Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Қылмыскер тұлғасы



6 Дәріс

Тақырып: Қылмыскер тұлғасы

Мақсаты:Қылмыскер тұлғасының түсiнiгi бiлу

Жоспар

1. Қылмыскер тұлғасының ұғымы

2. Қылмыскер тұлғасының қүрылымы

1.Кылмыстылық-адамның мінез-құлқы нысандарының бірі, ал кылмыс-адамның саналы түрде жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамнын түлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай, жеке қылмысынын себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-тусіну мүмкін емес.

Қылмыснама ғылымы адам қылмыскер болып тумайды, қылмыскерлік тұлғаның қалыптасу кезеңіндегі жайсыз жағдайлардың салдарынан пайда болады деп пайымдайды. Алайда, жайсыз жағдайдың бәрі бірдей және әр уақытта қылмыстык мінез-құлық тудырады деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің психологиялық табиғатына сай келетін шарттар мен факторларды таңдап алып және оны белгілі бір дәрежеде игереді.

Қылмыскер тұлгасы кылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен осы жағдайдың салдарынан болған қылмыстың арасын жалғастырушы буын болып саналады.

Қылмыснама қылмыскер тұлғасы деп кылмыстық заңды басқа жағдайлармен және мән-жайлармен қоса адамды кінәлі ететін, осылайша оның қоғамға жат қылықтарына әсер ететін әлеуметтік және әлеуметтік мәні қасиеттердің, белгілердің, қатынастардың жиынтығы деп таниды.

Қылмыскердің тұлғасы өзінің бағыттылығы арқылы көзқарас пен бағдар мазмұнынан, қажеттік деңгейі мен шеңберінен ерекшеленеді. Алайда, мүндай жағдайға қарап кылмыс жасаған адамдардың барлығында бірдей коғамғажат көзқарас пен бағыт-бағдар бар деп ойлауға болмайды. Мұндайлар болмағанның өзінде де кылмыскердің тулғасы мен оның қылмыстық мінез-құлык себептерін зерттеудің қажеттігі күн тәртібінен алынып тасталмайды. Дегенмен, кылмыскерлердің негізгі көпшілігі осындай ерекшеліктермен көзге туседі.

Қылмыскердің тұлғасы қылмыснама нәрсесі ретінде мұндай тұлға әлеуметтік мәні бар жеке-нақты объекті ретінде немесе жалпы әлеуметтік тип ретінде қарастырылуы тиіс пе деген пікірталас тудырды.

Кезінде А. А. Герцензон қылмыскердің тұлгасы туралы мәселенің, адам бұл қылмысты неліктен жасады деген нақты, бірақ әлеуметтік-танымдықтұрғыдан алғандаөте шектеулі сауалғажауап беретіндігіне байланысты жалғыз қылмыскер үшін маңызы бар деп айтқан болатын. Мұндай көзқарастағы қылмыскер тұлғасының жалпы қылмыснамалық маңызы іс жүзінде жаппай әлеуметтік құбылыс ретіндегі кылмыстылық жеке қылмыстың қасиетімен барабар түсіндірілуі мүмкін емес деген негізде қабыл алынбады. Қылмыскердің тұлғасы деген сөз жеке кылмыс деген виктимологияда маңызды рөл атқарады деп санауға болмайды, сонымен бірге, оның жаппай алгандагы қылмыстылыққа қатысы жоқ. Қылмыснама қылмыстылык, оның себептері мен заңдылықтары туралы ғылым ретіндетек индивидті ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге, адамға белгілі бір әлеуметтік тип ретінде жалпы сипаттама да береді. Қылмыскердің тұлғасын қымыснамалық зерттеу түбінде алдын алу шараларын жүргізу үшін маңызы бар қылмыс туғызатын мінез-құлықтарды анықтау мен оларды бағалай білу мақсатында жүргізіледі. Осыған байланысты қылмыснаманың: қылмыскердің түлғасы, қылмыстық мінез-құлық себептері мен механизмі және қылмыстын алдын алу сияқты үш буынды проблемалардың бірлігі қалыптасады. Мұндай кезде қылмыскер түлғасы криминогендік ерекшелігі жоғары, қылмыстық әрекеттің субъективті себептерінің көзі болып табылатындықтан, басты назар соған түсетіндіктен алдын алу объектісі әрекет немесе мінез-қүлық емес, осы түлға болуы керек. Осы жоғарыда айтылған ерекшеліктердің жиынтығының бірлігі мен өзара әрекеттестігі қылмыскер тұлғасының қоғамға қауіптілігінің мәнін кұрайды; ал қылмыстық мінез-қүлық-осының туындысы. Тұлғаның криминогендік ерекшелігін білмейінше немесе ескермейінше мінез-қүлықты өзгерту мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі сыртқы әлеуметтік факторларды мүлдем жоққа шығармайды. Түлғаның қылмыстық қасиеттері аталған факторлардың әсерімен қалыптасады, ол тұлғаның бойында әбден «бекіген» соң мәні айтуға сөз жетпейтіндей дербес күшке айналады. Қылмыстың жасалуына жағдайлық мән-жайлар мумкіндік туғызады, дегенмен бір анығы, біржағдайдың өзі әр адамның санасында бөлек бағаланып, бөлек қабылданады. Ендеше, жеке қылмыстық құлық механизмінде қылмыскер тұлғасы сыртқы факторларға байланысы бойынша басты рөл атқарадьі.

Қылмыснама тек қана қылмыс жасағандарды ғана зерттемейді, ол, сонымен бірге, өмір салты, көзқарасы мен мінез-қркы қылмыстық жолға түсетіндей кумән туғызған адамдарды зерттейді. Сонымен бірге, қылмыснамалық саланың үлесіне маскүнемдік» нашақорлық, қаңғыбастық және басқа қоғамға жат қылықтар тиеді. Көріп отырғанымыздай, осы көрсетілген адамдарды зерттеу қылмыс субъектісінің -тұлғасын зерттеу шегінен шығып кетіп отыр. Бұл қылмыстың себептерін ашып жэне оның алдын алудың тиімдіқұралдарын іздестіруге көмектеседі.

Жалпы алғанда қылмыстың тұлғасын қоғамға жат көзқарасының, қоғамдық мүддеге теріс қарауы мен өзінің қоғамға тіпті жолдарды жүзеге асыру ойы және теріс нәтиже болдырмау әрекетсіздігі кесірінен қылмыс жасаған адамның түлғасы аркылы анықтауға болады.

Сонымен бірге қылмыскердің түлғасын зерттеу диалектикалық категорияларға сәйкес негізгі үш деңгейде жүзеге асырылады: 1) жалпы; 2) ерекше; 3) жеке.

1-деңгейде «қылмыскер тұлғасының» жалпы үғымы мен оның негізгі белгілері мен қасиеттері қарастырылады.

2-деңгейде бірқатар жағдайда қылмыстылықтың жекелеген гүрлеріне, яғни, халық шаруашылығының жекелеген салаларында, жекелеген аймақгарда және басқалардағы қылмыстылыққа сай келетін қылмыскерлердің жекелеген категориялары мен типтері қарастырылады.

3-деңгейде нақты қылмыскер (нақты қылмыс) қарастырылады. «Нақты тұлға» үғымы жеке қайталанбас қасиеттерді білдіреді. Осыған келіп осы қасиеттерді жан-жақты есепке алып отыратын жеке жұмыстарды жүргізудің мейлінше күрделілігі туындайды.

Түлғаны қылмыснамалық зерттеу нәтижелерінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізудің криминалистика ғылымдары үшін де маңызы зор. Қылмыснама үшін қылмыскер түлғасының маңыздысы - оның табиғаты мен мәні, қайнар көздері, оның қоғамға жат қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен нысандары, механизмі, қылмыстық мінез-қүлықтың пайда болуына әсер ететін, басқаша сөзбен айтқанда, қылмыс жасауға себепкер болатын ортамен өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Міне, осындай зерттеулердің нәтижесі қылмыстың алдын алу мәселелерін шешудегі ең бір негізгі нұсқаулар болып табылады.

2.Қылмыскертұлғасының қылмыснамалық сипаттамасын қүрайтын негізгіқасиеттер.Қылмыскер түлғасы кез келген адам түлғасы сияқты белгілі бір құрылымға өзара байланысқан және өзара әрекеттес элементтер мына ие болатын тұтастай құрылым болып көрінеді. Қылмыскер тұлғасының құрылымын зерттеу - элементтер мен құрылымдар арасындағы байланыстардың езгерістері түлғаның түбірімен қайта.

 

Бақылау сұрақтар:

1.Қылмыскердiң тұлғасының түсiнiгi, структура және типологияны аштыру

2.Қылмыскер тұлғасының қалыптасуына әсер ететiң негiзгi фокторларды бiлу

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.