күдігі тарқамады, көңілді қобалжытты да тұрды. Бейтаныс адамның телефонмен қойған сұрағы есінен шықпады. Расында да Ембінің мұнай өндірісінде жұмыс істемеген Қабен, сол өндірісті бес саусағындай білемін деп айта ала ма? Жоқ, айта алмайды. Ендеше осы өндіріс жөнінде диссертация жазуы қалай? Қабенді қинай берген ой осы болды.

Бұған телефон соққан бейтаныс адамның кім екені де анықталды. Ол – атақты мұнайшы Сардар Сұлтанов боп шықты, Ембінің еңбек ері, əәйгілі кісі. Ғылыми кеңестің мəәжілісінде сөз сөйледі. Ол Қабеннің диссертациясын сынаған жоқ, Ембі мұнай өндірісінің бүгінгі жетістігін, еңбек технологиясындағы жаңалықтарды айтты да, өз көкейінде қорытылған пікірлерін алға тартып, ғалымдардың талқысына ұсынды.

Қабеннің күдігі де өзіне дəәл осы арада айқындалды. Ол енді толқыған ойын азаматтық сезімнің еркіне бағындырды да, шұғыл шешім жасады. Ғылыми кеңес кешірім өтініп, диссертациясын қорғауды тоқтату жөнінде ұсыныс қылды. Оның бұл қылығына таңырқаған ғылыми жетекшісінің де, жақын достарының да сөзіне көнбеді, диссертациясын мəәжілістің күн тəәртібінен алдыртып тастады.

Ол мұны қорқып жасады ма? Жоқ, оның диссертация қорғауына жұрттың бəәрі де тілектес боп отырған. Диссертациясы бекімейді деп қауіптенді ме? Жоқ, мұның диссертациясын ғылыми кеңес құптаған, қарсы айтылған пікір болмаған. Ол диссертацияны ойдағыдай қорғап та шығатын еді, мəәртебесі де зораятын еді, кандидаттық дипломды алған соң, жалақысы да өсетін еді. Қабен осының бəәрін де кейін ысырып тастады. Сардар Сұлтановтың сөзінен кейін диссертациясына көңілі толмады, олқылықтарын сезді. Еңбегін толықтырып, қайта жазуға бекінеді. Жəәне бұл істі Ембінің өзіне барып, мұнай өндірісінің қайнаған ортасында жүріп жазуға аңсары ауады. Қабеннің осы шешімінен оның азаматтық сезімінің тереңдігі танылады.

 

 

 

 

 

 

20.С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмəән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сəәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке толған,мүшел жастағы əәже Балзия мен оның немересі Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген.Себебі,əәңгіменің негізгі бөлімі осы екі кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты Жетісуды іздеп тау аспақшы болады.Бірақ қаусаған кəәрі адамға Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі Аманайға «Сəәукеле» тауы жайлы айтты?ƏӘрине,оның бір ғана себебі бар.Ол – Балзияның туылған жері.Аманай да Жетісуда туылған болатын.Томар – Омар неге Балзияның елге жетуіне күмəәнданды?Ол Балзия əәжейге кім болып келеді?..

Жалпы туындының негізгі ой түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген сағыныш,туған жерге деген ыстық сезім.Қойылған сауалдарға оралар болсақ.ТомарОмар Балзияның көршісі,жақын араласып жүретін қарт досы десек те болады.Томар-Омар күмəәндəәну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы əәже бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен əәрең тұрып,əәрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға

барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сəәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мəәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да бағындырады.Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп əәжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,əәжесімен бірге қыр асыл,тау басты...

«Отанды,ұлтты,əәдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды əәрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл əәңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бəәріне мойымай төтеп беріп,өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын,қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап,су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады.Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің бірі Томар-Омардың да қорыққаны осы болатын.

                         

                                                     

21.Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы «Бəәріміз де пендеміз ғой... Бір- бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөзге əәкелген қандай құндылық?

 Қабдеш Жұмаділовтың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған туындысы - " Тағдыр" романы. Шығармадағы «Бəәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген сөзге əәкелген қандай құндылық?

Адам бойындағы құндылықтар өте көп: адамгершілік, имандылық, ұлтжандылық, мейірімділік. «Адамгершілік- асыл қасиет» десек, Демежанның білімді де намысты болуы, үлкендерді сыйлауы аймақ басшысы Ши–амбымен жəәне ұстазымен қарым- қатынасынан көрінеді.Оның қарапайым адамдарға қол ұшын созуы, істеген жақсылығы-ұшан-теңіз. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ұстазына деген құрметі мен сүйіспеншілігі жайында сөз болады. Аймақ басшысының: « Мемлекеттің тілін, заңын білетін сен сияқты азаматтар біз үшін қашанда қадірлі» деуі тегін емес. Бүгінгі жаhандану заманында адамгершілік өресі биік адамдар азайып бара жатқандай. Менің ойымша, оған жастардың батысқа еліктеуі, рухани құлдырауы, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалып жатқан жастар көптеп кездеседі. Жан-дүниенің байлығы - өз қолымызда екенін ұмытпайық! 

 Қазіргі таңда адамдар бойында көптеп кездесе бермейтін ұлтжандылық қасиет романның басты кейіпкері Демежанға тəән. "Ұлтым - қазақ, соны ғана білемін, қолымнан келсе иісі қазаққа жақсылық жасағым келеді ,"- дейді. Туған халқы үшін Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресуі, елі үшін жер, су сұрауы сөз етіледі. Бұған дəәлел ретінде шекара сызығын бөлу кезінде бел шеше кірісуін айта аламыз. Жат жердің топырағында жүрсе де, ұлты үшін күрескен Демежан сияқты азаматтар бүгінгі тəәуелсіз елімізде саусақпен санарлық десем де болады. Солардың бірі де, бірегейі - Мұхтар Шаханов.

     ƏӘдебиеттанушы ғалым Ш. Елеукенов былай дейді: «Тағдыр- ұлтжанды қаhарманды биік өреге көтерген роман» Демежанның халқының елдігін, ауыз бірлігін сақтап қалу жолындағы тер төгіп, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, əәлеуметтік ортаның шындығы бүгінгі таңда да маңызды. Болашаққа қарай жол тартқан уақыт керуенінде халқымыздың мəәртебесі қашанда биік болғай деп тілеймін! 

       Қорытындылай келе, роман бүкіл ұлт тағдырын суреттейді. Аймақ басшысы Ши-амбы Демежанға: «Бəәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - дейді Құлжаға қоныс аудара бара жатып. Бұдан шығатын қорытынды: адам баласының тек ізгі ниеті мен игі істері ғана мəәңгі ұмытылмайтын құндылықтар екенін аңғаруға болады.

Халқы үшін еңбек еткен, адамгершілігі жоғары тұлғалар халық жүрегінен мəәңгі орын алады. Пенделіктен аулақ болып, сыйласып өткенге не жетсін !

 

22.О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.

Публицистика, поэзия, проза жанрларын əәдемі тоғыстырған қазақ əәдебиетінің жаңашыл дара жазушыларының бірі де бірегейі – Оралхан Бөкей. Өмірге құштар өр мінезді қаламгердің адамды асқақтата жырлаған өзекжарды шығармалары ұлтының рухани игілігіне айналды. Оның жазу өнеріндегі шеберлік шыңдау ізденістері мен көркемдік табысы тұрығысында өзіндік мəәні бар шығармасы – «Қар қызы» повесі. «Басқаша» жазуға құштар болған шығармашылық ғұмырбаянындағы жұртшылық назарын аударған елеулі туындысының бірі. Шығармадағы Қоңқай шалды жартылай жұмбақ күйде ұстаған автор концепциясы туралы үзілді-кесілді, біржақты тоқтам жасау қиын. Жұрттан жырақ өмір сүретін осы Қоңқай шал бейнесі арқылы Оралхан Бөкей нені меңзейді?

Былығы көп қоғамнан тысқары өтіп жатқан тірлікті айыптау сарыны шығармада басымдық ала қоймаған. Қаптаған ел ортасында жүріп-ақ оқшауөмір сүретіндер жетіп артылады. Жазушы бір мəәнде Қоңқай шалды «арқаланып» қоғамдағы кереғарлықтарды, келеңсіздіктерді меңзейді. Кейіпкердің ой ағыны , ішкі сезім сөзі арқылы əәсер сіңіру – автордың оңтайлы көркемдік тəәсілдердің бірі.

Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік нышаны танылады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні оның жалғыздығының анық көрінісі: «Шал əәлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді.Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып – жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуатты өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік құруда».

Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нəәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады».

Қорытындылай келе, жазушы Оралхан Бөкей шығармалары оқыған сайын тереңдей түсетін, бұйығып жатқан сырлары мен бұғып жатқан құпиялары шешіле  түсетін жұмбағы мол дүниелер. Ол шығармаларда қойылған неге, біз кімбіз деген салмақты сауалдар бүгін де, ертең де, сан жылдар өткен соң да əәр ұқпақтың алдынан көлденеңдеп шығып отырары даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дəәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз.Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының патриоттық мəәні зор. Ақын бұл дастанда жас батырдың ерлік істерін жеткізуге тырысқан. Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет - батырға тəән өзінің ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» - деген жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын анықтайды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген аталы сөз - Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің бастау алар кезеңі балалық шағындағы арманынан басталады. Біріншіден, Еспенбет Ақбөртені мініп, қару асынып, жау қайтаруды ойласа, екіншіден, «Еліме барып, ұл болсам» - деп армандайды. Міне, осы арманы оны ерлікке жетелейді. 

Күндердің күнінде Қабанбай бастаған батырлар ескі бір кекті қайтару үшін қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбеттің бастан кешкен күйін ақын: 

«Басталар қашан соғыс» деп – Белін шешіп жатпады, Түнде кірпік қақпады.

Ерлік қысқан кеудеге, 

Ішкен асы батпады, - деп елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген жас батыр бейнесін шынайы суреттейді. Ал, ұрыстың шешуші сəәтінде қазақтың жеті батырын жеңген қалмақ батырымен өзі сұранып, жекпе-жекке шығады. Осылайша, Еспенбеттің батылдығы арқасында қазақ халқы жеңіске жетіп, үлкен олжаға кенеледі. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқ пейіл əәдетінен таймай, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды. Міне, осындай ерлік істер арқылы оның халқына қызмет ету арманы орындалады. Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп оның батырлығын, ақыл-парасатын, қанағатшылдығын, мəәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді. 

Қорытындылай келе, дастандағы Еспенбеттің əәрбір ерлік ісі – оқырманға үлгі. 

Үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Еспенбет бойындағы ерлік істер – болашақ ұрпаққа мəәңгі өнеге. 

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.