Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәріс. Илемдеудің моменті мен қуаты. Электр жетегінің қуатын анықтау



№4 дәріс. Илемдеудің моменті мен қуаты. Электр жетегінің қуатын анықтау

Илемдеу орнағы жетегінің моментін есептеу.Жалпы жағдайда илемдеу орнағы жетегінің максималь қуаты мына формуламен анықталады:

Nқ = Мқ × ωқ ,                                                                                 (4.1)

мұндағы Мқ - қозғалтқыш білігіне келтірілген қосынды момент, кНм; ωқ  - қозғалтқыш білігінің бұрыштық жылдамдығы, (с-1),

немесе   кВт                                                                    (4.2)

мұндағы n - қозғалтқыш білігінің айналу саны айн/мин.

Қозғалтқыш білігіндегі момент мынандай үш бөліктен тұрады

Мқ = М′ил + М′ү ± М¢дин = М¢ст ± М¢дин                                              (4.3)

мұндағы М′ил – пішінбілікпен металды деформациялау жұмысын істеу үшін керекті, қозғалтқыш білігіне келтірілетін илемдеу моменті; Мү - пішінбілік мойынтіректері (Мү1) мен беріліс механизмдерінде (Мү2) пайда болатын, қозғалтқыш білігіне келтірілген үйкеліс күшінің моменті; М′дин – екпін (оң) немесе тежелу (теріс) периодтарында қозғалтқыштан орнақтың басты сызығында айналысқа түсетін барлық бөліктердің (пішінбіліктер, айналдырықтар, тістегеріш, жалғастырғыш) инерциясын жеңіп шығуға қажетті қозғалтқыш білігіне келтірілген динамикалық момент; Мил + Мү = Мст - металл пішінбіліктер арқылы өткен кезде өзгеріссіз болатын қозғалтқыштың статикалық жүктемесі деп аталатын илемдеу моменті.

Қозғалтқыш білігіне келтірілген илемдеу моментін илемдеу моменті Мил мен бәсендеткіштің берілісі санын біле отырып анықтауға болады, яғни

М′ил = Мил / i                                                                             (4.4)

Мил = 2 P × ак = 2 Py × l = 2 Pор y l2 × вор ,                                 (4.5)

мұндағы ак - Р күшін түсірудің иіні; y = ак/l - иін коэффициенті.

,                                                                  (4.6)

мұндағы b - теңәсерлі күштің түсірілу бұрышы.

Тәжірибелік мәліметтер негізіне сүйене отырып мыналарды ұсынуға болады:

а) ыстықтай илемдеу үшін: а = (0,45 ¸ 0,5)l, y = 0,45 ¸ 0,5 ;

б) суықтай илемдеу үшін: а = (0,2 ¸ 0,35)l, y = 0,2 ¸ 0,35.

Қозғалтқыш білігіне келтірілген үйкеліс моменті пішінбілік мойынтіректері мен беріліс механизмдеріндегі үйкеліс моменттерінен құралады:

М′ү = М′ү1 + М′ү2 = Мү1 /i + Мү2 /i.                                             (4.7)

Екі пішінбілікті орнақта металды илемдеген кезде екі пішінбіліктің төрт мойынтірегінде пайда болатын үйкеліс моменті Мү1 мынаған тең:

М'ү1 = 4 (P/2) m n × r n = P m n × d n,                                                 (4.8)

мұндағы Р - толық илемдеу күші; mм - пішінбіліктер мойынтіректеріндегі үйкеліс коэффициенті; d м - пішінбілік мойынағының диаметрі.

Төрт пішінбілікті орнақта металды илемдеген кезде күш жетегі жоқ пішінбіліктерге беріледі. Сондықтан үйкеліске кететін шығын тек тіреу пішінбіліктердің мойынтіректерінде ғана пайда болады. Жетегі бар жұмысшы пішінбіліктердің айналу осіне келтірілген осы мойынтіректердегі үйкеліс моменті мынаған тең:

Мтр1 = Р m n × d n (Dж /Dт),                                                      (4.9)

мұндағы mм, dм – тіреуіш пішінбіліктерінің мойынтіректеріндегі үйкеліс коэффициенті мен шетмойын диаметрі; Dж , Dт – жұмыс және тіреу пішінбіліктерінің диаметрі.

Илемдеу орнақтары пішінбіліктерінің мойынтіректері үшін үйкеліс моментінің келесі мәндерін қолдану ұсынылады:

- конусты аунақшалары бар мойынтіректер үшін.............. 0,004 (0,002 – 0,005);

- сұйық үйкелісті мойынтіректер үшін ............................... 0,003 (0,001 – 0,005);

- қолалы ішпегі бар мойынтіректер үшін............................. 0,06 – 0,1;

- текстолитті ішпегі бар мойынтіректер үшін...................... 0,01 – 0,02.

Қозғалтқыштан пішінбіліктерге беріліс механизмдеріндегі үйкеліс шығындарын берілістің пайдалы әсер коэффициентімен (ПӘК) hб ескеруге болады. Сонда Мү2 шамасын есептемей-ақ бірден қозғалтқыштың статикалық жүктемесін анықтауға болады:

                                                         (4.10)

Берілістің пайдалы әсер коэффициентін тістегеріштік қапастың (h1 = 0,92÷0,95),, бәсендеткіштің (h2 = 0,95 ÷ 0,98 әрбір сатысы үшін) және жалғастырғыштар мен айналдырықтардың (h3 = 0,99) п.ә.к көбейтіндісі ретінде алуға болады. Сонымен hб = h1 × h2 × h3 = 0,85 ÷ 0,93.

Илемдеу орнағының пайдалы әсер коэффициенті деп келтірілген илемдеу моментінің келтірілген статикалық моментке қатынасын айтамыз, яғни:

                     (4.11)

Пішінбілік мойынтіректерінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты үйкеліс моменті илемдеу моментінің 6 – 12 % құрайды, сондықтан орнақтың п.ә.к. мынандай аралықтан алуға болады: hорнақ = 0,75 ÷ 0,85.

Илемдеу моментін алдыңғы және артқы керілісті ескере отырып мынандай формуламен есептеуге болады (А.И.Целиков)

Мил = .

Бірақта моментті энергияның жалпы шығыны бойынша есептеу қолайсыздау. Өйткені ол деформацияға және орнақ тораптарындағы үйкеліске кететін барлық шығындарды өзіне қосады.

Илемдеу орнағы металдың өтпесі барысында екпін алып және тежеліп жұмыс істегенде (айнымалы жылдамдықты орнақтарда) динамикалық момент пайда болады.

Жалпы жағдайда массасы m дене біркелкі емес жылдамдықпен υ және үдеумен j қозғалған кезде динамикалық күш мынаған тең болады:

.                                                              (4.12)

Дене біркелкі емес қозғалған (айналған) кезде, оның массасы радиусы Ri (инерция радиусы) болатын шеңберде шоғырланады деп қарастыруға болады. Осы кезде

,                                              (4.13)

мұндағы  - бұрыштық үдеу, 1/с2 .

(4.12) және (4.13) формулаларын ескеріп айналмалы қозғалыстығы динамикалық күшті былай анықтауға болады:

.                                                            (4.14)

Айналу орталығына қатысты осы күштің (динамикалық) моменті мынаған тең:

 немесе        (4.15)

Айналып жатқан массаның инерциясының моменті деп mRi2 көбейтіндісін айтады, ал mDi2 көбейтіндісін – айналып жатқан массаның сермер моменті деп атайды. Өйткені  болса, онда

                                                                                   (4.16)

Қозғалтқыш білігіне келтірілген сермелік моменті орнақ сызығында орналасып айналатын барлық бөлшектер массасының сермер моменттерінің қосындысына тең, яғни

                        (4.17)

мұндағы mDя, mDм, mDР, mDтг, mDайн, mDпб, - қозғалтқыш якорінің, жетекші тістегеріші және ода орнатылған тегершігі бар моторлы жалғастырғыштың, бәсендеткіштің жетекші тістегерішінің, тістегерішті қапастың және жалғастырғыштың тістегерішінің, айналдырықтың және пішінбіліктердің сермелік моменттері (сәйкесті жазылған). Беріліс саны i квадраты алынған, өйткені массаның таза күші айналыс жиілігінің квадратына пропорционал, ал айналу жиілігі қозғалтқыш білігінен басталатын бағытта кемиді.

Mст және Mдин моменттерін анықтаған соң басты электрқозғалтқыш қуатын анықтауға болады. Қозғалтқышты қандай орнақтың жетегіне қызмет етуіне байланысты таңдап алады.

Илемдеу жылдамдығы тұрақты (реверссіз) орнақтың қозғалтқыш қуаты.Жетек қуатын анықтау үшін оның моментін білумен қатар осы моменттің уақыт бірлігіндегі өзгеру графигін де білу қажет, яғни илемдеудің жылдамдық режімін білу керек (Сурет 4.1).

 

 

Сурет 4.1 - Реверссіз орнақтардың жылдамдық және жүктемелік диаграммасы

 

Мұндай орнақтардың максимальды қуаты максималь статикалық жүктеме бойынша анықталады

Nқ.max = M¢ст × ωқ , Nн = Mн × ωн ,                                      (4.18)

мұндағы ωқ – қозғалтқыш якорінің берілген жүктемедегі айналу жиілігі, 1/с.

Кез-келген қозғалтқыш қысқа мерзімдік асқын жүктелу мен қызып кетуге тексерілуі тиіс Каталогтарда қысқа мерзімдік асқын жүктелу коэффициенттері келтіріледі К = 1,5 – 3 ,0, сонда

.                                                                           (4.19)

Ұзақ уақыт жұмыс істегенде қозғалтқыштың қызып кетуінің мүмкіндігін эквиваленті момент бойынша (орташа квадратты) анықтайды:

                                                (4.20)

 (Mн каталог бойынша анықталады).

Егер қуаты бойынша таңдалып алынған қозғалтқыштың номинальды айналу жиілігі nн, техникалық берілген илемдеу жылдамдығымен (υ) мен пішінбіліктер диаметрімен (D) анықталатын пішінбіліктің бір минуттағы айналу санынан nпб асып кетсе, онда орнақ жетегі тізбегінің бойына беріліс саны i болатын бәсендеткіш орнату қажет болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.