|
|||
Тақырып 17. Босалқы қорларды басқаруТақырып 17. Босалқы қорларды басқару Тауарлы – материалды қорларды басқару – бұл материалдық қорларға оптималды салымдарды жүзеге асыру саясатын әзірлеу. Материалдық қорларды басқару келесілерден тұрады: 1) қорлардың оптималды көлемін анықтау; яғни бір жағынан қорлардың жетіспеушілігінен өндірістің тоқтауын болдырмауы. 2) тапсырысты таратудан бастап қорларды кәсіпорынға жеткізгенге дейінгі мерзімді қысқарту, яғни тауарлы – материалдық қорлардың айналымдылығын жылдамдату. 3) қорларды қолданғаннан түсетін табыстарды және қорлармен байланысты шығындарды талдау, салыстыру, яғни материалды қорлардың табыстылығын анықтау. 4) тез бұзылатын тауарлармен байланысты тәуекелді есепке алу. 5) тапсырысты таратумен байланысты шығындарды және қорларды сақтаумен байланысты шығындарды анықтау. Бұл екі шығынның түрлері бір - біріне керісінше өзгереді. тапсырыспен байланысты шығындар – ол тапсырысты тарату және ( жабдықтарға кететін келісім шарттар бойынша шығындар) қорларды кәсіпорындарға қорларды жеткізу шығындары, яғни көлік шығындары. тапсырыспен байланысты шығындар келесі формуламен есептеледі: 1) ТШ = S QхҒ S – жалпы қорлардағы қажеттілік; Q – тапсырысқа берген қордың көлемі; Ғ – тапсырысты рәсімдеу. қорларды сақтаумен байланысты шығындарға жататындар: қоймалармен байланысты өндеу, сақтандыру, салық салу шығындары. Келесі формула арқылы есептеледі:
2) СШ = Q/ 2хН Н – қорлардың бірлігін сақтауға жіберілетін шығындар; Қорлардың экономикалық көлемі – ол әр тапсырыс сайын беріліп отыратын қажетті қорлар көлемі. Келесі формула арқылы есептеледі:
3) Эк = √ 2х ҒхS/ Н Тапсырыс саны:
4) ТС= S / Эк Тапсырысты қадағалау мөлшері – бұл келесі тапсырысты жасау кезіндегі кәсіпорындардағы қордың мөлщері:
5) ТҚМ = S3 x T3 S3 – мерзімдегі қордағы қажеттілік; T3 -тапсырысты орындау мерзімі.
|
|||
|