Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және оны алдын алу



Дәріс 12

Тақырып: Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар және оларды алдын алу. Лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығы және оны алдын алу

Мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың мазмұнын ашып беру.Лауазымдық қылмыстылықтың криминологиялық ерекшелігі және түсінігін ашу

Жоспар

1.Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі және қылмыснамалық ерекшеліктері.

2.Қылмыснамалық мінездеме, детерминанттар және терроризмді алдын алу.

3. Лауазымдық қылмыстылықтың қылмыснамалық ерекшелігі және түсінігі

4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының қылмыснамалық мінездемесі.

5.Лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың негізгі криминогендік факторлары және оны алдын алу шаралары

 

1. Қоғамдық қауіпсіздік бұл қоғамның тұрақтылығымен және тыныштылығымен, адамның өмірінің және меншігінің қол сұқпаушылығымен, мемлекеттік және қоғамдық институттардың қызмет етуімен мінезделетін қоғамның жағдайын айтамыз.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үш негізгі топқа бөлуге болады:

Қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын.

Қоғамдық қауіпсіздікке қауіпсіздік ережелерін бұзу әсерінен пайда болатын қылмыстар.

Қоғамдық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жоғарғы қауіпті қайнар көздеріне тікелей бағытталған қылмыстар.

2. Терроризм әлеуметтік көзқарастан бұл қандай да бір әлеуметтік топқа немесе халыққа бағытталған жарияланған түрде жасалынған қоғамға қауіпті іс әрекет. Мұндай қоғамға қауіпті іс әрекет қандай да бір шешіміне әсер ету немесе шешімі террористер мүделеріне сәйкес қабылдануға әсер ету мақсатында жасалынады.

Терроризмнің қылмыснамалық мінездемесі:

-глобализация, трансхалықтық терористік ұйымдарының халықаралық деңгейіне шығу;   

-терроризмге өз мақсатын жету үшін құқықтық емес тәсілдерді қолдану, бұл принципі өз тәілсіздігі үшін күресетін халықтық одақтардан терроризмнің ерекшелігі болып табылады;

-қоғамды және адамдарды қорқыту ол терроризмнің кез келген тәсілдерінің негізі

    Терроризмнің пайда болуы әр түрлі шарттарымен байланысты, мысалы: экономикалық, саяси, қоғамның әр түрлі салаларда пайда болатын әлеуметтік қақтығыстармен.

    Терроризмнің пайда болу факторларының ішінде келесі негізгі деп айтуға болады олар:

- мемлекеттік биліктің әлсіздігі, мемлекеттің және қоғамның институттардың әлсіздігі, құқық қорғау органдарының қызметінде жетіспеушіліктері, басқа елдерден террористердің келуі, яғни шекараларының ашылғаны;

-терроризмнің алдын алу кезенде құқықтық механизмнің жетіспеушілігі немесе оны жүзеге асыру кезенде қатаңдығының жетіспеушілігі;

-қару жарақ айналымға бақылаудың жетіспеушілігі

- жалпы халықтық және бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиенің болмауы.

3. Лауазымдық қылмыстылық ол лауазымдық тұлғалармен мемлекетке қарсы, мемлекеттік қызметінің мүдделеріне қарсы және жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүдделеріне қарсы жасалатын қылмыстардың жиынтығы.

   Лауазымдық қылмыстардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың бір қалыпты жұмыс істеуне және де мемлекеттінің азаматтардың алдында абыройын түсіреді.

   Лауазымдық қылмыстылықтын қылмыснамалық ерекшелігі осы қылмыстарды тек қандай да бір билікпен немесе құзыреті бар лауазымды тұлғалар жасайды.

   Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ерекшелігі ол өзіне тек мемлекеттік органдардың салада ғана емес сонымен бірге коммерциялық қызмет саласындағы тұлғалардың әр түрлі құқыққа қайшы әрекеттерді құрайды.

   Қылмыстар лауазымдық тұлғалармен пайдакүнемдік мақсатымен және тікелей ниетімен жасалынады.

    4. Жемқорлық – мемлекеттік және басқа қызметкерлердің сатып алу- сатқындылығымен, олармен материалды немесе материалды емес байлықтарды және жеңілдіктерді, олармен осы субъектілердің ресми статусын пайдаланып, осы статуспен байланысты беделін, мүмкіншілігін, байланыстарын орындалуы мүмкінмен сипатталатын әлеуметтік жағдай.

    Жемқорлық қылмыстық – бұл біртұтас, қылмыстардың жаппай жиынтылығы (және оларды жасаған адамдардың), мемлекеттік қызметтің беделіне немесе жергілікті өзін-өзі басқаратын органдағы қызметке, коммерциялық немесе басқа мемлекеттік емес ұйымдардағы қызметке қарсы, мемлекеттік немесе коммерциялық және басқа мемлекеттік емес құрылымдарда орындауға өкілетті адамдармен материалдық немесе басқа байлықтар мен жеңілдіктерді заңсыз алуда көрінетін.

    Жемқорлықтың құқыққа қарсы әрекет ретінде негізгі белгілерінің бірі келесі әрекеттердің бірін іске асырумен сипатталатын өзінді механизм болады:

    Екі жақты мәміле, оның барысында бір жақ – мемлекеттік немесе басқа қызметтегі адам (жемқор), лауазымының белсенінде негізделген және онымен байланысты мүмкіншіліктерді жеке немесе заңды тұлғаларға өзінің қызмет өкілетін немесе қызметін жасырын «сатады», ал басқа жақ (корруптер), мемлекеттік немесе басқа билік құрылымды өзінің мақсатында (баю үшін, қандай да болсын жеңілдіктерді алу, әлеуметті тексеруден жалтару,заңмен орантылған жауаптылықтан және т.б.) пайдалануға мүмкіндік алады;

- қызметкермен жеке немесе заңды тұлғалардан параны қорқытып алу, құқықты немесе құқықты емес әрекеттерді жасағаны (немесе жасалмағаны үшін) қосымша төлем алу;

- жеке немесе заңды тұлғалармен қызметкерлерді белсенді сатып алу, бірсыпырада күшті психикалық әсер етумен, қорқытумен және соңынан өзіндік «параға отырғызумен» іске асыру.

    Қазіргі жемқорлықтын ерекшелігі болады:

    Елімізде кең тарағаны, едәуір масштабтар, ерекше қоғамдық қауіптілік;    мемлекеттік қызметке, жергілікті өзін-өзі басқару органдардағы қызметке, коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызмет белсеніне нақты зиян келтіру;

    Жемқорлық әрекеттердің субъектілерінің өзінділігі, олар болады, бір жағынан, лауазымды адамдарт және басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қызметкерлер, ал екіншіден – қандай да болсын жеке және заңды тұлғалар;

    Қызмет мүддесіне қарсы кінәлімен өзінің қызмет бабын пайдалану;

    Онда пайдакүнемдік немесе басқа жеке қызықшылығы және құқыққа қарсы әрекетті жасауда қасақаналық болуы;       

    Тіркелетін қылмыстардың қатысты тұрақтылығы олардың жоғары латенттігінде, 90 пайызға жететін;

    Жемқорлық қылмыстықтың тек лауазымды қылмыстардың жиынтығына жатқызылмауы;

    Ұйымдасқан қылмыстықпен тығыз байланысы, оның өкілдері шиноуниктерді сатып алуға қылмысты табылған құралдардың 30-дан 50 пайызына дейін береді; жоғары қоғамдық қауіптілігі.

    5. Лауазымды және жемқорлық қылмыстық көптегенде еліміздің барлық қылмыстығының жалпы жататын криминогендік, әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен алдын ала белгіленеді.

    Сол кезде талдап отырған қылмыстыққа ерекше маңызды өмір сүру мен дамудың ерекше себептер мен жағдайлары, көптегенде мемлекеттік қызметпен байланысты: қызмет ортасының ерекшелігі, қызмет жағдайлары; мемлекеттік қызметкерлердік сипаты; олардың қызмет бабына әлеуметтік тексерудің жағдайы.

    Қызмет ортасын лауазымды және жемқорлы қылмыстықты туғызатын фактор ретінде көрсете отырып, ерекше назарды аудару қажет: а) қызмет жағдайына; б) істегі басқару типына; в) ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайға.

    Лауазымды және жемқорлық қылмыстыққа ұйымдарда істе болатын әлеуметтік-психологиялық жағдай әсер етеді, қызметкерлер арасында жемқорлықты дұрыс құбылыс деп тану.

    Лауазымды және жемқорлық қылмыстықтың детерминанттар жүйесінде үлкен маңызды мемлекеттік қызметкерлердің өзінің жеке сипаттамалары алады (қоғамға қарсы орнатулық, пайдакүнемдік, қызғаншылық, карьеризм,заңды, моральдық нормаларды, мамандық ар-намысты материалдық пайдаға құрбан ету)

    Лауазымды және жемқорлық қылмыстарды жасауға ықпал ететін мәнді жағдайдың бірі ұйымдастырбилік сипатының және әлеуметтік тексерудің кемшіліктері (келісім тәртібін бұзу; қызмет бабын ұйымдастырудағы кемшіліктер; кадрді алуда және орналастырудағы кемшіліктер; есеп және тексерудің кемшілігі;шаруашылықсыз; тәрбие жұмысының кемшілігі; тексеру және құқық қорғау органдары жұмысының кемщілігі; лауазымды адамдардың, қызметкерлердің табысы мен жұмсауларына, ал сондай олармен өзінің міндеттерін орындауына тексерудің жоқтығы; жемқорлық фактілеріне назар аудармау).

    Жемқорлықты төмендетуге бағытталған заңдылық және басқа нормативтік актілерді толық емес іске асыруда әлеуметтік тексерудің кемшілігі көрінеді.

    Лауазымды және жемқорлы қылмыстықпен күресуде маңызды орындв алдын алу алады, яғни оның себебі мен жағдайына позитивті әсер ету, кейбір адамдардың қылмыстық әрекеттерін ескерту және кесу (лауазымды және жемқорлы қылмыстықпен күрестін құқұықтық базасын жеткізу, мемлекеттік аппараттың және олармен мәселелерді шешу процедурасын жеткізу; өмірдің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін жалақыны оларға төлеу; кадрлерді алу және орналастыруды жеткізу, мемлекеттік қызметтен лауазымды өкілетін орындаумен байланысты, жүріс-тұрыстың этикалық нормасын бұзған адамдарды шығару, мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен шығындарына көтерінкі тексеру жүргізу,лауазымды және жемқорлы қылмыстар жасау фактілеріне алдын алу және кесу бойынша құқық қорғау қызметінің сатысын көтеру, бұқаралық ақпарат құралдарын және білім жүйесін, азаматтық қоғамның барлық институттарын еліміздің азаматтарымен жемқорлықтың қауіптілігін сезінуге белсенді көмектесу және сонымен оның болуына қоғамдық шыдамдылықты төмендету.

    Көрсетілген арнайы-қылмыснамалық шаралармен қатар лауазымды және жемқорлық қылмыстарды алдын алу үшін халықтың өмір деңгейін көтеру, заңмен қорғалатын,бірақ көптегенде мемлекетпен бұзылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін күнделік нәтижелі қорғау болады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қылмыснамалық ерекшеліктері қандай.

2 Терроризмнің түсінігін ашыныз

3 Терроризмнің қоғамға қауіптілігі неде тұрады

4 Террорист тұлғасының ерекшеліктері қандай

5 Қазіргі терроризмнің негізгі себептері қандай

6. Лауазымды қылмыстықтың түсінігін және ерекшелігін ашып береңіз

 

Дәріс 13

Тақырып: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және оны алдын алу

Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың қылмыстың қылмыснаманың негiздерi және оны алдын алу бойынша шараларын ашу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.