Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару



Тақырып 16. Ақша қаражаттарын басқару

Дәріс сұрақтары:

1. Ақшалай қаражаттарды басқару

2. Ақшалай ағымдардың түрлері

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

1. Ақшалай қаражаттарды басқару

Ақшалай қаражаттарды басқару – ол ақшалай ағымдарды болжаудан, талдаудан, оптималды ақшалай қаражаттардың айналым жылдамдығын жоғарлатудан тұрады. Ақшалай қаражаттардың қажеттілігі келесілерде болады:

- ағымдағы қызметті атқару үшін, яғни кәсіпорынның күнделікті өтімділігін қамтамасыз ету үшін,

- жоспарланған шығындарды өтеу үшін;

- инвестициялық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін.

          Ақшалай қаражаттардың басқаруы олардың талдауы мен жоспарлауынан басталады. Ақшалай қаражаттардың талдауы бухгалтерлік баланс және ақшалай ағымының қозғалса туралы есеп арқылы жүргізіледі. Мұнда ақшалай ағымдар өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша қарастырылады. Ақшалай қаражаттардың жоспарлауы болжау ретінде жүргізіледі. Себебі, ол мөлшерленбеген активтерге жатады. Әр кәсіпорын өз өндірісінің мөлшеріне қарай, ерекшелігіне қарай және қалыптасатын әдістерге байланысты жоспарлануды жүргізеді. Ақшаның жоспарлануы анықталған кезеңге ішкі кезеңге бөлінуімен әзірленеді. Бұл ерекшеліктерге қарамастан, ақшалай қаражаттың жоспарлануын, яғни болжауын келесідей тәртіпке келтіруге болады:

1) ақшалай кірістерді ішкі кезең бойынша болжау;

2) ақшалай шығындарды ішкі кезең бойынша болжау;

3) таза ақшалай ағымның сомасын анықтау;

4) қажетті қысқа мерзімді қаржыландыру көлемін анықтау.

2. Ақшалай ағымдардың түрлері

Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағымы құн нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық процестерін ортақтастыратын қолма–қол және қолма–қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Қаржы менеджментінде - ақша оның іс-әрекетінің, уақытша болжам тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Ақша ағымының құрамына қаржы көмегімен қалыптасатын, сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден түскен түсім – ақша, онан кейін несие ресурстары, әртүрлі тартылған ресурстар алады. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі құн келешектегі құнға компаундингілеу – күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау – пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Компаундинг дегеніміз – ақша сомасының уақытқа қарай өсуі.

Ақшалай ағымдар келесідей белгілер бойынша жіктеледі:

1) Қозғалыс бағыты бойынша: ақшалай қаражаттардың түсімдері; ақшалай ағымдардың шығыстары; таза ақшалай ағым (түсімдер-шығындар).

2) Атқару қызметтеріне байланысты:

- негізгі немесе операциялық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттар, бұл тауарларды өңдеу мен қызметтерді атқарумен бйланысты қызмет: түсімдер, шығындар, таза ақшалай ағымдар;

- қаржылық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттар, бұл қаржылардың қайнар көздерін тарту бойынша қызмет: түсімдер, шығындар, таза ақшалай ағымдар.

3) Мерзімдік тіркеуге байланысты ақшалай ағымдар екі түрге бөлінеді:

- пренумерандо ақшалай ағымдар – бұл мерзімнің басында есепке алынған ақшалай ағымдар көбінде жиналу мақсатымен пайдаланылады, сондай-ақ инвестициялау мақсатымен.

- Постнумеранда ақшалай ағымы – ол кезең соңында есептелінетін ақшалай ағымдар. Көбінде аналитикалық мақсатымен пайдаланылады. Себебі, барлық ақшалай ағымдар есеп жүргізген кезде кезең соңында есептеледі.

Ақшалай ағымның бір түрі ренталық төлемдер болып табылады. Рента дегеніміз – ол көбінде тең сомамен, тең мерзім арасында төленетін немесе алынатын кезеңдік ақшалай ағымдар. Мерзімді есептеуге байланысты ақшалай ағымдар: мерзімдік және мерзімсіз болып бөлінеді. Мерзімдік ағым бойынша алғашқы және соңғы төлемнің уақыты алдын ала белгілі болады, ал мерзімсіз уақыттар алдын-ала қойылмайды.

Рента ақшалай ағым болғандықтан, мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді. (жоғары белгілер бойынша жіктеледі). Рентаның бір түрі бағалы қағаздар бойынша аннуитет – ол мерзім сайын тең сомада жүзеге асырылатын ақшалай ағымдар. Аннуитет табыс алу қызметімен байланысты ақшалай ағым, яғни екінші жағынан ол инвестицияның түрі. Ол жоғарыда аталған белгілер бойынша бөлінеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.