Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару



Тақырып 15. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару

Дәріс сұрақтары:

1.Айналым капиталы келесі белгілері бойынша жіктеледі:

2. Өндірістік процестегі функционалды орны бойынша бөлінеді;

а) өндірістік айналым қорлары;

б) жай айналым қорлары.

Өндірістік айналым қорларға: қордағы өндірістік қаражаттар, өндірістегі қаражаттар және дайын өнім кіреді. Айналым қорларына; ақшалай қаражаттар немесе есептегі қаражаттар жатады.

2. Жоспарлау мүмкіншілігі бойынша мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым қорлары ақшалай қаражаттар және банктегі есеп шоттар жатады.

3. Қаржыландыру қайнар көздері бойынша меншіктік айналым капиталы және қарыздық айналым капиталы жатады.

Меншіктік айналым капиталы дегеніміз – кәсіпорынның өз қаражаты арқылы қаржыланатын қысқа мерзімді активтер. Меншікті қаражаты арқылы капиталын таза айналым капиталы немесе жұмыс істейтін капитал деп атауға болады. Екі әдіспен анықталады:

М1 = (G + Р) – К

М2 = G  – К

М1 , М2 - меншікті айналым капиталы

               G – меншікті капитал

               К – ұзақ мерзімді активтер

               Р - ұзақ мерзімді пассивтер

1. Өтімділік дәрежесі бойынша айналым капиталы келесідей топтарға бөлінеді:

- абсалютті өтімділік активтер: ақшалай қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар;

- тез өтетін активтер: дебиторлық қарыздар, дайын өнім;

- баяу өтетін активтер: тауарлы – материалдық запастар және келешек кезең шығындар.

2. Тәуекел дәрежесі бойынша келесідей топтарға бөлінеді:

- минималды тәуекел: ақшалай қаражаттар мен келешек кезең шығындары.

- төмен тәуекел: дебиторлық қарыз, материалдық қорлар – орташа тәуекел: келешек кезең шығындары мен аяқталмаған өндіріс.

3. Заттық формасы бойынша:

а. еңбек заты: материалдық қорлар, дайын өнім және тауарлар.

b. ақшалай қаражаттар және салымдар.

с. есептегі қаражаттар: дебиторлық қаржы.

4. Бухгалтерлік баланста тіркеу бойынша; тауарлы материалды қорлар, дебиторлық қарыздар, ақшалай қаражаттар – қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.

Ағымдағы активтердің айналымы үш кезеңнен тұрады:

- дайындық кезең немесе сатып алу кезеңі;

- өндірістік кезең;

- өткізу немесе сату кезеңі.

Ақшалай қаражаттарға өндірістік қорларды сатып алып, дайын өнім шығарып,оны өткізіп, ақшалай қаржыларды қайтадан түсіру - өндірістік коммерциялық циклды құрайды.

Өндірістік коммерциялық циклдің мөлшеріне келесілер әсер етеді:

1) жабдықтаушылар мен кәсіпорындарды несиелеу мерзімі;

2) кәсіпорын мен сатып алушыларды несиелендіру мерзімі;    

3) өндірістік запастарды өндеу мерзімі.

Айналым капиталының өндірістік процеске қажеттігі, яғни мөлшері келесі факторларға байланысты болады:

- өндірістің көлемі;

- өндірістің ерекшеліктері (кәсіпорынның материалдық сыйымдылығына байланысты) ;

-              кәсіпорында қолданылатын есептеу әдістері (өндірістік қорларды сатып алу);

- жоғалту тәуекелі;

- мерзімділік және маусымдылық.

Айналым капиталды басқаруда келесідей бағыттар бар:

- агрессивтік саясат;

- консервативтік саясат;

- қалыпты саясат.

 Айналым саясат бойынша кәсіпорын ағымдағы активтердің мөлшерін жоғарлатуын қалайды. Консервативтік саясат бойынша, керісінше, жалпы активтердің сомасында ағымдағы активтердің үлесін төмендетеді. Қалыпты саясат бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің оптималды қатынастығы құрылады.

Айналым капиталды басқару саясатына қызметті қаржыландыру саясаттары сәйкес болады, яғни пассивтермен басқару саясатының түрлері: агрессивті, консервативті және қалыпты.

Агрессивтік саясат бойынша кәсіпорынның қызметі көбінде қысқа мерзімді пассивтермен жүргізіледі, не қаржыландырады.

Консервативті саясат бойынша ұзақ мерзімді пассивтер, ал үшінші саясат бойынша ұзақ мерзімді де, қысқа мерзімді де қаржыландыру қайнар көздері қолданады.

Айналым капиталы агрессивті басқару кезінде агрессивтік немесе қалыпты пассивтермен басқару саясаттары қолданылады.

Консервативті басқару кезінде ( айналым капиталды) консервативтік немесе қалыпты пассивтермен басқару саясаттары қолданылады. Айналым капиталы қалыпты басқарылған кезде, пассивтермен басқарудың барлық күш саясаттары қолданылуы мүмкін.

1.Міндеттемелер бойынша өтімділік – кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтей алу қабілеттілігін айтамыз.

Активтердің өтімділігі – белгілі бір уақыт аралығында активтердің ақша қаржысына айналу жылдамдығын айтамыз. Активтердің ақша қаражатына айналу мерзімі неғұрлым қысқа болса, онда соғұрлым өтімділік дәрежесі жоғары болады. Өтімділік –қызқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге жеткілікті меншікті айналым капиталының болуын айтамыз. Яғни айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерден артық болған сайын кәсіпорынның өтімділік деңгейі жоғары, әрі қаржылық жағдайы жақсы болады. Кәсіпорын активтерінің өтімділігі бухгалтерлік баланс бойынша анықталады. Баланста активтер нашар өтімділіктен жоғары өтімділік дәрежесі бойынша, ал міндеттемелер ұзақ мерзімнен қысқа мерзімді өтелуіне қарай орналасқан. Өтімділік дәрежесі бойынша баланс баптары былай топтастырылады:

А4 – нашар өтімді активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, алдағы кезең шығындары, күдікті борыштар.

А3 – баяу өтімді активтер: ұзақ мерзімді инвестиция, аяқталмаған өндіріс, тауарлық-материалдық қорлар.

А2 – жылдам өтімді активтер: берешектер борышы, дайын өнім, тауарлар, өзге де активтер.

А1 – жоғары өтімді активтер: ақшалар, қысқа мерзімді міндеттемелер, құнды қағаздар.

П1 – жедел төленетін міндеттемелер: қысқа мерзімді алашақтар борышы және қарыздар, жұмысшылардың еңбекақысы және қарызы, өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер.

П2 – Қысқа мерзімді міндеттемелер: қысқа мерзімді несиелер мен борыштар, зайымдар, қарыздар.

П3 – Ұзақ мерзімді міндеттемелер: ұзақ мерзімді несиелер мен борыштар, займдар, қарыздар.

П4 – тұрақты міндеттемелер: меншікті капитал.

Әрбір топтастыру бойынша өтімділікті анықтағаннан кейін өзара салыстыра отырып, абсолюттік өтімділік дәрежесін анықтаймыз.

 осы теңсіздік

2.Өтімділікті сипаттайтын көрсеткіштер:

1. Жалпы өтімділік көрсеткіші: К=( А1+ А2+ А3)/( П1+ П2+ П3)>0.9

2. Абсолюттік өтімділік көрсеткіші: К=( ақшалар+құнды қағаздар)/( П1+ П2)

3. Ағымдық өтімділік көрсеткіші: К=( А1+ А2+ А3)/( П1+ П2)

3.Төлемқабілеттілік – алашақ міндеттемелермен есеп айырысуға байланысты қажетті ақша қаражаттарының жеткілікті болуын айтамыз. Төлемқабілеттілігінің белгісі: әр түрлі шоттарда ақшаның болуы; қысқа мерзімді міндеттемелердің өз уақытылы өтелуі.

Төлемқабілеттілігінің екі түрі бар:

1. Ағымдық төлемқабілеттілік- балансты құру кезінде анықталады, яғни осы сәтте жабдықтаушыларға деген міндеттеменің, банктік қарыздардың және өзге де міндеттемелердің болмауын айтамыз.

2. Күтілген төлемқабілеттілік – нақты мерзімге байланысты анықталады және жедел міндеттемелер мен төлем құралдарын салыстыра отырып анықтаймыз. Төлемқабілеттілігінің коэффициенті: К=ақшалар/жедел міндеттемелер, егер 1 артық болса, онда төлемқабілетті, ал аз болса төлемқабілетсіз.

Кәсіпорынның негізгі қызметтен тұрақты табысты алып тұру деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер анықталады:

1. ақша қаражатының жеткіліктілігі: К=сатудан түскен табыс/капитал шығыны+двиденд+айналым құралдарының өсімі. Мәні 1 артық болса, онда қалыпты, ал аз болса қалыпсыз.

2. ақша қаражатының капиталдандыру: K=сатудан түскен табыс-двиденд/негізгі құралдардың алғашқы құны+инвестиция+өзге де активтер+меншікті айналым капиталы. К=8-10% болса, онда жеткілікті ақша қаражатының бар екендігін көрсетеді.

1.Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігі мен тиімділігін талдау қаржылық талдаудың ең соңғы кезеңі болып табылады. К/о әскерлік белсенділігі активтердің айналым жылдамдығын сипаттайды. Іскерлік белсенділікті талдаудың мақсаты айналым коэффициенттерінің деңгейі мен динамикасын зерттей отырып, активтердің тиімді қолданылуын анықтау болып табылады. Әрбір активтің айналым жылдамлығы әр келкі және оған сыртқы факторлар әсер етеді. Ең басты фактордың бірі – активтерді басқару тиімділігі, яғни баға саясаты, активтердің құрылымының құрылуы, ТМҚ бағалау әдістері үлкен әсер етеді.

Іскерлік белсенділікті сипаттайтые көрсеткіштер:

1. Жалпы капитал айналымының коэффициенті – бір жылда неше рет толық өндірістік цикл аяқталатынын және активтердің әрбір ашқалай бірлігі қанша теңге табыс әкелетінін көрсетеді.

К=  ,мұндағы: N – сатудан түскен табыс; БВ – орташа баланс валютасы.

Мәні – кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын және барлық ресурстардың тиімді қолданылуын сипаттайды. Бұл көрсеткішті анықтағанда әр саланың ерекшелігі ескеріледі.

2. Негізгі қордың айналым коэффициенті немесе қорқайтарымы – белгілі бір кезең аралығындағы негізгі өндірістік қорлардың тиімді қолданылуын сипаттайды:

К=  ,мұндағы: N – сатудан түскен табыс; НҚ –негізгі қорлардың жылдық орташа құны.

Қорқайтарымы негізгі құралдардың жоғарғы техникалық деңгейінің үлесіне байланысты өседі. Бірақ әр саланың капитал сыйымдылығына байланысты оның сәні ауытқиды. Бұл көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, онда есептік кезеңдегі шығын соғұрлым аз болады, өнімді сатудан түскен табыс аз, әрі активтердің салым деңгейінің тым жоғары екендігін көрсетеді.

3. Меншікті капитал айналымының коэффициенті мазмұны әр түрлі көзқарас бойынша өзгеше болады. Коммерциялық көзқарас бойынша сату көлемінің артылуын немесе жетіспеушілігін көрсетеді; қаржылық көзқарас бойынша меншікті капитал салымының айналым жылдамдығын көрсетеді; экономикалық көзқарас бойынша кәсіпорынның тәуекел еткен ақша қаражатының белсенділігін айтамыз. Келесі формуламен анықталады:

К=  ,мұндағы: N – сатудан түскен табыс; МК – меншікті капиталдың жылдық орташа құны.

Көрсеткіштің мәні тым жоғары болса, онда капитал салымынан сату деңгейі асады, нәтижесінде несие ұлғаяды, табыстың азаюына байланысты қиындықтар туындайды. Мәні төмен болса, онда меншікті капиталдың белгілі бір бөлігінің іске қосылмағандығын көрсетеді.

4. Ағымдық активтердің немесе айналым капиталының айналым коэффициенті – ағымдық активтердің айналым санын немесе айналым жылдамдығын көрсетеді. Ағымдық активтердің айналым жылдамдығы өскен сайын айналым капиталының бір бөлігін босату қажеттігі туындайды. Босатылған айналым құралын өзге де тиімді мақсаттарға жұмсауға болады. Бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады:

;

Мұның мәні өссе ТМҚ аз жұмсалатынын көрсетеді, ақша қаражаттары босатылады, нәтижесінде жоғары өтімді активтер өседі және төлемқабілеттілік пен қаржылық жағдай жақсарады. Өндіріс пен айналым уақытының қысқаруы нәтижесінде айналым саны артады. Өндіріс уақыты техника мен технологиялық процеске байланысты. Өндіріс процесін қысқарту үшін еңбекті автоматтандыру және технологияны жетілдіру қажет. Айналым уақытының қысқаруы мамандандыруға, құжаттар айналымына, шаруашылық аралық айналымға байланысты. Ағымдық активтердің айналым ұзақтығы келесі формуламен анықталады:

; , , ,

5. Материалдар айналымының коэффициенті айналым санын немесе айналм жылдамдығын сипаттайды. Ол келесі формуламен анықталады:

, S – толық өзіндік құн.

Мәні неғұрлым жоғары болса соғұрлым баяу өтімді активтер үлесі азаяды, ал айналым капиталының құрылымдық өтімділігі артады, нәтижесінде қаржылық жағдай тұрақтанады. Мәні аз болса, онда материалдар мен аяқталмаған өндіріс көлемі өседі және дайын өнімге деген сұраныс төмендейді. Бұл көрсеткіштің деңгейіне ТМҚ өзіндік құнын бағалау әдістері де әсер етеді.

6. Дайын өнімнің айналым коэффициенті оның айналым жылдамдығын көрсетеді. Мәні өссе өнімге деген сұраныс өседі, ал мәні кемісе, онда сұраныс азаяды. Ол келесі формуламен анықталады:

 ,

7. Берешектер борышының айналым коэффициенті келесі формуламен анықталады:

,

Берешектер борышының көлемі мен сапасын бағалау үшін қолданылады. Берешектер борышының айналым ұзақтығын да анықтауға болады.

8. Алашақтар борышының айналым коэффициенті:

Алашақтар борышының айналым ұзақтығын анықтауға болады.

9. Ақша қаражатының айналым коэффициенті:

К=ақша қаражатының айналымы/ақша қаражатының орташа қалдығы

Ақша қаражатының айналым ұзақтығын анықтауға болады.

10. Инвестициялық капиталдың айналым коэффициенті:

К=N/ұзақ және қысқа мезімді инвестиция

11. Перманенттік капитал айналымының коэффициенті:

К=N/перманенттік капитал, Мәні ұзақ мерзім бойында қолданылған капитал айналымының жылдамдығын көрсетеді.

12. Іскерлік белсенділік индексі – айналым капиталы басқаруға байланысты негізгі қызметтің тиімділігін сипаттайды. Ол келесі формуламен анықталады:

N/қалыптастырушы капитал*негізгі қызметтен түскен табыс/сатылған өнімнің толық өзіндік құны



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.