Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Клиникасы.. Біріншілік-ошақтық түрлері. Біріншілік- жайлмалы түрі. Екіншілік-ошақтық түрлері. Діагностика:бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, серологиялықәдістері. Лабор



Клиникасы.

ОБАНЫҢ ЖІКТЕЛУІ (А.М. Дмитровский (1995) бойынша):

1.Біріншілік-ошақтық түрлері

Жаралы, бубонды,баспалы,абдоминальды,пневмониялық (өкпелік), аралас.

2. Біріншілік- жайлмалы түрі

3. Екіншілік-ошақтық түрлері

Бубонды,баспалы, абдоминальды,пневмониялық, менингоэнцефалиттік, септикалық.

Обаның клиникасына жедел басталуы ( қалтарау, жоғары температура), айқын интоксикация (бас ауру, бас айналуы,миалгиялар, ОЖЖ улану симптомдары-қозу немесе тежелу, галлюцинациялар, координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті», ), шеткі қанда нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән.

Инкубациялық кезең – 2-6 күн.

Бубонды түрі –жиі кездесетін түрі-лимфа түйіндердің ұлғаюы және қабынуы.Оба бубонының сипаттамасы: 1 немесе бір неше бубон дамиды, шап аймағында, қолтық астында, мойында орналасады (ауыр ағымымен мойын аймағында орналасқан бубондар сипатталады, сосын қолтық астындағы, сосын шап аймағындағы. Өте қауыпты қолтық астында орналасқан бубондар, себебі екіншілік обалық пневмония дамуы мүмкін). Ерте симптомы – без шошымай тұрып айқын ауру сезімі, консистенциясы қатты (периаденит дамиды - бөлек лимфа түйіндерді пальпациямен ажырату қиын), бубон үстендегі тері ортасынан бастап ысып, қызарып тұрады, лимфангоит болмайды, бубон іріңдеп жарылуы, склерозға айналуы және өзімен жойылып кетуі мүмкін.

Асқынулары: 1.Инфекциялық- токсикалық шок.2. Шашыраңды қан ұю синдромы .              

3. Септикалық асқынулары – екіншілік-ошақтық турлері        

Діагностика:бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, серологиялықәдістері. Лабораториялық зерттеу кезінде обаға қарсы киетін костюмде жұмыс істеу керек.

Емі. Патогенетикалық емнен басталады. Содан кейін этиотропты ем бастау керек:  Алдын алу шаралары.Аурудың табиғи ошақтарында кеміргіштер мен бүргелерге қарсы бағыттылған комплексті шаралар (эпидемиологиялық бақылау,дератизациялық,дезинфекциялық,агрохимиялық, ветеринарлық шаралар). Спецификалық вакцина – тірі құрғақ обалық вакцина (EV) обадан сақтамайды, бірақ аурудың жеңіл түрінде өтеуіне әсен етеді. Карантинді шаралар.

4. Иллюстративті материалдар: презентация (Power Point).

 

5. Әдебиеттер:

    негізгі:

1. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/

В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:

ГЭОТАР-МЕД,2004.-826 с

2. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб.

пособия)

3.  Сейдулаева, Лиза Баишевна. Тропические инфекции и инвазии:

Учеб.пособие/Л.Б.Сейдулаева.-Алматы:ёылым,2001.-160с.

4. Инфекционные болезни у детей:Учебник для пед.фак.мед.вузов/

Под ред. В.Н.Тимченко.-2-е изд.,испр.и доп.-СПб.:Спец. лит,2006.-576с.

қосымша:

1. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и

паразитарных болезнях: Практическое руководство/С.А.Амиреев, Т.А.

Муминов, Б.Л.Черкасский, К.С.Оспанов.-Алматы. Т.1.-2007.-596с.

2. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и

паразитарных болезнях: Практическое руководство/С.А.Амиреев, Т.А.

Муминов, Б.Л.Черкасский, К.С.Оспанов.-Алматы. Т.2.-2007.-845с. 

3. Е.А.Кочнева. Инфекционные болезни. Конспекты лекций для медицинских ВУЗов.

  Москва, 2005 г.

4. Сумин С.К. Неотложные состояния. М.2000 г.

5. Дмитровский А.М., Белозеров Е.С. Чума (монография). Алматы, 2000 г.

6. Бақылау сұрақтар:

  1. Оба бойынша Қазақстандағы табиғи ошақтар?
  2. Обаның эпидемиологиялық жіктелуі?
  3. Обаның эпидемиологиялық ерекшелігі?
  4. Спорадикалық оба кезіндегі аурудың негізігі көзі?
  5. Эпидемиялық оба кезіндегі аурудың негізігі көзі?
  6. Обаның жиі кездесетін клиникалық түрі?
  7. Оба бубонының ерекшеліктері?
  8. Оба кезіндегі дамитын асқынулар?
  9. Обаны анықтау әдістері?
  10. Обаны емдеу принциптері?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.