Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.



ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Организмнің зақымдануға жалпы әсерленісі бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.

ТАПСЫРМАЛАР

Кейс - стади

№ 1 есеп.

А тәжірибесі.

Бақылау қояны мен азот-иприт енгізгеннен кейін дамыған айқын гранулоцитопениясы бар қояндарда скипидарды тері астына енгізу арқылы қызба дамытты.

1. Осы жануарларда енгізген скипидардың әсерінен дамыған қызбаның қарқыны біодей болады ма?

2. Пирогенал енгізген соң осы қояндарда қызба серпілісінің сипатында айырмашылық байқала ма?

3. Осы қояндарда температураның даму уақытында скипидар мен пирогенал енгізгенде айырмашылық бола ма?

Б тәжірибесі.

Тәжірибеге 3 қоян алынды. А қоянына бұлшықетіне пирогенал енгізілді. 5 минуттан соң А қоянынан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, оны Б қоянына енгізді. 120 минуттан соң А қоянынан қан алынып, тағы да 5 мл сарысу дайындалып, В қоянының көктамырына енгізді. Қояндардың дене қызымы ұдайы өлшеніп отырылды. В қоянында Б қоянына қарағанда температура тез және айқын көтерілгені байқалды. Неге?

 

№ 2 есеп. Дәрігерге 20 жастағы науқасұдайы қайталанатын жұқпалы ауруға шағымданып келді. Ауру тарихынан науқастың тіпті айқын іріңді үрдісте де дене қызымы 37,20С-тан аспаған.

1. Төмен дене қызымының мүмкіндік табиғатын түсіндіріңіз

2. Осы жағдайда иммундық әсерлендіргіштерді қолдану тиімді бола ма?

№ 3 есеп. Науқас П., 18 жаста ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырайды, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.

1. Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?

2. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?

3. Байқалған  симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

№ 4  есеп. Миокард  инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында жедел кезең жауабының нәруыздары (СРН-С-реактивті нәруыз) анықталды.

1. Дене қызымы көтерілуі және қанда жедел кезең жауабы нәруызы артуының патогенезін түсіндіріңіз.

2. Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.