Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-əәлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дəәлелдеп жазыңыз.



4.М.ƏӘуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.

Мұхтар ƏӘуезов – əәр түрлі əәдеби жанрларда терең қалам тербеген жазушы. Оның аса көрнекті шығармаларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл романның қоғамдағы орны қандай?

«Абай жолы» - қазақ əәдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ əәдебиетінде пайда болуы аса елеулі мəәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, əәлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дəәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, əәулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дəәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дəәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жекебастық іс-əәрекеттері дəәуірдің көкейкесті мəәселелерімен, нəәсілдер, таптар, халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тəәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты əәшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сəәйкес көрсетіледі.

«Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ əәдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес əәдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, əәлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, əәлеуметтік жағдайын, мəәдениетін, тұрмысын таныды.

Қорытындылай келе, қазақ əәдебиетіне М.ƏӘуезов дəәстүрінің игі ықпалы əәр тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, əәсіресе шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған əәрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбəәсіз.

 

5.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-əәлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дəәлелдеп жазыңыз.

Қазақ прозасына үлкен үлес қосқан алғашқы қазақ романының авторы – Жүсіпбек Аймауытов. Оның талант мүмкіндіктері, қабілет ерекшеліктері айқын көрінген туындысы – «Ақбілек» романы. Қаламгер əәлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күресі, ел мойнына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дəәл басады. Ендеше, осы «Ақбілек» романында қандай саясиəәлеуметтік жағдайлар мен өмір шындығы туралы жазылды?

Жалпы романның өзі қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. «Ақбілекте» қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы тұсындағы əәлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды. Бүкіл сюжет елдегі азамат соғысы тұсында ғана өтуге тиіс оқиғаға негізделген. Қазақ халқының орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж.Аймауытов Ақбілек трагедиясы арқылы шынайы суреттеген. Ресей империясының екі ғасырдай боданы болған қазақ халқының азып-тозған мүшкіл халін айқын көрсету үшін жазушы Ақбілек басындағы трагедиясын шегіне жеткізіп көрсете білген. Ішкі Ресейдегі қызыл орыстардың тегеурінді екпініне шыдай алмай оңтүстікке қарай жөңкілген ақ орыстар жүрген жерін жалмап, бейбіт халықты тонап, қырып-жойып бара жатты. Кейбір кеудемсоқ офицерлер тіпті шектен шығып қазақтың қызкеліншектерін зорлап, қорлап кетіп отырды. Ақбілек те осындай бір ақ офицерінің күшпен зорлап қосылған уақытша əәйеліне айналып еді. Осы оқиғаларды баяндай отырып, жазушы ұлттық психологияны нанымды суреттейді. Орыстардың қазақтарды менсінбеуі, адам санатына қоспауы, қазаққа деген зорлық зомбылығын шімірікпестен істей салуы – бір жағынан орыстардың басқыншылық мінез-құлқын, езуші халық ретінде дандайсыған көңіл-күйін көрсетсе, екінші жағынан қазақтардың орысқа дегенде дəәрменсіздігін, ынжықтығын, бейшаралығын байқатады. Бірімен-бірі айтысып-қырқысқанда батыл қимылдайтын қазақтар орыстан өктемдік көрсе, ұнжырғасы түсіп, бүгежектеп қалады. Осыны жақсы білетін озбырлар онан сайын құтырына түседі. Ж.Аймауытов өз романында мəәселенің осы жағына баса назар аударған. Автор езуші ұлт пен езілуші ұлттың психологиясын дəәл берген.

Қорытындылай келе, Ақбілек – сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес, ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне айналған. Сондықтан да «Ақбілек» қазақ əәдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын шығарма.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.