Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Проекциялық әдіспен экспонирлеу



Проекциялық әдіспен экспонирлеу

Лазерлік сәулемен маскалау жабындысын буландыру әдісімен ФШ (эталонды және жұмысшы) жасаған кезде әйнектерден немесе көріністін лазерлік генераторындағы маскалау жабындысы бар полиэтилентерефталды пленкалардан БП (өткізгіш және қатынас алаңы) ФШ топологиялық элементтерінің көрінісін алады.

Проекциялық әдіспен экспонирлеу автоматты фотокоординатографта (моральды ескірген) және көріністін лазерлік генераторында (фотоплоттерде) жасалынады. Қазіргі уақытта қолданылатын, пленкаларға және әйнек пластиналарда лазерлік дақты растрлі сканирлеу тәсіліне көріністін лазерлі растрлік (растровые) генераторлары арналған. ФШ суретінің растрлі (растрового) көрінісі жоғары жылдамдықты (бірнеше минут ішінде) фотоплотерде қалыптасады. Онда экспонирлеу уақыты суреттін қиындығына байланысты емес. ФШ-ды тираждау жоғары жылдамдық арқылы қатынас баспасының тәсілін қолданбау арқылы іске асады. Лазер, акустооптикалық генератор, көпбұрышты призма және фокустаушы объективтен тұратын фотоплоттердің лазерлік жүйесі ФШ-ның дайындамасындағы жұмыс алаңында сканирлейтін тұрақты өлшемді лазерлік дақты қалыптастырады. Растр жақтарының тұсындағы дақтың орнын бақылайтын жүйе генератордың қателікттерін автоматты түрде түзеу арқылы, нақты уақыт масштабында X координатының мәнін анықтайды.  

ФШ ірі габаритті дайындамасындағы алаңға ФШ суретінің элементтерін нақты түсіру көпбұрышты айна призмасының желілік айналымы және жетегі бар бір координатты үстелдің ЛШД – ға ауысу жылдамдығын жоғарғы деңгейде синхрондау арқылы қамтамасыз етіледі.

Көріністің лазерлік генераторлары

· технологиялық припускіні(припуск) енгізу

· ФШ суретінің координаттарының басын қозғалту

· тік, айна (зеркальное), позитивті және негативті бейнелеуді орындау

· X координатында мультипликациялау

· бағдарлама пакетін қалыптастыруды және өңдеуді

мүмкіндік береді.

БП шаблондарын тікелей жазу LaserGraver тобына жататын лазерлік, растрлік плоттерлер арқылы іске асады. Олардың ішінде жартылай өткізгіштен тұратын талшықты лазер сәулесі (иттербий белсенді ортасы, ИҚ– сәулеленуі) арқылы басқарушы компьютерден термосезгіш пленкаға(лазердің таңдауы бойынша жойылатын өте жоғарғы оптикалық тығыздық 4,5 Dlog-ы, фотосезбейтін, қалыңдығы 5мкм тұратын жұқа қара жабындысы бар терморелаксивті лавсан) шаблонның бейнесі термо әдісі бойынша жазылады. Вакууммен қысу арқылы барабанның жоғарғы беткейінде орналасқан термосезгіш пленкадағы көрініс жоғарғы жылдамдықпен үздіксіз айналатын барабан және нақты бұралмалы жеткізгіш арқылы оптикалық (каретканың) орынауысуымен қадыптасады. 500x500 мм-ден тұратын алаңдағы қателік (±0,025)мм құрайды. Осыған байланысты ені 50 мкм тұратын өткізгішті алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыздандыруды 100%-ға қазіргі уақыттағы барлық БП (данныйларын) дайындау пакетімен сәйкес келтіреді.  ФШ-ды тікелей жазудың артықшылықтары:

· 1.химия және өңдеудің «мокрый» сатысының толық болмауы

· 2.форматтың кең диапазондылығы

· 3.күндізгі жарықта жұмыс істеу

· 4.экологиялық тазалық

· 5.рұқсаттылығы - 508...3387 dpi

· 6.өндіргіштігі - 0,75 м2/сағ

· Laser Graver машина жинағында БҚ FlexWorks пакеттері беріледі.Олар:

- Растрлық процессор, RIP, PotoScreept форматты векторлық растрлық форматқа (ақ –қара түсті көрініс) конвертациялау үшін, client server архитектурасы;

- Wiewer – элементтердің өлшемдерін тексеру үшін және топологияның дұрыстығын тексеру кезінде көріністі көру;

- Imposer – бір шаблонды барабанның бүкіл форматына мультиплицирлеу кезінде көріністің электронды монтаждау үшін және бірнеше шаблондарды тұтас көрініске біріктіру кезінде қолданылады, сондай-ақ позитивті және негативті, кәдімгі және шағылысқан көріністерді біріктіруге болады.

- Spooler-Laser Graver-ді басқару үшін.

Негізгі әлемдік өндірушілердің фотоплоттерлері (мысал ретінде, Lavenir Tehnology, АҚШ, LPKF, MivaTec, Gmbh, Гермния фирмалары т.б.) жоғары сапа дәлдік және рұқсатты қабілеттілікпен ерекшеленеді, бірақ олардың бағасы 120-130 мың АҚШ долларына жуық болады.

Мысал ретінде ESCher Grad EG-2205 фотоплоттерін келтіруге болады. Жұмыс аумағының максималды өлшемі 660×490 мм –ді құрайды, рұқсаттылығы 4000dpi, дәлдік (±6) мкм, бағасы 130500 доллар, EIE_RP 24 фотоплоттері: жұмыс аумағының максималды өлшемі 660×520мкм, , рұқсаттылығы 4000dpi, дәлдік (±15) мкм, бағасы 86000 доллар; фотомасштабтарды бақылау үшін ОРТЕС Video Mic оптикалық өлшеу жүйесі қолданылады.

А3 көлемде өндіретін мекеме үшін, барабанның сыртқы қабатына орнатылған жарық сезгіш пленкада растрлық әдіспен көріністі қалыптастыратын фотоплоттерлер қолданылады. Барабанның периметрі бойынша рұқсаттылығы 3000dpi, барабанның өсі бойынша рұқсаттылығы 4064dpi , бағасы 6200 доллар.

ФШ дайындау үшін AGFA (Бельгия), Коdak(АҚШ) фирмаларының арнайы фотопленкалары қолданылады:

ABX -7 (толқын ұзындығы – 488нм), бағасы 16 доллар 1М2

 AGX- 488 (толқын ұзындығы – 565нм), бағасы 16 доллар 1М2

ARX-633 (толқын ұзындығы – 670нм), бағасы 16 доллар 1М2

 LPF-7 өлшемдері 300×400 және 508×610мм (толқын ұзындығы – 543нм), бағасы 12 доллар 1М2

 ERF-7 өлшемі 508× 610мм(толқын ұзындығы – 670нм), бағасы 12 доллар 1М2 және де ФШ және оригинал дайындаған кезде және сыртқы ортаның зиян әсерлерінен қорғайтын әр түрлі – қышқыл аэрозольдары, газдар арнайы фильтрлер арқылы сыртқы вытяжной вентиляция арқылы шығрылып отырады.

Ауыстырылатын растворларды регенерациялайды немесе арнайы жинақтарға жинайды.

БП дайындау алдында қолданылатын операцияларға мыналар жатады:

- материалды пішіп алу;

- БП дайындамасын алу.

Технологиялық тесіктер және фиксирлейтін тесіктер алу.

БП дайындамасы – БП –нің 4 негізін құрайтын материал белгілі размерде болады және ол бүкіл өндірістік операциялардың өңдеуінен өтеді.

Фиксирлейтін (базалық) тесіктер – дайындаманы үлкен дәлдікте өңдеген кезде оның орнында тұруына қажет. Бұл үлкен дәлдік тесіктері:

 

 

                                                         

                                     

      7.3-сурет.БП дайындамасы: 1 — БП; 2 — технологиялық тесіктер, 4 дана;

3 — технологиялық алаң; 4 — тест-купон; 5 — фиксирлейтін (базалық) тесік

 

Фиксирлеуші тесіктердің диаметрінің дәлдігі : 1-және 2-класс дәлдігіндегі БП үшін – Н12; 3-н класс –н9,5-(±0,01)мкм

БП үшін центрлік ауытқулар ұзындығы:

1-2 класс дәлдігі - (±0,05)мм

3 класс дәлдігі - (±0,03)мм

4 класс дәлдігі - (±0,02)мм

5 класс дәлдігі - (±0,01)мм

 Технологиялық тесіктер – дайындаманы механикалық бекіту үшін қолданылады.

     

 

7.4-сурет. БП технологиялық тесіктеріне беккітілген химиялық мыстауға арналған ілгек (подвеска): 1 — ілгек; 2 — БП дайындамасы

 

 Тест-купон – бұзу және бұзбау әдістерімен БП дайындап, оны барлық технологиялық опрациялардан өткізіп, оның сапасын бағалау үшін қызмет ететін БП дайындамасының бөлігі.

     ТП соңында БП технологиялық аудан фрезерлеу, шабу және лазерлік кесумен алынып тасталады. БП-нің дайындамасының өлшемдерін келесі фомула арқылы анықтайды (7.5):

 

                                                   А3 = АП +2Ш                                           (7.5)

 

А3 – дайындаманың ені не ұзындығы, мм;

АП – БП-нің ені немесе ұзындығы, мм;

Ш – технологиялық аудан ені, мм;

ОБП және ДБП үшін Ш ≤10мм, МБП үшін Ш ≤30мм

БП –топтық дайындамасы үшін технологиялық аудан ені периферия бойынша – 30мм болады, ал дайындамалар арасы – 10мм (7.6-сурет).

 

 

 


7.6-сурет. Бірлік дайындаманың өлшемі

     

 


7.7-сурет. БП дайындамасының топтық өлшемі

 

 БП дайындамасын алу үшін штамповка немесе кесуді қолданады.Дара дайындаманы екі этапта алады: бірінші этапта роликті қайшымен не дискті арамен диэлектрик бетті жолақтарға кесу орындалады.

Екінші этапта, диэлектрик жолақтан 1 және 2 классты БП дайындамасын мына екі әдістің бірінен алынады: - роликті, гильотинді қайшы, дискті арамен штапты фиксирлейтін және технологиялық тесіктер жасайды, яғни бірінен соң бірі жүретін екі операция жасалады.

 

Негізгі әдебиет : 1нег [280-284]

Қосымша әдебиет: 2нег [121-125]

Бақылау сұрақтары:

1. ФШ дайындау үшін қосалқы компонент.

2. ФШ дайындау үшін арналған құралдар.

3. Штаптау операциясы.

4. Фольгаланған диэлектриктің беттерін кесу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.