Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәріс. Үздіксіз орнақтардын ерекшеліктері.



№2 дәріс. Үздіксіз орнақтардын ерекшеліктері.

Үздіксіз орнақтар. Үздіксіз орнақта илемдеу барысында металл бір мезгілде бірнеше қапаста болады. Сондықтан пішінбіліктердің айналу жылдамдығын секундтық көлем тұрақты болатын шартты сақтай отырып таңдайды, яғни F1V = F2V2 = F3V3 = const, мұндағы F1, F2, F3 – тиісті қапастың илем шығатын жағындағы металдың көлденең қимасының ауданы; V1, V2, V3 – осы қапастардың пішінбіліктерінен жолақ шыққан кездегі оның жылдамдығы.

Секундтық көлем тұрақты болатын шарт орындалмайтын болса, онда қапастардың арасында керіліс немесе тіреліс пайда болады. Керілісті реттеу үшін әр түрлі ілмекұстағыштар және айналу жылдамдықтарын автоматты реттейтін тұрақты тоқ қозғалтқыштары қолданылады. Күрделі сортты пішіндерді илемдеген кезде керіліске жол беруге болмайды, ал керісінше табақты металды илемдеген кезде алдыңғы және артқы керіліске көбірек мән береді.

Үздіксіз орнақтардың өнімділігі өте жоғары болып келеді (6 – 7 млн.т/жыл). Сортты орнақтарда жетек топты болуы мүмкін, ал табақты орнақтарда жеке жетікті қолданады.

 

 

Қаралай өңдейтін топ                  Тазалай өңдейтін топ

 

Сурет 1.7 – Үздіксіз кеңжолақты орнақ -1700, V = 17 – 25 м/с

Үздіксіз өңдейтін орнақтарды қысқаша бейнелеу. Ыстықтай илемдейтін үздіксіз кең жолақты орнақ қапастардың мынандай екі тобынан түрады: қаралай өңдейтін топ; тазалай өңдейтін топ. Сурет 1.8-де ыстықтай илемдейтін үздіксіз кең жолақты орнақтың негізгі жабдықтарының орналасу сұлбасы келтірілген. Әдетте қаралай өңдейтін топ жеке тұратын қапастардан тұрады. Осы қапастардың ара қашықтығы илемденетін илемнің ұзындығынан үлкен. Кейбір орнақтарда соңғы екі, үш қаралай өңдейтін топ үздіксіз өңдейтін топқа біріктірілген. Осылай біріктіру орнақтың ұзындығын қысқартуға мүмкіндік береді. Тазалай өңдейтін топ 6 – 7 төрт пішінбілікті қапастардан тұрады. Осы қапастарда илемдеуді бір мезгілде жүргізеді. Сондықтан үздіксіз өңдейтін топ құрылады.

 

 

Сурет 1.8 - Ыстықтай илемдейтін үздіксіз кең жолақты орнақтың негізгі жабдықтарының орналасу сұлбасы

 

Үздіксіз өңдейтін орнақта жылдамдық ұдайы өседі, ал топтың екі көршілес қапасындағы жаншудың арасындағы үзіліс ұзындығы бірнеше секундтан секундтың ондық үлесіне дейін (соңғы аралықта) құлайды. Үздіксіз өңдейтін орнақта илемдеген кезде бірінші және соңғы қапастар арасында температураның құламасы 270 оС дейін жетеді. Осындай да соңғы қапастағы илемдеу температурасы 730-800 оС тең болады, ал деформациялар арасындағы үзілістің ұзақтығы шамалы мәнге иемденеді. Осы, металда беріксіздену процесінің толық жүрмеуіне жағдай жасалғанына дәлел болады. Жуықты осындай температура – уақыт жағдайы үздіксіз штрипсті орнақтарына да тән. Қаңылтырлы орнақтармен салыстырғанда, осы штрипсті орнақтарда қапастар арасындағы ара қашықтық кішкентай (жуықт түрде 3,6 м тең болады), ал соңғы қапастағы илемдеу жылдамдығы 21 м/с жетеді.

Реверсивті орнақтар. Жұмысшы пішінбіліктердің реверсивті айналуының арқасында осы орнақтарда илемдеуді бір қапаста ғана іске асырады. Қазіргі уақыттың орнақты басқару жүйесі салыстырмалы тез ревирсивтеуге мүмкіндік береді. Орнақта металды деформациялау процесі жаншумен мен үзіліс алмасатын көп сатылы. Өтпелер арасындағы үзіліс ұзақтығы 3,8 – 1,2 с шегінде тербеледі. Сонда илемнің ұзындығының әр түрлі бөлімдері үшін үзілістің ұзақтылығы бірдей емес. Осы үзілістің ұзақтылығы илемнің артқы жағынан алдынғы жағына қарай өседі және керісінше. Металды илемдеген кезде үзілістің орташа мәні 2 с тең болады. Осыдан реверсивті орнақтарда илемдеу қарқыны жеткілікті жоғары екендігі және үзілістің ұзақтылығы кейбір үздіксіз орнақтардың қапас аралық үзілісімен (тазалай өңдейтін топтың алдынғы капастары арасындағы үзіліспен) шамалас екендігі шығады. Реверсивті орнақтарда, мысалы орнақ 1000-да, қоспаланған және жоғары қоспаланған болат пен қорытпаларды илемдейтіндігін және айтылған болаттардың көміртекті болаттармен салыстырғанда беріксізденуге азырақ бейімді екендігін ескеріп, осы орнақтарда илемдеу режімін жасаған кезде беріктенудің қалдығын міндетті түрде ескеру қажет екендігі шығады.

Әр түрлі илемдеу орнақтарына қысқаша сипаттама. Жұмысшы қапас илемдеу орнағының негізгі құрылғысы болып есептеледі. Өйткені осы қапаста металдың илемдеуін іске асырады. Әрбір илемдеу орнағының жұмысшы қапасы келесі жалғамалы тұзілімнен және тетіктерден тұрады: екі тұғырдан, жастығы бар пішінбіліктерден, мойынтіректерден, пішінбіліктерді қондыруға және теңестіруге арналған механизмдерден, пішінбіліктік арматурадан (пішінбіліктерді салқындатуға немесе қыздыруға арналған өткізгіштерден, құрылғылардан және т.б.).

Блюмингтер.Блюминг 1500 мысалында блюмингтердің жұмысшы қапасын талқылайық. Жұмысшы қапас тақтасы бар екі тұғырдан, жастығы мен мойынтірегі бар пішінбіліктен, қондыруға және теңестіруге арналған құрылғыдан.

Әрбіреуінің массасы 125 т болатын құйылған тұғырлар шет жақтарымен екі көлденең қаңқаға таянатын екі тақтаға бекітілген. Тақтаның және қаңқаның ортанғы бөлімі іргетасқа таянады. Әрбір тақта іргетаспен сегіз анкерлі бұрандамен, ал көлденең қаңқамен болаттан жасалған сынамен бекітілген. Орнақтың табаны алмалы-салмалы ғып орындалған. Жұмысшы орындарында жинақтау жұмыстарын жүргізген кезде айтылған табандарды тұғырмен қыздырылған бұранданың көмегімен бекітеді. Құбырдың ішінде орналасқан тартатын кернегіш бұрандамен тұғырлар өзара жоғарғы және төменгі жақтарында бекітілген. Осы бұрандалар да ыстық күйде тартылалады. Жұмысшы пішінбіліктердің диаметрі 1500 мм-ге, осы пішінбіліктердің бөшкесінің ұзындығы 3550 мм-ге, қайта өңдеуден кейінгі пішінбіліктер бөшкесінің диаметрі 1380 мм-ге тең болады. Пішінбіліктер соғылған хромникельді болаттан жасалған (σв = 800 МПа).

Пішінбіліктер тұтас баспақталған текстолитті мойынтіректерде орнатылады. Осы пішінбіліктер мойынағының диаметрі мен ұзындығы 850 мм-ге тең. Пішінбіліктер мойынағын қиыстытырып майлау үшін үздіксіз берілетін сүзгіленген суды және оқтын-оқтын берілетін қою майды қолданады. Әрбір пішінбілік қуаты 7500 кВт (0 – 50 – 90 айн/мин) болатын дербес электрқозғалтқыштан қозғалады. Нақтылы асқын жүктеу коэффициенті 2,5 тең. Пішінбіліктердің ең үлкен ашпасы 1350 мм тең.

 

Сурет 1.13 – Блюминг 1500 жұмысшы капасы

 

Тұғырдың терезелерінде бағыттаушы тақтайшалар бекітілген. Осы тақтайшалармен жоғарғы пішінбіліктің жастығы қозғалады. Төменгі пішінбіліктің жастығы қозғалмайтын етіп орналастырған. Пішінбіліктерді қайтадан өңдегеннен кейін илемдеу сызығын тұрақты белгіде сақтау үшін (+970 мм) төменгі пішінбіліктің жастығының астына ауыстырмалы төсемді салады. Жоғарғы пішінбіліктің жастықтарынан түсетін осьтік күшті қабылдау үшін тұғырдың әрбір тіреуішінің сыртқы жағына гидроцилиндрлермен қозғалтылатын салмақты тақтайшалар бекітілген. Төменгі пішінбіліктің жастықтарынан түсетін осьтік күшті бүйірлік тақтайшалар қабылдайды.

Жастығы бар төменгі пішінбілікті ауыстырған кезде тақтайшалар бір жаққа қарай сырғытылады. Ол үшін осы тақташаларда бұрамалар үшін жасалған тесіктер сопақша пішінмен жасалған. Жастықтары бар төменгі және жоғарғы пішінбіліктерді кешенді ауыстыруды арнайы құрылғының көмегімен іске асырады. Басқа блюмингтермен салыстырғанда блюминг 1500-те жастығы бар жоғарғы пішінбілік гидравликалық құрылғының көмегімен теңестірілген.

Диаметрі 560 мм және қадамы 32×2 = 64 (бұранданың бұрамалы сызығының көтерілу бұрышы α = 2о06' тең) болатын басатын бұрама цилиндрлік тістегеріштер арқылы әрбіреуінің қуаты 640 кВт болатын тұрақты тоқты екі тік электрқозғалтқыштың (750/1600 айн/мин) жетегімен жұмыс істейді. Электрқозғалтқыштарды салқындататын ауа ауаөткізгіш арқылы беріледі.

Жұмыс қапасының екі жағынан қуаттылығы 135 кВт-қа тең тұрақты токты электрқозғалтқышпен жабдықталған дара жетекті тұғырлы аунақшалар орнатылған. Жұмыс қапасының массасы (алаңша мен баспалдақ металлқұрылымды есептемегенде) 900 т құрайды.

Сұрыпты орнақ 850/1200 қапасы. Үздіксіздайындаушы орнақ 850/700/500-дің жұмысшы капасын 850/1200 талқылайық. Жұмысшы пішінбіліктер екі сатылы бәсеңдеткіш (i = 23,3), тістегеріштік қапас және әмбебапты айналдырық арқылы қуаты 1300 кВт (200/360 айн/мин) болатын электрқозғалтқыштың жетегімен жұмыс істейді. Пішінбіліктер төрт қатарлы конусты аунақшалы мойынтіректер бекітілген жастықтарда орнатылған. Жабық типті тұғырлар 5 МН дейін күш түсіріп жұмыс істеуге есептелген. Тұғырлар жоғарғы және төменгі жақтарында өзара болаттан құйылған маңдайшамен қосылған.

Жоғарғы пішінбілікті орнатуды екі жұпты бұрамдықты беріліс (i = 450) арқылы қуаты 15 кВт болатын электрқозғалтқыштан жетегі бар басатын механизммен іске асырады. Диаметрі 280 мм және бұранда қадамы 32 мм болатын басатын бұрама 0,85 мм/с қозғалыс жылдамдығына иемденген. Жастығы бар жоғарғы пішінбілікті теңестіру – серіппелі. Серіппелі теңестіруді қолданғанда жоғарғы маңдайшада орналасқан төрт серіппе (екі тартқыш және көлденең маңдайша арқылы) жоғарғы жастықты (аралық стақан арқылы) басатын бұраманың сфералық шет жағына қысады. Барлық қапастарда илемдеу сызығы тұрақты болғандықтан, пішінбіліктерді қайтадан өңдегеннен кейін төменгі пішінбілікті жастығымен 40 мм дейінгі биіктікке көтеру қажет

Төменгі пішінбіліктерді қозғалтуды екі еселі бұрамдықты беріліс (i = 392) арқылы электрқозғалтқыштан жетегі бар төменгі басатын бұрамамен іске асырады. Осы басатын бұраманың қозғалу жылдамдығы 1,15 мм/с тең.

 

 

Сурет 1.13 – Сұрыпты орнақ 850/1200 капасы

 

Пішінбіліктердің бөшкесінде 3 – 4 кірекесілген мөлшерлегіштер орналасқан. Осы мөлшерлегіштердің біреуі тозғанда, бүкіл жұмысшы қапас, электрқозғалтқыштан бұрамдықты жетегі бар бұрамалы механизмнің көмегімен тақтаның бойымен жылжытылып, илемдеу сызығымен келесі мөлшерлегіш сайма-сай келтіріледі. Осы орнақтың тік пішінбіліктері бар жұмысшы қапасы жоғарыда айтылған қапастың құрылымына ұқсас құрылымға иемденген. Бірақта капастың өзі жеке тік қаңқада көлденең орналасқан.

Тік пішінбіліктердің жетегі үшін қолданылатын әмбебапты айналдырықтың ерекшелігі болып олардың тапсасы аунақша мойынтіректі (тез тозатын қолалы мойынтіректің орнына) пайдаланып жинақталғаны есептеледі. Тік қапастарды көтерген кезде (басқа мөлшерлегіште илемдеуге өткенде) айналдырықтардың жоғарғы төлкелері бәсендеткіштің жетекші біліктерінің оймакілтектері бойымен қозғалады.

Орағышы бар суықтай илемдейтін реверсті қапас. Ені 1500 мм және қалыңдығы 0,5 мм жұқа табақты илемдеуге арналған, орағышы бар суықтай илемдейтін реверсті қапас 500/1400×1700-дің ерекшелігін қарастырамыз. Жұмыc қапасы мынандай бөлшектерден тұрады: әрқайсының массасы 98 т болатын, қатаңдығы жағары болаттан жасалған екі құйма тұғырдан; жастығы бар пішінбіліктерден, жоғарғы пішінбіліктерді гидравликалық теңдестіргіштен, басқыш механизмнен, жайпақ өткізгіш үстелден, басқыш құрылғының алаңынан және орағыш атанағының консольды білігі үшін бұрушы тіреуіштерден.

Тұғырлар тақтайға орнатылып өзара маңдайшамен жалғастырылған. Жұмыс пішінбіліктері төртқатарлы конусты мойынтіректерде (260/400×255 мм) айналады. Осы орнақтағы жастықтар аралығындағы гидравликалық цилиндрлер (диаметрі 120 мм, қысым 10 МПа) жоғарғы пішінбілікті теңдестіру үшін ғана есептелмеген, сонымен бірге жоғарғы жұмыс және тіреу пішінбіліктерінің мойынтіректердегі саңылауды таңдау үшін де есептелген. Тіреу пішінбіліктері диаметрі 900 мм суйық үйкелесті мойынтіректерге (СҮМ-900) қондырылған.

Жастығы бар жоғарғы тіреу пішінбілігін теңдестіруді тұғырлар аралығындағы жоғарғы маңдайшаға орналасқан гидравликалық цилиндр (d = 350 мм, жүрісі 350 мм) арқылы іске асырылады. Осындайда теңдестіру үшін аяқ жағында жоғарғы жастықтар ілінген екі маңдайшаны қолданады. Орнақ жұмыс істеп тұрған кезде цилиндрдегі сұйықтық қысымы 10 МПа тең болады. Тіреу пішінбіліктерін жастығымен қосқандағы жиынтығын ауыстырған кезде(массасы 110 т) майдың қысымы 20 МПа дейін жоғарылайды (көтеру күші 1836 кН).

Жұмыс пішінбіліктері қуатты 4000/3600/2700 (n = 145-240/320 айн/мин) болатын ПБК 215/95 типті тұрақты тоқты электрқозғалтқышымен жұмыс істейді. Осы кезде жұмыс пішінбіліктері 0,4 МН·м тең максималды бұрау моментін беретін тістегеріштік қапас және әмбебапты айналдырық арқылы жетектеледі. Илемдеу кезіндегі пішінбілікке түсетін ең үлкен күш 18 МН тең.

Диаметрі 440 мм, бұранда адымы 10 мм болатын басқыш бұрамалар глобоидты бәсендеткіштер арқылы екі электрқозғалтқыштан (электрмагнитті муфта арқылы бір-бірімен қосылған) айналыс алады. Бұрамалардың қозғалыс жылдамдығы 0,25 мм/с.

Пішінбіліктердің екі жағында жазық өткізгіш үстел орнатылған, олар пішінбіліктерге жолақтың алдыңғы ұшын түзу бағыттап беру үшін және илемдеу кезінде жолақтың артқы жағында керіліс туғызу үшін (яғни жолақ орағыштағы орамдықтан толық тарқатылып болғанда) қоданылады.

Илемделген орамдықты орағыш атанағынан шығарып алған кезде тіреуіш кронштейн гидравликалық цилиндр көмегімен шетке қарай қайтарылады. Қапастың жалпы массасы 402 т.

 

                   

 

Сурет 1. 14 – Орағышы бар 500/1400×1700 суықтай илемдеу реверсті қапасының сұлбасы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.