Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Қылмыснамалық виктимология. Қылмыс жасау механизмiнде жәбiрленушiнiң ролi



Дәріс 9

Тақырып: Қылмыснамалық виктимология. Қылмыс жасау механизмiнде жәбiрленушiнiң ролi

Мақсаты: Криминалды виктимологияның түсінігін ашып беру.Қылмыс жасау механизміндегі жәбiрленушiның ролі ашу

Жоспар

1. Қылмыснамалық виктимология

2. Қылмыс жасау механизміндегі жәбiрленушiның ролі

        

    1.Қылмыснамалық виктимология (латынның victima – құдайға құрбан ететін тірі жан, құрбан және гректің logos – сөз, ілім) – қылмыс жәбiрленушi туралы ілім, қылмыснама ғылымының бағыты ретінде 20-шы ғасырда пайда болды.

    Пайда болу сәтінен виктимологияның дамуы келесі бағыттармен жүрді:

    - адамды дайындау (криминогендік жағдайларда оптималды жүріс-тұрыстың алгоритмдерін дайындау және арнайы тренинг);

    - олардың қызмет функциялары қылмыстық қол сұғумен ұщтасқан лауазымды адамдардың қорғану деңгейін көтеру;

    - виктимогендік жағдайларды төмендету, оларды тойтару және жоққа шығару, азаматтарды виктимогендік «жағдайлар-торлар» туралы мәліметтеу, олар мүмкіншілігі бойынша олардан бас тарту үшін;

    - қылмыстардан зардап шеккендерді тқорғау және ақтау.

    Виктимологтарды негізгі идеялары келесіге жатады:

    1) құрбанның жүріс-тұрысы қылмыстық жүріс-тұрыстың себептілігіне мәнді ықпал етеді.

    2) қылмыстық құрбан болуы ерекше феноменге – виктмділікке байланысты.

    3) виктимділік анықталған адамның, әлеуметтік ролдің немесе әлеуметтік жағдайдын қасиеті болады, ол ұрындырады немесе қылмыстық жүріс-тұрысты жеңілдетеді;

    4) виктимділік бірсыпыра факторларға байланысты:

    а) жекелік сипаттылықтан;

    б) лауазымды адамның құқықтық статусына, оның қызмет функцияларының ерекшелігіне, материалдық қамтамасыздылығынан және қорғалу деңгейіне;

    в) жағдайдың жанжалдық сатысынан, осы жағдай дамыйтын орынның және уақыттың ерекшелігіне;

    г) виктимділіктін көлемі өзгеруі мүмкін. Оның өсу процесі виктимизация ретінде анықталады, төмендеуі – девиктимизация.

2.Кейбір жағдайда жеке бастың объективтік және адекваттық бағалауы және жәбірленушінің жүріс-тұрысы сол немесе басқа қылмыстық актіні түсіндіруге мүмкіншілік береді, қылмыс жасау механизмінің түсінуіне, қылмыстың алдын алуын іске асыруға, болатын құрбандарды тану үшін, потенциалды қауіп төндіретін жағдайларды және қылмыскермен және құрбан арасындағы қауіпті арақатынастарды дамытуға олар сондай ықпал ететін фарторлар аз емес деректер береді.

    Жәбірленушінің жүріс-тұрысынан жүре отырып, қылмыстың алдындағы жағдайларды үш топқа бөлуге болады:

    1. Оларда жәбірленушінің әрекеттері ұрындыру сипатын алатын жағдайлар, өздерінде қылмыс жасау үшін себеп алады (күш көрсету және т.б.). Бұл құқыққа қарсы немесе (және) аморальдік жүріс-тұрыс.

    2. Оларда жәбірленушінің әрекеттері абайсыз сипат алатын жағдайлар, сонымен қылмыс жасау үшін қолайлы шарттар жасайды (мысалы, оларды ұрлайтын жағдай туғызатын орындарда жеке мүлікті тастап кету).

    3. Оларда жәбірленушінің әрекеттері құқықты болатын жағдайлар, бірақта қылмыскердің құқыққа қарсы жүріс-тұрысын туғызады (мысалы, қоғамдық орында өзін дұрыс емес ұстайтын адамға арналған дұрыс сынау, ұсыныс жасаған адамға қатысты күш көрсету).

    Бақылау сұрақтары:

1.Жәбірленушінің жүріс-тұрысы мен жасалған қылмыс арасындағы арабайланысты ашыңыз.

2. Қылмыснамалық мәнде виктимологияның түсінігін ашыңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.