Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау



3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Статистикалық есеп: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы есеп орталық статистикалық органдарға беріледі, ал ішкі есеп кәсіпорынның өзіне қатысты қаржылық талдауды жүргізуге пайдаланады. Оперативтік есеп кәсіпорынның қысқа мерзімдік қызметінің негізгі нәтижелерін білдіреді. Қаржылық талдауда маңызды ақпарат қайнар көздері – ол қаржылық есеп. Қаржылық есептеудің негізгі түрлері:

- бухгалтерлік есеп;

- қаржылық шығындардың нәтижелер бойынша есеп немесе табыстар және шығындар туралы есеп;

- ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп.

Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлігінің және оларды қаржыландыру қайнар көздерінің анықталған күнге жағдайын қарастырады.

Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив. Баланстың негізгі формуласы активтер мен пассивтердің тең болуы.

Активтер:

1. Ұзақ мерзімді активтер:

1.1. Материалдық емес активтердің алғашқы құны;

1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясы;

1.3. Материалдық емес активтердің қалдық құны;

1.4. Негізгі қаражаттардың алғашқы құны;

1.5. Тозу сомасы;

1.6. Негізгі қаражаттардың қалдық құны;

1.7. Ұзақ мерзімді салымдар.

2. Ағымдағы активтер:

2.1. Тауарлы-материалдық қорлар;

2.2. Дебиторлық қарыздар;

2.3. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар;

2.4. Ақшалай қаражаттар.

Пассивтер:

3. Меншіктік капитал:

- жарғылық қор;

- резервтік қор;

- бөлінбеген пайда.

4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді несиелер).

5. Қысқа мерзімді міндеттемелер:

- қысқа мерзімді несиелер;

- ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы құны;

- кредиторлық қарыздар.

Қаржылық шығындардың нәтижелері бойынша есеп:

1. Өнімді өткізуден түсетін түсімдер;

2. Өнімнің өзіндік құны;

3. Жалпы табыс = 1n - 2n;

4. Кезең шығындары:

- жалпы әкімшілік шығындар;

- пайызды төлеу бойынша шығындар;

- өнімді өткізу бойынша шығындар.

1. Негізгі қызметтен түскен табыс (шығын) =3n - 4n;

2. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (шығын);

3. Салық салуға дейінгі табыс =6n + 5n;

4. Салық сомасы;

5. Салық салымынан кейінгі табыс =7n - 8n;

6. Төтенше жағдайлардан түсетін табыс;

7. Таза табыс (шығын).

 

Ақшалай қаражаттың қозғалысы негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша белгіленеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

- табыстылық көрсеткіштері;

- төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері;

- капитал құрылымы немесе қаражаттың тұрақтылық көрсеткіштері;

- айналымдылық немесе қызмет белсенділігінің көрсеткіштері.

Табыстылық көрсеткіштер:

- салыстырмалы;

- абсолютті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.