Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырыбы: Вирусты гепатиттер



№3 тақырыбы: Вирусты гепатиттер

  • Мақсаты: Студенттерге А және В вирусты гепатиттердің анықтамасын, тарихи мәліметтерін, ауру қоздырғышының қасиеттерін, эпидемиологиялық ерекшеліктерін, патогенезін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін және алдын алу шараларын түсіндіру.

 

  • Дәріс тезисі: Біздің елімізде тіркелетін жұқпалы аурулар арасында бірінші

орындардың бірін алатын – А және В вирустық гепатиттер. Бұл гепатотропты вирустар шақыратын, бауырдың зақымдалуымен жүретін, жалпы токсикалық синдромның дамуымен, гепатоспленомегалиямен, бауыр функцияларының бұзылуымен, жиі сарғаюмен сипатталатын жұқпалы аурулар.

Вирусты гепатит «А»: Ауру қоздырғышы - құрамына РНҚ кіретін «А» вирусы. Жұғу механизмы – фекальды-оральды. Көбінесе балалар, жасөспірімдер және жас адамдар (30 жасқа дейін) ауырады. Жасырын кезең 7 күннен 50 күнге дейін (орташа 15 -30 күн). Жедел басталады. Сарғаю алдындағы кезең диспепсиялық, грипп тәрізді, астеновегетативті және аралас түрде өтеді. Сарғаю кезеңі қысқа уақытты. Ауыр түрлері сирек дамиды. Маркерлік диагностикасы: anti-HAV IgM.

Вирусты гепатит «В»: Ауру қоздырғышы - құрамына ДНҚ кіретін «В» вирусы. Жұғу механизмы – парентеральдық, жыныстық жолдар. Эпидемиологиялық ерекшеліктері: көбінесе ересек адамдар және 1 жасқа дейінгі балалар ауырады; маусымдылық тән емес; қаупі жоғары топқа медицина қызметкерлері жатады. Жасырын кезең 30 күннен 180 күнге дейін. Ауру біртіндеп басталады. Сарғаю алдындағы кезең диспепсиялық, артралгиялық, астеновегетативті, аллергиялық және аралас түрде өтеді. Сарғаю кезеңінде бауырлық улану белгілері күшейеді. Өте ауыр ағымның, бауырлық команың даму мүмкіншілігі бар. Жиі созылмалы түрге айналады. Маркерлік диагностикасы: HBsAg, anti –HBcore IgM, anti-HBcore IgG, HBeAg.

 

  • Иллюстративті материалдар: презентация (Power Point).
  • Әдебиеттер:

негізгі:

1 . Шувалова Е. П. Инфекционные болезни. М., 2005 г.- 163-171, 174-191 стр.

2.Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/

В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:

ГЭОТАР-МЕД,2004.-277-286, 469-479 стр.

3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб.

пособия)

4. Жұманбаев Қ.А., Жұманбаева Ғ.Қ. Жұқпалы аурулар. Қарағанды, 2009ж.- 143-148, 314-

321 беттер.

  қосымша:

1. Майер К.Л. Гепатит и последствия гепатита. Москва. ГЭОТАР Медицина, 2008 г.

(перевод с нем.).

2. Еналиева Д.Ш., Разыков В.Х. Хронические вирусные гепатиты В и С. М , 2003г.

3. Змушко Е.И.Вирусный гепатит. М., 2002 г.

4. Серов. Хронический вирусный гепатит. М., 2002 г.

5. Змушко Е.И., Белозеров Е.С., Иониди Е.А. Вирусный гепатит. М., 2002 г.

6. Соринсон С.Н. Вирусные гепатиты. Санкт-Петербург, 1998 г.

7. Е.П.Шувалова и А.Г.Рахманова. Печеночная недостаточность при вирусном гепатите.    

М.,1986 г.

 

  • Бақылау сұрақтары:
    1. А вирусты гепатитінің клиникалық ерекшеліктері.
    2. В вирусты гепатитінің клиникалық ерекшеліктері.
    3. Цитолитикалық синдромның лабораториялық критерийлері.
    4. Мезенхимальды-қабыну синдромының лабораториялық критерийлері.
    5. Холестатикалық синдромның лабораториялық критерийлері.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.