Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Гидравликалық басқыш механизмінің атқаратын қызметі



Гидравликалық басқыш механизмінің атқаратын қызметі

Сурет 6.5, а суықтай жұқа жолақты илемдейтін 1200 орнағының гидравликалық басқыш механизмі көрсетілген. Илемдеген кезде пішінбілікте пайда болатын қысымды гидравликалық цилиндр тікелей қабылдайды (басқыш бұраманың орнына). Аккумуляторден поршеньдер 2 астына жұмысшы сұйық (май) тұрақты қысыммен беріледі. Сондықтан жұқа қаңылтырды илемдеудің алдында төрт пішінбілікті қапастың пішінбіліктері бір-біріне тұрақты қысыммен қысылып орналасады (жұмысшы қапасқа алдын ала кернеу түсірген). Пішінбіліктер мен жастықтарды алдын ала жүктеудің күшін және пішінбіліктердің аралығындағы саңлауды (салыстырмалы қалың жолақтарды илемдеген кезде) реттеу үшін тіреуші пішінбіліктердің жастықтары арасында сегіз гидроцилиндрлер қойылған (пішінбіліктің әрбір жағына төрттен). Осы гидроцилиндрлер жоғарғы қысымды гидроүлестіргіштің 4 шығысына қосылған. Гидроүлестіргіш, жолақтың қалындығын өлшейтін аспаптардан қосуға керекті импульсті алатын қадамды қозғалтқыштан 5 жұмыс істейді. Осындай да гидроүлестіргіштің 4 реттығыны қозғалады және гидроцилиндрдегі 3 майдың қысымы реттеледі.

Цилиндрлер 1 және 3 поршендері жайлары арасындағы кері байланыс иінтірек 6-мен іске асырылады. Осы иінтіректің иыны гидроүлестіргіштің 4 реттығынына және поршеньмен 2 қосылған итергіш 7-ге сүйенеді. Илемдеген кезде жолақтың алақалыңдығының абсолюттік мөлшері жолақтың қалыңдығының 0,1 жуықты тең болады. Сондықтан гидроцилиндрлер 1 және 3 поршендерінің (тығынжылдарының) қозғалуы шамалы және жүйе тұтас инерционсыз дерлік, яғни жолақтың қалыңдығын түзеткен кезде тез әсер беруге иемденген.

Гидромеханикалық басқыш механизмінің атқаратын қызметі

Сурет 6.5, б құрастырылған гидромеха-никалық басқыш механизмнің сұлбасы көрсетілген. Осы басқыш механизм ыстықтай және суықтай илемдейтін кең жолақты орнақтарда қолданылады (тағы да сурет 6.5, г. қараңыз)

Сурет 6.5, б көрсетілген сұлбаға сәйкесті басқыш бұрамалар 1 гидромеханикалық басқышта сақталады (әдеттегі бұрамдықты бәсендеткіш арқылы элетржетегі бар басқыш бұрама) және оларды пішінбіліктерді дөрекі реттегенде қолданады. Пішінбіліктерді дәл реттегенде (жолақтың алақалыңдығын жою үшін жаншуды өзгерту) тіреуші пішінбіліктердің жастықтары арасында гидроцилиндрлердің 2 тығынжылы қойылған (сурет 6.5,а сияқты). Осы тығынжылдар жұмысшы қапастың деформациясын (алдын ала пайда болатын кернеулерді) реттеу үшін қолданылады. Гидроцилиндрлердің күшін басқыш бұрамалар астында орнатылған месдозаның сигналы бойынша реттейді.

Жолақты илемдеген кезде пішінбілікке түсетін қысымды (металды жаншудан) және гидроцилиндрлердің тығынжылдарының күшін месдоза қабылдайды. Осы қосынды күштің мөлшері есте сақтайтын құрылғыға беріліп жолақтың берілген және қалыңдықөлшегішпен өлшенген қалыңдығымен h салыстырылады. Содан кейін майлы сорғымен 6 қосылған гидроцилиндр көмегімен тұрақты қылып сақталады. Майдың қысымын реттегіш 7 гидроцилиндрмен тікелей қосылып қадамды электрқозғалтқышпен 8 басқарылады. Электрқозғалтқыш басқару импульсін еске сақтайтын құрылғы арқылы 4 қалыңдықөлшегіштен 5 алады.

Осы сұлба бойынша алақалыңдылықты реттеудің дәлдігі жұмысшы қапастың серпімді деформациясының өзгеруімен шектеледі. Бірақта кең жолақты орнақтардың көпшілік жағдайында қапастағы серпімді деформацияның мөлшерінің мұндай өзгеруі жеткілікті болып келеді. Сондықтан жолақтың қалыңдығын автоматты реттеудің осындай сұлбасы кең қолдануды казіргі кезде тапты (әсіресе көлденең алақалыңдылықты ретегенде). Осы сұлба пайдалануда үлкен сенімділікке иемденген. Осымен бірге гидравликалық қарамда ақаулық пайда болғанда басқыш құрылғы әдеттегі электромеханикалық ретінде жұмыс істей алады.

 

Сурет 6.5 – Басқыш механизмдер

Сурет 6.5, в қозғалмалы сомын-тығынжылы 1 бар құрастырылған гидромеханикалық типті басқыш механизм көрсетілген. Осы басқыш механизм екі міндетті атқарады:

1) айналатын басқыш бұрама 2 үшін әдеттегі қозғалмайтын сомынның міндеті. Басқыш бұрамаға бұрамдықты беріліс 3 арқылы электрқозғалтқыштан әдеттегі электромеханикалық жетекті береді. Бұндай жағдайда пішінбіліктерді дөрекі реттеу іске асырылады (басқыш бұрама салыстырмалы көп мөлшермен тік қозғалған кезде).

2) тұғырға таянатын гидравликалық цилиндрдің тығынжылы (поршень) міндетін. Бұндай жағдайда ішкі сомын-тығынжыл кемершігі және сыртқы цилиндр арасындағы қуысқа жұмысшы сұйықты берген кезде сомын-тығынжыл гидравликалық цилиндрде тік (1-4 мм) қозғала алады (жолақтың алақалыңдығын реттеу үшін пішінбіліктерді дәл баптаған кезде). Басқыш бұраманың 2 бүйіріне кинаматикалық соташықбұрама 5 бекітілген. Осы соташықбұрамаға бергіштің 8 ар жағында гидроүлестірушімен 7 және қадамды электрқозғалтқышпен 9 қосылған екі иынді иінтірек сүйінеді. Осы жүйе қадамды электрқозғалтқыштың қосылуымен және гидроүлестірушінің реттығынның қозғалуымен сәйкесті сомын-тығынжыл қозғалуының кері байланыс міндетін атқарады. Жоғарыда жазылған басқыш механизм қалыңдығы 2 мм үлкен жолақты ыстықтай илемдейтін үздіксіз кең жолақты орнақтың тазалай өңдейтін қапасында қолданылады.

Жолақтың пішінін реттеу үшін пішінбіліктер мойынағына гидроцилиндрлер көмегімен қосымша күшті түсіру қажет. Қалындықты өлшейтін өлшегіштер көрсетуіне сәйкесті гидроцилиндрдегі сұйықтың қысымының өзгеру мөлшеріне байланысты осы күштерді өзгерту қажет.

Қысымды реттеуді (4-40 МПа шегінде) цилиндрлердің гидрожетек жүйесіндегі арынды клапандарға қадамды электрқозғалтқышпен әсер етумен (оператордың қосуымен немесе жолақ қалыңдығын өлшейтін өлшегіштен түсетін сигналдардан автоматты қосылумен) іске асырады (сурет 6.5, г).

Пішінбіліктерді гидроию цилиндріндегі 1 қысымды сорғы 2 жасайды. Қысымды өзгерту қадамды электрқозғалтқыш 3 қосылған кезде жүреді. Осы қозғалтқыш бұрама-сомын 4 берілісі арқылы қайта кұю арынды клапаның 6 серіппесінің 5 қысылу күшін өзгертеді. Осы кезде жүйедегі жүмысшы сұйықтың бөлімі клапанның реттығыны арқылы ағызу шанашығына 7 жіберіледі. Гидрожүйеде тағы да мыналар бар: сұйқты қатты бөлшектерден тазалау үшін қажетті сүзгі 8, кері клапан 9 және монометр 10.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.