Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бюджет жүйесінде кәсіпорынның қаржылық жауапкершілік орталықтары



5.3 Бюджет жүйесінде кәсіпорынның қаржылық жауапкершілік орталықтары

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі:                     

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы тиісті мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және олардың бюджет қаражатын бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде стратегиялық бағыттарға, стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестіреді және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

3. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

5. Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін акциялары бюджет қаражатының есебінен төленген ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі қандай белгілермен сипатталады

2. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) дегеніміз?

3. Бюджет іс-әрекетінің үйымдастырушьшық формалары

4. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қандай қаржылық жоспарлары бар?

5. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты

6. Бюджеттің негізгі функциялары?

7. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты?

8. Бюджеттік салық саясаттың функциялары қорытынды түрде нені қүрайды?

9. Экономикада тауарлы-ақша қатынас экономикалық пропорциялар қандай формада көрініс табады?

10. Бюджеттің ерекшеліктерің ата?

Негізгі әдебиеттер:

1.2012 жылғы 10 сәуірдегі № 110 " Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құру туралы" ҚР ЭДСМ бұйрығы.

2. Хруцкий В.Е. Внутрифирменное бюджетирование: Настольная книга по постановке финансового планирования. М.:ФиС, 2007.

3.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Бақару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

4. 28/08/2013/ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевтың 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заң жобасы туралы баяндамасы

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329

6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 352 бұйрығы

7.Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006

8.Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы

9.2008 жылға арналған 004 « Бюджеттік инвестициялық жобалар және концессия шеңберінде іске асырылатын жобалар» республикалық бюджеттік бағдарламасын бөлу туралы

10.Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі

11. 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 110 " Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құру туралы" ҚР ЭДСМ бұйрығы

     

Слайдтардың тізімі:

1.Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің қағидалары

2.Бюджетаралық қатынастар қағидалары

3.Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа қүрылымының қалыптасуы

4.Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс-әрекеттің барлық сатыларында негізгі мақсаттардың түрлері

5. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.