Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тəәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.



14.ƏӘ.Тəәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.

Үздік шығармалар беріп, əәлемдік даңққа бөленген, көп салалы мол сырлы, алуан əәуезді қазақ əәдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің алдыңғы қатарында ауызға алынып, құрмет етілетін қаламгерлердің бірі - ƏӘбділда Тəәжібаев. Оның шеберлік өрісіндегі елеулі туындыларының бірі – «Портреттер» поэмасы. Бұл поэмадағы лирикалық қаһарманның тұлғасы қандай?

Лирикалыққаһарман үниені аса бір ынтық көзбен шолады, өткен тарихты айөын азаматтық зердемен ой тезінен өткізеді. Поэма барысында дəәуір сипаттарын оқиға ауқымында, шиеленісті тартыстар шешімінде ашуға автор аса ынталы емес. Керісінше қаһарманның жан əәлеміндегі боямасыз жеке шынайы түйсіну, сезім тербелістері арқылы адам тағдырларының қоғамдық-əәлеуметтік сілкіністер аясындағы баянды, баянсыз халінен сыр ашуға ден қойған. Уақыт жəәне уақыт көлеміндегі адам тағдырларын ақын жинақы, шебер, кестелі тілмен, жанды суреттеулермен, асқақ, өміршең адамсүйгіштік рухты ашады. Шығарма тіршілік

қуанышымен шаттанған қаһарманның төрт құбыласы түгел қалпында басталады да, əәрі қарай бір үйлі жанның өмір сəәулесі солғындап, асқар тау əәкеден, араға жылдар салып, əәке орнына əәке болған бауыр – ағадан, ұзамай көз қуанған қарындастан көз жазып қалуы айтылады. Одан əәрі қайғылы жылдар өтінде қасіреттен шөккенімен, қайтадан жаңғырған өмір шуағына жылынған қарт ана тағдыры – төңкеріс, зобалаң, соғыс жылдарында, уақыт бедерінде тұтас бір халық бастан өткерген тарих баяндалады. Лирикалық қаһарман бастан өткерген өмірдің əәрбір адамға етене қымбат сəәттері, тым таным күйлері оқырмандарды толқытады. Автордың ұтымды, ұрымтал тұстардан алып отыратын тіршілік құбылыстары өтімді көркемдік шешім арқауларын түзеді.

Қорытындылай келе, адам, уақыт, ұрпақ сабақтастығы. Адамның өмірсүйгіш рух қуаты. «Портреттер» осыны жаңа поэтикалық үлгіде қазақ поэзиясына алып келді. ƏӘбділда ақын поэзиясына тəән негізі өміршең сипаттар шығармада тағы да жаңа бір көркемдік арнаға бет бұрған болатын. Бұл уақыттың көркем бейнесі кейпінде келесі буын ақындары ширата түскен өнімді тəәсілге айналды. Адамның замана арпалыстары аяулы өмірі туралы жаңа бағытта жантолқытар шығарма жазу үрдісінің орнығып, жалғасуында ƏӘбділда Тəәжібаевтың «Портреттер» поэмасы елеулі поэтикалық мəәнге ие болды.

             



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.