Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДӘРІСТІК КЕШЕНІ. Алматы 2012 ж.. Кафедра меңгерушісі, профессор Дүйсенова А.Қ.. тақырыбы: Инфекция жайлы түсінік. Инфекциялық процесс. Жұқпал



           

                                         

 

ДӘРІСТІК КЕШЕНІ

КУРС:3

 

 

ПӘН: Жұқпалы аурулар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:Кафедраның ПОҚ-ы

 

Алматы 2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № 2, «01»09.2009 ж.

 

Кафедра меңгерушісі, профессор                                                             Дүйсенова А.Қ.

 

 


№1 тақырыбы: Инфекция жайлы түсінік. Инфекциялық процесс. Жұқпалы аурулардың жіктелу және емдеу жалпы принциптері.

Мақсаты: Студенттерге инфекция, инфекциялық процесс жайлы түсінік беру. Жұқпалы аурулардың жіктелуі мен емдеу принциптерімен таныстыру.

 

 Дәріс тезистері:

    Жұқпалы аурулар – патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен шақырылған аурулар тобы.

Инфекциялық процесс – қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.

I.Микроорганизмнің бірнеше қасиеттері бар: 1. Патогенділік – қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті. 2.Вируленттілік – патогенділік дәрежесі. 3.Адгезивтілік – микроорганизмнің тканьдер мен мүшелерге жабысу қасиеті. 4.Инвазивтілік – қоздырғыштың тканьдер мен мүшелерге ену қасиеті. 5. Токсигенділік – микроорганизмдердің токсиндерді синтездеп, бөлу қасиеті. Экзотоксиндер тірі микроорганизмдермен бөлінеді. Ал, эндотоксиндер микробтық клетка бұзылған кезде бөлінеді. Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның троптылығы. Мысалы, грипп қоздырғышы тыныс жолдарының эпителиіне тропты, паротиттік инфекция қоздырғышы бездер тканіне, дизентерия қоздырғышы энтероциттерге тропты.

II. Макроорганизм туралы айтатын болсақ, оның қорғанысын қамтамасыз ететін факторлары бар: Спецификалық емес қорғаныс механизмдеріне:

- терінің тосқауылдық қызметі және тері секреттерінің бактерицидті қасиеттері;

- асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және ферментативтік активтілігі;

- организмнің қалыпты микрофлорасы т.б. жатады.

Сонымен қатар, микроорганизмдердің спецификалық емес ингибиторларына комплемент жүйесі, интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.

Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі – иммунитет.

III. Инфекциялық процестің үшінші факторы:қоршаған орта. Мысалы, ауаның төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға адамның сезімталдығын жоғарылатады.

Сонымен қатар, ортаның әлеуметтік факторларының да маңызы үлкен.

Қоздырғыш пен адам организмінің өзара әрекетінің формалары (түрлері) әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше формалары (түрлері) бар.

Клиникалық көрінетін (манифесстік) форманың жедел және созылмалы ағымын ажыратады.

    Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді.

Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды.

Сонымен қатар, микро- және макроорганизмнің арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: инфекция-тасымалдаушылық.

    Тасымалдаушылық – симптомсыз, субклиникалық деңгейде өтетін инфекциялық процесс.

Инфекцияның субклиникалық түрімен ауыратын науқас қоздырғыш резервуары және инфекция көзі болып табылады.

Инфекцияның латенттік түрінде қоздырғыш дефекттік түрде немесе ерекше бір сатыда болады.

Латенттік инфекцияның қоздырғышы иесінің клеткаларында тіршілігін жалғастырып, қоршаған ортаға бөлінбейді.

Микроорганизмнің бір түрімен шақырылған жұқпалы аурулар моноинфекция деп аталады. Ал, бірнеше қоздырғыштармен шақырылған аурулар – араласнемесемикстинфекция деп аталады.

Егер дамып жатқан жұқпалы ауруға жаңадан ауру қосылса – екіншілік инфекция пайда болады.

Жоғарыда айтылғандай, инфекциялық процестің негізгі факторлары –қоздырғыш, макроорганизм және қоршаған орта болып табылады.     

Жұқпалы аурулардың ерекшіліктері:1.Спецификалық қасиеті (арнайы қоздырғышы бар). 2. Жұғу қауіпі бар. 3. Циклды ағымы тән (инкубациялық кезең, продромальді кезең, өршу кезеңі, реконвалесценция кезеңі). Инкубациялық кезең –адам организміне қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейін. Клиникалық көріністердің пайда болуымен продромалды кезең басталады. Бұл кезеңге тән белгілер көп ауруларда кездеседі. Өршу сатысының ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін. Өршу сатысынан кейін реконвалесценция кезеңі басталады. Реконвалесценция кезеңінде клиникалық көріністер бәсеңдейді. Инфекциялық процестің әр сатысында асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар спецификалық және спецификалық емес болып ажыратылады. Спецификалық асқынулар – осы аурудың қоздырғышы шақырған асқынуы. Басқа микроорганизммен шақырылған асқынулар – спецификалық емес.

Жұқпалы аурулардың диагностикасы, принциптері мен әдістері. Жұқпалы аурулар диагностикасы ауру анамнезіне, мүшелер мен жүйелердің объективті зерттеуіне, лабораторлық зерттеулер нәтижелеріне негізделеді. Сонымен қатар, эпидемиологиялық анамнездің маңызы өте үлкен. Жұқпалы аурулармен қатынас туралы; тұрмыс, тамақтану жағдайлары туралы мәлімет жиналады. Rлиникалық зерттеу барысында науқас жағдайы бағаланады. Спецификалық әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, серологиялық, биологиялық, аллергологиялық әдістер жатады. Анализдер үшін әртүрлі материалдар алынады: қан, жұлын сұйықтығы, қақырық, нәжіс, зәр, құсық массалары, жаралардың бөлінулері т.б.

Жұқпалы ауруларды емдеу принциптері.Комплекстік ем құрамына этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ем кіреді. Этиотропты ем қоздырғышқа қарсы бағытталған. спецификалық дәрілерге иммундық сарысулар, антитоксикалық және антибактериалды сарысулар, иммуноглобулиндер және гаммаглобулиндер жатады. Патогенетикалық ем жүргізе отырып, организмнің қышқыл-сілтілік жағдайына, минералдар және су алмасуына, қанның реологиялық қасиеттеріне, иммундық статусқа назар аудару қажет. Патогенетикалық емге дезинтоксикация, дегидратация, регидратация, иммундық коррекция, гормондар қолдану т.б. жатады. Симптоматикалық ем – әдеттегідей.    

Жұқпалы аурулар профилактикасы (алдын -алуы).Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: инфекция көзі, инфекцияның таралу жолы және қабылдауыш тұрғындар. Профилактика шаралары осы 3 звеноға бағытталған. Инфекция көзіне әсер ету: науқасты бөлек жатқызып (оқшалау), емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, дезинфекция, ауру жануарларды емдеу т.б. Инфекцияның таралу жолына қарсы бағытталған шараларға дезинфекция, дезинсекция және санитарлық-гигиеналық шаралар жатады. Үшінші звеноға әсер ету:спецификалық профилактика немесе жасанды иммунитетті дамыту. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма- глобулиндер қолданылады.  

4. Иллюстративті материалдар: презентация (Power Point).

 

5. Әдебиеттер:

    негізгі:

 1 . Шувалова Е. П. Инфекционные болезни. М., 2005 г.- 694 с.

2. Жұманбаев Қ.А., Жұманбаева Ғ.Қ. Жұқпалы аурулар. Қарағанды, 2009ж.- 90-105

беттер.

3. Лобзин Ю.В. Инфекционные болезни. С-П, 2001г.

4. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб.

пособия)

     қосымша:

1. Лобзин Ю.В. Руководство по инфекционным болезням. Санкт-Петербург, 2003 г

2. Е.А.Кочнева. Инфекционные болезни. Конспекты лекций для медицинских ВУЗов.

  Москва, 2005 г

3.Покровский В.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник.-2-е

издание- М., 2008 г.

4. Е.А.Кочнева. Инфекционные болезни. Конспекты лекций для медицинских ВУЗов.

  Москва, 2005 г.

5. Шувалова Е. П., Змушко Е. И. Синдромная диагностика инфекционных заболеваний.

  С.-П., 2003 г.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Инфекция жайлы түсінік.

2. Инфекциялық процесс жайлы түсінік.

3. Инфекциялық процесстің түрлері.

4. Жұқпалы аулурдың ерекшеліктері.

5. Жұқпалы аурулардың кезеңдері.

6. Жұқпалы аурулардың анықтау әдістері.

7. Жұқпалы аурулардың емдеу принциптері.

  1. Жұқпалы аурулардың алдын алу принципьері.

 

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.