Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.



6.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз.

«Қамар сұлу» - өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан əәлеуметтік роман. Жазушы қазақ əәйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне алып, сол арқылы өз дəәуірінің қоғамдық шындығын əәлеуметтік тұрғыда талдайды. Қоғамдық топтардың Қамар тағдыры туралы əәр түрлі түсінігін, əәрекет тіршілігін жанжақты суреттей отырып, шығарма идеясын өзі өмір сүрген қоғамның негіздерін сынауға бейімдейді. Қалың малға сатып шалдардың жас қыз алуын, əәлділердің əәлсіздерге зорлығын, халықтың қараңғыдағы қапас тіршілігін өткір сынайды. Сол негізде феодалдық патриархалдық салт-сананың күйреуін жəәне оны ұға алмай отырған елдің надан мінез-құлқын əәшкерелейді.

Қамар өзіне тең жар боларлық адамды сұлудан, байдан іздемейді, ақылды, сырлас, мұңдас адамдардан іздейді. Мұндай адам деп Ахметті таниды. Бірақ қыз ғашықтық сезіміне беріліп, күйректікке түспейді. Сезімді ақылға жеңдіріп, алдыартын ойлайды. Сол дəәуір жағдайында Қамар мен Ахметтің қосылуына мүмкіндік те жоқ еді. Қамар – ауқатты ортадан шыққан қыз. Ахмет – кедей жігіт. Екеуі – екі ортаның адамдары. 

А, құдай жасты-жасқа пар қылғаның, Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.

Біреуге алтын, гауһар тақыт беріп,

Астана жұрт билеген хан қылғаның.

Жазушы Қамар бейнесі арқылы қазақ қызының басындағы ауыр халді көрсетіп, «елдің ең ардақтысы Қамарды осындай ит қорлықпен өлтіргенде, басқа қыздардың күйі не болмақ?»- деген сұраққа жауап іздейді. Осы мысал негізінде ескі ауылды құрт аурудай жайлап, есеңгіретіп бара жатқан əәдет-ғұрып маңын айыптайды. Автордың бұл ойы – Қамардың өлердегі сөзінен айқын көрінеді.

Тоқтау бер мұнан былай қазағыңа, Шалдардың қызды салмай мазағына...

Қорытындыласақ, Ахмет пен Қамар арасындағы іңкəәр сезімге үстем халық өкілдерінің қысымы, əәлеуметтік теңсіздік пен надан халықтың жаңаша ойлай алмауы кесірін тигізді. Шығарма Қамар сұлу бейнесінде заман қасіретін көрсетті. Мазмұнында тек əәйел теңсіздігі емес, астарында халықтың қараңғылығы мен байдың озбырлығы қыл тағдырында бейнеленген.

 

7.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тəәрбие мəәселесін қазіргі кездегі отбасындағы тəәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.

«Қамар сұлу» романы – С.Торайғыров шығармаларының жаңа сапаға өткелі тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығарма. Ал бұл шығармада отбасылық тəәрбие мəәселесі қалай көтерілді?

ХХ ғасырдың басындағы қазақтың іріп-шіріген билеуші тобының өкен, тəәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы – оны қазақ əәдебиетіндегі демократтық əәдебиеттің ірі өкілі етті. Негізінен «Қамар сұлу» романында қазақсалт-дəәстүрлері туралы сыни пікір айтылған. Ең көрнекті көтерілетін мəәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-əәйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ахмет Қамарға ғашық болғанымен қалың малға ақша төлеуге қарааты жетпеді. Содан соң Қамарды он бес жасына Нұрым деген азаматқа тұрмысқа береді. С.Торайғыров бұны заманның ащы қиындығы ретінде сипаттаған жəәне

«Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ жолы» - деп суреттеген.

Ал қазіргі кездегі отбасы тəәрбиесі Қазақстанның əәр түкпірінде əәрқалай. Қазақстанның оңтүстік өңірінде қалың мал міндетті түрді алынады жəәне оны жасауымен қайтарады. Батыс өңірлерді қалың малды сұрау дəәстүрі оңтүстіктегіден əәлдеқайда көбірек. Бағасы жағынан да, жанындағы жералғылар жағынан да батыстың қыздары дес бермейді. Шығыс өңірлерде қалың малды «бергенінше береді», «бермесе қояды», «жағдайына қараймыз» диалектілерін қолданады. Ал Солтүстік Қазақстанның тұрғындары «Теңін тапса тегін бер» деген салтты ұстанады. Егер қыз бен жігіт бір-бірін ұнатып тұрса, қалың мал да, жасау да сұрамай, еншісін беріп бөлек шығарады. Менің ойымша, «қалың мал» беру ол дұрыс нəәрсе. Себебі ол қыздың ата-анасына зор көмек болады. ƏӘрі қалың мал жат жұртқа емес, жасау қылып қыздың артынан қайта жол тартады. Бірақ қалың мал берерде көрпесіне қарай көсілген жөн.

Қорыта келе, менің жеке ойымша Қамардың ата-анасы қалың малға қызығып, қыздың обалына қалды. Бұндай жағдай қазіргі қазақ халқының басына тиіп, Қамардың тағдырын қайталағанын қаламаймын.

 

 

 

8.Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.

Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі ақындарының бірі де бірегейі. Абай Құнанбайұлынан үлгі алып, шығармалары мен өлеңдерін де үлгі тұтқан болатын. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Ол өз өлеңдерінде қазақ арасындағы əәр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, əәрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынай жазды. Елін білім алуға,өнер үйренуге шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым» , т.б. өлеңдерінде ақын сол тақырыптарды талқылайды. Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасына ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін, халқын сүйді, туған жерін жүрегіне жақын тұтты. Ол:

Басқа жүрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр, - 

дей келіп,қазақ арасында мұндай ұмтылыстың жоғына қынжылады. Байлар да,

оқу оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шəәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Халық ішінде өзара дау-жанжал көп. Міне, Мағжанның өкініші осылар еді. Осы мəәселелердің бəәрін өз өлеңдерінде қынжыла жазады жəәне ол өлеңдерінде заман шындығы, халықтың басынан өткен қиыншылықтарды ойға алу арқылы түсіндіреді.

Ақын айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш – жастар. Сондықтан Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп асқақтаған өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қайсарлық пен күштілікті, таза жүрек пен шыншылдықты, азаматтық рух пен туған жерге деген махаббатты көреді жəәне соған мақтанады. Ақын нені жырласа да ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.

Міне, ақын барлық өлеңдерінде, жоғарыда айтып өткенімдей, сол кездегі мəәселелерді көтеріп ең бірінші халқын ойлап жазады.

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.