Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі капиталдарды бағалау әдістері



2. Негізгі капиталдарды бағалау әдістері

Негізгі капиталдарды басқару – ол қаражаттарды активтер арасында рационалды түрде тарату, негізгі капиталдардың құнын анықтау және оларды тиімді пайдалануын жүзеге асыру және бағалау болып табылады.

Негізгі капиталдарды бағалау әдістері:

1) алғашқы немесе инвентарлық құнын анықтау әдісі;

2) келтірілген немесе қайта бағалау құны;

3) қалдық немесе қайта бағалау құны;

4) Нарықтық құны

5) өтімділік немесе жойылғыштық құны.

Инвентарлық құнға жататындар: егер сатып алуға жататын қор болса, сатып алу бағасы, көліктік шығындар және құрумен байланысты шығындар, жөндеумен байланысты шығындар.

Келтірілген құн – ол сыртқы факторларды есепке алумен алғашқы құнды, ағымдағы кезеңді бағалау болып табылады.

Фактор: Инфляция деңгейі, баға индексі, салық салу мөлшері, тозу мөлшері.

Қалдық құны – ол алғашқы немесе келтірілген құннан тозу сомасын алу арқылы есептелетін құн. Кәсіпорынның балансында осы үш құн белгіленеді. Алғашқы құн, нарықтық құн.

Нарықтық құн – сатып алу немесе өткізу құны болады, яғни қазіргі кездегі алып сатар құны.

Өтімділік немесе жойылым құны – ол жойылғыштық комиссиямен қайта құрған немесе жойылған кезде анықталатын кәсіпорын бөлігінің құны немесе толық амортизациядан өткен қорлардың құны болады. Негізгі қорлардың тиімділігін қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қор қарулануы және рентабельдік көрсеткіші сипаттайды.

                                                                           

1) Қ қ = Q қ

                                                                Н қ

 

Қ қ   - қор қайтарымдылығы

Q қ  - өнім қайтарымдылығы

                                  Н қ - негізгі қорлардың орта жылдық құны;

 

2) Қс = H қ

                                                                Q қ

 

Қ с - қор сыйымдылығы;

 

3) Қ ққ =  Н қ

             Ж с

Қ ққ - қор қарулануы;

        Ж с  - жұмысшылардың саны;

 

4) Р = Т / А х 100%

 

Р- рентабельдік

                                              Т- табыс

                                              А - Актив

Қор қайтарымдылығы дегеніміз – ол қордың бірлігіне келетін тауарлы өнімнің мөлшері. Қор сыйымдылығы керісінше бір өнімге кететін қорлардың мөлшерін білдіреді. Қор қарулануы –бір жұмысшының негізгі қорлармен қамтамасыз ету мөлшері.

Рентабельдік – ол бір қорға келетін кәсіпорынның табысы.

1. Алғашқы немесе инвентарлық құнын бағалау әдісі. Инвентарлық құнына жататындар: Егер сатып алуға жататын қор болса сатып алу бағасы көліктік шығындар құрумен байланысты шығындар.

2. Келтірілген немесе қайта бағалау құны. Келтірілген құн – сыртқы факторды есепке алумен алғашқы құнды ағымдағы кезеңге бағалау болып табылады. Әсер ететін факторлар:

- инфляция деңгейі;

- баға индексі;

- салық индексі;

- тозу мөлшері;

3. қалдық немесе баланстық құнын есептеу. Қалдық құны – алғашқы немесе келтірілген құннан тозу сомасын алу арқылы есептелетін құн. Кәсіпорын балансында осы 2 құн белгіленеді:

- алғашқы;

- қалдық құн;

4. Нарықтық құны. сатып алу немсе өткізу құны. Қазіргі кезде алып сатарлық құн болып табылады.

5. Өтімділік немесе жойылғыштық құны – жойылғыштық комиссиямен кәсіпорын қайта құрған немесе жойылған кезде анықталатын кәсіпорынның мүлігінің құны немесе толық амортизацияны өткен қорлардың құны болып табылады.

Негізгі қордың тиімділігін қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қор қарулануы және рентабельдік көрсеткіштері сипаттайды.

Қо қайтарымдылығы - қордың бірлігіне келетін тауарлық өнімнің мөлшері. Қор сыйымдылығы – бір өнімге келем\тін тауарлық өнімнің мөлшері. Қор қарулануы – бір жұмысшының қорлармен қамтамасыз ету мөлшері. Рентабельдік – қорға және кәсіпорынға келетін табысы.

Шаруашылық операциялардың негізгі құралдарымен жүргізілуі кәсіпорын жұмыс нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсер етеді:

1. Заңды және жеке тұлғалардың ақысыз түскен негізгі құралдары. Олай болса меншікті капиталдың көлемі өседі де оның қаржы жағдайы жақсарып, аммортизациялық аударымдардың өнім салмағы мен өнімнің жөндеу шығындарын арттырады.

2. Негізгі құралдарды қолма – қол ақшамен және ақысыз есеп айырысу арқылы сатып алу. Бұл жағдайда кәсіпорынның айналымнан тыс активтері өседі және төлем қабілеттілігі нашарлайды.

3. Негізгі құралдарды жалға алу. Бұл жағдайда айналымнан тыс активтер сомасы жалгерлерге бертін қарыз сомасына сай өтеді.

4. Негізгі құралдарды тікелей сату арқылы. Бұл жағдайда пайданың немесе шығынның нәтижесі қалыптасады.

5. Еншілес компаниялармен фирмалардың жарғылық капиталы.

6. негізгі бағалар бойынша жойылуы.

Ал айналым қорларын бағалауда келесі әдістер қолданады:

• Ағымдағы бағалар бойынша бағалау;

• Нақты бағалар бойынша бағалау;

• орташа нақты бағаны сатып алу бойынша бағалау әдісі.

Дайын өнімнің құндылығын бағалау нақтылы өндірістік өзіндік құн бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы бағалар бойынша бағалау соңғы ресурстарды сатып алудың нақты өзіндік құны бойынша сондай- ақ кезеңнің соңына қорлардың қалдықтары, алғашқы сатып алудың нақты өзіндік құны бойынша анықталады. Біз бұны ЛИФО әдісі де атаймыз. Сатып алудың нақты бағасы, бағалау кәсіпорынға түсу реті бойынша жүргізіледі, сонымен қатар өткізілген өнімнің өзіндік құны алғашқы сатып алынған шығындарға кіреді. Жұмыс істеудің процесінде бағалардың жоғарлауы мүмкін. Сонымен бірге кәсіпорын өнімнің бағасын өсірсе қосымша ұтысқа ие болады. Кезеңнің соңына қалған қорлар нақты өзіндік құн бойынша бағаланады, бұл бағалау әдістерін ФИФО деп атайды.

Екінші әдіс инфляция жағдайында тиімді болады. Нормалау бұл дайын товарлар мен ақша қаражаттары жеке элементті бойынша мөлшерін белгілеу нормаланбаған ақша қаражатын жедел тәртіппен анықтайды. Кәсіпорын үшін басты мәселе айналым қаражатының сақталуын қамтамасыз ету. Айналым қаражатының жетіспеушілік жағдайында ол меншікті қаражатты немесе уақытша қарыз қаражаттар есебінен толтыруы мүмкін. Егер бұл ақпарат кері болса, онда айналым қаражаттары қаржыландырудың қайнар көзі ретінде қызмет етеді.

Нормалау процесінде жеке және жинақталған нормативтер бекітіледі. Алғашқыда нормативтердің айналым қаражатының әрбір элементтері бойынша қорлардың нормалары жасалады. Норма – айналым қаражатының әрбір элементінің , қордың сәйкес көлемінің салыстырмалы мөлшері. Нормативтер запас күндерінде бекітіледі және материалдық құндылықтарының белгіленетін түрімен қамтамасыз етілетін кезең ұзартылымын білдіреді. Запас нормасы белгілі бір базаға ақшалай көрініс пайызында бекітілуі мүмкін. Бұда.н шығатыны айналым қаражатының әрбір түрі бекітілуі мүмкін. Бұдан шығатыны айналым қаражатының әрбір түрі бойынша запастар анықталады.

Тікелей есеп аналитикалық, коэфиценттік әдістерді қолданады. Тікелей есеп әдісі бойынша әрбір элементте айналым қаражатын несиелеу мөлшері анықталады, кейін ола    Аналитикалық әдіс – алдынғылармен салыстырғанда кәсіпорындардың жұмысындағы өзгерістерді қарастырмайды.

Коэфиценттік әдіс кезінде жаңа нормативтік өндірісті жабдықтау, өнімді өткізу жұмыстары, қызметтер жағдайын есепке алу мен оған өзгерістерді енгізу жолымен бұрынғы база негізінде анықталады. Нормалаудың негізгі әдісі айналым қаражатының әрбір элементі бойынша тікелей есеп әдісі болып саналады. Өндірісте басқадай әдістердің нормалауды қосалқы әдісі ретінде пайдаланады. Меншікті айналым қаражаттың жалпы нормативтері өндірістік жоспарды орындау және шикізат запастарын, өнімін, сату материалдарын , отын, құны аз және тез тозатын заттарды, аяқталмаған өндірісті, дайын товарларды, келешек кезең шығындары сонымен бірге белгіленген мерзімдегі есептерді жүргізу үшін олардың көлемінде анықталады. Айналым қаражатты нормалау мынадан тұрады:

1. Жеке түрдегі тауарлы материалдық құндылықтар бойынша барлық айналам қаражатының запастағы нормаларды белгілеу мен дайындау күнмен есептеледі.

2. Жалпы меншікті айналым қаражатының нормативтерді жасау және оларды әрбір элементтің ақшалай түрдегі көрінісі. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативтерді жасау және оларды әрбір элементтің ақшалай түрдегі көрінісі. Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына көрсеткіштермен анықтайды:

• өндірістің көлемі мен өндірісті сату;

• өндіріске сақтауға және өнімді сатуға жұмсалатын шығындар;

• жеке түрдегі тауарлы материалдық құндылықтар бойынша айналым қаражатының запастағы нормалармен шығындары (күнмен есептеледі).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.