Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырыбы: Грипп



№4 тақырыбы: Грипп

  • Мақсаты: Студенттерге грипптің анықтамасын, тарихи мағлұматтарын, ауру қоздырғышының қасиеттерін, эпидемиологиялық ерекшеліктерін, патогенезін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін және алдын алу шараларын түсіндіру.

 

  • Дәріс жоспары:

1. Грипптің анықтамасы мен тарихи мағлұматтары.

  1. Этиологиясы. Ауру қоздырғышының қасиеттері.
  2. Эпидемиологиялық ерекшеліктері.
  3. Патогенезі.
  4. Клиникалық белгілері.
  5. Диагностикасы, емі және алдын алу шаралары.

 

  • Дәріс тезисі: Грипп – жалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс

жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен көрінетін жедел вирустық инфекция. Грипп қоздырғышы – құрамына РНҚ кіретін Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын пневмотропты вирус. Инфекция көзі – науқас адам. Таралу жолы – ауа-тамшылы. Грипп вирусы тыныс жолдарының эпителийлеріне тропты. Патогенезінде 5 негізгі кезеңді ажыратады. Вирусемия және токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды. Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі. Грипптің типтік және атиптік ағымын, жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр түрлерін ажыратады. Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы улану және тыныс жолдарының зақымдалуы (катаралды синдром). Асқынулары: өкпенің қабынуы, ЛОР-мүшелерінің зақымдалуы (ринит, фарингит, ларингит, трахеобронхит, баспа, синуситтер, отит т.б.), нерв жүйесінің зақымдалуы (менингоэнцефалит, арахноидит, полиневрит т.б.), созылмалы аурулардың өршуі. Диагностикасы: мұрынның, жұтқыншақтың бөлінулері, қан - вирусологиялық зерттеулерге алынады.Сонымен қатар, флюоресценциялаушы антиденелер, гемагглютинацияны тоқтату реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы, нейтрализация реакциясы, иммундық ферменттік анализ және молекулярлы гибридизация әдістері қолданылады. Гриппен ауырған науқастардың көбісі үйде емделеді. Ауруханаға аурудың ауыр түрімен және асқынулар пайда болған науқастар жатқызылады. Белсенді иммунизация мақсатымен инактивацияланған және тірі вакциналар қолданылады. Эпидемия кезінде шұғыл алдын алу үшін оксолин майы, лейкоцитарлы интерферон, ремантадин ұсынылады.

  • Иллюстративті материалдар: презентация (Power Point).

                                       

 Әдебиеттер:

                          негізгі:

1 . Шувалова Е. П. Инфекционные болезни. М., 2005 г.- 327-338 стр.

2.Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник для мед.вузов/

В.И.Покровский, С.Г.Пак,Н.И.Брико,Б.К.Данилкин.-2-е изд.,испр.-М.:

ГЭОТАР-МЕД,2004.-344-358 стр.

3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов/Под ред. Е.П.

Шуваловой.- Ростов- н/ Д. : Феникс, 2001.-960c.-(Учебники и учеб.

пособия)

 4. Жұманбаев Қ.А., Жұманбаева Ғ.Қ. Жұқпалы аурулар. Қарағанды, 2009ж.- 228-235

 беттер.

                             

 қосымша:

 

1.Эмонд Р. И др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Пер. с англ., 1998.

2.Карпухин Г.И. под редакцией. Грипп. Л., 1986.

3.Ф.Г.Энштейн. Грипп и гриппообразные заболевания. Л.,1984 г.

4.А.А.Смородинцев. Грипп и его профилактика. Л.,1984 г.

5. Лобзин Ю.П. Клинико-лабораторная диагностика инфекционных болезней. С-П, 2001г.

6. Лобзин Ю.П. Маски инфекционных болезней С-П, 2002г.

 

                    Бақылау сұрақтары:

1. Грипптің ауру қоздырғышының түрлері.

2. Грипптің патогенезінің негізгі фазалары.

3. Грипптің негізгі клиникалық синдромдары.

4. Этиотропты емге қолданылатын препараттар.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.