Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары



Дәріс 4

Тақырып: Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары

Мақсаты: Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамаларын бiлу

Жоспар:

1. Қылмыстылық ұғымы және негізгі белгілері

2. Қылмыстылықтың сандық және сапалық сипаттамасы

3. Жасырын қылмыстылық

1.Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылык қоғам ушін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.

Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптык коғамдағы құбылыс деп тусіндіріліп келді.

Тiпті, «қылмыстылық» өзінің құрамына әр алуан кутпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымьша кудіктер білдірілгені де ақиқат.

Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.

Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық жалпы-әлеуметтік жагдайлардың ерекшеліктеріне багынышты заңды құбылыс, сонымен қатар, жекелеген кылмыстар белгілі бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.

Қылмыстылықтың дербестігі, оны кұрайтын жекелеген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ, оның қоғамға қауіптілігінен байқалады. Н.Ф.Кузнецованың «қоғамға қауіптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды. Қоғамға қауіптілік - осы құбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, олжекелеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік «қосындысына» косылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек, әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты, қылмыстылық та әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада - бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын гежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.

Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әр қилы қүбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мүлдай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп, оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдыруға итермелейді.

Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтығы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. Экономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).

Қылмыстылық- бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық жэне сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі, қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сипатталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.

Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы, әлеуметтік-құқықтық табиғаты.

Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстықзаң даосы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалай да қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.

Қылмыстылық — нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің тууымен және мемлекеттік биліетің пайда болуымен және қоғамдық қатынастардың жетілдірілуімен байланысты.

Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі — ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың мәнді белгісі — оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз қүбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады.

Қылмыснама ғылымы кейбір ғалымдардың құқықтық және моральдық нормаларга қайшы келетін қылмыстылық ұғымына көрінген қылық-әрекеттерді тықпалайтын тркырымдарын жоққа шығарады.

Көрініп тұрғанындай, «қылмыстылық» ұғымы мұқият зерттеу мен зерделі көзқарасты талап етеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы кұқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасында осы құбылыстың аныктамасын қазіргі жағдайға лайықтап белгілеу қажеттігі де айтылған.

2.Қылмыстылық сандық және сапалық қасиеттермен сипатталады. Қылмыстылықтың сандық көрсеткіштері деңгейі мен қозғалысы (динамикасы) болып табылса, сапалығы - оның құрылымы болып табылады. Бүл көрсеткіштер бір-біріне байланысты әрі бір-біріне бағынышты. Осылардың біреуі өзгерсе, жалпы қылмыстылықты тұтастай өзгеріске ұшыратады.

Қылмыстылықтың бәріне бірдей сипаттама - олардың жай-күйі.

Қылмыстылықтың жай-күйі бұл белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың сандық көрсеткіші.

Қылмыстылықтың нақты жай-күйі көп жағдайда мәлім бола эермейді, өйткені қылмыстардың біраз бөлігі көбінесе тіркелмей қалады. Қылмыстылықтың мұндай көлеңкеде қалып қоятын жай-күйі шетелдік криминологтар үшін оны «күңгірт есеп» деп атауына негіз болды. Қылмыстылықтың есепке, яғни, тіркеуге енгізілмей қалған бөліктері латентті, яғни, жасырын қылмыстылық деп аталатын болды.

Қылмыстық статистика мәліметтері бойынша қылмыстылыктың жай-күйіне баға берген кезде осы жоғарыда айтылған мэселені естен шығармау керек.

Сонымен бірге, қылмыстылықтың деңгейін нақтырақ анықтау үшін барлық халықты санамай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жасаған қылмыстары үшін жауапқатартылады-ау деген белгілі бір жастағы адамдар тобын ғана алуға болады.

Қылмыстылықтың құрылымы оның ішкі мазмұнын ашады, қылмыстық-құқықтық, қылмыснамалық, әлеуметтік-демографиялықжэне басқа түрлі топтық белгілермен көрінетін белгілі бір аумақта белгілі бір кезең ішінде жасалған қылмыстар мен жекелеген қылмыс түрлерінің арасындағы арақатынасты бейнелейді.

Басқаша айтқанда, қылмыстылық құрылымы - оның құрылысы мен мазмұны. Қылмыстылықтың құрылымына қарап, онымен күрестің «басты соққысының» бағыт-бағдарын белгілеуге болады.

Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың түрі деп аталатын белгілі бір қылмыстың (қылмыскердің) үлес салмағын анықтайды.

Қылмыстылықтың құрылымын анықтаудың негізгі бірнеше жолдары бар.

Біріншіден, қылмыстылыққа кеңістік-уақыттық құрылым тән. Қылмыстылықты құрайтын іс-әрекеттер қалай дегенмен белгілі бір кеңістікте және белгілі бір уақытта (мысалы, тәуліктің мезгілі, аптаның күні және басқа) жасалады.

Екіншіден, қылмыстылықтың құрылымын іс-әрекеттердің қауіптілігінің әр қилы дәрежесін негізге ала отырып ашуға болады. Осыған байланысты қылмыстылықтың аса ауыр қылмыс, ауыр қылмыс, орташа ауырлықтағы қылмыс, онша ауыр емес қылмыс сияқты элементтерін айырып көрсету негізге алынады.

Үшіншіден, қылмыстылық құрылымында қылмыстық қол сұғу объектісі мен кінәлінің жасалған әрекетке психикалық қатысы сияқты маңызды қылмыстық-құқықтық белгілерін қарастыруға болады. Қылмыстылық құрылымы өзінің көлемі жагынан конститиуциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс, меншікке қарсы, адамға қарсы қылмыс түрлері жиынтыгымен көрінеді.

Психикалық қатыстылығы жағынан қылмыстылықтың қасақаналықпен және абайсыздықпен жасалган қылмыс деген екі құрылымдық элементі (түрі) орын алады.

Төртіншіден, қылмыстылық элементтерін кінәлі адамның белгілері бойынша айыруға болады. Мұндай белгілердің қатарына қылмыскердің жынысы, жасы, бұрын сотталғандығы, қылмысты бірінші рет және бірнеше қайталап жасауы, әлеуметтік жағдайы жэне басқалар жатады.

Ішкі істер органдарының алдын алу жұмыстары тұрғысынан алғанда қылмыстылықтың құрылымдық элементтерін элеуметтік өмірде, тұрмыста, демалыс кезінде, өндірістік қызметте жасалған қылмыстар бойынша айыру ерекше орын алады.

Қылмыстылықтың сипаты аса қауіпті деген қылмыстардың санымен және қылмысты жасаған адамның мінез-құлық сипатымен анықталады. Осы көрсеткіштер тұрғысынан алғанда криминалдық кәсіби шеберлік, ұйымдастырушылық, жағдаймен санасушылықжәне басқа да сапалық қасиеттер анықталады.

Қылмыстылықтың жай-күйі, деңгейі, құрылымы қозғалыспен талдануға тиіс.

Қылмыстылықтың қозгалысы - бұл белгілі бір уақыт ішіндегі өзгеріс барыеы, оның'айырылмас қасиеті.

Қылмыстылық қозғалысы белгілі бір уақыт ішіндегі қылмыстылықгың өзгеруімен өлшенеді. Ол төмендегідей үш факторға байланысты:

Бірініші фактор - қылмыстылыққа себеп болатын белгілі бір элеуметтік үрдістердің қозғалысы.

Екінші фактор - қылмыстық заңнамалар өзгерістерінің көлемі мен сипаты (егер жаңа іс-әрекеттер қылмыс деп танылатын болса, қылмыстылық өседі, ал егер қылмыстық қасиеті кемісе, төмендейді).

Үшінші фактор - қылмысты әшкерелеудегі құқық қорғау органдарының белсенді құлшынысының артуы.

Кейінгі кездері көбінесе қылмыстылықпен күрес жолында мемлекет пен қогамға магериаддық немесе басқа да шығын келтірегін (қылмыстьщ багасы деп аталатьш) қылмыстьқ көлемі мен сипатын есепке алу жөніндегі ой-пікірлер жиі айтылып жүр. Өкінішке орай, қылмыстылықты шын мәнінде нақты да толығымен өлшеп-пішудің әдістемесі әзірше жоқ.

Қылмыстылыктың дәлме-дәл нақты көрсеткіштері, оларды талдау мен жүргізе білу ішкі істер органдарының іс-тәжірибесі ушін, талдау жұмыстары мен басқару және шұғыл шешім кзбылдау үшін өте қажет-ақ.

Виктимологиялық талдаусыз қылмыстылықтың сандық-сапалық көрсеткіштерін толық деп айту қиын. Көптеген қылмыстар белгілі бір дәрежеде жәбірленушінің өзінің тәртіп-әрекетіне байланысты болатындығы белгілі. Виктимологиялық көзқарас көп ретте қылмыстың құрбаны кім (полиция, ҰҚК қызметкері) болатындығын зерттейді.

3.Статистика нақты қылмыстылық туралы толық мәліметтер келтіреді, өйткені оның көлеңкесінде осы элеуметтік құбылыстың жасырын жағына қатысы бар кейбір қылмыстар тіркелуге ілікпей қалып, жасырын қылмыстарды құрайды.

Жасырын қылмыстылық - бұл нақты бір жерде және уақытта әшкереленбей немесе қылмыстық статистикаға тіркелмей қалған қылмыстар мен оларды жасаушы адамдардың жиынтығы.

Жасырын қылмыс мәселесі шетелдік ғалымдар мен практиктерді баяғыдан-ақтолғандырған. Ресми тіркелген қылмыстар мен іс жүзінде (нақты) болған қылмыстар арасындағы аракатынастарды қарастыру мәселесін XIX ғасырдағы криминологтар А Кетле, Э. Ферри, Р. Мето-Смит, Е. Реснер және басқалардың еңбектерінен кездестіруге болады.

Сол кездің өзінде-ақ, жасалған қылмыстардың барлығы бірдей полицияға хабарлана бермейтіні, қылмыскерлердің бәрі бірдей сотқа немесе жазаға тартыла бермейтіні, ал қылмыстық статистика болса көзге іліккен, қолға түскен қылмыстылықты ғана қанағат тұтатындығы белгілі болған. 50-60-жылдарда математикалық статистиканы пайдалану, халыққа, қылмыскерге, қылмыс құрбандарына, полиция мен өзге де құқық қорғау органдарына қызметкерлері сұрау салу әдісімен жасырын қылмыстылықтың көлемі мен кұрылымын анықтау жөнінде көлемді қылмыснамалық зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Мәселен, Кембридж қылмыснама институтының бұрынғы директоры Л. Радзиновичтің айтуынша, Англияда ресми қылмыстық статистика мәліметтеріне қалтаға түсу қылмысы туралы деректердің 15 пайызы ғана түседі екен.

Ұлыбританияның 1982 жылғы қылмыстылықтьщ жай-күйі туралы есебінде мынадай мәліметтер келтірілген: вандализм бойынша жалцы жасалған әрекеттердің 8 пайызы әшкереленген; ұрлық - 8 %; тонау -11%; құлып бұзып ұрлау - 33 %. Орташа есеппен әрбір 40 тұрғын жайдың біреуі жыл сайын қүлпын бұзып жасалатын ұрлыққа тап болып отырған.

60-жылдардың аяғында 70-жылдардың басында АҚШ-та мүлік тонау мен автомобиль тонаудың бес оқиғаларының бірінде ғана қамауға алу жүзеге асырылып отырған. Полицияға хабарланған жеке меншікке қарсы жасалған қауіпті қылмыстардың жиырма оқиғасының біреуіне ғана айыптау үкімі шығарылып отырған.

АҚШ-та 70-жылдардың аяғында 80-жыддардың басында елдегі жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің жартысынан артығы полицияға хабарланбайтын болған. Осы елдің бурынғы президенті Р. Рейганның «АҚШ-та қазіргі заманғы қылмыстар індеттік сипатқа ие болып отыр, қылмыстан американдық әрбір отбасы зәбір шегіп отыр» деп мойындауы тегін емес болатын.

Кеңестік қылмыснамада жасырын қылмыстылық мәселелерінің кейбір аспектілері 60-жылдардың ортасы мен 70-жылдарда оқып зерттелi бастады. Әдістемелік және ұйымдастырушылық қиыншылықтарының салдарынан бүл мәселені кешенді түрде зерттеу әлі де тиісті мәнде қолға алынбай отыр.

Отандық криминологтардың көпшілігі жасырын қылмыстылықты полиция, прокуратура және сот органдарымен эшкереленбеген қылмыстардың жиынтығы деп тусінуде.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, белгілі болған, бірақ есепке енбеген қылмыстылық жасырын деп саналмайды. Әсіресе, мұндай ойлар Г. И. Забрянскийдің, А. А. Коневтің, А. С. Шляпочниковтің және басқалардың еңбектерінде анық айтылады. Олар жасырынның қатарына қылмыстық сататистикада тіркелмеген қылмыстардың төмендегі үш тобын енгізбейді:

1) ісі жолдастык соттар мен кэмелетке толмағандар ісі I жөніндегі комиссияда қаралатын кейбір қылмыстар;                                                                                                             

2)тиісті билік органдарының мәлімдемесі нәтижесінде белгілі болған, алайда осы органдардың қызметкерлерімен жасырылған қылмыстар;

3) көптеген жағдайда бастапқы есеп жүргізу жүйесінің жетілдірілмегендігінен тіркелмейтін қылмыстар.

Дегенмен, белгілі мен жасырын қылмыстылықтардың арасындағы айырмашылықтарды «ашқындық» белгісімен немесе қылмыстылықпен күрес субъектілердің қызметінің шеңберінде айыруга жасалған ұмтылыс та жасырын қылмыстылық табиғатының сырын білуге онша көмегін тигізе қоймады.

Ғалымдардың екінші бір тобы жасырын қылмыстылықты қылмыстық статистикада көрсетілмеген және тіркелмеген нақты жасалған қылмыстардың жиынтығы деп санайды. «Жасырын қылмыстылық» ұғымына анықтама беруде олар басты назарларын «жасырындыққа» немесе «айқындыққа» емес, қылмыс женіндегі мәліметтің бастапқы құжатындағы «тіркелмегендігіне» аударады.

Мәселенің қылмыснамалық аспектілері бәрінен бұрын жасырын қылмысты белгісіз себептермен қылмыстық статистикада тіркелмей қалған нақты бір орында, белгілі бір уақытта іс жүзінде жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың түтастай жиынтығы ретінде зерттеуді ұсынады.

Мұнымен бірге, жасырын қылмыстылықтың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған кылмыстық белгілеріне жататын және нақты бір қылмыс құрамын құрайтын қылмыстық-құқыкгык аспектілері де болуы мүмкін.

Статистикалық аспект жасырын қылмыстардың жасалу фактілерінің барлық жиынтығын оның жай-күйін, деңгейін, динамикасын (ағымын) анықтау үшін, тіркелген жэне жасырын қылмыстылықтың арасындағы сандық арақатынасты анықтау үшін оқып-зерттейді (жинақтайды, өңдейді, талдайды).

Жасырын қылмыстылықтың криминалистикалық аспектілері жасырын қылмыстылық түрлерінің жасалуы мен жасыру жолдарын, онымен келтірілген зардаптарды, кінәлярді әшкерелеудің әдістемелері мен тәсілдерін оқып-зерттеуге бағытталған.

Виктимологиялық аспект қылмыс құрбандарының жасалған қол сү-ғушылықтарды тиісті органдарға хабарламауының себептерін оқып-зерттеуді ұйғарады.

Әлеуметтік аспеісг осы қылмыстармен шын мәнінде келтірілетін зияндарды оқып-зерттеуді қарастырады, өйткені олар әлеуметтік қатынастардың жрғары деңгейде қалыптасуын тежейді, заңдылықты нығайтуға кері әсерін тигізеді.

Ақпараттық аспект қылмыс туралы хабарлардың «тарап кету» себептерін анықтауға жағдай туғызатын және қылмыс туралы белгі-дабылдарды қабылдау мен тіркеуді жетілдіруге бағьпталған шараларды ойлап табатын қылмыс туралы ақпараттарды жинау (қабылдау), өңдеу, тіркеу жэне тарату жүйесін оқып-зерттеуді ұйғарады.

Жасырын қылмыстылықтың экономикалык аспектісі оның экономикаға келтірген зиян түрлерін оқып-зерттеуді ұйғарады.

Жасырын қылмыстылықтың әлеуметтік-психологиялық аспектісі назарын қылмыстылықпен күресте туындайтын белгілі бір қиындықтар (кейбір қылмыскерлердің жазаға тартылмауы) туғызатын қоғамдық және жеке адамдық сана-сезімде кері өзгерістер мен теріс тайылдарган аударады. Қылмыстылықтын осы бөлігімен күрестің теориясы тәжірибесі үшін оларды жіктеудің ерекше мәні бар. Өздерінің жасырындылыгына қарай жасырын қылмыстылықты негізгі 4 топқа бөлуге болады.

1. Жасырындылығының дәрежесі жогары қылмыстар: пара алу мен беру және оған делдалдық жасау; түлшушылар мен тапсыру берушілерді алдау; есіртікілік заттарды заңсыз дайындау, өткізу, сатып алу; соккыға •қуу, азаптау, қорлау, жала жабу; көлік кұраддарын, машиналар мен механизмдерді бас пайдасы үшін пайдалану және басқалар.

2. Жасырындылығының дәрежесі орташа қылмыстар: зорлау, I әйелді жыныстық қатынасқа тусуге еріксіз көндіру, жекенің мүлкін үрлау, бұзақылық, қордалар ұстау, жеңгетайлық және өзге де қылмыстар.

3. Жасырындылығының дәрежесі бір қалыпты қылмыстар: ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, анасының қасақана жас нәрестесін өлтіруі, мерез ауруларын тарату, жасы толмағанмен некеге отыру, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту және басқалары.

4. Жасырындылығының дәрежесі төмен қылмыстар: бандитизм, қасақана кісі өлтіру, сотталған адамның қамаудан қашуы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; оқ-дәрі ұрлау және басқалар.

Жасырын қылмыстылықтың басты қауіптілігі оның қоғам тарапынан қарсы әрекет көрмей, жазаға тартылмай қалуында, мұның өзі қылмыстардың қайтадан немесе жалғаса жасалуышы жағдай тугiзады.

Жасырын қылмыстылыктың себептерінің арасынан бәрінен бұрын қылмыскер мен оның кұрбаны немесе жәбірленушінің жақындары арасындағы «келiсiмге келу» мәселесін ерекше атауға болады. Көптеген жағдайда сату-сатып алу нәрсесі ретінде адамның денсаулығы, абройы, ар-намысы, тіпті, кейде адамның өмірі саудаға түсіп жатады.

Көп ретте азаматтар лайықсыздық өлшемін басшы-лыққа ала отыра өзіне қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды тиісті орындарға мәлімдеп хабарламайды.

Жекелеген қылмыстардың жасырындылығының жоғары болуы себептерінің бірі - қылмыскерлердің қол сұғатын объектілерін (мысалы, қылмыстық жолмен байыған адамдарды таңдап алуы) лайықтап таңдап алуы мен дәлме-дәл жоспарлап алуы.

Кейбір заңға бағынғыш азаматтардың санасында органдар қылмыскер мен ұрланған құндылықтарды қанша іздегенімен бәрібір таба алмайды, оның үстіне қылмыстық қол суiшылықтьң обьектісіне айналған қүндылықтардың қайдан келгенін «қазбалап» өзіңнің зықыңды шығарады деген ой қалыптасқан.

Жасырын қылмыстылық деңгейін төмендетудің жолдары:

- халық арасында құқықтық насихат жүргізу;

- қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында анықтау жүргізетін адамның, тергеушінің, прокурордың және соттың жәбірленушіден табыс көздерінің қандай жолмен келгендігін түсіндіруін талап етуге тыйым салатындай норма енгізу;

- қылмыс туралы мәлімдемегені үшін қылмыстық-құқықтық санкция қолданудан бас тарту;

- кылмыстық iске жасалған қылмыс жайында өз еркімен мәлімдегені және өзі жасаған іс-әрекетінің зиянды зардаптарын орнына келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға кепілдік беретіндей арнайы норма енгізу.

 

    Бақылау сұрақтар:

1.Қылмыстылықтың түсiнiгi және белгiлерi ашыныз

2.Қылмыстылық структураның негiзгi корсеткiштерi неде

3.Латентi қылмыстылықтың түсiнiгiн ашыныз

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.