Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Нақты қылмысты жасау механизмнiң себептері мен жағдайлары



7 Дәріс

Тақырып: Нақты қылмысты жасау механизмнiң себептері мен жағдайлары

Мақсаты:Нақты қылмысты жасау механизмнiң себептері мен жағдайларын ұғыму

Жоспар

1. Накты қылмыс жасау себептері мен шарттары ұғымы

2. Нақты қылмыс жасаудын әлеуметтік-психологиялық механизмі

1.Жекелеген қылмыстық мінез-құлық деңгейінде зиян келтіру механизмін зерттеу мен анықтау үшін диалектиканың бастапқы әдістемелік қағидаларына жүгінуіміз қажет. Осы бағьпта «жекелеген», «ерекше» және «жалпы» әрекеттер нақты құбылысты, белгілі бір , объективті шындыктың белгілі бір жақтарын көрсетеді.

Гегель кезінде былай деп жазған еді, жекелеген деген сөз -тікелей, нақты бір нәрсе, ал ерекшелік - жекелегеннің белгілі бір қасиеті немесе қатынасы, жалпылық деген одан гөрі абстракциялы, ерекшеліктегі жекелегеннен гөрі белгісі.

Әр ғылымның өзінің ілімдік «бастапқы дәні» болу керек. Химияда зерттеудің бастапқы нүктесі жекелеген элемент болып саналады, биологияда-жекелеген тіршілік иесі, қылмыснамада-қылмыс (жеке мінез-құлық). Химиялық элементтер тобындагы әрқайсысы ішінара бір-бірімен байланыста, бірақ олардың арасында бірін-бірі қайталамайтындай өз қасиеттері бар. Биологияда тіршілік иесі тек жеке ғана емес, бірін-біріне жақыңдастыратын жалпы белгілер болады. Осындай қайталанатын елеулі белгілердің негізінде қайсыбір ерекше түрлер қалыптасады. Демек, ерекшелік категориясы түрлілік және маңызды қайталанушылықтың көрінісі. Ерекше бір қатынаста жалпы болып көрінсе, енді бір қатынаста жеке ретінде керінеді. Мысалы, тегі бойынша жеке болса, ал жеке адамға байланысты жалпы болып көрінеді.

Адам ұғымының жеке, ерекше және жалпы нысандары-қоғамдық дүниеде, дүниетанымдық нысанда ғана көрінетінін ескеру керек. Сондықтан да, жеке қылмыстық мінез-қрыктың себепті кешені туралы айтқанда, сөз себептің өзі немесе белгілі бір жағдайда нақты жеке адамды зерттегенде анықталатын себептер туралы емес, тек қана оның зиян келтіру механизмі жөнінде болады.

Кез келген қылмыс - күрделі құбылыс. Тек құбылыс болғандықтан күрделі емес. Ол бірқатар өзара байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің белгілі бір нәтижесі. Осы факторлардың өзініңсан алуандығы да аз болмауы мұмкін. Басқаша айтқанда, басты шешуші фактор қандай немесе осы нәтижеге қандай адам қатысады.Бұл ең алдымен белгілі бір қылмыс жасаған индивид немесе адамтұлгасы. Оңсыз салдардьң өзі - қылмыс та жасалмаған болар еді.

Бірақ индивид - саналы жан, сондықтан ол қылмыстық әрекет(әрекетсіздік) жасау кезінде белгілі бір ерікке ие болады. Демек, еңалдымен бүл жерде қылмыскер түлғасының еріктілік әрекегі көрінеді.Қылмыс, адамның кез келген қылығы сияқты тұлғаның жеке қасиетінің өзара әрекеттестігінің және адамньң нақты бір мінез-қүлықтық шешім қабылдаудағы объективті (индивид үшін сыртқы)жағдайы.

Кез келген жеке қылмыс бір жағынан жеке адамның жеке ерекшеліктеріне-оның қажетгіліктеріне, себептеріне, мақсатына, ең соңында, әр -қилы әлеуметтік құндылықтар мен тәртіптеріне көзқарасы мен қатынасына, соның ішінде құқықтық ұйғарымдар мен гыйым салушылыққа, екінші жағынан сыртқы объективті жағдайлардың жиынтығына негізделеді, абайсыздықтагы қылмыс нәтижесіне жеткізетін қасақана қылмыс не әрекет немесе эрекетсіздік жасау ниеті мен бел байлаушылық тудырады. Мұнымен бірге жекелеген қылмыстардың себептерін зерттеу мен тұлғалық ерекшеліктердің алдын алу бағытынде қылмыснама үшін қажетгісі тек статистикасы ғана емес, ең бастысы олардың динамикасы - пайда болуы, дамуы, яғни, тұлғаны адамгершілікке қарай қалыптастыру шарттары қажет.

Айтылғандарды қорытындылай келе нақты қылмыс жасау -кеке адам адамгершілігінің қалыптасуына теріс ықпалдың пайда болуы мен қылмыстық жағдайға әкеп соқтыратын сыртқы объективгік іән-жайлардың пайда болуына байланысты тұлғаның теріс дамгершілік-психологиялық касиеттерінің өзара әрекеттестігінің әтижесі деп айтуға болады.

Мұндай қорытынды нақты қылмыс жасау тұлганың әлеуметтік (ындық пен өзара әрекеттестігінің екі деңгейін көрсетеді: жеке адамның адамгершіліктік қалыптасу шартының деңгейі және қылмыс асаудағы нақты жағдайдың деңгейі. Түлғаның адамгершілік ілыптасуының жайсыз шарты деңгейінде осы адамның қылмыс ісау мүмкіндігінің психологиялық алғышарттары құрылады. Нақты іғдай деңгейінде мүлдай мүмкіндік іс жузінде шындыққа айналады.екі деңгейде жалпы қылмыстылықтың себептері және шарттарыжеке қылмыстың себептері және шарттары арасындағы байланыстар байқалады. Қылмыстылықтың себептері мен шарттары әр түрлі жақтарымен тұлғаның адамгершілік қалыптасуының, олардың мазмұнынан көрінеді және сонымен бірге жеке тұлға болған нақты жағдайды анықгайды. Өз кезегінде, жекелеген қылмыстардың жеке деңгейдегі себептері шындығында пайда болатын қылмыстылықтың себептері мен нақты жағдайларын бейнелеп көрсетеді.

Ішкі істер органдары өздерінің алдын алу қызметтерін отбасында, оқу мен еңбекұжымдарында, тұрмыста, әлеуметгік өмірдің басқа салаларында адамдардың адамгершілік қалыптасуына кері эсер ететін жағдайларды аша отырып, осы көрсетілген екі деңгейде жүргізеді. Осыған байланысты оларды болдырмауға шара қолданып, накгы бір қылмыстық қол сұғушылық тудыратын жағдайлардың пайда болуын ескертедІ жэне оларды бейтараптандырады. Мұнымен бірге, ішкі істер органдарының түрлі қызметтері өздерінің құзырына қарай жүргізіледі: қылмысты іздестіру-ұрлық, тонау, шабуыл, жеке адамға қарсы қорлык қылмыстар, бүзақылық сияқты қылмыстық әрекетгерге соқтыратын шарттар мен жағдайларға қатысты; экономикалық қылмыспен күрес бөлімі (ЭҚКБ) қызметі -ұрлық, парақорлыққатэн шарттар мен жағдайларға қатысты; кәмелетке толмағандар ісі көніндегі бөлім - жасөспірімдердің мінез-қүлық жағдайы мен олардың бойында адамгершілікті қалыптастыру шарттарымен скереді; учаскелік инспекторлар - түрлі қылмыстар жасайды деп үгілетін адамдардың адамгершіліктік қалыптасу шарттары мен кағдайларының кең ауқымы бойынша.

Түлғалар мен әлеуметтік шындықтың өзара байланыстарының осы екі деңгейін ескере отырып, жекелеген қылмыс себептеріне талдау жүргізілуі тиіс. Бүл талдау осы сияқты мінез-қүлықтың субъективті себебі, сондай-ақ нақты бір қылмыс жасауға итермелейтін, жеңілдететін және мүмкіндік беретін сыртқы (обьективті) жағдайлармән-жайлар болып саналатын теріс пиғылды адамгершіліктік психологиялық қасиеттердің қалыптасуы әсеріндегі жеке қылмыстық мінез-құлық пен шарттар механизмін қарастыруды ұсынады.

2.Нақты бір қылмыс жасаудың әлеуметтік-психологиялык механизмі адамның кез келген қылығы ретінде оның эрекет етуінің белгілі бір элементтері мен кезевдерінен құралады. Нақты қылықтьт психологиялық элементі болып, осы қылыққа байланысты қажёттілікті, мүддені, себепті, мақсатты көрсететін адамнық адамгершілік қасиеті саналады. Ал қызмет ету механизмініц кезеңдері адамгершілік қасиеттердің қальштасуы, оларду өміршіңдікке айналдыру, мінез-қүлықтық шешім қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады.

Қылықтың қылмысқа бағыттылығы оның жасалуының психологиялық ерекше сипатына, дұрыс мінез-құқық механизмінің айырмашылығына байланысты емес, осы екі механизмнің жекелеген буындарының жетімсіздігіне және қалыптасудың түрлі кезеңдерге бұрмалануына байланысты. Қылықты қылмысқа айналдыратын мұндай жетімсіздікпен бұрмалану аталған,психологиялық механизмінің кез келген буынында, оның қызмет етуінің бір немесе бірнеше кезеңдерінде болуы мүмкін, сондай-ақ, олардың әр түрлі үлес салмағы және әр түрлі уақытта әрекет етуге ие болуы мүмкін. Сонымен бірге жетімсіздік пен бұрмалау адамгершіліктің қалыптасу жағдайында уақыт бойынша қылмыстан оның дәл жасалу сэтінен алшақтау болады, ал, әсіресе, ересек адамдар жасаған қылмыста мүлдем болмайтынын ескеру қажет.

Қылмыстық қылықтың прсхологиялық механизмінің буындары мен кезеңдерін зерттей отырып, қылмысқа экеп соқтыратын онын жетімсіздіктері мен бүрмалануларын ашуға, осындай бүрмаланудын арғы жағында не жатқанын анықтауға, соның негізінде алдын алу қоғамдық мүдделердің сәйкес, жеке мүддені қоғам мүддесінен жоғары қою пиелініске жетелеп, оның арты қылмыс жасаумен тынуы мүмкін. Мұндай сәйкессіздікті өмірден жиі көруге болады.

Сөйтіп, жеке қылмыстың тікелей психологиялық себептері адамның қоғамдық мүдделерге қарамастан өзінің қажеттігін қанағаттандыру болып саналады.

Осы аталғандардың арасынан ең қауіптісі - бүлінген, әлеуметке карсы қылмыстық әрекет жасау. Оның жалпы бұқара арасындағы жүзеге асырылуы барлық қылмыстардың 10-12 пайызын құрайды. Көптеген жағдайда қылмыстылық әрекеттер қажеттіліктің мазмұньша емес, оны қанағаттандыру әдістерінің сипатына байланысты.

Өзінің қажеттілік мүддесін қанағаттандыру үшін жеке адам осыған байланысты мүмкіндіктерді ой елегінен өткізеді, оған жағдай іуғызатын және бөгет жасайтын кедергілерді өлшеп-пішеді, осындай сипаттағы мақсатқа жету үшін соның жолдарын ойластырып, құралдарын сайлайды. Адамның қажеттілік пен мүддені сезінуінің осындай психологиялық процесінің маңызды ерекшелігі осы ойын жүзеге асыру кезеңінде тиісті шешім қабылдауында, атап қайтқанда, осы ойын қанағаттандырса ма екен; әлде сабыр ете тұрса ма екен, оны қандай жолдармен, қандай құралдарды пайдаланып орындаса екен деген ойлар мазалайды. Осындай ойлардың бірін таңдау мүмкіндігі олардың бірнеше түрінің болуымен анықталады. Егер ондай жолдар мен амалдар ойластырылмаған кейбір жағдайда әрекет қылмыс деп саналмайдыч Таңдаудың қажеттігі белгілі бір шешімдердің эр түрлі әлеуметтік мәніне байланысты, ал таңдау адамның адамгершілік мәніне байланысты.

Мысалы, кез келген адамның бойында артық немесе кем дәрежеде менмендік пен менікі дұрыс дейтін қажеттік болады. Осы қажеттік негізінде ол өзін жоғары ұстағысы келеді, барлық адамды өзіне қаратқысы келеді, өзімен санасқанды жөн көреді. Осындай қасиеттерді басшылыққа алғандардың кейбіреуі өзінің алдына қьізметтік немесе қоғамдағы артықшылықты мақсат тұтса, енді кейбіреулер басқа жолмен жүріп, өзін сотқарлығымен, тентектігімен, ұзақылығымен және басқа жағынан көрсетеді.

    Бақылау сұрақтары:

1.Белгiлi бiр қылмыс жасаудың себебiн және жағдайының түсiнiгiн аштыру

2..Белгiлi бiр қылмыстың жасалу механизмнiң жағдайын түсiндiру

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.