Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырыбы: Гельментоздар,аурудың таралуы.



№7 тақырыбы: Гельментоздар,аурудың таралуы.

Дәріс мақсаты:Гельмиинтоздардың сипаттамасы. Гельминттер тудыратын аурудың полиорганды патологиясының мінездемесін анықтау. 

Дәріс тезистері:Гельминтоздар – паразиттік құрттармен тудырылатын аурулар тобы. Адам және жануар организмімен тығыз байланысты 250-ден жоғары құрт түрлері белгілі. Олрдың ортақ қасиеттері бар: олар көп жасушалы, олардың қан тамырлы, лимфа жүйесі болмайды, тыныс алу жүйесі жоқ , тері-бұлшықетті жүйесі бар.

Гельминттердің 3 классы бар: жұмыр (нематодтар),таспа(цестодтар), сорғыштар (трематодтар). Жұмыртқаларының және личинкаларының адам денесінен тыс дамуына байланысты гельминтоздардың 3 тобын ажыратады:  

1. Контагиозды;

2. Геогельминттер;

3. Биогельминттер..

 Адамға бір уақытта орналасуы әртүрлі ағзаларда бірнеше гельминттер енуі мүмкін. Гельминттер мен макроорганизмнің өзара әсерлесуі нәтижесінде (инвазионды үрдіс) жедел және созылмалы симптомокомплекстер ажыратылады.

Гельминтоздарды емдеу – дегельминтизация – арнайы химиопрепараттар, патогенетикалық және симптоматикалық терапияға негізделген.

Көрнекілік материал: мультимедиялық проект.

 Негізгі әдебиеттер:

1.  Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Шуваловой.- Москва;Медицина, 2005.-695с.-(Учебники и учеб.

пособия)

2. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/

В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:

ГЭОТАР-МЕД,2004.-826 с

3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб.

пособия).

 4. Сейдулаева, Лиза Баишевна. Тропические инфекции и инвазии:

Учеб.пособие/Л.Б.Сейдулаева.-Алматы:ёылым,2001.-160с.

5. Инфекционные болезни у детей:Учебник для пед.фак.мед.вузов/

Под ред. В.Н.Тимченко.-2-е изд.,испр.и доп.-СПб.:Спец. лит,2006.-576

Қосымша әдебиеттер:

1. Новиков А.И., Логинова Э..А. Болезни кожи инфекционного и паразитарного

происхождения. М., 2001 г.

2. Паразитарные болезни человека. Под.ред.В.П.Сергиева, Ю.В.Лобзина, С.С.Козлова.

  С-П., Фолиант, 2006 г.

 

Бақылау сұрақтары:

1.  Гельминтоздардың анықтамасы.

2.  Гельминттердің негізгі қасиеттері. 

3.  Гельминттердің қандай түрлері бар?  

4.  Инвазиялық үрдісті не анықтайды?

5.  Дегельминтизация принциптері.

№ 8 тақырып: Оба.

Мақсаты: Студенттерге обаның анықтамасын, этиологиясын, эпидемиологиялық ерекшеліктерін, патогенезін, жіктелуін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін және алдын алу шараларын түсіндіру.

 Дәріс тезистері:

Оба - Iersinia pestis қоздырғышымен шақырылатын, жоғары қызбамен, айқын интоксикациямен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуы мен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.

Этиологиясы.Обаның қоздырғышы- Iersinia pestis, Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. Бояғанда биполярлы грам- теріс ұсақ таяқша. Спора түзбейді, қозғалмайды. Факультативті анаэроб. Қарапайым қоректі орталарда өседі. Құрамында оксидаза, фибринолизин т.б. ферменттер бар.

Эпидемиологиясы.Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар (жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Бірақ эпидемиологиялық ролі маңызды болып аурудың қосымша көзі табылады - қоян, ондатра, түлкі, тиін, кузен, кірпі борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері. Уй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады.

Берілу механизмі және жолы –трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы.

Тасымалдаушы – бүрге және кенелер (сирек). Адамдар  обаны келесі жолдарымен жұқтырады: трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы, контакты-жарақатты, (жанасу) – ауру жануарларды сойғанда, терісін сыпырғанда, етін бөлшектегенде, алиментарлы – ауру жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы, аэрогенді – ауа-шаңды – заладанған шаң арқылы. Аталып кеткен аурудың таралу жолдары табиғи, спорадикалық обаға тән болып саналады. Бұл эпидемиологиялық процесс табиғи ошақтарда немесе антропогендік ошақтарда дамиды. Бұл процесстің ерекшіліктері: бір адам аурады, полиморфты клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық процесске байқамай кіріп кетеді

Эпидемиялық обакезіндегі эпидемиологиялық процесс ерекшілігі: аурудың көзі -өкпелік түрімен ауратын адам, берілу жолдары – ауа тамшылы,                                    жанасу. Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал

Патогенез сатылары;жұқтыру сатысы, региональды инфекция және көбею, сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына байланысты, бактериемия сатысы, септицемия сатысы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.