тақырыбы: Дизентерия
№2 тақырыбы: Дизентерия
- Мақсаты: Студенттерге дизентерияның анықтамасын, ауру қоздырғышының қасиеттерін, эпидемиологиялық ерекшеліктерін, патогенезін, жіктелуін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін және алдын алу шараларын түсіндіру.
- Дәріс тезисі: Дизентерия -бұл Shigella бактерияларымен шақырылатын, тоқ ішектің дистальді бөлігінің кілегей қабатының зақымдалуымен жүретін, клиникасында дистальді спазмдық колитпен және интоксикация симптомдарымен сипатталатын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы- Enterobactericeae тұқымдасына жататын, Shigella туыстығының грамтеріс микроорганизмдері. Қазіргі жіктемеге сай шигеллалардың төрт тобы бар (А, В, С, Д), соған сәйкес 4 түрі бар: Sh. dysenteria, Sh. flexneri, Sh. boydii, Sh. sonnei. Инфекция көзі: жедел және созылмалы дизентериямен ауыратын науқастар; бактерия бөлушілер. Берілу механизмі:фекальды – оральды.Жұғужолдары: су,тағамдар,тұрмыстық қарым – қатынас арқылы. Патогенезіндегі анықтаушы кезең – шигеллалардың клетка ішілік инвазияға бейімділігі (алдымен – абсорбция, сосын – адгезия). Көп кездесетін клиникалық түрі – колиттік нұсқасы. Диагностикасы: клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер; бактериологиялық, серологиялық, аллергологиялық әдістермен тексеру; ректораманоскопия. Емі:этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық..
- Иллюстративті материалдар: презентация (Power Point).
негізгі:
1 . Шувалова Е. П. Инфекционные болезни. М., 2005 г.- 88-104 стр.
2.Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/
В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:
ГЭОТАР-МЕД,2004.-243-256 стр.
3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.
Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб.
пособия)
4. Жұманбаев Қ.А., Жұманбаева Ғ.Қ. Жұқпалы аурулар. Қарағанды, 2009ж.- 90-105
беттер.
қосымша:
1.Эмонд Р. И др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Пер. с англ., 1998 г.
2. Иванов А.И. Острые кишечные инфекции. М.,1982 г.
3. Лобзин Ю.В. Инфекционные болезни. С-П, 2001г.
4. Лобзин Ю.П. Клинико-лабораторная диагностика инфекционных болезней. С-П, 2001г.
5. Лобзин Ю.П. Маски инфекционных болезней С-П, 2002г.
- Шигеллалардың түрлері.
- Дизентерияның жұғу жолдары.
- Дизентерияның жіктелуі.
- Жедел дизентерияның колиттік нұсқасының белгілері.
- Этиотропты емге қолданылатын препараттар.
|