Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәріс. Пішінбіліктерді теңгеруге және алмастыруға арналған механизмдер мен құрылғылар



№9 дәріс. Пішінбіліктерді теңгеруге және алмастыруға арналған механизмдер мен құрылғылар

Теңгермесалмақты теңгеру сұлбасы. Илемдеу орнағы қалыпты жұмыс істеуі үшін үстіңгі пішінбілік жастықшасы басқыш бұрамаға тығыз қыспақталуы қажет. Әйтпесе илемдеу кезінде динамикалық жүктемелер (соққылар) туындап, жаншу шамасын дұрыс беруге мүмкіндік болмайды.

Аталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында барлық жұмысшы қапастарда үстіңгі пішінбілікпен оның жастықшасын теңдестіріп тұруға арналған арнайы құрылғыны пайдалану қарастырлған. Мұндай құрылғылар арқыла үстіңгі пішінбілік жастықшасы басқыш бұрама ұшына әрдайым тығыз қыспақталып тұрады және пішінбілік мойыншасы мен басқыш сомын қосылысында саңылау болмайды.

Үстіңгі пішінбілікті теңгеру үшін теңгермесалмақты, гидравликалық және серіппелі құрылғылар қолданылады. Теңгермесалмақты теңгеруді (сурет 7.1) үстіңгі пішінбілікті үлкен биіктікке (блюмингтер мен слябингтерде 2000 мм дейін) жылжыту кезінде қолданады. Бұл құрылғының құрылымы қарапайым және пайдалану барысында сенімді. Әйтсе де мұндай құрылғылардың өзіне тән мынадай кемшіліктері бар: үлкен массалы керітеңгермесалмақтың инерциясы жүйеде динамикалық жүктеме тудырады; керітеңгермесалмақтары бар үлкен иінтіректерді орналастыру үшін жұмыс қапасы астындағы іргетасты күрделі ғып жасайды; пішінбілікті басқыш механизмге тәуелсіз жылжыту мүмкіндігінің болмауы.

Гидравликалық теңгеруді үстіңгі пішінбіліктің көтерілу биіктігі үлкен болғанда (жаншығыш орнақтарда) және пішінбіліктер арасындағы саңылау аз болған жағдайда (төртпішінібілікті орнақтарда) қолданады. Оларда теңгермесалмақты теңгергішке тән кемшіліктер болмайды. Шусыз, дүрсілсіз жұмыс істейді және габариттік өлшемдері шағын, әрі орнақ жұмыс істегенде оңай басқарылады. Жұмыс сұйығы ретінде майлы-су эмульсиясын немесе ұршық майды қолданады (илемдеу цехының орналасу ауданына байланысты).

 

1-үстіңгі пішінбілік; 2-астыңғы пішінібілік; 3-илем; 4-басқыш бұрама; 5-жастық; 6-қарнақ; 7-жүк; 8-иінтірек.   Сурет 7.1 - Теңгермесалмақты теңгеру сұлбасы

 

Бұл жүйенің кемшілігіне теңгергіш цилиндрін нәрлендіріп тұруға арналған сорғы-аккумуляторлы станциясын орнату қажеттілігін жатқызуға болады. Бірақ көптеген илемдеу цехтарында мұндай станция гидравликалық теңдестіруші құрылғыны қолданбаса да орнатылады (басқа да технологиялық мақсаттар үшін). Сондықтан бұл кемшілік аса маңызды болып саналмайды.

Гидравликалық цилиндр 1 (сурет 7.2) жұмыстық қапастың жоғарғы жағында орналасқан және орнақ тұрқын жалғастырғыш маңдайшаға бекітіледі. Тығынжылдың 2 жоғарғы бөлігіне маңдайша 3 топсалы бекітілген, оның ұшына тартқыштар 4 ілінген. Осы тартқыштармен көлденең арқалықтар 5 топсалы қосылған. Арқалықтардың шеткі бөлімдері тұғыр терезесіне кіреді және өздерінің үстіне пішінбіліктер мен жасастықтардың салмағын қабылдайды. Теңгерудің осындай жүйесінде пішінбіліктер жастықтарының жоғарғы жағында Г тәрізді құйылмалар 6 жасалған. Осы құйылмалармен жастықтар көлденең арқалықтың шеткі бөліктеріне сүйенеді.

1- гидравликалық цилиндр; 2- тығынжыл; 3-маңдайша; 4- тарқыштар; 5- көлденең арқалық; 6-жастықша (подушка)   Сурет 7.2 - Бір жоғарғы гидроцилиндр көмегімен үстіңгі тіреуіш пішінбілікті гидравликалы теңгеру

 

Гидравликалық теңгерудің цилиндріндегі майдың керекті қысымын мынандай формуламен анықтайды: р×(pd2/4) = (1,2¸1,4)G. Осы формуладан мынаны табуға болады: , мұндағы G – теңгеретін тетіктердің салмағы, Н; d ­ цилиндрдің ішкі диаметрі, мм; 1,2 – 1,4 – аса теңгеру коэффициенті, басқыш бұрамаға жастықты қысуды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады. Әдетте мынаны қабылдайды 5 – 10 МПа (50 – 100 атм).

Жастықтарымен бірге тіреуші және жұмысшы пішінбіліктердің толық жинағын ауыстырған кезде, төменгі тіреуші пішінбіліктердің жастықтарының астына бағыттаушы кесекті кіргізу үшін гидравликалық теңгеруші құрылғымен осы жинақтың барлығы белгілі бір мөлшерге көтеріледі. Осыдан кейін пішінбіліктер мен жастықтар жинағы бағыттаушы кесекке түсіріледі және жұмысшы қапастан арнайы механизм көмегімен тартып алынады. Пішінбіліктердің жинағын ауыстырған кезде гидроцилиндрдегі майдың қысымы 15 – 16 МПа дейін көтеріледі.

Сурет 7.3-те 1700 орнағының жұмысшы және тіреуші пішінбіліктерін гидравликалық теңгеру үшін қолданылатын құрылғының жалпы түрі келтірілген. Осы жағдайда тіреуші және жұмысшы пішінбіліктерді теңгеруді тіреуші 1 және жұмысшы 2 пішінбіліктердің жастықтары арасында орналасқан гидравликалық тығынжылдар 3, 4 көмегімен іске асырылады. Осы тығынжылдар үшін гидравликалық цилиндрлер пішінбіліктердің жастығының өзінде жинақталған.

Гидравликалық цилиндрлердегі жоғарғы қысым орнақтың жұмысшы қапасы жанында орнатылған арнайы жүкті (сурет 7.4, а) немесе ауалы (сурет 7.4, б) аккумулятормен жасалады.

Жүкті аккмулятор қысылған ауаны талап етпейді. Сондықтан олар жұмыс істегенде қауіпсіз. Жоғарғы қысымды сорғы қажет емес. Өйткені сұйықтың жылыстауын орындау жүктен босатылған жүйеде әдеттегі сорғымен іске асырылады.

Кемшіліктері: жүйедегі қысымды өзгерту тек керісалмақ массасын өзгерту нәтижесінде мүмкін; жұмыс істегенде салмақтың инерциясының шақыруымен гидравликалық соғулар пайда болады; аккумулятор цилиндрінің тығынжыл тығыздағышы тұрақты бақылауды талап етеді.

 


 

Сурет 7.3-Пішінбіліктердің жастықтары арасында орналасқан гидравликалық тығынжылдар көмегімен төрт пішінбілікті 1700 орнағының жұмысшы және тіреуші пішінбіліктерін гидравликалық теңгеру

 

 

 

Сурет 7.4 – Жоғарғы тіреуші және жұмысшы пішінбіліктеді гидравликалық теңгерудің сұлбасы

 


Ауалы аккумуляторда жоғарыда айтылған кемшіліктер жоқ. Осымен бірге жүйедегі қысымды баллонан ауаның бөлімін шығарып жеңіл реттеуге мүмкіндік бар. Бірақта олар жұмыс істеу үшін сығымдағыш және жоғарғы қысымды сорғы қою талап етіледі.

Егер пішінбіліктерді жылжыту аз, ал теңгерілетін тетіктердің массасы кішкентай болса (дайындамалық, сортты, сымтартатын және табақты екі және үш пішінбілікті орнақтарда), онда үстіңгі пішінбілікті теңгеру үшін қарапайым серіппелі теңгергіштер қолданылады. Сурет 7.5-те 700/500 дайындамалық орнағының үстінгі пішінбілігін орнату үшін қолданылатын құрылғы көрсетілген.

Жоғарғы пішінбілік маңдайшаға сүйенетін төрт серіппенің көмегімен теңгеріледі. Маңдайша екі тұғырды бір-бірімен жоғарғы жақта қосады. Серіппелерге екі тартқыштың аяққы жағында қарастырылған сомынның көмегімен алдын ала тартуды беріледі. Осы тартқыштардың аяққы жағына, жоғарғы пішінбіліктің жастықтарымен қосылатын маңдайша топсалы бекітілген.

  Сурет 7.5 – Үздіксіз 700/500 дайындамалық орнағындағы 530 мм қапасының үстінгі пішінбілігін серіппелі теңгеру

 

Пішінбіліктерді алмастыруға арналған механизмдер мен құрылғылар.Илемдеу орнағының жұмыс істеу процесінде әр түрлі себептермен (пішінбіліктердің сынуы, тозуы, бір пішіннен басқа пішінге ауысу және т.б.) пішінбіліктерді алмастыру қажет. Пішінбіліктерді уақытымен алмастырып тұру, әсіресе жұмысшы пішінбіліктерді, жоғары сапалы жұқа табақты илем алуға едәуір әсерін тигізеді. Жұқа табақты орнақтарда жұмысшы пішінбіліктерді алмастыру әрбір 2-7 сағатта жүргізіледі.

Пішінбіліктерді алмастыру орнақтың тоқтап тұруына алып келеді, соның нәтижесінде орнақтың өнімділігі төмендейді. Сондықтан пішінбілікті алмастыруды неғұрлым қысқа мерзім ішінде жүргізу керек.

Мысалы, майда сортты орнақтарда жұмыс қапасын тұтас кешенді алмасытрады. Пішінбіліктерді жеке алмастырмайды Ол үшін ертерек қосалқы қапастарды текшеде баптап, адын-ала дайындап қояды. Қапасты ауысытруды жүккөтергіш көмегімен жүргізеді.

Ашық типті тұғыры бар кейбір сортты орнақтардың жұмысшы қапасындағы пішінбіліктерді алмасытру жылдам жүргізіледі. Мұнда тұғыр қақпағы жүккөтергішпен алынып, жастықшасы бар жаңа пішінбіліктерді қондыра салады.

Оған қарағанда жабық типті тұғырлары бар үлкен жұмысшы қапастардың пішінбіліктерін алмастыру қиынырақ. Бұл жағдайда пішінбіліктерді әр түрлі айлабұйымдар көмегімен қапастан көлденең қалыпта шығарып жүккөтергішпен көтеріп әкетеді де орнына басқасын қондырады.

Төрт пішінбілікті қапастың жұмысшы пішінбіліктерін алмастыру жеңілдеу. Өйткені жастықшасы бар жұмысшы пішінбіліктердің массасы шамалы.

Жұмысшы пішінбіліктерді алмастыруды алмастырғыш жалғастырғыш-қарсысалмағының көмегімен, С-тәрізді қапсырма немесе арнайы алмастырғыш арбаша көмегімен жүргізуге болады (сурет 7.6. – 7.9).

Жалғастырғыштардың 3 бүйір жақтарында пішінбіліктер трефтерінің диаметріне сәйкес келетін ойықтар бар. Пішінбілікті 1 ауыстырғанда жалғастырғыш бір жақ шетімен жаңа пішінбілік 1 трефіне, ал екінші жақ шетімен алмастырылатын пішінбілік 2 трефіне кигізіледі. Бұл әдіс өте қарапайым, бірақ жалғастырғыш пен пішінбіліктерді айналдырып өз орындарына келтіру үшін өте үлкен бос кеңістікті қажет етеді.

С-тәрізді алмастырғыш қапсырма көмегімен пішінбіліктерді алмастыру үшін, қапсырманың жоғарғы жағында қапсырманы ілгекке асып қоюға арналған құлақшалар, ал төменгі жағында пішінбілік мойыншасын кіргізуге арналған ойық бар. Қапсырманы қолдану жүккөтергіш жолының жеткілікті биіктігін қажет етеді.


1,2 – пішінбіліктер; 3 – алмастырғыш муфта

Сурет 7.6 – Алмастырғыш жалғастырғыш арқылы пішінбіліктерді алмастыру


 

 

 

Сурет 7.7 – С-тәрізді қапсырма көмегімен пішінбіліктерді алмастыру

 


 

 

Сурет 7.8 – Жұмысшы пішінбілікті алмастыруға арналған құрылғы

 


 

 

 

Сурет 7.9 – Гидроцилиндр көмегімен тіреуіш пішінбіліктерді алмастыруға арналған құрылғы


 

Төрт пішінбілікті қапастың пішінбіліктерін алмастыруға арналған құрылғы мынадай тораптардан тұрады (сурет 7.8): 1 – арбашадан; 2 – электрқозғалтқыш орнатылған күймешеден (кабельді атанағымен 7); 3 – бағыттауыштардан; 4 – платформадан; 5 – платформа аунақшаларынан; 6 – рельстерден. Аунақшалар көмегімен платформа негізгі арбашаға көлденең бағытта жылжи алады. Осы кезде платформаға алдын-ала орнатылған жаңа пішінбіліктер жұбы жұмыс қапасының осьіне сәйкестендіріліп, тұғыр терезесіне ендіріледі. Пішінбіліктерді алмастыруға 5 – 7 мин уақыт кетеді. Арбаша рельс бойымен 6 жұмысшы қапастан оңға қарай жылжиды және алмастырылатын пішінбіліктер жиынтығы жүккөтергішпен әкетіледі. Пішінбіліктер қалақшаларын дәл келтіру үшін пішінбіліктердің айналдырықтар топсалары жағының ұшында айналдырықты бұрап, оны қажетті қалыпқа қоюға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы бар.

Тіреуші пішінбіліктерді алмастыру айына 1-2 рет жүргізіледі. Алмастыруды ұзын гидроцилиндр 1 көмегімен жүргізеді. Осы гидроцилиндрдің соташығының 2 жүрісі 5 – 6 м. Соташық ұшы астыңғы тіреуші пішінбілік жастықшасы қойылатын жылжымамен 3 біріктірілген. Пішінбілік жинағы соташықпен бірге жұмыс қапасынан бүйір жақ бағытымен жылжымалы маңдайшамен 4 шығарылып жүккөтергішпен әкетіледі. Пішінбіліктердің жаңа жинағы бағыттауыштарға жүккөтергішпен қондырылып, тұғыр терезесіне соташық көмегімен итеріліп кіргізіледі. Пішінбіліктер жинағын алмастыру опреациясына 15 – 20 мин. уақыт кетеді. Цилиндрдегі сұйықтың қысымы пішінбіліктерді шығарғанда 20 МПа, ал итеріп кіргізгенде 10 МПа тең.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.