|
|||
тақырыбы: «Құтыру» . ⇐ ПредыдущаяСтр 10 из 10 №10тақырыбы: «Құтыру» . Мақсаты:Құтырудың клиникалық- эпидемиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, аурудың алдын алу үшін спецификалық профилактика шараларын ұйымдастыру маңыздылығын көрсету. Дәріс тезистері: Құтыру- ауру жануардың тістеуінен пайда болатын, жедел инфекциялық ауру. Қауіпті энцефалиттің дамуымен ерекшеленеді. 19- ғасырда Л. Пастер құтыруға қарсы вакцина жасады. Қоздырғышы– нейротропты вирус Neuroryctes rabici, рабдовирустар туыстастығына жатады. Екі жеке түрі бар: далалық (жабайы) және фиксирленген, соңғысы құтыруға қарсы вакцина алуға қолданылады. Құтыру- зоонозды инфекция, жұғу көзі- ауру жануарлар (түлкілер, қасқырлар, иттер, мысықтар, жарғанаттар, кеміргіштер, жылқылар, ірі және ұсақ қара мал). Жұғу ауру жануар тістеген кезде немесе зақымданған тері меншырышты қабатқа сілекейі жанасқанда болады. Зақымданған тері арқылы вирус жүйке талшықтары бойымен ОЖЖ-ға жетеді, одан кейін жүйке талшықтары бойымен шеткері жатқан жүйкелерге, сілекей бездеріне жетеді. Вирустың көбеюі мен жиналуы бас миы мен жұлында өтеді: сопқша ми нейрондарында, аммонов мүйізінде, ми негізіндегі түйіндерде және жұлынның бел бөлімінде. Зақымданған жасушалар айналасында лимфоцитарлы инфильтраттар (рабикалық түйіндер) пайда болады. Зақымданған ми жасушаларының цитоплазмасында (жиі аммонов мүйізінде) оксифильді қосындылар (Бабеш-Негри денешіктері) көрінеді. Инкубациялық кезең :12-90 күн – 1 жыл ( орташа 1-3 ай). Аурудың алғашқы белгілері тістелген жерде көрініс береді: қышу, жүйке жолдары бойымен тартып ауыруы.Кейде тістелген жердегі тыртық қабынады, аурады, субфебрильді қызба анықталады, жалпы әлсіздік, бас ауыру,ұйқы бұзылысы, науқастарда себепсіз қорқыныш сезімі, үрей, селқостық, өлім туралы ойлар ұялайды (ұзақтығы 2-3күн). Осы саты аяғында апатия мен депрессия мазасыздықпен алмасады. Қозу сатысы жоғары рефлекторлы қозғыштықпен байланысты. Патогномониялық белгілер: гидрофобия, аэрофобия, фотофобия, акустикофобия, сиалорея, терлегіштік. Ұстама шыңында айқын психомоторлы қозу (құтыру ұстамалары), агрессиялық іс-әрекет байқалады. Санасы жоғалады, қорқынышты есту және көру галлюцинациялары пайда болады. Ұстама аралық кезеңде санасы қалыпты. Салдану кезеңі ми қыртысының және қыртыс асты құрылымдардың қызметінің төмендеуімен байланысты және қозғалыс, сезімталдықтың бұзылуымен ерекшеленеді. Ауру ұзақтығы 3-7 күн. Науқас 12-20 сағаттан кейін жүрек және тыныс орталығының салдануы нәтижесінде қайтыс болады. Лабораторлы диагностикаға кіреді: мүйізді қабықтан вирустың антигенін табу, қайтыс болған науқастарда аммоний мүйізін зерттеу (гистологиялық және иммунофлюоресцентті әдіспен), онда Бабеш-Негри денешіктері анықталуы мүмкін, биологиялық сынама жаңа туылған немесе жас жануарларға миішілік жұқтыру арқылы, вирусты сілекей, жас бездерінен және жұлыннан анықтайды Эффективті емдеу әдістері жоқ. Науқастың жағдайын жеңілдету үшін симптоматикалық терапия жүргізіледі. Болжамы қолайсыз. 100% летальділік. Арнайы профилактика: антирабиялық иммуноглобулин және антирабиялық вакцина. Көрнекілік материал: Презентация Power Point. Әдебиеттер: Негізгі: 5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/ В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД,2004.-826 с 6. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П. Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб. пособия) Қосымша: 1. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях: Практическое руководство/С.А.Амиреев, Т.А. Муминов, Б.Л.Черкасский, К.С.Оспанов.-Алматы. Т.1.-2007.-596с. 4. Лобзин Ю.В. Руководство по инфекционным болезням. Санкт-Петербург, 2003 г 8. Покровский В.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник.-2-е издание- М., 2008 г. 9. Е.А.Кочнева. Инфекционные болезни. Конспекты лекций для медицинских ВУЗов. Москва, 2005 г. 18. Адамович М.Ш., Бандацкая М.И., Близняг А.М. Иммунопрофилактика инфекционных болезней. Минск. 2002 г. 19. Лопатина Е.А. и др. Вакцинопрофилактика инфекционных заболеваний у детей и взрослых. С.-П., 2000 г. Бақылау сұрақтары:
|
|||
|