|
|||
тақырыбы: «Менингококктық инфекция».№5 тақырыбы: «Менингококктық инфекция». Мақсаты:Менингококктық инфекцияның клинико-эпидемиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, асқынудың алдын алуға бағытталған адекватты терапияның маңыздылығын көрсету. Дәріс тезистері:БДҰ мәліметтеріне сүйенсек менингококктық инфекция әлемнің 150 ден астам елінде тіркеледі. Берілген мәселенің өзектілігі келесі факторлармен негізделген: ü Ауыр ағымымен, жоғары өлім-жітімдігімен, генерализацияланған формаларда 5-14,2% дейін жетеді. ü Жедел дамуымен және ерте диагностика мен шұғыл көмек қажеттілігімен; ü Дифференциалды диагностиканы қажет ететін нозологиялық формалардың көп түрлілігі; ü Қолайсыз салдарының пайды болу қауіптілігімен; Қоздырғышы - Neisseria meningitidis. Бірнеше серотопты ажыратады: : А, В, С, Х, Y, Z және т.б. Адам (ауру немесе бактериотасымалдаушы) инфекцияның бірден- бір көзі болып табылады. Жұғу механизмі – аэрогенді. Жұғу жолы- ауалы-тамшылы.Әрбір 10-15 жыл сайын аурушылдықтың жоғарылауы анықталған, маусымдылығы- қыс- көктем айларында. Менингококктар көп жағдайда мұрынның шырышты қабатында жалпы немесе жергілікті қабынулық өзгерістер тудырмайды. Таралуы- гематогенді жолмен. Бактериемия- патогенезінде маңызды менингококктардың көп мөлшерде ыдырауымен жүреді. Инкубациялық кезең 6-7 күн (12 сағаттан 20 күнге дейін). Менингококктасымалдаушылық- мұрынның шырышты қабатында табылуы, клиникалық көріністер жоқ, бірақ иммунитеті бар. Жедел назофарингит- негізгі симптомдар: бас ауыру, тамағының қышуы, шырышты-іріңді сипаттағы аз мөлшерлі бөліністер, құрғақ жөтел. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, ісінген, шырыш қапталған, бадамша баздерінің және доғашықтардың қызаруы айқын емес. Шеткі қанда- шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. Менингококктық пневмония- көп мөлшерде қақырық, жағдайы ауыр, жиі плевриттер дамиды, сауығу кезеңі ұзақ. Менингококкемия-дене қызуының жоғарылауымен жедел басталуы, айқын интоксикация, бозару, вазоматорлы лабильділік, тері қатпарларының құрғауы, тәбетінің жоғалуы, бас ауыру, арқа және аяқ бұлшықеттерінің ауыруы. Негізгі белгілер: гемораррагиялық бөртпе тән, буындардың, көздің тамырлы қабатының зақымдануы (иридоциклит). Гемограммада- жоғары лейкоцитоз, жас жасушаларға дейін, ал кейде миелоциттерге дейін, анэозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы. Әсіресе ауыр өтетін формасы сверхострый менингококковый сепсис, жеделдеу пурпура, Уотерхаус-Фридерихсен синдромы. Менингитжиі бірден басталады: дене қызуы көтеріледі, құсу, бас ауыру(триада). Жиі кездесетін симптом- гиперестезия. Менингеалды симптомдар оң. Менингоэнцефалит:тырысулар, салдану, аяқ-қол парездері. Менингеалды симптомдар айқын емес. Асқынулар: 1.Арнайы- ерте кезеңде:Токсико-ифекциялық шок, асқазан-ішектік, жатырлық қан кетулер, паренхиматозно-субарахноидальді қан құюлулар, миоэндоперикардит, бас миының ісінуі мен домбығуы, өкпе ісінуі, парездер мен салданулар және т.б. Кеш кезеңінің: некроздар, гормональді дисфункция, эпилепсия және т.б. 2. Арнайы емес- отит, герпес, пиелонефрит, пневмония және т.б. Дигнозы клиникалық корінісіне, эпидмәліметтерге, лабораторлы зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып қойылады: мұрын –жұтқыншақ шырышының , қанның, ликвордың бактериологиялық зерттеуі, РПГА жәнеИФА серологиялық реакциялар. Емі: 1. этиотропты: пенициллин, левомицетин, жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндер; тамақты калий перманганатымен, фурацилинмен шаю. 2. Токсикозбен күрес 3. дегидратация 4. шокпен өтетін жеделдеу түрінде - гидрокортизон, преднизолон - Көрнекілік материал: Презентация, Power Point.
|
|||
|