Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Жеке мүлiкке қарсы қылмыстар және оларды алдын алу. Экономика қызмет саласындағы қылмыстар және оларды алдын алу



Дәріс 11

Тақырып: Жеке мүлiкке қарсы қылмыстар және оларды алдын алу. Экономика қызмет саласындағы қылмыстар және оларды алдын алу

Мақсаты: Меншікке қарсы қылмыстардың негізгі қылмыснамалық мінездемесін және түсінігін ашып беру.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстардың негізгі қылмыснамалық мінездемесін және түсінігін ашып беру

Жоспар

1.Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыснамалық мінездемесі.

2.Меншікке қарсы қылмыстарды жасаудың негізгі себептері және жағдайлары

3.Меншікке қарсы қылмыстарды алдын алу.

4.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар қылмыснамалық мінездемесі

5.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар жасаудың негізгі себептері және жағдайлары

6.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстарды алдын алу

 

1. Меншікке қарсы қылмыстар өзіне пайдакүнемдік қылмыстық заңмен жауаптылық көзделген басқа бүреудің мүлкіне қол сұғу түсінігін енгізеді және де ұрлық, ала аяқтық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық тәсілдермен жасалады. Меншікке қарсы қылмыстардың дара түрлерін қарау жолымен олардың жалпы қылмыснамалық ерекшеліктерін және даму тенденцияларын анықтауды мүмкіндік туғызады. Осындай жалпы тенденциямен: қылмыстардың абсалюттік салыстырмалы (халық санына байланысты) санның өсуі; меншікке қарсы қылмыстардың жалпы қылмыстардың көлемінен саны; меншікке қарсы қылмыстардың санының тез өсуі; қылмыстардың латенттік деңгнйінің өсуі.

Сандық өзгерістермен бірге меншікке қарсы қылмыстар сапалық өзгерістеріне ұшыраған, олардың жүйесінде ең қауіпті, ұйымдасқан әрекетерімен қоғамға қауіптілігімен және материалдық зиян келтірілумен түсіндіріледі.

Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыснамалық ерекшеліктеріне бұл қылмыстардың пайда күнемдік мақсаты, көп таралуы бұл қылмыстарды жасауда көп адамдардың қатысуы, тәсілдерінің және әдістерінің жанжақтылығы, қылмыскерлердің криминалдық мамандығының арттыруы, адамдардың және қоғамның мүделерін силамау.

2. Меншікке қарсы қылмыстардың мінездемесіне әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік саяси, әлеуметтік психоллогиялық факторлары өте үлкен әсер етеді.

Осы қылмыстардың негативті тенденциялардың себептеріне қарасақ олар біріншіден: әлеуметтік экономикалық жағдаймен байланысты , яғни ескі жүйеден жаңаң нарықтық қарым қтаынасына көшу, нарықтық жағдайдың тұрақсыздандырылуы мемлекетте өндірістің төмендеуі, жұмысыздықтың артуы және жаңа жағдайында азаматтық құқықтық қатынастың тәжербиесі болмау.

Техникалық прогресстің дамуының арқасында және де компьютерлік техниканы кең колданылуы, меншікке қолсұғудың жаңа электрондық әдісі пайда болды.

Қоғамда құндылықтардың критериелері өзгерді. Материалдық амандық, адамның құндылығын анықтайды.

Криминалдық жағдайының негативтік дамуына әлеуметтік бақылау жүйенің жетіспеушіліктері үлкен әсер етеді.Қылмыстылық мемлекеттік және қоғамның ықпалының шығуымен байланысты.

3. Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу, құқық қорғау органдарының негізгі мақсаты болып табылады, біріншіден бұл ішкі істер органдарына сай, мұндай алдын алудың мақсаты меншікке қарсы қылмыстарды минимизациялау болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстарды алдын алу әрекеті криминологиялық ақпарат негізінде жүзеге асырылады мыс: меншікке қарсы қылмыстардың жағдайы және динамикасы туралы, объектілер және аумақтар туралы осындай қылмыстарды жасағаны үшін жауапқа тартылған адамдар туралы, меншікке қарсы қылмыстардың әр түрлі латенттік деңгейі туралы, осындай қылмыстар әлеуметтік салдары туралы, меншікке қарсы қылмыстарды алдын алу шаралар және олардың тиімділігі туралы, осындай қылмыстардың жасалынуы әлеуметтік, экономикалық, саяси және де басқада процесстеріне ықпалы туралы.

Осындай сараптама өткізілген қылмыснамалық ақпарат ішкі істер органдарына және олардың бөлімшелеріне ақпараттық база ретінде қызмет етеді. Бұл база ішкі істер органдарына негізгі күштерді нақты ең криминогендік объектілерге және учаскілеріне бағыттауды мүмкіндік береді, меншікке қарсы қылмыстардың ең тиімді алдын алу шараларын, тәсілдерін таңдау мүмкіндігін береді, алдын алу қызметінің жаңа тәжірбиесін енгізу және оқуды мүмкіндік береді, меншікке қарсы қылмыстарының болжау мүмкіндігін береді.

4. Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар пайдакүнемділік қылмыстың бір бөлігі болып табылады, олар тікелей қоғамның экономикалық қатынастарымен байланысты, мындай қылмыстар: меншікке және мемлекеттік экономикалық мүдделеріне, азаматтардың мүдделеріне бағытталған. Қылмыснамада экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар экономикаға бағытталған пайдакүнемдік қылмыстар.

Мұндай қылмыстарға заңсыз кәсіпкерлік жалған кәсіпкерлік, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, несиелік берешектен әдиі жалиару, жалған ақша жасау немесе сату, экономикалық контрабанда және басқада қылмыстар кіреді.

Оның қылмыснамалық негізгі мінездемесіне қылмыстылықтың көлемі және жоғары даму деңгейі кіреді экономикалық қызмет салсындағы қылмыстарды сараптама кезінде оның жоғары латенттік деңгеін ескеру қажет. Арнайы зерттеу бойынша экономикалық қызмет салсындағы қылмыстардың тіркелген саны жалпы қылмыстардың санынан 1/3 бөлігін құрайды.     Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар қоғамға жалпы қылмыстардың қылмыстылықтан материалдық зиянын көбірек тигізеді.

5. Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар санынын артуы бірақ себеппен емес көп факторлармен байланысты:

- Экономикада және әлуметтік салада нарықтың дамуының деструктивтік тенденциялар.

- Легетимдік экономикалық қатынастардың шынайы қорғауының болмауы.

- Экономикалық жүйелерді ұйымдастырудағы кемшіліктер.

- Құқық қорғау органдарының қызметіндегі кемшіліктер.

- Шаруашылық субъектілерінің максималды табыс табуға талпыну

6. Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстар динамика және жағдайының себептік комплекстің сараптамасы мақсаты емес, ол Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстарын алдын алудың міндетті жағдай болып табылады.

Осындай алдын алу негативтік факторына тікелей бағытталған оның негізгі мақсаты осындай факторларды жою.

Алдын алу жалпы әлеуметтік және арнайы қылмыснамалық шараларына бөлінеді. Алдын алудың жалпы әлеуметтік шаралар мемлекетпен криминалды экономикадан ерікті, экономикалық саясатты өткізу.

Алдын алудың арнайы қылмыснамалық шаралар олар: экономикалық қылмыстарды туғызатын нақты себептерін және жағдайларын жоюға бағытталған.

Бақылау сұрақтары:

1. Меншікке қарсы қылмыстардың ерекшеліктері қандай?

2.Меншікке қарсы қылмыстардың негізгі тенденцияларын айтып беріңіз.

3.Меншікке қол сұғатын қылмыскердің тұлғасына мінездеме беріңіз.

4.Меншікке қарсы қылмыстарды жасауына қандай факторлар әсер етеді?

5.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстарды атап беріңіз.

6.Қандай қылмыстар соңғы он жылдықта экономикалық қызмет салсындағы пайда болды

7.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстардың латенттік деңгейі қандай?

8.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстардың қылмыснамалық ерекшеліктерін атап және ашып беріңіз.

9.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстардың негізгі себептерін және жағдайларын атаңыз.

10.Экономикалық қызмет салсындағы қылмыстарды алдын алудың жалпы әлеуметтік және арнайы криминалдық шаралардың мазмұнын ашыңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.