Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәріс. Табақтүзеткіш машиналар



№15 дәріс. Табақтүзеткіш машиналар

Табақтүзеткіш көп аунақшалы машиналар екі топқа болінеді: аунақшалары параллельді және еңкіш орналасқан (сурет 15.1 а,б). Біріншісін қалың (> 12 мм) және кейбір жағдайда жұқа табақтарды алдын-ала түзетуге қолданады, ал екіншісі – жұқа табақтар мен жолақтарды (≤ 4 мм) түзетуге арналған.

Аунақшалары параллель орналасқан машиналарда табақ барлық аунақшалар арасында бірдей майысады. Аунақшалары еңкіш орналасқан машинада табақтың майысуы алдынғы аунақшаларда көбірек болып, ал одан кейінгі аунақшаларда майысу азайып, соңғы аунақшаларда қисықтық (шаластықтық, толкындылық) толық түзелетіліп шығады. Сондықтан табақтарды түзетуде бұл машинаның артықшылығы байқалады.

Табақтүзеткіш көпаунақшалы машинаның негізгі параметрлеріне мыналар жатады: аунақшалар диаметрі D, аунақшалар адымы t , аунақшалар саны n, аунақша бөшкесінің ұзындығы, машинада түзетілетін табақ қалыңдығы h.

 

Сурет 15.1 - Аунақшалары параллельді (а), еңкіш (б) орналасқан табақтүзеткіш машиналардың сұлбасы және жолақтың иілу моменттерін анықтауға арналған сұлба (в, г).

 

Аунақшалар диаметрі мен адымы түзету сапасына және түзеткіш машинаның аунақшаларына түсетін күшке тікелей әсерін тигізеді. Аунақшалардың өте үлкен диаметрі мен адымы түзетудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ете алмайды, ал t мен D-ны азайтса аунақшаларға түсірілетін күш шамасы артып, машина құрылымы күрделі болып кетеді.

Аунақшалардың адымы мен диаметрінің ең жақсы мәнін анықтаудың теориясы толық қалыптаспаған. Сондықтан олардың мәнін осы машинада түзетілетін табақтың қалындығы мен еніне байланысты практиқалық мәліметтер негізінде таңдап алады. Аунақшалар адымын әдетте мынаған тең ғып қабылдайды: t ≈ 1,1 D.

Түзету дәлдігі сонымен қатар машинадағы аунақшалар санына да байланысты. Аунақшалар көп болған сайын түзету сапасы да жақсырақ болады. Әдетте қалыңдығы 4 мм астам табақтарды түзету үшін 9 – 11 аунақшаны, ал жұқа табақты түзетуге 13 – 17 аунақшаны (кейбір жағдайда 19 – 23 аунақшаға дейін) қолданады.

Түзету жылдамдығын машина өнімділігіне және табақ қалыңдығына байланысты таңдайды. Тәжірибелік мәліметтер негізінде түзету жылдамдығының мынадай мәндері қабылданған, м/с: жұқа табақтар үшін (0,5 – 4 мм) 6 ÷ 0,5; қалың табақтар үшін (4 – 30 мм): суықтай түзеткен кезде 0,5 – 0,1; ыстықтай түзеткен кезде 1,0 – 1,3.

Сонымен қатар түзету сапасы аунақшалардың жұмыстық бетінің сапасы мен олардың тозу дәрежесінен де тәуелді болады. Суықтай түзеткен кезде аунақшалардың тозуы түйіспелік кернеуден тәуелді. Олай болса бұл кернеудің мәні өте көп болмауы керек. Түйіспелік кернеудің мәнін шамамен Герц формуласы бойынша анықтауға болады. Осындай да радиусы R, бөшке ұзындығы l болатын серпімді деформацияланатын аунақша сығылмайтын жазықтықта жатады және Р күшімен жүктеледі деп ұйғарамыз. Rкел = 2R болған кезде мынаны жазуға болады:

,                                                          (15.1)

мундағы b – табақ ені; R – аунақша радиусы; Е – аунақша материалы мен жолақтың келтірілген серпімділік модулі; σт – табақ материалының аққыштық шегі; Р – аунақшаға түсірілетін ең үлкен қысым.

Осы формула бойынша есептелген ең үлкен түйіспелік кернеу мәні жолақ материалының аққыштық шегінің екі еселенген мәнінен аспауы керек (жолақтың илемделмеуі сақталғанда).

Серпімділік модулі Е2 болатын табақты түзету машинасында түзеткен кезде (аунақша материалы Е1) келтірілген серпімдік модулі (Е1 = Е2, Е = Е1 болғанда) мынаған тен.

Е = 2Е1 Е2 /(Е1 + Е2).                                                             (15.2)

Егер жолақ пен аунақшалар материалының аққыштық шегі мен серпімділік модульдері бірдей және түйіспелік кернеу ақыштық шектің екі еселенген мәнінен аспайды деп қабылдасақ онда жоғарыда жазылған формулаға сәйкесті түзету машинасының аунақшалары диаметрінің ең кіші мәнін былай таба аламыз.

                                                       (15.3)

Болат үшін Е ≈ 2х105 МПа және σт ≈ 500 МПа, олай болса Dmin ≈ 20h. Түзету машинасы ең үлкен және ең кіші қалындықтардың қатынасы төртке (hmax/hmin = 4) тең болатынәртүрлі материалдарды түзетуге арналғандығын ескере отырып, іс-жүзінде аунақшалар диаметрінің номиналды мәнін мынандай ғып қабылдауға болады: Dном ≈ 40hорт.

Табақ түзеткіш машинаның қатаңдығын арттыру үшін және түзетудің қажетті сапасы мен дәлдігіне жету үшін жұмысшы аунақшалар тіреуші аунақшаларға тіреледі. Тіреуші аунақшалардың диаметрін жұмысшы аунақшалардың диаметріне тең немесе одан үлкен ғып алады.

Жұмысшы аунақшалар бөшкесінің ұзындығын түзетілетін табақтың ең үлкен еніне байланысты анықтайды.

Жұмысшы мен тіреуші аунақшалар беріктігі мен қаттылығы, тозуға қарсылығы жоғары қоспаланған болаттан 9Х, ШХ15, 12ХН2А (соңғысын диаметрі 90 – 100 мм кіші аунақшалар үшін қолданады) жасалынады.

Аунақшалар бөшкесін өндірістік немесе жоғары жиілікті токпен беттік шынықтырып, қаттылығын 55 – 65 HRC дейін жеткізеді. Ыстықтай түзетуге арналған аунақшалар орта көміртекті болаттан жасалынады, ал содан кейін қатты қорытпамен (сормайт сияқты) балқытылып қаптастырылады.

Илемге таңба басуға және оны таңбалауға арналған машиналар мен механизмдер. Блюмдерді, дайындамаларды, сортты илемдерді және қалың табақтарды таңбалау үшін таңбалаушы машиналар мен механизмдерді қолданады. Оларды таңбалағыштар деп атайды. Әріптік литерлер мен сандық белгілерден тұратын ауыстырылмалы таңбалардың көмегімен илемге өндіруші зауыттың шартты белгісі, болат таңбасы, балқытылу нөмері және т.б. салынады (батырылады). Таңбалар салу металды қоймада сақтауға және оларды ары қарайғы өңдеуге немесе тұтынушыға жіберуге ыңғайлы.

Жұқа табақ батырып таңбалануға келмейді, сондықтан оларды трафареттердің бояу арқылы қажетті белгілерімен таңбалайды. Табақты металды таңбалауға арналған механика-ландырылған құрылғыны таңбалау машинасы немесе таңбалаушы деп атайды.

Блюмдер мен слябтерге арналған таңбалағыштар. Блюмдер мен слябтерге арналған таңбаны бүйір беттеріне немесе кесілген жақ беттеріне басуға болады. Блюмдер мен слябтерді қат қабат қылып қоймада сақтағанда кесілген жақ беттерінен таңбаланған ыңғайлы. Өйткені олар бірден көзге түседі. Сондықтан кесілген жағынан таңбалану кең тараған. Бұрын блюмингтер мен дайындамалық орнақтарда таңба басуды қолмен істеу тәсілімен жасаған. Бірақ қызған металға таңба басу жұмысшылар үшін аса ауыр операция. Сондықтан соңғы жылдары оны орындау үшін маятникті механикаландырылған таңбалағыштар қолданылады. Конструкциясы бойынша оларды мынандай үш түрге бөлуге болады:

а) таңбалары кезеңді қолмен ауыстырылатын;

б) таңбалары оператор көмегімен механикалы ауыстырылатын;

в) толық автоматтандырылған.

Рельстер және ірісұріпты пішіндерге арналған таңбалағыштар. Рельстер мен ірі сортты илемдерді (арқалық, швеллер, бұрыштық болаттар және т.б.) таңбалау үшін қозғалыстағы пішіндерге таңбалаушы дисктерді пневматикалы қыспақтайтын таңбалау-бүрлеу машиналары қолданылады. Бұл машиналарды тағы да штемпельді машиналар немесе жай таңбалағыштар деп те айтады.

Дайындамаларға арналған таңбалағыштар.Үздіксіз дайындамалық орнақтарда ыстық дайындаманы таңбалау үшін таңбалағыштардың екі типі қолданылады: маятникті және дискілі. Алғашқысы орнақтың алдыңғы үздіксіз тобынан шығатын қимасы үлкен (120×120-дан 200×200 мм дейін) дайындамаларды таңбалауға арналған. Мұндай дайындамаларды маятникті таңбалағыш көмегімен шеткі бетінен таңбалайды. Таңбалағыш айналма рольгангтің желісінде қайшыдан кейін орналасқан. Құрылымы блюмге арналған таңбалағыштардікіне ұқсас. Орнақтың екінші үздіксіз тобының соңғы қапасынан үлкен жылдамдықпен (6м/с дейін) шығатын дайындамаларды таңбалау үшін, айналакескіш қайшыдан кейін дискілі және бір басты консольды таңбалағыштар қойылған. Олар қозғалыстағы дайындаманың алдыңғы шетін немесе жоғарғы бүйір жақ бетін таңбалайды.

Табақтарға таңба басу және таңбалағыштар.Орнақ 2800-де жасылынатын қалың (>10 мм) табақты таңбалауға арналған пневматикалық таңбалағыш 15.2. суретте көрсетілген.

Рольганг бетімен қозғалатын қалың табақ шығыңқылығы бар түсірілетін таяныштың көтеруші қалқанымен 5 тоқтатылады. Осы шығыңқылық табақтың алдыңғы ұшының тіреуіші болып саналады. Сонымен қатар, табақ индукциялы бергіштің түйіспесін тұйықтайды. Бұл цилиндр 1 қуысының жоғарғы жағына ауа беретін электрмагнитті клапанды қосады. Осы кезде цилиндр соташығы 3 төмен қарай шұғыл түсіп табаққа таңба басады. Содан кейін ауа цилиндрдің 1 төменгі бөлігіне беріледі де соташық жоғары көтеріліп, таяныш қалқаны 5 төмен түсіріледі және осы кезде табақ рольгангпен қаттағышқа тасымалданады.

Сурет 15.2 - Қалың табақтарға арналған таңбалағыш

 

Қаңқада 9 басқару қалқаны мен оператор орындығы орнатылған. Таңбаларды ауыстыру үшін оператор пневматикалық цилиндр 8 және төрткілдештің тісті берілісі 7 көмегімен цилиндрді 1 сағат тілі бойынша100 - 1200 бұрышқа бұрады. Цилиндрдің осы қалпында оператор соташықтағы 3 таңба белгілерінің 4 жаңасын орнатып бекітеді. 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.