Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 18. Дебиторлық берешектерді басқару



Тақырып 18. Дебиторлық берешектерді басқару

Дәріс сұрақтары:

Дебиторлық қарызды басқару кезінде несиелік саясатты әзірлеу маңызды болып табылады. Несиелік саясат – ол кәсіпорын өзінің тауарларын сатып алушыларға өткізумен байланысты саясат.

Егер тауарды сатып алушылармен төлеу мерзімін ұзартса, кәсіпорынның өткізу көлемі жоғарлауы мүмкін, сонымен қатар дебиторлық қарыздардың мөлшері жоғарлайды. Сонымен бірге күмәнді қарыздармен байланысты тәуекел жоғарлауы ықтимал. Егер төлеу мерзімін қысқартатын болса, несиеге өткізу көлемі төмендеуі мүмкін. Бірқатар дебиторлық қарыздардың сомасы төмендейді және тәуекел төмендейді. Басқару кезінде несиелік саясаттан басқа дебиторлық қарыздардың мөлшерін анықтау, дебиторларды әр түрлі белгілер бойынша жіктеу, яғни сомасына байланысты және мерзіміне байланысты. Дебиторлық қарыздарды төлеу, графигін құру, тапсырыстарды есепке алу. Дебиторлық қарыздарды басқару кезінде оның айналымдылығын жылдамдату үшін немесе дебиторлық қарыздардың табыстылығын жылдамдату үшін (инкасациялауын жоғарлату үшін) келесідей әдістерді қолдануға болады;

1) сатып алушыларды бағалау, яғни төлем қабілеттілігін және қаржылық жағдайын бағалау;

2) сақтандыру: мұнда сату операцияларды кейінгі күмәнді қарыздардың пайда болуынан сақтандыру;

3) дебиторларды ынталандыру, мысалы, жеңілдік беру. Шетелдерде келесідей жеңілдік саясаты қолданылады:

d / k *п мұндағы,

d – жеңілдік мөлщері,

k – жеңілдік мерзімі,

n – несиелендіру мерзімі.

Осы саясат бойынша жағдайлар болуы мүмкін:

1) егер сатып алушы тауарды “k”мерзімге төлесе, оған “d” мөлшерінде жеңілдік беріледі;

2) егер сатып алушы (k+1) мерзімінен “n” мерзімге дейін төлесе ол тауарлардың толық сомасын төлейді;

3) егер (n+1) мерзімінен төлесе, онда ол тауардың толық сомасын және айыппұл төлейді;

4) факторингті қолдану – ұшінші тұлғаға төлем талабын беру. Факторингтік компания ашық және жабық болады. Ашық – егер дебиторлар алдын – ала ескертілсе, жабық –керісінше.

5) Дебиторлардан есеп алу, график бойынша қарыздарды төлеуін талап ету.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.