Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.



15.Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дəәлелдеп жазыңыз.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін əәдебиет əәлеміне енгізген шығармасы — «Мен – қазақпын» поэмасы (1964). Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дəәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

    Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде табыстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы мен. 

Пəәк сəәбимін бесікте уілдеген, 

Дəәуірлермен құрдаспын, данамын мен, —

деген өлең жолдарынан — ақ ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық

намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді. 

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бəәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады. …Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым, Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым. Сансыз басты диюдай сан тіріліп, «Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым, —

деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға

қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың əән — күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:

….Күй емес пе, ботасыз нар идірген? 

ƏӘн емес пе, аққудай жар ілдірген? 

Жыр емес пе жүрекке жел бітірген? Олар барда қалайша тарылды іргем? –

деп, қазақ халқының əән — күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш

етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады.

Поэманың келесі бір шумағында ақын: Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді, Текке қанын төккен жоқ Аманкелді. 

Кең далаңда керіліп, атыңды атап, Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа əән келді… —

деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті

сақтауға үндейді. Елі үшін құрбан болған ƏӘлия, Мəәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады.

Ұлы аманат етейік еркіндікті, Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті, Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең. «Қазақ болу — зор бақыт» дер күн тіпті… —

деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей əәсерге бөлейді. Ақын

болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:

Мен — қазақпын қаныммен, сүйегіммен. Сəән — салтанат, салтымды сүйемін мен, — … Өз бейнеңдей əәлемге тұр танылып. Қазақстан гербі де, жалауы да, —

деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дəәлелдей түседі. Ақын өз

жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады. Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 

Мың да бір тірілдім мəәңгі өлмеске — Айта бергім келеді, айта бергім, —

деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын

көтере түседі.

                                       

                                                     

16.С.Мəәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы өлең үлгілерін əәкелгендердің ортасында Сырбай Мəәуленовтің орны ерекше. Сырбай Мəәуленов – қазақтың ұлттық

əәдебиетінің классигі. Ақын өмірдің сан түрлі құбылыстарына мəән беріп, талғампаздығының арқасында əәсерлі жырлар жазды. ƏӘрбірімізге Отанымыз қаншалықты қымбат болса соншалықты ақынға да туған жері қымбат. Осыған орай ақынның «Шөңге», «Қаратау» өлеңдерінде туған жерге деген махаббаты сипатталады. «Шөңге» өлеңінде туған жеріне деген сағынышын бірғана тікенек арқылы сипаттайды. Оны біз:

Сағыныппын, дариға, туған жердің, Гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін де,-

деген жолдардан біле аламыз. Ақын үшін туған жер дүниедегі ең ұлы, ең асылдардың бірі. Себебі, ол – кіндік қаны тамған жер, бақытты балалық шақ өткен жер.ақын бұл туралы:

Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім, О, туған жер, сен күнсің балаң үшін.

Қалтама сол шөңгеңді салып алдым, Бала күнді еске алып қарау үшін, - 

деп жырлайды. Расул Ғамзатовтың:

Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы, - 

деген өлең шумақтары сияқты Сырбай ақын да Атырау мен Алтай арасындағы байтақ табиғатқа арнаған құрметі ретінде «Қаратау» өлеңін жазды. Ақын ойынша қазақ тауының бабасы – Қаратау. Шексіз махаббатқа ие ақын жүрегі Қаратауды бірде бақ-берекеге теңесе, бірде алтын қазынаға, мол кен-құрышқа теңейді. Қаратау – кен-құрыш,  Қаратау – өндіріс. Халқымның бақ-құты, Қаратау – мол ырыс.

Қортындылай келе, ақын екі өлеңде де туған жерін, елі, оның табиғатын асқан шеберлікпен, нəәзік сезімімен жырлайды. Өлеңдерді оқу арқылы сағыныш шебін,жүрегіне мейірім ұялатқан табиғат перзентін көрдім, сезіндім. Сырбай Мəәуленовтің сырлы да, əәуезді, мол махаббатқа толы осы шығармалары арқылы «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» деп бекер айтылмағанын түсінесің. Оның əәдебиет əәлемінде орны зор. Оның сырға толы өлеңдері əәрдайым халық жадында.

                         

17.ƏӘбдіжəәміл Нұрпейісовтің Соңғы парыз романында Арал теңізі экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дəәлелдеп жазыңыз

 

Бүгінгі қазақ əәдебиетінің ардагері ,қазақ прозасының ұас шебері ƏӘбдіжəәміл нұрпейісов өз туған жері туралы жазған керемет романының бірі Соңғы парыз романына 20 жылға жуық уақытын сарп еткен туындысы .Қазақ ƏӘдебиетінде жарық көрген бұл роман осы күнге дейін жарық көріп келген романдардан жазылу үлгісімен де ,көркемдік əәлеміменде ерекшеленеді.

Шығармадағы идеялық эстетикалық əәлем күрделі .Арал теңізінің тартылуы күллі еліміз үшін экологиялық əәлеуметтік апат болса ,кейіпкерлер үшін өмірлік ,əәлеуметтік моральдық сынық .Аралдың тартылуы кейбіреулер үшін қызметтің өсуіне қажетті мүмкіншілік ,тартылған теңіздің орнына ,мақта егіп ,пайдаға кенелу .Ол үшін туып өскен жер бəәріде тасының өрге домалауы үшін аз күндік өмірінің қызығын көру үшін ғана қажет.

Ал кейбіреулері үшін теңіздің тартылуынан зардап шеккен ауыл аймақтың азып тозуы .Халықтың жатса да ,тұрсада толғандыратыны теңіз тағдыры ,оның болашағы ,сол теңізді. мекендеген елдің ертеңі.

Арал теңізінің тартылуы жергілікті халыққа көлдей зардап əәкелді .Арал теңізінің тартылуы балықтың жойылуына ,сол балықпен тамақтанатын көптеген құстардың жойылуына , балық аулайтын жандардың жұмыссыздануына себеп болуда .Ең маңыздысы Арал теңізі адам тағдырымен сабақтас болуда ,яғни денсаулықтың нашарлауы .

Қортындылай келе ,талғампаз жазушының Соңғы парыз атты бұл романы суреткердің жаңа да батыл ұмтылысы қоғаммен заман ,адам табиғатына толғана қарап,қəәзіргі қазақ əәдебиетінің əәлемге танытқан асқар биіктігіміз .жалпы ,адам үшін бірінші байлық денсаулық .Сондай ақ ,ертеңін ойлаған əәрбір ел алдымен халқының саулығын ойлады .Қəәзіргі кезде аралды құтқару үшін жұмыстар жүргізілуле .Жай ғана Аралым өлеңінің өзі бар дүниенің ащы шындық етіп айтып тұр деп ойлаймын.

Арал ,сен туралы айттым əән 

Арал,ақ айдыным аңсаған 

Арал,оралсаңгы қайтадан 

Арал!!!!!!!

 

 

 

18.ƏӘ.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.

 Батыр – қайсар, ерен күш иесі. Адамның батырлығы сан қилы жағдайлар кезінде танылады. ƏӘзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын ерекше рухтанбай, əәсер алмай оқып шығу мүмкін емес екен. Шығармада Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өрлігі суреттеледі. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген. 

Роман-диалогте Б.Момышұлы ұлтжандық қасиетке тəән мінезімен көрінеді. Оны автордың: «Отаншылдық - əәр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал Отанды сүю өз үйіңнен басталады. Ата-анаңды сыйлаудан басталады», - деген ойларынан аңғарамыз. Меніңше, азғантай сөзбен ұрпаққа қандай үлкен ой айтқанын көреміз. Батырдың елі үшін қасық қаны қалғанша күрескендігін көре отырып, оның Отан алдындағы жауапкершілік қасиетін байқаймыз.  

  Жазушы шығармасында батырдың тек белді қолбасшы ғана емес, өз жауынгерлеріне əәкедей зейіл, əәділ, қамқоршы екенін тамаша мысалмен суреттеген. Оны жазушы: «Бауыржанға «батялап» кіріп келе жатқан адамның артынан бүкіл полкы жамырай еріп келе жатқандай көрінді». Осы үзіндіден-ақ батырдың қаһарлы да қатал жүректі саналатын қолбасшы ғана емес, ақ жүректігі, бауырмалдығы айқын сезіледі деп ойлаймын. Соынмен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бəәрі батырға да тəән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда

Б.Момышұлының кемеңгерлігімен таныстырады. Автордың «... не бары жаудың екіақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың əәрқайсысы 2 танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!?» - деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілділігіе, кеңпейілділігін көрсетті. 

     Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей болған баһадүр батыр Бауыржан ағамыздың даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тəәрбиеленген біз осал ұрпақ болмайтынымызға мен нық сенімдімін! 

 

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.