|
|||
Бақылау сұрақтарыБақылау сұрақтары 1. Қылмыснама нені оқып-таниды 2. Қылмыснаманың мақсаттары мен міндеттері неде 3. Қылмыснаманың функцияларының мазмұнын ашыңыз 4. Қылмыснаманың пәні қандай бағытта дамыды 5. Қылмыснаманың жүйесі өзімен не көрсетеді 6. Қылмыснама ең тығыз қандай ғылымдармен байланысты 7. Қылмыснаманың криминалды циклының ғылымдарымен қалай байланысты. Дәріс 2 Тақырып: Қылмыснаманың әдiстемесi Мақсаты: Қылмыснама ғылымының әдiстемесiның түсінігі мен мазмұнын ашу. Қылмыснама зерттеуде пайдаланатын әртүрлі әдістерді оқып-тану Жоспар 1.Ғылыми зерттеу әдісінің түсінігі. Қылмыснама әдістемелігіндегі диалектиканың рөлі 2. Жалпығылыми әдістер 3. Жекеғылыми әдістер 4.Арнайы әдістер 1.Қылмыснаманың ғылым ретіндегі өзіндігі пәнімен бірге оның әдістері болуымен анықталады. Қылмыснама ғылымының әдістерінде олардың көмегімен қылмыснама пәніне кіретін құбылыстардың мазмұны мен нысандары, заңды жолдары ашылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы түсінеді. Қылмыснаманың әдісі оның пәнімен тығыз байланысты және оларды диалектикалық арабайланыста қарау қажет. Қылмыснамамен оқып-танылатын проблемалар терең және жеткілікті толық тек диалектиканың негізінде зерттелуі мүмкін – танудың бүкілжалпы әдісінде. Әлеуметтік құбылыстардың танылуы, қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрестілігі, санның сапаға көшуі, себептілік пен салдар және т.б. философияның негізгі заңдары мен категорияларын пайдалану, криминологиямен оқып-танылатын құбылыстар мен процестердің мәніне тереңдеу кіруге мүмкіншілік береді. Қылмыснамалық объектілердегі жалпылықтың, ерекшеліктің және жекеліктің, қажеттіліктің және кейдейсоқтылықтың, себептін және салдардың арабайланысын көруге көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдар қылмыстылықтың құрылымының қылмыснамалық сипаттамасының негізінде жатады, оның себептерінің жіктелуінде және мәнділігінде, алдын алу шараларды құруда. Қылмыснамада диалектикалық әдістерді пайдалану қылмыскердің жеке басын оқып-танығанда оның өмір сүру және себептілік саласының жүйесін кешенді талдауға көмектеседі. Танудыңбүкілжалпы әдісінен басқа қылмыснамада жалпығылымды, жекеғылымды әдістер және арнайы қылмыснамалық әдістемелер кең пайдаланады. 2. Жалпы ғылыми әдістер формальды логиканы, яғни талдау мен синтезді, индукцияны, дедукцияны, корытындылауды, абстрагиялауды, болжауларды шығару және т.б. кіргізеді. Талдау мен синтез өзімен бүтінді бөлімдерге бөлу және бүтінді бөлімдерден жинаудың практикалық немесе сезімді процестерін көрсетеді. Талдау бүтіннің бөлек бөлімдерін оқып-тануға, олар барлық бөлімдерге лайықты болатын қатынастарды ашуға, және ,сонымен оқып-танылатын объектінің пайда болу ерекшелігін және дамуын сезінуге көмектеседі. Синтездің жолымен зерттелетін құбылыс бір тұтас ретінде оның байланыстары мен бөлімдерінің барлық көптілігінде сезімде қайталанады. Индукция – бұл білімнің бірлі-жарым тұжырымдардан жалпы ережелерге жылжуы. Толық және толық емес индукцияны бөледі. Бірінші жағдайда құбылыстың класстары туралы қорытындыны осы класстың барлық құбылыстарын қарастыру негізінде алады. Екінші жағдайда осы класстың тек кейбір құбылыстарын қарастыруда жасалады. Ғылым практикасында ең көптегенде толық емес индукция қолданылады. Индукциямен дедукция үзіліссіз байланысты, және бұл байланыс талдау мен синтездің байланысы сияқылды қажетті. Дедукция деп логика заңдары негізінде жасалатын және шындық сипатын алатын жіберулерден шығарылатын салдар немесе дәлелдемелер түсініледі. Қылмыснамалық тануда онда оқып-тану құбылысының негізінде жататын бейне және заңды жолдарын құру түсінілетін қорытындылау деп аталатын ғылыми әдіс кең пайдаланады. Қорытындылау, өз сәтінде, анықталған класс теориясын құрумен байланысты. Жалпығылыми әдістер қатарында маңызды орын абстрагириялауға жатады, онда оқып-танылатын құбылыстың бір қасиеттерін және байланыстарының ой арқылы көрсетуінің процесі және оларды кейдейсоқ құбылыстардаң алып кетуі түсініледі. Бұл құбылыстың басты, мәнді белгілерін және сонымен оның даму заңдылық жолын көрсетуге көмектеседі. Қылмыснамалық ғылым білімінің қажетті сәті болжауларды ұсыну болады. Жорамалдау түсінігініің өзі дәлелделмеген теориялық ереже болжамда негізделгенін көрсетеді. Жорамалдауды қозғау, негіздеу және дәлелдеу әрбір ғылыми білімнің қажетті элементі болады, оның ішінде қымыснамалықтың да. 3.Әлеуметтік шындықтың тану құралдарының барлық арсеналын өзіне сорып алып, қылмыснама өзінің мақсатында әртүрлі жекеғылыми әдістерді қолданады оның ішінде қарастыру, анкеттік, интервью және құжаттарды талдау сияқылды социологиялық әдістерді. Қарастыру оқып-танылатын лық объектіге және қойылған зерттеу мінлдеттеріне жататын деректерді зерттеушінің өзімен нақты қабылдауда болады. Қосылған және қосылмаған қабылдауды бөлу қабылданады. Танудың маңызды әдісі сұрау болады. Ол екі негізгі түріндегі нысанда іске асырылады: анкеттеу және интервьюрлеу. Қылмыснамалық мәліметтерді әртүрлі алу ішінде маңызды орынды құжаттарды талдау алады. Жалпы қабылданған түсінікте құжат, зерттелінетін қылмыснамалық проблемаға қатысы бар, объективтік шындықтың және ойлану әрекеттің деректері, оқиғалары, құбылыстары туралы мәліметтерді бекіту құралы болады. Сондай құжаттар болуы мүмкін жасалған қылмыстар туралы тергеу және сотта қаралу материалдары, сотталғандардың жеке істері, анықтау мәліметтері және әртүрлі басқа, қажетті қылмыснамалық мәліметтерді тасымалдайтын жазбаша актілер болады. Жекеғылыми әдістемелерге жаткызуға болады жобалауды, деректі талдауды және шкалированияны, ал сондай қылмыстық статистиканың әдістерін (статистикалық қарау, топтау, статистикалық талдау, қорытындау көрсеткіштерді шығару және т.б.) қосатын. Осы әдістерді қылмыснамалық зерттеуде пайдалану көмектесу рольді аткарады. Олар әртүрлі статистикалық көрсеткіштердің одан да терең ойлап-түсінуіне көмектеседі, қылмыстықпен және оның детерминанттарымен арабайланыста болатын әртүрлі әлеуметтік құбылыстармен және процестермен арабайланысты және байланыстың сатысын анықтау үшін реттеу коэффициенттерін пайдалануға көмектеседі. 4. Қылмыснамалық зерттеудің арнайы әдістеріне қылмыстық және соттылық туралы статистикалық деректерді, қылмыскердің жеке басын арнайы және психологиялық зерттеуі, оны тестілеу, қылмыстық істердің әртүрлі санаттарын оқып-тану, сонан кейінгі материалдарды статистикалық қорытуымен, қылмыстық, оның себептері және онымен күресу шарттары туралы әртүрлі әлеуметтік қоғамдардың және топтардың пікірлерін оқып-тану, арнайы бағдарламалар бойынша қылмыснамалық зерттеулер, ал сондай кешенді қылмыснамалық зерттеулер жүргізудің социологиядағы және психологиядағы белгілі әдістер мен әдістемелер жатады.
Бақылау сұрақтары: 1. Қылмыснама әдістерінің түсініктерін ашыңыз 2. Жалпы ғылыми және қылмыснама әдістерін сипаттаңыз 3. Қылмыснаманың жеке ғылыми әдістерін сипаттаңыз 4. Қылмыснамалық арнайы әдістері қандай
|
|||
|