|
||||||||||||||
Дәріс. БП дайындаудың негізгі сатылары№5 Дәріс. БП дайындаудың негізгі сатылары Жалпы қолданыстағы баспа платасы тұрмыс электроникада қолданылады, оның негізгі талабы болып жалпы субаның функционалдығы табылады. 5.1 – суретте БП цехінің аймақ арасындағы өндірістік байланыс сұлбасы келтірілген, ал 5.2 – суретте БП дайындаудағы негізгі кітаптар көрсетілген. Түпнұсқа фотошаблондар (ФШ) электрлік принципті сұлбамен сәйкес БП– ның суретін дайындау үшін керек. БП-ң түпнұсқа суретті – берілген масшабта (2:1; 4:1 т.б.) картон, әйнек н/е синтетикалық жұқа қабықта үйкетілген күйде орындалған БП-ң сурет көрінісі [48]. Түпнұсқа негізі – мөлдір аз отырылған материал, оның мөлшері БП-ң мөлшерімен және түпнұсқаны үлкейту масштабымен анықталады. БП-ң сурет ФШ – жоғары төзімді негізде (қабық немесе әйнекте) 1:1 масштабта түпнұсқаны фотографиялық шығару немесе жарық қөмегімен (5.2 – сур.) оңдағы кескінді көшіру арқылы қолданылатын құрал. ФШ жұмыс зонасы – фотошаблон топология элеметтері орнатылған ФШ бөлігі. ФШ-ң технологиялық аумағы- ФШ мен БП дайындау үшін керекті бақылау және технологиялық белгілері бар, ФШ жұмыс зонасының контуры бойынша орнатылған ФШ бөлігі (жалпы жағдайда, ені 30 мм аспайды). Бықылау белгісі - штрих, саңылау крест және т.б. түрінде болатын арнайы топологиялық элемент, ол ФШ мен түпнұсқаны дәл дайындау бақылау үшін керекті; мультипликация (5.3 – сур.) процесінде ФШ орнату кезінде қолданылады. ФШ топологиясы- ФШ элементінің формасын анықтайтын сурет (сызба). Топология ФШ – сурет (сызу), ФШ элементінің түрін анықтаушы, олардың орналасуы, геометриялық өлшемі және өлшемнің ығысуы. ФШ топологиясының элементі - өткізгіш, контакты алаң, ақырғы қатынас, экран және ФШ топологиясының басқа да элементтері.
5.1 – сурет. БП цехінің аймақ арасындағы өндірістік байланыс сұлбасы.
5.2 - сурет. Фотошаблон: 1 — жұмыс орны;2 — технологиялық алаң;3 — бақылаушы таңба
5.3 – сурет. ФШ-ның бақылаушы таңбаның түрлері
ФШ эталонды және жұмысшылар болып бөлінеді. Эталонды ФШ — келесі ФШ жасау үшін арналған ФШ. Жұмысшы ФШ — БП дайындамаға әсер етуші жарықтың көмегімен кәсіпорнында қолданылатын, топологиясы барды көшіру үшін арналған ФШ. Топтық ФШ – БП суретінің ФШ-ы, осыдан кем дегенде 2 БП сурет 1:1 масштабпен жасалады. Фотошаблондар жинағы— ФШ саны, бір-бірімен сәйкесетін, БП-ның белгілі бір типін және атауын жасау үшін керекті және жеткілікті. ФШ жинағының сәйкестігі — бақылаушы таңбалардың көмегімен қамтамасыздандырылған екі немесе одан да көп ФШ жинағының топология элементтерінің (суреттерді) бір-біріне сәйкесінше орналасуы. Бақылаушы таңбалардың ФШ БП және нақтыларда орналасу сұлбасы сурет 4.4 – те көрсетілген. Крест сияқты бақылаушы таңбалар /, 3, 5 нақтыны жасағандағы дәлдіктін бақылауын және ФШ және ФШ БП сәйкестігі үшін арналған; 2, 4, 6 кресттері — реттеуші түтігі бар фотографиялық пластинада топтық ФШ БП жасаған кездегі процесте эталонды ФШ – ды орнату үшін.
5.4-сурет Бақылаушы танбалардың орналасу сұлбалары
А, В — БП жағының өлшемдері; Л/— БП нақтысының масштабы; 1—б— бақылаушы таңбалар; 7, 8 — жалпақтығы 0,2 мм болатын бақылаушы таңбалар.
5.5 - сурет. Қатынас алаңдарының сәйкеспеушілігі 5: 1, 2— КП кабат ФШ; 3, 4 — бағыттаушы таңбалар ФШ жинағының сәйкестік сапасы қатынас алаңдарынын орталарының сәйкеспеушілігінен келесі формула арқылы анықталады. (сурет 4.5):
(5.1) мұндағы D1 және D2 — қатынас алаңдарының диаметрі; Мхжәне Му — қатынас алаңдарыныңХ және У осі бойынша жылжуы.
Негізгі әдебиеттер: нег. 2 [87 - 91] Қосымша әдебиеттер: нег. 2 [105 - 108] Бақылау сұрақтары: 1. Қабаттар мен БП жүргізген суреттің элементтерін алу технологиясы 2. БП деңгейінің көрсеткіштері 3. БП даму негіздері 4. ОБП артықшылығы, қолданылуы, жасау әдістері
|
||||||||||||||
|