Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары



5 Дәріс

Тақырып: Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары

Мақсаты: Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын ұғыну

Жоспар:

1. Қылмыстылық себептері ұғымы

2. Қылмыстылық шарттары ұғымы

1.Себептілік - бүл себеп пен салдар сияқты екі құбылыстың арасындағы объективті, жалпыға бірдей генетикалық байланыс. Себептілік үрдісі жүйелі түрде уақытқа байланысты дамиды, ал себеп қашанда салдардың алдында болады. Мінез-құлық нормалары мен құндылықтар туралы мағлұматтар адамдар мен жеке түлғаларда дүниетаным мен психологияны қалыптастырып, ақпараттың әр қилы көздері мен жолдары арқылы игеріледі.

Себеп-салдар байланыстарын зерттеуде шексіз «себеп-салдар» буындарын айырып алу жүзеге асырылады. Мүндай айырып алу белгілі бір әрекеттестікті тура анықтаудың ең жақын деген себептерінің жүйесін түсініп-білуге мүмкіндік туғызады.

«Себеп-салдар» әрекеттестігі жағдайға, яғни, оның «ортасын» құрайтын, оларға қосылып және олардың белгілі бір дамуын қамтамасыз ететін құбылыстардың, мән-жайлардың жағдайына байланысты. «Себеп-салдар» әрекеттестігі қажетті жағдайлардың жеткілікті жиынтығымен жүзеге асырылады. Қылмыстылықтың себептілік механизмінде себеп салдарды туғызады, ал жағдай оған ықпал етеді. Бұл жерде әңгіме олардың қандай да болмасын әрекеттері міндетті байланыста болуы жөнінде болып отыр, Қылмыстылық тудыратын себептер мен жағдайлар кешенінің біріккен әрекеттері криминогендік детерминант деп аталады.

Әлеуметтік құбылыстардың себептілігі түсініктемесі себептіліктің негізгі әдістемелік ұғымынан туындап, оның қоғамдағы, әсіресе, төмендегідей ерекшеліктерін ескереді:

а)себеп-салдарлық заңдылықтардың екі типін: динамикалық және статистикалық;

б) әлеуметтік детерминацияны зерттеу кезінде жүйелі әдіс міндетті;

в) әлеуметтік детерминанттың мазмұны, әсіресе, қоғамдағы қарама-қайшылықтармен және оны тиімді шешумен анықталады.

г) әлеуметгік құбылыстар қоғамдастық, қауымдастық (топ) және тулғалардеңгейіндегі әртүрлі қызметжүйесін көрсететін болғандықтан, соңғы нәтижесінде қызмет немесе әрекет сипатын таңдау адамдардың сұранысымен, қызығушылығымен және себептерімен анықталады.

д) әлеуметтік детерминацияны талдау тарихи әдістерді қолдануды қажет етеді, яғни, өткендегіден қазіргіге дейінгі және қазіргідегіден келешектегі даму барысындағы құбылыстарды танып-білу қажет, мұның өзі детерминацияжөнінде мағлұматтар беріп қана қоймайды, сонымен бірге оның алдағы дамуын болжауға мүмкіндік береді.

Детерминация процесін детерминанттардың өздері қылмыстылыктың себептерімен, жағдайларымен, коррелянттарымен шатастырып, араластыруға болмайды. Детерминация диалектикалық заңдылық, сондықтан да ол әлеуметтік бейтарап. Детерминациямен күрес мүмкін емес. Мәселен, орта мен түлғалардың әрекеттестігіне қарсылықты күшейтуге бағдарланған алдын алу бағдарламасын ойластыру мүмкін емес шығар.

Қылмыстылықтың себептері мен шарттары - қоғамдық экономикалық қауымдастыққа және сол мемлекеттің өзіне тән салдары ретінде сәйкес келетін қылмыстылықты анықтайтын теріс жүйе.

Қылмыстылықтың себептері мен шарттары өзінің пайда болу тегі мен мәні бойынша әлеуметті. Олар қашанда қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар арасынан орын алады. Мазмұны жағынан бүлар теріс бағытты, адамдардың, қоғамның, мемлекеттің мүделерімен санаспайды.

Криминогенді детерминанттар біршама тұтастай жалпыны (жүйені) құрайды. Бұған қылмыс топтарының (түрлерінің) себептері мен шарттарының жүйелік бөліктері енеді, мысалы күш көрсету, пайдакүнемдік, қайталанған қылмыстар және басқалары. Нақты қылмыстардың себептері мен шарттары криминогенді жүйенің бастапқы элементтері болады. Мұндай элементтердің арасында күрделі көп деңгейлі өзара әрекеттестіктер болады. Осыған байланысты криминогенді жүйе нақты қылмыстың себептері мен шарттарының арифметикалық сонасы бойыншаесептеліне алмайды. Ол әлеуметтік құбылыстың сапалы жаңадай қасиетіне ие болады.

Әрекет ету механизмі бойынша детерминанттар қылмыстылықты тудырушы (себепкер)жәнесебепші, көмектесуші, мүмкіндіктуғызушы болып бөлінеді. Олар қылмыстық деңгейінен және жекелеген қылмыстардың қылмыстық жүйесінен көрініп те тұрады және пайда да болады. Оған детерминацияның барлық деңгейіндегі изоморфизм (кұрылымдардың біртектестілігі) деген ұғым айғақ.

2.Қылмыстылық себептері мен шарттары мағлүматтарын жүйелілік көзқарасымен бағалау көпфакторлы (кондиционалистік)теория ретінде ешбір негізсіз болып табылады.

Факторлар теориясы әлеуметтену мен қылмыснамадакриминогенді детерминантты теңестіріп талдағаны үшін (олардың айырмашылықтарын ескермей) сынға алынып келеді. Осы орайда белгілі американдық криминолог Э. Сатерленд факторлар теориясын «салысқұлдылықтар каталогы» деп атаған болатын. Дэл сол өзінен-өзі дұрыс сипат алатын қылмыстылық факторына жүйелілік көзқарастарды пайдалана қоймау факторлардың басты әдістемелік кемшілігін құрайды.

Қылмыстылықты детерминант жүйесінде негіздеудің ғылыми ғана емес, тәжірибелік маңызы да бар. Қоғамдық психологияның өзгеріске ұшырауының орны толмас сипатқа ие болуы мүмкін және оны қалпына келтіру үшін көп уақыт кетеді. Қылмыстылықтың шартына байланысты мәселе жеңілірек. Жеке адамға байланысты алдын алу шаралары, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу-тиісті криминогенді психологияны криминогенсізге алмастыру.

Криминогенді детерминаттар жиынтығын жүйе ретінде қарастыру қылмыстылыққа әсер етудің мазмұны мен механизмінің айырмашылықтарын мүлдем жоққа шығармайды. Жүйелік әдіс қылмыстылықтың себептері мен шарттары жүйесiнің жүйе ішіндегі көп қырлы байланыстарды орнатуға жағдай туғызады, криминогенді жүйелердің бөлінбейтін элементтерін ашады, оның метажүйелермен (қоғаммен, мемлекетпен, әлемдік қауымдастықпен) өзара әрекеттестігін анықтайды.

Себептер - қылмыстылық пен қылмысты тікелей туғызатын, жаңадан өндіретін заңды салдары ретіндегі әлеуметтік-психологиялық детерминанттар. Қоғам мен заңнан алшақтаған қауымдастық пен тұлғаның әлеуметтік және құқықтық психологиясы кылмыстылыкгың себептер жүйесін құрайды. Қылмыстылықтың себептері арасынан дәлелсіз агрессивтілікті, үлтшылдықты, қоғамды елемей жек көруді, құқықтық нигилизмді ерекше атап көрсетуге болады. Қылмыстылық себептерінің жүйесі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады. Дегенмен, осындай жүйелі нақты қылмыстың дәлелін қылмыстылықтың әлеуметтік криминогенді дәлелімен қарама-қарсы қою мүмкін емес, өйткені жүйенің барлықэлементтері өзара әрекеттес.

Шарт - бүл өзі қылмыстылық пен қылмыс тудырмайтын, бірақ себептің әрекетіне жағдай туғызатын, жеңілдететін, өршітетін кері әлеуметтік құбылыс. Мысалы, бақылау-ревизиялық қызметтің жеткіліксіздігі материалдық құндылықтарды сақтау, есеп жүргізу және пайдалануда бақылаусыздық туғызып, меншікке қол сұғушылыққа жағдай жасайтын шарт болып саналады.

Себептер мен шарттардың арасында «криминогенді детерминанттар» талданған ұғымын пайдалануға және басқаларды қамтитын өзара тығыз әрекеттестік болады. Мазмұны жағынан себеп әлеуметтік-психологиялық сипаттар. Шартта сол сияқты-экономикалық, саяси, кұкықтық, үйымдықжәнебасқадамазмүлдарға ие. Себеп қылмыстылықты тудырады, шарт себептердің қылмыстық әрекетке айналуына жағдай жасайды. Олар кейде рөлдерімен алмасуы дамүмкін.

Қылмыстылықты оқып-зерттеуде ең бірінші кезеісге өзара байланыстылықтар ғарылады, мысалы, халықтың әлеуметтікдемографиялық қүрылымы мен қылмыстылықпен, оның деңгейі мен құрылымы арасындағы байланыстар. Дегенмен, белгілі бір және баска әлеуметтік құбылыстар мен қылмыстылық арасындағы айланыстарды анықтау себепті танудың бірінші кезеңінде және -иартта соңғы кезеңде белгілі болады. Байланыстарды анықтап белгілегеннен кейін сапалық-сандықталдау арқылы себепті жағдай тұғызатын байланыстар ашылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қымыстылықтың жағдайының және себептерiнiңтүсiнiгi аштыру

2.Детерминация түрлерiн негiзгi шарттары неде

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.